7-апта (1 сағат) Қауіпті және зиянды өндірістік шарттар



Дата08.12.2023
өлшемі170,02 Kb.
#195974
Байланысты:
7-лек по ОТ ҚЗӨФ Политех
00000c7b-7326bf33, Мат сауаттылық 100-нұсқа-1, все формулы мат.сауат-1, 7-лек по ОТ ҚЗӨФ Политех

7-дәріс
7-апта (1 сағат)

Қауіпті және зиянды өндірістік шарттар


Жоспар:
7.1. ҚӨФ-мен ЗӨФ-дан жұмысшылардың қауіпсіздігін қорғау жолдарын жіктеу


7.2 Жекешеленген және ұйымдық қорғану
Гигиенистер - қайтарылмайтын биологиялық әсерлердің кері, яғни зиянды факторларын болдырмауды шекті рұһсат етілген концентрациялар (ПДК-ШРК) немесе шекті рұһсат етілген деңгейлер (ПДУ-ШРД) деген түсініктемелер көмегімен шектейді.
ШРК және ШРД шамалары Санитарлы-ережелермен нормалар, Мемлекеттік стандарттар және т.б. Мысалы: ГОСТ 12.1.002 ССБТ «Өнеркәсіптегі электрлік жиіліктер жазықтықтары. Жұмыс орнындағы кернеуді және талаптарды тексеруді жүргізу» нормативті құжатттар бойынша анықталады.
ШРК көбіне мг/м3 түрінде көрсетіледі. Сонымен, хлордың шекті рұһсат етілген концентрациясы өнеркәсіп өндірісі бөлмесінің жұмыс аймағындағы ауадағы мөлшері – 1мг/м3 , аммиактікі - 20 1мг/м3 . Шекті рұһсат етілген деңгейдің (ШРД) өнеркәсіп өндірісі бөлмесінің тұрақты жұмыс орнындағы эквивалентті дыбыс шамасы (шу) – 80дБА.
ШРК,ШРД – зиянды өндірістік факторлардың деңгейінің гигиеналық нормативтері, жалпы жұмысшының жұмыс жасауы күнделікті жұмыс барысында олардың ауруға ұшырауына, денсаулығында ауытқулардың болуына себепші болмауы керек, болмаған күнде ол кемістіктер қазіргі кезеңдегі жетілдірілген тексерістер әдісімен анықталады. Жұмыс кезінде зиянды заттар әсерінен тікелей пайда болған аурулар мен ауытқулар ғана емес, сондай ақ оның қазіргі кездегі және келер ұрпаққа да әсері қарастырылуы керек. Күнделікті жұмыс уақыты аптасына 40 сағаттан аспауы керек (демалыс күндерін санамағанда). Гигиеналық нормативтер 8 сағатты жұмыс смендерін ескере отырып жасалған. Жұмыс сменасының ұзақ уақыт зиянды және қауіпті ортада жұмыс жасауы Мемлекеттік санитария эпидимологиялық бақылау ұйымдарымен келісімде болуы керек.
ШРК (шекті рұқсат етілген концентрация) және ШРД (шекті рұқсат етілген деңгей) өндіріс ортасы және тұрғындар үшін бөлек бекітіледі. Оларды бекітуде келесі принциптер жетекшілікке алынуы керек:
-дәрігерлік және биологиялық артықшылық көрсеткіштері келесі түрлерде (техникалық артықшылықтары, экономикалық бағыты және т.б.);
- кемістіктердің әсер етуін анықтауда, жағымсыз факторлардың әсерінен төменгі әсерлердің байқалмауы (соның ішінде мутагендік және канцерогендік химиялық түзілістердің әсері, иондаушы сәулелену);
-профилактикалық жұмыстардың енгізілуі және өңделуінің жетістіктері, сондай ақ өндірістегі зиянды немесе қауіпті факторлардың пайда болуына дейінгі қорғаныс түрлері;
Жұмыс орнындағы үйлесімді немесе рұһсат етілген деңгейді ұстап тұру мүмкін болмаған жағдайда жекешеленген қорғаныс түрлерін пайдалану керек.
Зиянды және қауіпті жағдайларда жұмыс жасағанда жұмысшыларды қорғаудың белсенді жеке және ұйымдық әдістерін қарастырған дұрыс деп есептеледі.
Қауіпсіз еңбек етуді қамтамасыз ету қондырғылардың құрылымдарында, сондай ақ өндірістік үдірістерде және басқа да салаларда-да қарастырылады. Көрсетілген әдістермен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмаған жағдайда жұмысшыларды қорғау амалдары қолданылады (СЗР-ЖҚА).
ЖҚА, ҚЗӨФ – да жұмысшыларға зиянды заттың әсерін болдырмауға немесе оның әсер етуін төмендету үшін қолданылады. Бұл амал жұмыс ортасындағы адам ағзасына көптеген пайдалы әсерлер тудырады және келесідей көрсеткіштер тізімін құрайды:
ҚЗӨФ төмендету мақсатында техникалық амалдарды немесе технологиялық үдірістерді жаңаландыра түсіруді;
Жұмыс аймағынан қауіпті және зиянды заттарды, материалдарды әкету (аралық қорғану);
ҚЗӨФ – лар аймағындағы еңбек ету уақытын шектеу (уақыт бойынша);
Қолданылатын санитарлық нормалармен қарастырылған шамаларға дейін зиянды заттар деңгейін төмендету;
Технологиялық үдірістердің кезінде пайда болатын, сондай-ақ, жұмыс жағдайында және қабылданған технологияға сәйкес жұмысшыларды ҚЗӨФ-лар әсерінен қорғау;
Қорғану амалдарын пайдалануға жетелейді.
Қолданылу сипатына байланысты ЖҚА-дары өндірісте жұмыс жасайтын барлық жұмысшылармен қызметкерлерді қорғауды қамтамасыз ететін ұйымдық (ҰҚА-СКЗ) және өз бетімен жұмыс жасайтын, бір адамның қауіпсіздігін қорғайтын өзіндік қорғаныс амалдарына бөлінеді.
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету принциптері, жолдары мен әдістері
Принцип – дегеніміз бұл идея, ой, негізгі қалып.
Әдіс - дегеніміз көптеген заңдылықтардан шыққан, сол мақсатқа апаратын тәсіл жолы.
Принциптермен әдістерде еңбек ету қауіпсіздігін қамтамасыз етудің арнайы тәсілдерінен айырмашылығы олар меншікті түрге жатады, олар өз кезегінде диалектика мен логикаға қатысты түсініктер. Тәсілдермен принциптер белгілі бір дәрежеде өзара байланысты.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету амалдары және принциптері мен тәсілдері - дегеніміз қауіпсіздікті қамтамасыз етудің логикалық этаптары. Оларды таңдау белгілі бір нақты шарттың әрекетіне, қауіптілік деңгейіне, бағасына және басқа да шекті шамаларына байланысты.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету амалдарын жалпы алып қарасақ – ол құрылымдық, ұйымдастырылған, материалдық енгізулермен, нақты принциптер мен тәсілдердің іске асуы.
Өндірістік жағдайда келесі қауіпсіздікті қамтамасыз ету принциптері іске асуы мүмкін:
Іс-әркет (еңбек туралы) түсінігінің болуы немесе гуманизациясы.
Операторлардың ауысуы.
Классификациялау, яғни жіктелуі.
Қауіптілікті төмендету.
Блокировка, бөгет қою.
Аралық қорғану.
Беріктілік.
Әлсіз буын әдісі.
Экрандау.
Уақыт есебінде қорғану.
Ақпараттық.
Нормалануы.
Бақылау.
Басқару.
Қарқындылық.
Бірнеше принциптерді жақынырақ қарастырайық. Ол үшін әрбір қарастырылып отырылған принциптерге жеке анықтамалар беріп, олардың іске асуы бойынша мысал келтірейік.
Еңбекті гуманизациялау принципі бойынша – адамдарды механикалық, стереотипті, ауыр және қауіпті еңбек түрлеріндегі адамдарды өздігінен шығармашылық әрекет жасауына тыйым салу.
Классификациялау принципі (категориялау) объектілерді белгілері бойынша категорияларға, кластарға бөлуден тұрады, олар қауіптілігіне қарай санитарлық қорғаныс аймақтарына, яғни 5 класқа бөлінеді, ал жарылғыштыққа қауіптілігі бойынша өндірістік ғимараттарды А, Б, В, Г, Д, сондай ақ бөлмелердің электрлік қауіптілігі бойынша да категорияларға бөлу.
Әлсіз буын әдісі, қаралып отырылған жүйеге қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында шамалардың барлық өзгерістеріне көңіл бөліп, қауіптің алдын алуды (қорғағыш клапандар, мембраналардың жыртылуынан, токты жерлендіру, найзағай жарығынан қорғану және т.б.) қамтамасыз ететін элемент енгізілуіне негізделген.
Ақпараттық принцип- жұмысшылардың мәліметтерді меңгеруіне, ол өз кезегінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету деңгейін (оқыту, танысу жұмыстарын жүргізуге, қауіпсіздік белгілері мен бояуларын, ескерту белгілерін, құрылғылардың маркаларын және т.б.) көрсетуге негізделген.
Нормалау принципі болатын қауіптерден адамдардың қорғануын қамтамасыз ететін шамалардың сақталуына байланысты. Мысалы: ШРК немесе деңгейдің, ауыр жүктерді тасмалдау және көтеру, жұмыс жасау ұзақтылық нормаларының сақталуына және т.б.байланысты.
Адамдардың өмір сүру аймағы мен гомосфера және техносфералардың (ноксосфералар) бірігуіне қауіптілік тұрғысынан жол берілмейтін зат екенін ескеру аса маңызды роль атқарады. Сондықтанда, іс-әрекеттің қауіпсіздікті қамтамасыз етуі бойынша келесідей үш түрлі тәсіл көмегімен қол жеткізуге болатынын көруге болады:
А - жазықтықтық немесе уақытша бөлінетін (гомосферлар) және ноксосфералар; бұл әдіс автоматты аралық басқару, жұмыстандыру, ұйымдастыру және т.б. тәсілдер түрімен іске асады.
Б - адамдарды шудан, газдалудан, шаңдалудан, жарақат алудан, және т.б. ұйымдық қорғаныс амалдарының жиынтығын тұратын, қауіптілікті болдырмау ноксосферасын нормалау жолымен.
В - қабылдау және амалдар бойынша, өзіне сай ортаға адамдардың қалыптасуына және оның қорғанысын жоғарылатуға бағытталған. Бұл тәсіл кәсіптік таңдауды жасауға, оқытуға, алдын ала таныстыру жұмыстарын жүргізуге, жеке қорғаныс амалдарын қолдануға мүмкіндік береді.
Негізгі шарттарда аталған тәсілдер құрамаларын қолдануға болады.
Қорғаныс тәсілдерінен қортындылайтынымыз, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, ұйымдық қорғаныс амалын (ҰҚА-СКЗ) және жекешенген қорғаныс амалдарын (ЖҚА-СИЗ) қолдану жөн екені. Бұлардың екеуі де қолданылуына байланысты кластарға бөлінеді. ҰҚА қауіптілігі мен зияндылық факторлеріне байланысты жіктеледі (шудан қорғану түрлері, дірілден, тұрақты электр зарядтарынан және т.б.), ал ЖҚА, негізінен - қорғалатын органдарға байланысты (тыныс алу жолдарын, қолды, басты бетті, көзді және т.б.) жіктеледі.
7.2 Жекешеленген және ұйымдық қорғану


Ұйымдық қорғаныс амалдары (ҰҚА) қауіптілігіне және зияндылық факторлеріне байланысты жіктеледі - мысалы, шудан қорғану амалы, дірілден, тұрақты электр зарядтарынан, ауалық ортаның нормалануынан және жарықталуынан, т.б. ұғымдарға байланысты.
ҰҚА техникалық орындалуына байланысты келесі топтарға бөлінеді: қоршаулық, қалқалық (блокировочные), тежегіштер (тормозные), сақтандыратын қондырғылар, жарықтық және дыбыстық белгі беру, белгі түстері, қауіпсіздік аспаптары, қауіпсіздік белгілері, аралық басқару, жерлендіру және нөлдендіру (зануление), желдету, жылыту, жарықтандыру, иондалуы, герметикалау тәсілдер және т.б. бойынша.
ҰҚА техникалық қолданылуына байланысты келесі кластарға бөлінеді:
Нормалау амалы:
- қондырғыға қатысты, бекітілген нормалардан микроклимат көрсеткіштерінің ауытқуын сақтандыратын, өндіріс бөлмесінің және жұмыс ортасының ауасын: нормаланған барометрлік қысым шамасын ұстап тұру, ауаны тазарту және желдету, ауаны самалдату, зиянды өндірістік факторлерді тарату, яғни болдырмау, жылыту, автоматтық белгі беру және бақылау, ауаны дезодорациялау;
- жұмыс орнын және бөлмелерді жарықтандыруын: жарық көздері, жарықтағыш қондырғылар, жарық түсетін аралықтар (проемы), жарықтан қорғағыш қондырғылар, жарық ұстағыш сүзгілер;
Қорғану амалдары:
-жоғарғы иондалатын сәулелену деңгейінен: қоршаушы қондырғылар, сақтандырғыш қондырғылар, герметикалау қондырғылар, қорғағыш жабындар, сұйықтар мен ауаны ұстайтын және тазалайтын қондырғылар, дезактивация амалдары, автоматтық бақылау қондырғылары, аралық басқару қондырғылары, радиоактивті заттарды уақытша сақтау кезіндегі және тасымалдаудағы қорғаныс амалдары, қауіпсіздік белгілері, радиоактивті қалдықтар салынған ыдыстардан;
-жоғарғы инфрақызыл сәулелену деңгейінен: қоршау, герметизациялау, жылусақтағыштық, желдеткіш, автоматтық бақылау және белгі беру, аралық басқару, қауіпсіздік белгілері;
-ультракүлгін сәулесінің жоғарылауы мен төмендеуінен: қоршау, ауаны желдету, автоматтық бақылау және белгі беру, аралық басқару, қауіпсіздік белгілері;
-жоғарғы электромагниттік сәулелену деңгейінен: магниттік және электрлік жазықтықтардағы кернеуліктердің жоғарылауы: қоршағыш (экрандағыш), герметизациялағыш жабындар, автоматтық бақылау және белгі беру, аралық басқару, қауіпсіздік белгілері;
-жоғарғы лазерлік сәулелену деңгейінен: қоршаушы қондырғылар, сақтандыратын қондырғылар, автоматтық бақылау және белгі беру қондырғылары, аралық басқару қондырғылары, қауіпсіздік белгілері;
-шу деңгейінің жоғарылауынан: қоршаулар, дыбысоқшаулағыш, дыбысжұтатын қасиеті бар шу тұншықтырғыштар; автоматтық бақылау және белгі беру қондырғылары, аралық басқару қондырғылары;
-діріл деңгейінің жоғарылауынан: дірілоқшаулағыш, дірілдіөшіргіш және дірілжұтатын қасиеті бар қоршаулар; автоматтық бақылау және белгі беру қондырғылары, аралық басқару қондырғылары;
-ультрадыбыс деңгейінің жоғарылауынан: дыбысоқшаулағыш, дыбысжұтатын қасиеті бар қоршаулар; автоматтық бақылау және белгі беру қондырғылары, аралық басқару қондырғылары;
-инфрадыбыс деңгейінің жоғарылауы: қоршау қондырғылар, қауіпсіздік белгілері;
-электртокынан жарақат алу: қоршау қондырғылар, автоматтық бақылау және белгі беру қондырғылары, оқшаулағыш қондырғылар мен жабындар, жерлендіру мен нөлдендіру қондырғылары, автоматтық ажырату қондырғылары, кернеуді төмендету және потенциалдар деңгейін теңдеу қондырғылары, аралық басқару қондырғылары, сақтандыратын қондырғылар, найзағай жарығынан қорғайтын қондырғылар, қауіпсіздік белгілері;
-тұрақты электр тогы деңгейінің жоғарылауы: жерлендіру қондырғылары, таратып жібергіштер (нейтрализациялау), ылғалдандыратын қондырғылар, тұрақты электр тогына қарсы заттар, экрандаушы қондырғылар;
-қондырғы бетінің, дайын бұйымдар мен материалдар температурасының жоғарылауы мен төмендеуінен: қоршаулар, автоматтық бақылау және белгі беру қондырғылары, аралық басқару қондырғылары, жылусақтағыштық қасиеті бар материалдар;
-температураның төмен түсуі мен ауа температурасының жоғарылауы мен төмендеуінен: қоршаулар, автоматтық бақылау және белгі беру қондырғылары, аралық басқару қондырғылары, жылусақтағыштық қасиеті бар материалдар;
-механикалық факторлар әсерінен: қоршаулар, автоматтық бақылау және белгі беру қондырғылары, аралық басқару қондырғылары, сақтандырғыш қондырғылар, тежегіштері бар, қауіпсіздік белгілері;
-химиялық факторлар әсерінен: қоршаулар, автоматтық бақылау және белгі беру қондырғылары, аралық басқару қондырғылары, ауаны зиянды-улы заттардан тазарту және желдету, қауіпсіздік белгілері, герметизациялау;
-биологиялық факторлар әсерінен: дезинфекциялау қондырғыларымен дәрә-дәрмектер, дезинсекциялау, стерилизация, дератизация, қоршау қондырғылары, герметизациялағыш қондырғылар, ауаны тазарту және желдету, қауіпсіздік белгілері;
-жоғарыдан құлаудан: қоршаулар, қорғағыш сеткалар, қауіпсіздік белгілері;
Өзіндік қорғану амалдары (ӨҚА) мемлекеттік стандарттарға, техникалық жағдайларға, техникалық эстетика талаптарына, эргономикаға, жоғарғы қорғау дәрежесін қамтамасыз етуге, қолдануға ыңғайлылығы сәйкесінше болуы керек. Өз кезегінде олардың сәйкесінше сертификаттары да болуы қажет.
Өзіндік қорғану амалдары (ӨҚА) қолданылуына байланысты келесі кластарға бөлінеді:
иондағыш костюмдар: пневмокостюмдар, суөткізбейтін костюмдар, скафандрлар;
тыныс алу жолдарын қорғау амалдары: противогаздар, респираторлар, өзіндік құтқарулар (самоспасатели), пневмошлемдер, пневмомаскалар, пневмокурткалар;
арнайы қорғаныс киімдері: тондар, жартылайтондар, бүркегіштер (накидки), плащтар, халаттар, костюмдер, комбинезондар;
аяқты қорғау амалдары: етіктер, ботинкалар, галоштар, ток өткізбейтін галоштар, тізеқаптар;
қолды қорғау амалдары: қолқаптар, перчаткалар, саусаққа арналған кимешіктер, қолға арналған кимешіктер, қорғағыш кремдер, маздар;
басты қорғау амалдары: қорғағыш каскалар, шлемдер, шапкалар, орамалдар, подшлемниктер, накомарниктер;
көзді қорғау амалдары: қорғаныс көзілдіріктері;
көз алмасын қорғау амалдары: беттік торапты қорғаныс, қорғағыш кремдер, маздар;
есту органдарын қорғау амалдары: шуғақарсы шлемдер, шуғақарсы құлаққа арналған тығандар, шуғақарсы құлақшалар;
биіктіктен құлағандағы қорғаныс құралдары: қорғаныс белдіктері, қорғаныс арқандары, қолдық құрсаулар, манипуляторлар;
дерматологиялық қорғаныс амалдары: тері тазартқыштар, репаративті амалдар (иондалатын сәулелену әсерінен пайда болған тері зақымдарын қайта қалпына келтіру амалдары);
Бұдан да басқа, көлемді қарқындылықтарға төменгі шарттар көмегімен қол жеткізуге болады: қондырғыларды жобалау және технологиялық үдірістерді қарастыру кезінде зиянды өндірістік факторларды туындататын себептерді анықтау; бөлмелерді рациональды жобалау, зиянды факторлар жағдайындағы демалыс және еңбек уақыттарын рационализациялау; дәрігерлік сипаттамада профилактикалық жұмыстар жүргізу;

Жұмысшылардың ұйымдық қорғанысының негізгі түрлерін ҚЗӨФ әсерінен субъективті және объективті қорғану амалдары ретінде де қарастыруға болады.


Субъективті қорғану амалдары деп қолдану барысында ҚЗӨФ-дан жұмысшыларды қорғануға шақыратын, оның әсерін мүлде болдырмайтын және оның әсер етуін төмендетін амалдарды айтады.
Жұмысшылардың ұйымдық қорғанысының субъективті амалдары болып автоматтық бақылау және белгі беру қондырғылары, қауіпсіздік белгілері, түрлі плакаттар және т.б. саналады.
Субъективті қорғану амалдары әсері адамның өзінің жұмыс жасау барысында алған тәжірбиелері, өндірістік дәрежелері, нормаларды сақтауы және білімділіктері, техникалық қауіпсіздік жұмыстарын және ережелерді мұқият орындауы барысында іске асады.
Қауіпсіздік белгілері жұмысшыларға белгілі бір дәрежеде тоқтату жасап, керекті ақпараттарды, өндірістік қауіптілікті, керекті қорғаныс тәсілдерін қолдануды ескертеді. Қауіптілік белгілері: рұһсат етілмейтін, алдын-ала ескерту, жазба және көрсеткіш түрлеріне бөлінеді.
Бұдан басқа, дұрыс бағдар беру үшін шартты бояулар қолданылады. Негізгілері «Қызыл», «Сарғылт», «Сары» түстер.
Осылай, дыбыстық, жарықтық белгілеріне, алдын-ала ескертулерге және жазбаларға, шартты бояуларға, өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін бақылауға және кенеттен болатын қайғылы жағдайларға, адамдардың қыймылының даяр болуына өз көмегін тигізеді. Дегенмен, сол сәтте жұмысшылардың осындай дыбыстық және жарықтық белгілерге жылдам, дұрыс және уақытылы көңіл аударуына көптеген факторлердің әсері болады: олардың шаршауы, өзін нашар сезінуі, шу, діріл, көзге қарама-қарсы түсетін жарықтар, жұмыс аймағындағы жарықтың жетіспеушілігі, қоршаған ортаның температурасының жоғары болуы, қарқынсыз желдету жүйесі, жауап беруді талап ететін алынатын ақпараттардың көптігі, жұмысшының өзінің уайымға түсуі әсер етеді.
Осы және басқа да факторлер субъективті қорғаныстың қарқындылығын төтендетеді. Сондықтан да, жоғарыдағы тізілген қорғаныстар қасиеттеріне байланысты субъективті қорғаныстармен бірге объективті қорғаныстар қатар қолданылады.
Объективті қорғану амалдары деп өмірлік тәжірбиесіне де, жіктелуінеде, жұмысшылардың физикалық және психологиялық жағдайына да қарамастан оларды ҚЗӨФ-дан қорғап, ЗЗ әсерлерін төмендететін амалдар.
Объективті қорғану амалдары деген түсінікті, әркезде де өндірістік қатер көздері немесе зияндылықтар және адамдар арасында автоматты түрде іске қосылатын физикалық тосқауыл деп қабылдауға болады. Оларға: қоршаулар, оқшаулағыш және герметикалағыш қондырғылар, электр токын жерлендіру қондырғысы, нолдендіру, потенциалдарды теңдеу, автоматтық ажырату, жарықтан қорғағыш қондырғылар және т.б. саналады.
Объективті қорғану амалдарының қарқындылығы көбіне олардың сенімділігімен, бұзылмауымен (істен шықпау) анықталады.
Сенімділік – керекті уақыт аралығында шартта қаралған қолдану көрсеткіштерімен және өзі арналған бағыттағы функцияларды орындау қасиеті. Сенімділік үш бірдей күрделі қасиеттерден тұрады: тоқтамауы, бұзылған жағдайда жөндеуге келуі, ұзақ уақыт қызмет көрсетуі.
Тоқтамауы – белгілі уақыт аралағанды жұмысқабілеттілігін сақтауы, яғни амалсыздан үзіліс жасауға мәжбүр етпеуі.
Қорғаныс амалдарының қасиеттерін ескертулерге, жұмыстың тоқтау себептерін техникалық жөндеу және қызмет көрсетуді жүргізу жолымен тауып оларды жоюға қолайлылығы – жөндеуге жарамдылығы деп те аталады.
Техникалық қондырғылардың бастапқы қалпына дейінгі жөндеу және техникалық қызмет көрсетуі үшін қажетті үзілістерді қоса есептегендегі жұмысқабілеттілігі оның өміршеңдігі деп саналады.
Автоматты бақылау қондырғыларын, қызмет көрсету қауымына - машиналарды, қондырғыларды, өтіп жатқан үдірістерді қадағалауға және сұйықтардың шекті рұһсат етілген деңгейін, қысымды, температураны, кернеуді және т.б. қолдану барысында қауіпсіздікті болдырмауға көмекші ретінде қолданылады. Бұндай қондырғыларға жататындар вольтметрлер, термометрлер, манометрлер, әртүрлі деңгейдегі сұйықтық көрсеткіштер (қызыл сызық). Яғни, өлшенетін шаманың шегіне жеткенде, жарықтық немесе дыбыстық белгілердің берілуі.
Теміржол көлігіндегі депо электрлік қондырғыларда екітүсті жарықтық белгі беру кеңінен қолданылады. ДЕПОның жөндеу орындарында қондырылған қызыл түс, контакттілік тасымалдағыш кернеу астында екенін көрсетеді. Бұл жағдайда осы канава (жөндеу орнындағы) электровоздарда жұмыс жасауға болмайды. Ал жасыл түс жанғанда жұмыс жасауға рұһсат етіледі, яғни өткізгіштерден кернеу алынылып тасталды деген сөз. Егер ешбір өткізгіш жанбаса, біріншіден тексеріп сонан соң жұмысқа кірісу керек.
Дыбыстық белгі берулер локомативтерді, көтергіш және көпірлік крандарды, дрезиндерді қамтиды. Дыбыстық белгілер көмегімен жұмысшыларға тасмалданатын жүктің жақындағаны, поезддің қауіптілігі ескертіледі.
Дыбыстық белгі беруді сондай ақ, жұмысшыларға қысымның, температураның шекті мәнге жеткенін, өндірісте жарылыстардың болу мүмкіндігінен ескертулер жасау үшін де қолданылады.
Жекеленген қорғану амалдары (ЖҚА) қорғалатын органдарға және органдар жиынтығына байланысты төмендегідей жіктеледі: мысалы, тыныс алу жолдарын қорғау, қолды, көзді, және т.б. ЖҚА-на суөткізбейтін, скафандрлар, противогаздар, респираторлар, пневмошлемдер, пневмомаскалар, арнайы жасалған аяқ киіммен киімдер түрлері, қолғаптар, перчаткалар, каскалар, шлемдер, құлақшалар, тығындар, қорғағыш көзілдіріктер, қауіпсіздік белбеулері, дерматологиялық қорғаныс заттары және т.б. кіреді.
Бұл заттар нормаға сәйкесінше жасалады. Оларды зиянды және қауіпті заттардан уақытша көмекші қорғану амалдары ретінде қабылдау керек.

Қортынды сұрақтар:





  1. Қауіпті және зиянды өндірістік факторлерді жіктелуі (ҚӨФ және ЗӨФ).

  2. Жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың шекті-рұһсат етілген концентрациясы.

  3. Жұмысшылардың ҚЗӨФ-дан қорғану амалдарын жіктеу.

  4. Ұйымдық және жеке қорғану амалдары.

  5. Объективті қорғаныс амалдары: қоршау қондырғылар, сақтандыратын құрылғылар, тосқаул қою және т.б.

  6. Бақылау және белгі беру қондырғылары.

  7. Қауіпсіздік белгілері мен плакаттар.

Әдебиеттер:



  1. Байкенжеева А.С. Еңбекті қорғау және инженерлік есептеулер. Оқу құралы. Алматы: ҚазККА, 2018. - 205 бет.

  2. Байкенжеева А.С. Еңбекті қорғау пәні бойынша әдістемелік нұсқау. Алматы КазАТК, 2016-84 бет.

  3. ГОСТ 30494-2011 «Здания жилые и общественные. Параметры микроклимата в помещениях», (Межгосударственная научно-техническая комиссия по стандартизации, техническому нормированию и оценке соответствия в строительстве (МНТКС) от 8 декабря 2011г. №39). URL: ИС ПАРАГРАФ WWW http://onlain/zakon.kz. Астана, 2011.

  4. РК 3.02.-09-2010 «Производственная здания», С изменениями от от 9 октября 2015г. URL: ИС ПАРАГРАФ WWW http://onlain/zakon.kz.

Студенттің өздік жұмысына (СӨЖ) арналған тапсырмалар: 





  1. Тақырып бойынша материалды оқып үйрену.

  2. Ұжымдық қорғаныс амалдары бойынша 10 беттен кем емес реферат жазып 5 аптада өткізу.

  3. Жекешелік қорғаныс амалдары бойынша 10 беттен кем емес реферат жазып 5 аптада өткізу.

  4. ҚЗӨФ жіктелуі бойынша реферат жазу.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет