№7 Мұражай экспозициясы, оны жобалаудың негізгі кезеңдері мен құру әдістері. Қабылдаған: Шарипа Сейтжагипарқызы Дайындаған:Қудайберген Айман хіт 20-06



Дата07.02.2022
өлшемі310,8 Kb.
#89368
Байланысты:
муражайтану№7
муражайтану№7

№7 Мұражай экспозициясы, оны жобалаудың негізгі кезеңдері мен құру әдістері. Қабылдаған: Шарипа Сейтжагипарқызы Дайындаған:Қудайберген Айман ХІТ 20-06

ЖОСПАР

  • Экспозицияны құру әдістері
  • Экспозицияны құру принциптері
  • Экспозициялық тәсілдері

Қандай музейдің болмасын ең басты мақтанышы ол әрине көрермен назарына ұсынылатын экспозициялар. Тақырыптық экспозицияларды толыққанды жеткізе білу, осы бағыттағы әдістерді ұтымды пайдалану кез-келген музейлік экспозицияның басты мақсаты болар. Музейдегі кез-келген тақырыптың халыққа жету жолы ол әрине – экспозиция. Музейлік қарым-қатынастың басты кескіні де - экспозиция.

  • Жалпы музей экспозицияларын жобалаудың қалыптасқан төрт түрі бар, олар: 1) коллекциялық (жүйелі, топтамалық) – музейлік зат немесе нысан экспозицияның шартты мазмұны, 2) ансамбльдік - музейлік нысан ансамбльдің объективті бөлігі, 3) көрнекілік (иллюстративный) – ғылыми мәтіндер, 4) музейлі-бейнелік (образно-сюжетный) - әдеби мәтіндер.
  • Материалдар топтамасының тақырып мазмұнына сай іріктелген, ғылыми тұжырымдалған, маңыздылығы айқындалған музейлік жұмыстың бір түрі экспозицияны құру барысында барлық бағыттарға, әдістермен амалдарға назар аудару экспозиция авторлары алдына қоятын басты міндет.
  • Экспозицияның сәтті шығуы жобалау жұмыстары барысында таңдап алынған сәулеттік- көркемдік шешіміне тікелей байланысты.
  • Экспозиция құрудың танымал бір түрі - ансамбльдік әдіс. Бұл әдісті қолдану барысында экспозиция нақты ғылыми деректерге сүйеніп өмір сүріп келе жатқан белгілі дәуірдегі әлеуметтік мәдени жағдайға тән сюжетті сақтайды немесе қайта жаңғыртады. Ансамбльдік экспозиция мемориалдық музейлерге, музейлендірілген тарихи және мәдени ескерткіштерге – сарайлар, мекен-жайлар, тарихи орындарға тән құбылыс. Оған мысал ретінде гуманитарлық және жаратылыстану ғылымы саласындағы тарихи интерьерлер немесе олардың көріністерін айтуға болады. Экспозициядағы ансамблдік көрсетілімнің құрылымдық бірлігі - экспозициялық кешендік жиынтық. Мысалы еңбек құралдары, қару-жарақтар, киім-кешектер, жиһаздар, бейнелеу, жазбаша деректер және т.б. 
  • Музейлік экспозициялық әдістерінің бірі - бойлау әдісі (метод погружения или сумберсия). Бұл бағыттағы экспозиция адамға тақырыпты тереңінен түсінуге, сол дәуірге сапар шегуге, тіпті көркемдік образға енуіне, оқиғаларды, нақты уақытты сезінуіне жол ашады. Тақырып мазмұнына бойлау көрерменге экспозиция кеңістігін толыққанды қабылдауына мүмкіндік береді. Экспозиция арқылы адамға мұндай әсер беру адамның өмірлік қызығушылығын арттыра отырып мәдени мұрамен тікелей тілдесуге, өзінің жеке танымы арқылы олардың құнын сезінуіне себеп бола алады. Сондықтан бойлау әдісі басқа бағыттарға қарағанда өзгешелігімен ерекшеленеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет