7-Дәріс. Байыту фабрикаларындағы жүк тасымалдау



бет5/9
Дата20.09.2022
өлшемі40,27 Kb.
#150067
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Лекция 7
3 тоқсанБӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР, From Site, қоғамдық (копия)
Пневматикалық тасымалдау
Пневматикалық тасымалдау ауа, газ немесе бу энергиясы арқылы қатты
заттарды тасымалдаушы қҧрылғылармен тасымалдауға негізделген. Бҧл
тасымалдау сусымалы заттарды керекті орындарға жеткізу ҥшін қолданылады.
Ол ҥшін тасымалданатын зат қҧбырларға жабыспауы және жол бойы
флокуланбауы керек.
Байыту фабрикаларында пневмо тасымалдау әртҥрлі кендер концентратын
аэро қоспа тҥрінде және сусымалы шаңды заттарды жҥктеуге және тҥсіруге
кеңінен қолданылады. Тасымалдау операциялары қосымша технологиялық
процестермен ҥйлесіп жатады. Мысалы, қҧбырлы – кептіргіштерде кӛмір ыстық
газдармен тасымалданып жол бойы кептіріледі, яғни сусыздандыру процесі
атқарылады.
32
Пневматикалық тасымалдауда қолданылатын қондырғылар қысым жасау
немесе ауаны сирету (вакуум) әдісі бойынша тӛмендегідей болып бӛлінеді:
сорушы, мҧнда арнаулы қҧрылғылармен тасымалданатын зат аэроқоспа
ретінде, вакуум-насос немесе вентилятор арқылы сорылып тасымалданады,
айдамалаушы компрессор немесе ауа айдағыштармен тасымалданатын зат, ауа
арқылы айдалады; және екі аталған әдістердің ҥйлесуімен сору-айдамалау әдісі.
Тасымалдану қашықтығына қарай, сорушы қондырғылардың жҧмыс
атқаруына қажетті тӛменгі қысым (вакуум) мӛлшері 0,05-0,7 МПа аралығында
болады. Байыту фабрикаларында айдамалаушы қондырғылардың тӛменгі
қысымы (0,05 МПа-ға дейін), орта қысымдардікі (0,3 МПа дейін).
Тӛмендегі суретте (8-сурет) сорушы қондырғының схемалық тҥрі
келтірілген. Аталған қондырғының жҧмысы келесідей болып жҥргізіледі.
Вакуум-сорғының (7) тӛменгі қысымы негізінде, атмосфералық ауа, сорушы
сопло (1) арқылы сорылып, ӛзімен бірге тасымалданатын затты алып жҥреді.
Иілмелі (2) және мықты қҧбыр жҥйелерімен аэро қоспа бӛлгішке (4) келіп
тҥседі, мҧнда тасымалданатын зат жылдамдықтың азаюына байланысты
шӛктіріледі. Материал шығарушы қҧрылғы (5) арқылы бӛлгіштен
шығарылады. Ауа шӛктіруші жҥйеден сҥзгішке (6) беріледі, осында тазаланып,
вакуум-насос арқылы атмосфераға шығарылады.
8-сурет. Сорушы қондырғының схемалық тҥрі.
Сорушы қондырғының негізгі элементтері: сопло, бӛлгіш, сҥзгіш және
пневможҥйе мен арматура.
Айдамалаушы қондырғының жҧмысы келесідей атқарылады (9-сурет).
Тиеуші қҧрылғы (1)арқылы зат және компрессордан шыққан ауа арнаулы
камерада араласып, аэроқоспа қҧрайды, соңғысы пневможҥйе (2) мен реттеуші
(3) арқылы қабылдаушы бункерге (4) тасымалданады. Жылдамдықтың кемуіне
байланысты зат бункер тҥбіне шӛгіп, ал шаңдалған ауа шӛктіруші жҥйеге тҥсіп
тазаланады.
Айдамалаушы қондырғының негізгі элементтері: нәрлендіргіш, пневможҥйе
мен арматура, бӛлгіш, шаң ҧстағыш.
33
9-сурет. Айдамалаушы қондырғының схемалық кӛрінісі.
Пневмотасымалдауда тҧтас тартылған, қалың бетті қҧбырлар қолданылады.
Қазіргі уақытта пластмассалардан жасалынған қҧбырлар қолданыла бастады,
оларда аэродинамикалық кедергі мӛлшері тӛмен. Пневматикалық
тасымалдаудың технологиялық параметрлері тасымалданатын заттың ірілігіне
тәуелді. Майда тҥйіршікті заттарды (майда класты кӛмір, концентраттар және
т.б.) тасымалдауда, олардың ең жоғарғы мҥмкіндік ҥлесі 40 кг әрбір 1кг ауаға
шаққанда. Тасымалдау заттың ылғалдылығына және оның температурасына
тәуелді. Кӛмір және шаңды заттардың ылғалдылығы 6% аспауы керек, ал
гранулданған тҥйіршіктенген заттардікі-15%.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет