7 Мемлекеттік бюджет



бет2/4
Дата13.03.2023
өлшемі27,11 Kb.
#172169
1   2   3   4
Байланысты:
7 Дәріс
1dd26672-6acb-40e7-9b20-2dec79fb67b1
Федеративтік мемлекеттерде бюджст жүйесі үш буыннан тұрады:
- мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті;
- федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та — штаттардың, ГФР-да—жерлердің (ландтардың), Канадада — провинциялардың, Ресейде — федерация субъектілерінің бюджеттері);
- жергілікті бюджеттер.
Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (рсспубликалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрлымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Казақстан — федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және Парламенті бар унитарлық мемлекет.
Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер жұмыс істейді:
- республикалық бюджет;
- облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, Астананың бюджеті;
- ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.
Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципал-дық) бюджеттер кез-келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған.
Республикалык, бюджет — бұл салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджет (әкімшілік - аймақтық бірліктсрдің бюджеттері)-облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, аудандардың (облыстың маңызы бар қаланың) бюджеті.
Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволык, бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті болып табылады.
Бюджет заңнамасымен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті болып табылады.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджвт республикалық және Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасының зандарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтығы, шыншылдығы, дәйектілігі, жариялылығы және т.б. қагидаттарына негіздследі.
Бірыңғай бюджеттік сыныптама бірыңғай және бюджеттердің барлық деңгейлері үшін міндетті болып табылады. оны бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және республика Үкіметі бекітеді. Бюджет процесі бірыңғай бюджеттік сыныптама негізінде жүзеге асырылады.
Бюджет түсімдерінің сыныптамасы бюджет заңнамасына негізделген барлық деңгейлер бюджеттерінің түсімдерін белгілі бір сыныптамалар бойынша топтастыру болып табылады. Бюджет түсімдері сыныптамасының топтамасы санаттан, сыныптан, ішкі сыныптан және ерекшеліктен тұрады. Санаттар түсімдерді экономикалық белгілері бойынша топтастыру болып табылады. Сыныптар мен ішкі сыныптар түсімдерді олардың көздері мен түрлері бойынша топтастырады. Ерекшелік бюджетке төленетін төлем немесе түсім түрін айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет