8 –апта №15 дәрістің тақырыбы


Терминдер мен анықтамалар



бет2/3
Дата26.10.2022
өлшемі23,87 Kb.
#154997
түріКонспект
1   2   3
Байланысты:
15,16 дәріс
студентам лабд емтихан анатомия, ПО 2022 қорытынды 2, ПО 2022 қорытынды, Safari - 8 сент. 2022 г., 19:48, БЖБ 3, ЖТБ билет жауаптары
Терминдер мен анықтамалар:. Тестостерон, эстрогендер, прогестерон

  1. Жыныс безі.

  2. Жыныстық жетілу, жыныстық тәрбие.

Дәрістің тірек конспектісі:
1.Жыныс бездері және жыныстық жетілу .Жыныс бездері қос секрециялы бездерге жатады.Сыртқы секрециялық без ретінде оларда жыныс клеткалары-әйелде аналық клетка жәре ерлерде аталық клеткалар –сперматозоидтар өніп дамиды.Ішкі секрециялық без ретінде ерлер мен әйелдердің жыныс гормондары түзіледі.Жыныс гормондары қан арқылы денеге тарап ,баланың өсуіне ,дамуына әсер етеді және жыныс мүшелерінің дамып жетілуін,жыныстық белгілердің пайда болуын қамтамасыз етеді. Жыныс гормондарының негізгі қызметтері –тұқым өрбіту болғандықтан жыныстық жетілу кезінде олардың мөлшері жоғары болады.Осыған байланысты мектеп жасына дейінгі мезгілді а с е к с у а л ь д ы немесе жыныстық нейтральдық мерзім,яғни инфантильдік (исп.Инфант –бала )шақ деп есептейді Негізінде ,8-10 жасқа дейін балаларда қосымша жыныс белгілері болмайды .Олардың өсуі мен дамуында жыныстық айырмашылық жоқ.
Ересек ер адамның жыныс безінің салмағы 20-30г,8-10 жасқа дейін 0,17-0,18г.Ересек әйелдің аналық безінің салмағы 5-8г,жаңа туған қыз балада 0,2г,5-жаста 1г,8-10жаста 1,5г.
Ерлердің жыныс бездерінде қосымша қуық түбі безі (простата) мен шәуһет көпіршіктерінің маңызы үлкен. Ересек азаматтың қуық түбі безі жыныстық жетілу мерзімі жақындағанда дами бастайды да ,шамамен 17 жаста толық жетіледі .Оның ұзындығы ер азаматта 2,5-4см, ені2,5-5см, қалыңдығы 1,7-2,3 см салмағы 17-28г шамасында өзгеріп отырады.
Аталық жыныс бездерінде аталық гормондар тобына жататын т е с т о т е р о н гормоны өнеді.Тестостеронның алмасуы негізінде а н д о с т е р о н және басқа жыныс гормондары түзіледі .Жалпы алғанда аталық гормондар а н д р о г е н д е р тобына жатады.Олар өзінің физиологиялық қызметін атқарғаннан кейін біразы ыдырап ,ал қалғаны бауырдың ішінде глюкурон және күкірт қышқылдарымен қосылып өт пен несептің құрамында организмнен сыртқа шығады.
Андрогендер тобындағы гормондар бауырда ,бүйректе және бұлшық еттерде белоктың түзілуіне әсер етеді,жоғары жүйке әрекетіне ықпалы зор,жоғары жүйке арқылы жыныс қылықтарының қалыптасуына және тежелудің тепе-теңдігіне әсер етеді.
Ә й е л д е р д і ң жыныс бездері жатырдың оң және сол жағында орналасқан .Әдетте ,оң жағындағы безден сол жағыындағы кішілеу келеді . Аналық без екі қабаттан тұрады :сыртқы қыртысты және ішкі милы қабат .Қыртысты қабатта аналық жыныс клеткалары өніп дамиды да, м илы қабатта гормондар түзіледі. Аналық бездердің мөлшері ,салмағы ,гистологиялық құрылысы әйелдер мен қыздардың жасына қарай әртүрлі.Қыртыс қабатында түрлі даму дәрежесіндегі Грааф фолликулдері мен басқа көаіршік клеткалар ,сары дене болады.
Графф фолликулері жасына қарай 40мыңнан 400мыңға дейін болғаны мен ,олардың небары 400-500дейі ғана толық жетіледі .Аналық бездер үш қызмет атқарады.Генеративтік (әйелдің жыныс клеткасы –жұмыртқаны өндіру ,фолликулдердің дамуы ,сары дененің пайда болуы),вегетативтік және гормондық қызметтер.
Аналық бездерде э с т р о г е н д е р мен п р о г е с т е р о н гормондары өндіріледі . Эстрогендер (грек. Э с т р у с –күшті құштарлық+ г е н е с -тудырушы) тобына эстрадиол ,эстрон,эстриол, гормондары жатады.Аналық безде аздаған мөлшерде ерлердің жыныс гормоны тестостерон да түзіледі.
Эстрогендер қынаптың эпителиін қатайтып,жатырдың еттеріне әсер етеді,жатыр түтікшелерін өсіріп,олардың қозғалысын қамтамасыз етеді, әйелдердің жыныс мүшелерін өсіріп,қосымша жыныс белгілерін тудырады, жыныс рефлекстерін қамтамасыз етеді, қыздардың бойын өсіреді ,клеткалық бөлінуді күшейтеді,орталық жүйке жүйесін қоздырады, зат алмасуына әсер етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет