7-8 дәріс тақырыбы



бет19/29
Дата14.12.2021
өлшемі310,57 Kb.
#100670
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29
Байланысты:
ПШ лекция 7-15

Байқағыштық мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеті
Қай заманның мұғалімі болсын алдымен ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» дегендей тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын шығармашылығы мол, еңбекшіл, парасатты адам болуы тиіс. Өйткені баланы өзіне тарта алатындай шын тәлімгерлігі бар адам ғана ұстаз деген атаққа ие болады. «Оқытушы этикасы» тақырыбында республиканың барлық аймақтарында ата-аналар қауымдастығымен және педагогтардың қатысуымен педагогикалық кеңестер өткізу, педагогикалық мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру және қайта даярлау қажеттілігі туындайды. Республиканың білім жетілдіру институттарында мұғалімнің этикасы, кәсіби мен мәдениеті пәндері бойынша оқыту курстарын енгізу тоқсан сайын жас өспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша бірлескен жоспарлар ұйымдастыру, аймақтардың білім басқармалары жастар органымен қылмысты азайту, бос уақыттарын текке өткізбеуге бағытталған бірлескен іс-шаралар жоспарларын ұйымдастыруды жүктейді.
Қазақстанның жаңа заман оқытушысы көп қырлы, жоғары білімді де білікті тума болуға тиіс. Соның ішінде мұғалімдердің кәсіби этикасына, әдебіне, соның ішінде оқушылардың ерекше қарым-қатынас орната білу қасиетіне байланысты. Оқушылардың жеке тұлға ретінде құрметтеу мұғалімнің күнделікті ұстанымына айналуы шарт. Оқушылармен қарым-қатынас тұрғысынан педагогтық әдеп мұғалімнің жан-жақтылығына, оның идеялық сенімінің, жүріс-тұрыс мәдениетінің жалпы және арнайы білімнің мамандығына байланысты ізденіс жемістері қорытындысының жиынтығы іспеттес. Шебер педагог болмай тұрып, әдепті педагог болмақ жоқ. Педагогтық әдеп жаттау, есте сақтау және жаттығу жолымен жасалмайды. Ол мұғалімнің ізденістерінің нәтижесі, ол оның ақыл-ойының көрінісі болып табылады. Мұғалімнің педагогтық әдебіне еліктеу деген болмайды. Педагогтық әдеп әр мұғалімнің әр түрлі және әр қилы көрініс беруі мүмкін. Бұл оның жас мөлшеріне және темпераментіне, мінез құлқына және т.б ерекшеліктеріне байланысты. Педагогтық әдеп - әр мұғалімнің дар қасиеті. Нақты математикалық есеп бір тәсілмен шығарылады, ал оқушылардың жүрегіне жол табудың тәсілдері алуан.
Әр мұғалімнің педагогикалық әдебі бірқатар ұқсас жайттарды шешуге жарамды белгілі бір схемаға немесе формулаға сыйыспайды.
Дегенмен, ұстаздық әдепті дамытуға септігін тигізетін жекелеген психологиялық және педагогтік жайттарды бөліп көрсетуге болады. Мұны біз әдептің құралына жатқызамыз. Олар: байқағаштық, сезу, сенім және әділеттілік, төзім сабыр сақтау.
Байқағыштық. Бұл педагог мамандығының маңызды белгілерінің бірі. Байқағыш мұғалім шәкірттерінің ішкі әлеміне терең үңіліп, көңіл күйлерін қабақтарына танып, әрқайсысының мінез-құлық ерекшеліктерімен санаса біледі. Мұның бәрі оған әрбір шәкірттің тілін табуға, сезімдерімен ойларына өз сезіміндей қуанып, өз ой сезімдеріндей күйінуге мүмкіндіктер береді. Байқағыш мұғалім шәкірттері талап-тілектерін қалай орындайды, қарсыласу бола ма, жоқпа бәрін дөп басып айта алады. Байқағыш мұғалім ықтиярсыз көндіру тәсіліне көп жүгінбей ақ сыныптың бүкіл оқушыларын өзіне тарта біледі, өзді өздерін еркін ұстап, іштей ашуларына ықпал етеді. Алайда байқағыштық қыбырлағандарды қалт жібермеу деген емес. Зерделі мұғалім қыбырдың бәрін көріп отырсада оған мән бере бермейді. Байқағыш ұстаз бола тұра әдептілікті сақтаған жөн. Байқағыш ұстазда әдепсіз болуы мүмкін.
Әдебі шамалы мұғалім оқушының назарын аудару арқылы сабақтың сапасын жақсартамын деп, болмашы тысырға елеңдеп керісінше істейді. «Сен қайда қарап отырсың, не ұстап отырсың, қане бері кел»-деп өктем сауалдар сабағын бұзып жібереді. Байқағыштық ұстаздық мамандық сияқты аңғару, сезу арқылы, жүре бара қалыптасады.
Педагогикалық байқағыштық оқушының тәрбиеленушінің ішкі дүниесіне үңіле білу, баланың кім екендігіне бойлай білу оның сол сәттегі психикалық жағдайна ене білу қабілеті. Шебер мұғалім, жақсы тәрбиеші сәл ғана өз герісінен сырт пішінінің азда болса толқуынан баланың ішкі сарайын біле қояды және бұл өзгерістердің неден екенін дұрыс түсінеді. Мұндай мұғалім сылтаушылардың зейінін шын мәнінде зейінділікпен жеңіл айыра алады.
Жаңа материалды түсіндіру кезінде әр түрлі белгілері бойынша әр түрлі оқушының материалдың мазмұнын қалай меңгере алатынын, қалай түсінгенін ажырата алады және қажеттілігіне қарай тиісті шараны қолданады.
Ілтипаттылық әдетте, оқушылар өте жақсы көретін мұғалімдерінің өздеріне дауыс көтеріп сөйлегенін көңілдеріне ауыр алып қалады. Дауыс көтеру, жазықсыз жазғыру, мұғалімдерді көзге ілмеу қөңілдеріне келеді. Өздеріне мұғалімнің назарын аудару үшін әдейі тәртіп бұзатын оқушылардың да бар екені өтірік емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет