6В0701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығЫ «ежелгі дәуір әдебиеті»



Дата11.01.2023
өлшемі23,79 Kb.
#165307
Байланысты:
Ежелгі дәуір әдебиеті Емтихан сұрақтары 2022
1590126650

6В0701 – «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» МАМАНДЫҒЫ


«ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІ» ПӘНІ БОЙЫНША ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ



  1. Көне түркі ескерткіштерінің жанрлық және көркемдік ерекшеліктерін, дамуын, зерттелу тарихына сараптама жасаңыз.

  2. «Алып Ер Тоңға» дастанының негізгі тақырыбы мен идеясына сараптама жасаңыз.




  1. Орхон ескерткіштерінің қазақтың эпостық жырларымен ұқсастық бірліктерін салыстырыңыз және қорытынды жасаңыз.




  1. "Оғызнаме" - түркі тектес халықтардың шежіресі туралы эпостық шығарма. Дәйектеме жасаңыз.

  2. «Ақиқат сыйы» дастанының мазмұны мен көркемдігін сипаттаңыз және қорытынды жасаңыз.

  3. Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» («Хибатул-хақайық») еңбегінің танымдық мәнін саралаңыз.

  4. Ахмет Йүгінекидің « Ақиқат сыйы» атты еңбегіндегі жомарттық пен сараңдық туралы ойларын «Фишбоун» әдісі арқылы талдаңыз.




  1. Күлтегін-Тоныкөк жырларының көркемдік ерекшелігін айқындаңыз және ПОПС формуласымен дәлелдеңіз.




  1. «Оғызнаме» эпосының композициялық құрылысы мен мазмұнын қарастырыңыз және қорытынды жасаңыз.




  1. Ежелгі түркі әдебиетіндегі «Түрік» термині. Тарихи-әдеби сипаттама жасаңыз.

  2. Ахмет Яссауи және сопылық поэзия туралы түсіндіріңіз және қорытынды жасаңыз.

  3. Қорқыт ата кітабының ғылыми тұрғыдан зерттелуі. Қорқыт ата кітабының 3- жырына композициялық тұрғыдан талдау жасаңыз.




  1. Қорқыт туралы аңыз бен ақиқат. ВЕНН диаграмасы арқалы талдаңыз.

  2. Қорқыттың нақыл сөздеріне талдау жасаңыз.




  1. Әл-Фараби - әдебиетші, ақын сипаттаңыз және қорытынды жасаңыз.

  2. Әл-Фарабидің «Риторика», «Поэзия өнері туралы» атты тіл және сөз өнері, білім туралы трактаттарына талдау жасаңыз.

  3. Әл-Фарабидің «Қайырымды(ізгі) қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактатына түсіндірме жасап, саралаңыз.

  4. Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегінің ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттелуін қарастырыңыз.

  5. Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрк» сөздігінің «Түркі халықтарының жыл қайыруы мен тағамдары» бөліміне талдау жасаңыз.




  1. Махмұд Қашқаридің картасына, «Түркі халықтарының мекен-жайлары мен тау-теңіздері» бөліміне әдеби-тарихи талдау жасаңыз.




  1. Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанының зерттелуі, нұсқалары, бұл еңбекке əр елде əр түрлі ат берілуіне әдеби сараптама жасаңыз.

  2. Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанының құрылымы мен сюжеті. Төрт кейіпкерге талдау жасаңыз.

  3. «Ахмет Яссауидің «Диуани хикметі» және сопылық ілімін саралаңыз.




  1. Х-ХІІ ғасырдағы Қарахан дәуіріндегі және ислам дәуіріндегі әдебиетті салысытырыңыз және қорытынды жасаңыз.

  2. Қожа Ахмет Яссауидің төрт басқышы: шариғат, тариқат, мағрифат, хақиқат. Ғылыми-теориялық тұрғыдан талдап көрсетіңіз.

  3. Ахмет Яссауи ілімінің моральдық-этикалық, адамгершілік қасиеттеріне әдіби сараптама жасаңыз.


  1. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы даналық сөздерін қазақ мəдениеті мен халықтық мақал-мəтелдері арқылы салыстырыңыз.

  2. Сүлеймен Бақырғанидің «Бақырғани» атты еңбегіндегі хикметтердің зерттелуі мен насихатталуын жүйелеңіз.

  3. Жүсіп Баласағұнның «Бақырғани» кітабындағы қазақ фольклорындағы айтыс үлгісі. Нәпсі мен Рух айтысы, Ұжмақ пен Тамұқ айтысын талдаңыз.

  4. «Қисас-ул Рабғұзи» («Рабғұзи қиссалары») еңбегінің тарихи, әдеби-танымдық мәні, зерттелуін сараптаңыз.

  5. Насреддин Бұрһанеддинұлы Рабғұзидің «Қисас-ул Рабғұзи» еңбегіндегі ауыз әдебиеті үлгілеріне, өлеңдерге мысалдар арқылы талдау жасаңыз.

  6. «Рабғұзи қиссасындағы» Лұқман Хакім, Зұлқарнайын тұлғаларына талдау жасаңыз.

  7. Насреддин Бұрһанеддинұлы Рабғұзидің «Қисас-ул Рабғұзи» еңбегіндегі дінді таратушылар, халифалар, тарихи адамдар жайлы деректі, дерексіз әңгімелер, аңыз-қиссаларға пікір білдіріңіз.


  1. Хорезми «Мұхаббат-наме» еңбегінің қолжазбалары, зерттелуі, жариялануына сараптама жасаңыз.

  2. Хорезмидің «Мұхаббат-наме» шығармасындағы 11 намені көркемдік ерекшеліктерін мәтіні арқылы теориялық талдау жасаңыз.

  3. Сайф Сараи «Гүлістан бит-түрки» еңбегінің қолжазбалары, зерттелуі, жариялануына мысал келтіріңіз.

  4. Сайф Сараи «Гүлістан бит-түрки» еңбегінің этикалық, дидактикалық, философиялық, тәрбиелік мәнін түсіндіріңіз.

  5. Құтбтың «Хұсрау – Шырын» дастанының көркемдік ерекшелігі, дастандағы Хұсрау және Шырын бейнесін дәйектеңіз.

  6. Захириддин Мұхаммед Бабырдың «Бабырнама» атты тарихи шығармасының танымдық мәні, тарихи маңызын анықтаңыз.

  7. Захириддин Мұхаммед Бабырдың «Бабырнама» атты тарихи шығармасының «Ферғана» атты бірінші бөлімін талдаңыз, идеялық мазмұнын саралаңыз.

  8. Захириддин Мұхаммед Бабырдың «Бабырнама» атты тарихи шығармасының «Кабул» атты екінші бөлімін талдаңыз.

  9. Захириддин Мұхаммед Бабырдың «Бабырнама» атты тарихи шығармасының «Үндістан» атты үшінші бөліміне талдау жасаңыз, саралаңыз.




  1. Н.Келімбетовтің Ежелгі дәуір әдебиетіне қосқан үлесі, зерттеу еңбектеріне тоқталыңыз.

  2. А.Қыраубаеваның Ежелгі дәуір әдебиетіне қосқан үлесі, зерттеу еңбектеріне шолу жасаңыз.

  3. Әбілғазы Баһадүр «Түрік шежіресі» атты тарихи шығармасының зерттелуі мен насихатталуын, философиялық, тәрбиелік мәнін түсіндіріңіз.

  4. Әбілғазы Баһадүрдің «Түрік шежіресі» атты тарихи шығармасындағы Шыңғыс хан әулетінің тарихы жөніндегі бөліміне талдау жасаңыз.

  5. Әбілғазы Баһадүрдің «Түрік шежіресі» атты тарихи шығармасындағы қазақ хандары туралы мәліметтеріне сараптама жасаңыз.

  6. Көне «Шырақ» дастанының зерттелуі, оқиға желісін талдаңыз.

  7. Көне «Шу» дастаны - қазіргі түркі тектес халықтардың арғы тегі саналатын сақтардың шежіресі, талдаңыз.




  1. Алтынорда дәуіріндегі қазақ әдебиетінің дамуы, көркемдік ерекшелігін анықтаңыз.

  2. "Оғызнама" эпосының нұсқалары. «Оғызнама» эпосының қазақ әдебиетiндегі орны, әдеби сараптама жасаңыз.

  3. Көне түркі жазба жәдігерліктері. «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырының көркемдік ерекшелігі, идеясын саралаңыз.

  4. М.Әуезовтың «Тоныкөк» жырына берген бағасын дәйектеңіз.

  5. Көне түркі ескерткіштері туралы зерттеушілердің ғылыми-зерттеу еңбектеріне хронологиялық тізім ұсыныңыз.

  6. Мұхаммед Хайдар Дулатидің "Тарих-и Рашиди" атты еңбегіндегі қазақ хандығының қалыптасуы туралы мәліметін саралаңыз.

  7. Мырзатай Жолдасбековтың «Асыл арналар» атты еңбегіне әдеби сараптама жасаңыз.

  8. Әл-Фарабидің әдебиеттану, тіл білімі, музыка салалары бойынша жазған зерттеу еңбектерін саралаңыз.

  9. Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы жөнінде жүйелі сараптама жасаңыз.

  10. Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Бақытқа жету» атты трактатына талдау жасаңыз.

  11. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі Қорқыт тұлғасына талдау жасаңыз.

  12. Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрк» сөздігіндегі «Түркі халықтары мен тайпалары» бөліміне талдау жасаңыз.

  13. «Құтты білікте» көтерілген этикалық-философиялық мəселелердің бірі — қанағат, ынсап мəселесіне әдеби сараптама жасаңыз.

  14. Ахмет Яссауи іліміндегі «инсони камал» дәрежесі, хәл ілімі туралы ойларын Абайдың «Толық адам» ілімімен салыстырыңыз.

  15. Бабырдың «Шариғат түсініктері» («Мубəййəн дəр фикһ») атты еңбегіндегі діни көзқарастарын саралаңыз.

  16. «Махаббат-намедегі» жігіттің қызға жазған хаттарының мазмұнын, идеясын саралаңыз.

  17. Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» еңбегіндегі тарихи оқиғаларға талдау жасаңыз.

  18. Әйгілі ғалым Ә.Қоңыратбаевтың «Қорқыт ата» дастаны туралы зерттеген еңбектерін саралаңыз.

  19. Қорқыттың дүниеге келуі, ажалдан қашуы, жалпы өмірдеректеріне тоқталыңыз.

  20. “Оғыз-наме” – Оғыз қағанның ата-тегін, өмір жолын, күресін баяндайтын мифтік сюжеттегі ерлік жыр. Жырдың екі бөлімін сипаттаңыз.

  21. Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» атты еңбегінің тәрбиелік мәніне тоқталыңыз.

  22. Ахмет Йүгінекидің білім туралы айтқан ойларын саралаңыз.

  23. Ахмет Йүгінекидің «Ақиқат сыйы» атты еңбегінің нұсқаларын, зерттелу тарихын қарастырыңыз.

  24. Қ.А.Яссауидің «мейірімсіз менмендерден қаштым, міне» деген хикмет жолдарын талдаңыз.

  25. Яссауи хикметтеріндегі тәубашылдық, сабырлылық, имандылық туралы ой-тұжырымдарды саралаңыз.

  26. Қ.А.Яссауи хикметтерінің жазылу тарихын, сопылық-философиялық идеясын, ислам дінін таратудағы ролін саралаңыз.

  27. Қ.А.Яссауи хикметтеріндегі қанағатшылдық туралы пайымын талдаңыз.

  28. Яссауидің ақиқат жолындағы сопылық ілімін жалғастырушысы ретіндегі ойларын талдаңыз.

  29. «Оғыз-наме» дастанының композициялық құрылымына талдау жасаңыз.

  30. Әбілғазы Баһадүрдің «Түрік» шежіресінің жазылу тарихы туралы әдеби сараптама жасаңыз.

  31. Гәнжәуи Низамидің «Хұсрау мен Шырын» поэмасы мен Құтб ақынның «Хұсрау мен Шырын» дастанын салыстыра талдаңыз.

  32. Әбу Насыр Әл-Фараби «Поэзия өнерi туралы» атты өлең өнерінің қағидалары туралы трактатын саралаңыз.

  33. Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрк» еңбегіндегі «түрік» сөзіне берген пікірін сараптаңыз.

  34. Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрк» сөздігінің тарихы, аударылуы, сөздік қорына талдау жасаңыз.

  35. «Күлтегін» жырындағы батыр Күлтегіннің бейнесін берудегі ерекшеліктерді мысалдармен көрсетіңіз.

  36. "Күлтегін" жырының басты идеясына тоқталыңыз.

  37. «Күлтегін» жырының кейіпкерлеріне сипаттама беріңіз.

  38. Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастанындағы адам өмірінің мәніне мысалдар келтіріңіз.

  39. «Құтты білік» дастанындағы билікті адамгершілікпен, имандылықпен бірге ұстау керек деген автор пікірін дәлелдеңіз.

  40. Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» дастанындағы адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуіне мысал келтіріңіз. Кісілік ұғымын Абайдың «толық адамымен» салыстырыңыз.

  41. Ежелгі дәуір әдебиетін ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеген зерттеушілердің еңбектеріне сараптама жасаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет