№7 мектеп-лицей ЖҰмыстың тақырыбы


Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны



бет9/10
Дата08.02.2022
өлшемі72,41 Kb.
#98636
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
жобалау

Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны. Елбасы мақаласында Қазақстан,Алматы апорттың отаны екенін және оның Алатаудың баурайында өсетінін мақтанышпен айтты. Оған қоса, қызғалдақтың отаны да қазақ елі екенін, ол гүл Шу, Іле тауларының етегінен бүгінгі күнге дейін бастапқы күйінде сақтала отырып, бүкіл әлемге таралғанын баяндады. Оны бүгінде біз ғана емес, әлемнің ғалымдары дәлелдеп, Алатаудың баурайы алма ағашы мен қызғалдақ гүлінің алғашқы өсіп шыққан жері болғаны ғылыми тұрғыдан дәлелдеп, мойындап отыр.
Шетелдік ғалым Бэрри Джунипер «Алмалар тарихы» атты кітабында, ал ұлыбританиялық жазушы Кристофер Роббинс «Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны» атты кітабында алманың отаны Қазақстан екенін атап көрсеткен.
2002 жылы Нидерланды корольдігіне жасаған ресми сапары кезінде Елбасы Н.Назарбаевқа сол елдің ханшайымы Беатрикс ханым қызғалдақ жайында ағынан жарылып, былай депті: «Ұлы Жібек жолы ғасырлар бойы Еуропаны Азиямен, сондай-ақ, Қазақстанды Нидерландымен байланыстырып тұрды. Осы байланыстар біздің елімізге қызғалдақ гүлін әкелді. Бұл гүл осылайша Нидерландыға кең тарады. Гүл саудасында да ол ең өтімді өнімге айналды. Қазіргі кезде қызғалдақ гүлі нидерландықтардың нөмірі бірінші экспорттық тауары». Сол үшін сіздің елге қарыздармыз», – деген екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет