70. Тозуға төзімділік. Жылуға төзімділік. Дірілге төзімділік



бет2/3
Дата23.12.2021
өлшемі26,21 Kb.
#128079
1   2   3
Байланысты:
70-73
ДШ 9 сынып 4-тоқсан 1сабак, Штамптау, Зайырлылық және дінтану негіздері ктп, 12, мәңгілік ел 1 оку, 4 Физика 8. Жылу құбылыстары. Температуралары әр түрлi суды араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру. Әдістемелік ұсыныс
2 топ. Жағдайлар мен оқиғалар.

Жөнделген немесе қалыпқа келтірілген деп, бұйымдардың, заттардың техникалық құжаттарда көрсетілген шарттарға сәйкестігін айтады.

Жөнделмеген немесе қалыпқа келтірілмеген деп, техникалық құжатта көрсетілген бір немесе бірнеше шарт орындалмаған жағдайды айтады.

Жұмыс істеу қабілеттілігі деп, машина мен механизмнің техника көрсеткіштеріне сай жұмыс атқара алуын айтады. Мысалы, жеңіл автомобильдің бір жері майысып немесе бояуы көшіп кеткен болса, ол оның жұмыс істеу қабілетінен айырылғанын көрсетпейді, ол тек жөнделмеген, қалыпқа келтірілмегенін ғана көрсетеді.

Істен шығу, бұзылуы деп, жұмыс істеу қабілетінен айырылған жағдайды түсінуіміз қажет.

3 топ. Қасиеттер мен ерекшеліктер.

Сенімділік деп, бұйымдардың, машина мен механизмдердің өздеріне жүктелген міндетін, негізгі көрсеткіштерін сақтай отырып, белгілі бір мерзімде сақталу қасиетін айтамыз. Машина мен механизмдердің сенімділігі олардың тоқтап қалмай, ұзақ жұмыс атқарып өзінің көрсеткіштерін сақтап қалу ерекшеліктерімен анықталады.

Істен шықпау, бұзылмау деп, бұйымдардың, машина мен механизмдердің еріксіз бұзылмай жұмыс істеу қабілетін сақтап қалу қасиетін айтады.

Шыдамдылық, төзімділік деп, бұйымдардың, машина мен механизмдердің керекті жөндеу жұмысын жүргізіп қажетті күтім жасап, уақтылы майлау арқасында тозығы жеткенше жұмыс істеу қабілетін сақтап қалу қасиетін айтады.

Жөндеуге ыңғайлылық – тозуды немесе тоқтап қалуды алдын-ала болжап, оларды кезінде түзеп отыруға ыңғайлылық қасиетімен анықталады.

Сақтауға ыңғайлылық деп бір жерден екінші жерге ауыстыруда және белгілі мезгілде сақтау кезінде бұйымдардың, машина мен механизмдердің өздерінің техникалық құжатында көрсетілген көрсеткіштерін сақтап қалу қасиетін айтады.

4 топ. Сандық көрсеткіштер.

Жұмыс көрсеткіші немесе істелген жұмыс деп, машина мен механизмдердің, бұйымдардың пайдалану уақытын немесе бітірген жұмысын, жүрген жолын және т.б. көрсететін көрсеткішті айтамыз.

Бұзылуға дейінгі жұмыс деп, бұйымдардың, машина мен механизмдердің екі жөндеу (ремонт) аралығында орташа алынған жұмыс көрсеткішін айтады.

Бірінші бұзылуға дейінгі орташа алынған жұмыс көрсеткіші деп, машина мен оның бөлшектерінің бірінші рет істен шығуына дейінгі орташа алынған жұмыс көрсеткішін айтады.

Ресурс – тозығы жеткенге дейінгі жұмыс көрсеткіші. Жөндеу аралығындағы ресурс деп, бірінші капиталды жөндеуге дейінгі орташа алынған жұмыс көрсеткішін айтады. Мысалы, транспорт машинасының жүрген жолы, экскаватордың қазған топырақ мөлшері, машина бөлшектерінің жұмыс істеу мерзімі көрсетіледі.

ү - проценттік ресурс жасалынған бұйымдардың, машина мен оның бөлшектерінің белгілі бір проценті ( көбінесе 90 шартпен) көрсетілген ресурсты атқаруы қажет. Мысалы, домалау подшипниктердің катологта көрсетілген динамикалық жүк көтергіш көрсеткіші сол текті, сол өлшеммен шығарылған домалау подшипниктерінің 90 -ті көрсете алады деген сөз.

Берілген ресурс деп, машина мен оның бөлшектерінің қандай жағдайда болғанына қарамастан осы берілген ресурстан соң тоқтатылуын айтады.

Жұмыс істеу мерзімі деп, бұйымдардың, машина мен механизмдердің тозығы жетіп жұмысқа жарамсыз болғанға дейінгі уақытты айтады.

Жөндеуге кеткен орташа уақыт деп, жөндеу кезінде сынған жерді тауып, оларды қалыпқа келтіруге кеткен орташа уақытты айтады.

Дайындық коэффициенті деп, бұйымдардың, машина мен механизмдерінің планмен алынған техникалық күтім аралығында қандай да бір уақытты алсақ та олардың жұмыс істеуге дайын тұру ықтималдығын көрсетеді.

Істен шықпай, бұзылмай жұмыс істеу ықтималдығы деп, белгілі уақыт аралығында немесе берілген жұмыс көрсеткіштер аралығында тоқтаусыз жұмыс істеу ықтималдығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет