77. Тұқым. Құрылысы жəне қызметі. Дара жəне қос жарнақты тұқым


Диатомды балдырлар бөлімі. Кластары, таралуы, маңызды өкілдері



Pdf көрінісі
бет14/19
Дата26.01.2022
өлшемі227,25 Kb.
#114799
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
77-95-1
рамки для Теории, 77-95-1
90.

Диатомды балдырлар бөлімі. Кластары, таралуы, маңызды өкілдері,

экологиясы, маңызы.

Диатомды балдырлар (лат. Діатомае немесе Бацілларіопһyта) – бір клеткалы

организмдердің айрықша тобы.Олардың клеткалары кремнеземнен тұратын тас

қабықпен (панцирь) қапталған, сондықтан оларды кремнийлі балдырлар

(Вацілларіопһyта) деп те атайды. Диатомды балдырлар табиғатта өте кең таралған:

ащы, тұщы суларда, су қоймаларында, ылғал топырақта, мүкте, су өсімдіктерінде көп

кездеседі. 12 мыңдай түрі (ішінде қазбадан табылғандары да бар) белгілі. Олар 2

класқа (Реннатопһyцеае, Сентропһyцеае), 9 қатарға, 300-ге тарта туысқа біріктіріледі.

Қазақстанда 700-ге жуық түрі бар. Диатомды балдырлар өте майда (4 – 2000 мкм)

келеді, жеке немесе шоғыр (жұлдыз, тізбек,таспа, жіпше, бұта тəрізді) құрып тіршілік

етеді. Диатомды балдырлардың хлоропластылары а жəне с хлорофиллдерінен жəне

қоңыр түс беретін фукоксантин затынан тұрады. Клетканың тас қабығы қақпағы

(эпитека) бар қорапқа (гипотека) ұқсайды, шамамен тең екі бөліктен құралады.

Қабықтағы саңылаулар арқылы сыртқы ортамен зат алмасу жүреді. Диатомды

балдырлар негізінен екіге бөліну арқылы көбейеді, яғни аналық клеткадан əр бөліктің

біріне эпитека, екіншісіне гипотека өтеді де, қалған жетіспейтін бөліктер жаңадан пайда

болады. Сондай-ақ жыныстық (изогамия, гетерогамия, оогамия) жолмен де көбейеді.

Диатомды балдырлар су түбіндегі шөгінді сапропелийлердің негізін құрайды. Шөгінді

тау жынысы диатомит, негізінен, осы балдырлардың қабықшаларынан тұрады.

Диатомды балдырлар юра кезеңінен белгілі. Бұлар жалтырауық балдырлар мен сары

жасыл балдырлардан шыққан деп есептеледі. Кейбір ғалымдар Диатомды

балдырларды қарапайымдыларға да жатқызады. Диатомды балдырлар жеңіл, денесі

кеуекті болғандықтан адсорбтану қасиеті өте жоғары, тамақ өнеркəсібінде, химия,

медицина, құрылыста кеңінен қолданылады. Диатомды балдырлармен су жануарлары

қоректенеді. Түрлерінің жалпы саны 6 мың шамасында болады. Бұлар

микроскопиялық, өте ұсақ, бір клеткалы, кейде колония түзетін организмдер. Диатомды

балдырлар барлық жерлерде кездеседі. Олар ащы жəне тұщы суларда, ылғалды

топырақтарда, жар тастарда, ағаштардың діңдерінің қабықтарында жəне т.б. жерлерде

өседі. Судың түбіндегі ұйық батпақтарда олар өте көп кездеседі. Диатомды

балдырлардың клеткасының пектинді қабықшасына, сырт жағынан кремнезем сіңеді де

қорғаныш қызмет атқаратын "сауыт" түзеді. Ол бір-біріне тығыз болып киілген екі

бөліктен: үстіңгі эпитекадан жəне астыңғы гипотекадан тұрады. Олардың тікесінен

қарағандағы жалпақ жақтарының шеттері аздап қайырылған, ал белдеу жағы жіңішке

сақина тəрізді болып келеді. Эпитеканың белдеуі гипотеканың белдеуіне қарай тығыз

болып жылжиды. Жақтауларында оларды тұтас тесіп өтетін тесіктері - поралары жəне

бос қуыстары болады. Клетканың ішінде протопластпен вакуольдері орналасады.

Ядросы біреу.Хроматофорасының түсі қоңыр, өйткені оның хлорофиллі қоңыр

пигменттермен - каротиноидтармен жəне диатоминмен жабылып көрінбей тұрады.

Вегетативтік көбеюі протопластың митотикалық жолмен бөлінуінің нəтижесінде жүзеге

асады. Осыдан кейін клеткалар бір-бірінен ажырайды да, əрбір протопласт жаңа




гипотеканы өздері түзеді. Бұл жағдайда аналық клеткадан қалған гипотека жас

клетканың эпитекасына айналады. Осындай бірінен соң бірі келетін бөліністердің

сериясынан кейін особьтар біртіндеп ұсақтанады. Осындай осбьтардың одан əрі

ұсақтануына жыныстық процесс шек қояды. Бұл жағдай особьтардың санының артуына

емес, олардың бұрынғы мөлшерінің (размерінің) қайтадан қалпына келуі мүмкіндік

береді. Жыныстық көбеюінің формасы алуан түрлі: ұсақтанған особьтар бір-бірімен

жақындасады да жақтауларын тастап, шырышты сұйықтың ішіне енеді. Осындағы

клетканың əрқасысы редукциялық жолмен бөлінеді, нəтижесінде олардан төрт

гаплоидті клетка - тетрада қосылады, ал қалған клеткалар жойылады. Зиготаны "өсу

спорасы" (аукоспора) деп атайды. Одан мөлшері қалыпты жағдағыдай жаңа особь

пайда болады. Диатомды балдырлардың өмірлік циклы диплоидты фазада өтеді.

Диатомды балдырлардың шіріген қалдықтарынан тау жыныстарының қалың қабаттары

- диатомит жəне трепел пайда болған. Оларды жарылғыш заттар жасау өндірісінде -

динамиттер жасауға, дыбысты жəне ыстықты изоляциялағанда, металлдардың бетін

тегістегенде, сүзгілер жасағанда қажетті материал ретінде пайдаланады.Диатомды

балдырлар бөлімі мынадай екі кластан тұрады: пеннатталылыр класы

(Реннаторһусеае), центрикалық диатомдылар класы (Сентгорһусеае). Бөлімінің негізгі

туысының бірі - пиннулярия. Ол пеннатылар класына жатады. Бұл судың түбіндегі

ұйықта көп мөлшерде кездесетін, клеткасының формасы сопақтау, эллипс тəрізді,

ұштары дөңгелектеніп келген, ал ортаңғы бөлігі жалпақтау болатын бір клеткалы

балдыр. Клетканы бойлай тігіс (щель) өтеді, оны екі ұшында жəне ортасында түйін деп

аталынатын, үш қалындаған төмпешік болады. Цитоплазмасы клетканың ішінде

қозғалысқа келе отырып, тігіс арқылы сумен түйіседі, нəтижесінде пиннулярия су

қабаттарында жылжып жүруге мүмкіндік алады. Пиннулярияның жақтауларында

көптеген көлденең жолақтар болады, олар клетканың сыртындағы кремнеземның

бірыңғай тегіс болып жиналмауының нəтижесінде түзілген. Клеткасында ядро, вакуоль

жəне екі пластинка тəрізді, қоңыр түсті хроматофорасы болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет