8 наурыз аналар мерекесіне арналған шара



Дата07.02.2022
өлшемі20,5 Kb.
#88015
Байланысты:
2 5339429971460884071
2 5404868312226072454, 2 5404868312226072430

8 наурыз аналар мерекесіне арналған шара
Аяулы анашым

Балалар әсем әуенмен, әдемі безендірілген залға қолдарына гүл шоқтарын ұстап бірінің соңынан бірі кіреді.


Жүргізуші: Қымбатты балалар, аяулы аналар, ақ жаулықты әжелер, сіздерді көктем мерекесімен, 8-наурыз аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, осы кішкентай бүлдіршіндеріңіздің қызығына тоймай жүре берулеріңізге тілектеспін!

Бала, бала, бала деп,


Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан.
Бұл кім екен балалар?

Балалар: Ана, Ана, Ана.


Никита: Мен бәріне адалмын,


Маған жақын бар адам.
Барлығынан солардың,
Жақынырақ жан анам.

Анар: Анашымды сағынам,


Оған ешкім жетпейді.
Анасының жанынан,
Бөбегіде кетпейді.

Гүлжанат: Жүзімізге қараңыз,


Бал күлкілі баламыз.
Бізге қымбат күншуақ,
Бізге қымбат анамыз.

Жүргізуші:Аялаймыз ананы,


Құрметтейміз, бағамыз.
Сіздер үшін аналар,
Шырқап әнге саламыз.

Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді. Аяулы аналар, сіздерге деген балаларыңыздың жылы елбіздерін қабыл алыңыздар. Балалардың орындауында: «Ақ мамам» әні.

Ән: «Ақ мамам» (хормен)

Осы кезде есік қағылып, әсем әуен ырғағымен ару Көктем келеді.

Ару Көктем: Сәлем, сәлем, балақайлар,
Әзиз әже, назды аналар.
Қуаныңдар алақайлап,
Құстар әнін ала келдім.
Жерге кілем жаба келдім.
Жан бітіріп табиғатқа,
Гүлдерімді ала келдім.
Салеметсіңдер ме балалар! Мерекелеріңіз құтты болсын аяулы аналар!

Жүргізуші: Салеметсіз бе ару Көктем! Қош келдіңіз! Сіз отырып біздің балалардың сізге арнаған өлең, тілектерін қабыл алыңыз.

Малика: Көктем деген немене?!
Көктем деген көп жаңбыр.
Ән салып әуеде,
Қарлығаш ол бір тұрған.
Көктем деген ашылған,
Бұлақтардың көзі ғой.
Ақ тұманың басында,
Жаңа туған қозы ғой.

Эльнара: Көктем деген балалар!


Құлыншақ қой тулаған.
Еркелеген далаға,
Құрық салған тулаған.
Көктем деген қыстайғы,
Әкеміз ғой айтатын.
Көктем деген құстар ғой,
Туған жерге қайтатын.

Диляра: Көктемде көңілді.


Құстар кеп жатқанда, 
Құлпыртып өңірді.
Гүл ектік бақтарға,
Гүл ектік аулаға
Көктемде көңілді.
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден,
Анаға сыйлаймыз.

Жүргізуші: Балалар біз ару Көктемге арнап тілектер айтып бердік, енді балалар Көктемге арнап жаттаған әдемі әнімізді айтып берейік.

Ән: «Көктем»

Ару Көктем: Балалар сендер жаттауды да, әнді де жақсы айтады екенсіңдер, рахмет сендерге балалар! Балалар менімен ойын ойнағыларың келеді ме?


Балалар: Арине.

Ару Көктем: Балалар мен сендерге әсем гүл шоқтарын жинап алып келдім. Осы гүл шоқтарымен «Қай топ жылдам, әрі тапқыр» ойынын ойнаймыз.

Ойын: «Қай топ жылдам, әрі тапқыр?» (балалар жерде өсіп тұрған гүлдерді түстеріне қарай топтап жинап, жоғары көтеріп тұра қалулары керек)

Жүргізуші: Балалар сендер жақсы ойнадыңдар, енді орнымызға отырып биді тамашалаймыз. Біздің қызғалдақ қыздарымыз аналарына арнап би билеп береді.

Би: «Қазақша би»

Жүргізуші: Балалар бұл мереке біздің аяулы аналарымыз ғана емес, сонымен бірге ақ жаулықты әжелеріміздің де мерекесі екен. Қане балалар әжелерімізге арнап жаттаған тақпақтарымызды айтып берейікші.


Әсел: Әжемді мейрамымен құттықтаймын!


Айтатын ән, беретін гүлім дайын.
Әжетай сізді жақсы көремін деп,
Ақырын құлағына сыбырлаймын.

Санжар: Таусылмайды өлеңі,


Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа,
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені өйткені,
Өте жақсы көреді.

Жүргізуші: Жақсы балалар, енді аналарымызға, әжелерімізге, апайларымызға, ару қыздарымызға арнап біздің сымбатты ұлдарымыз билеп береді. Қабыл алыңыздар!

Би: «Гүл шоқтары» (ұл балалар билейді) 

Раббиль: Үн қатасың бал тілмен,


Еркелеймін әр күн мен.
Құттықтаймын анашым,
8- Наурызбен!

Толғанай: Жақсы көрем күлкіңді,


Айналайын ақ анам.
Менің анам сүйкімді,
Бәрінен де жақсы адам.

Айдос: Қысылып еш саспаңдар,


Сызылта ән бастаңдар.
Аналардың көңілін,
Бір көтеріп тастаңдар.

Жансая: Өмірге бізді келтіріп,


Жарық дүние сыйлаған.
Жамандыққа баласын,
Ешқашанда қимаған.
Көрмесін қайғы балалар,
Аман болсын аналар.

Ойын: «Шарды отырып жару» (ата-аналар екі топқа бөлініп тұрады, ойын басталғанда жүгіріп барып орындыққа отырып шарды жаруы тиіс)


Абылай: Жанымызды жайнатқан,
Сіздерсіз ғой аналар.
Зор денсаулық, мол бақыт,
Тілейміз біз балалар!

Інжумаржан: Аяулы анашым-ардағым,


Жанымда жүрші сен әрдайым.
Құлпырған гүлімдей жайнай бер,
Әнімді мен саған арнаймын.

Абылай: Мерекені қарсы алып,


Мәз болғанда барша жұрт.
Гүл ұсынып қыздарға,
Береміз біз аналарға ән салып.

Альмира: Мәпелейсің мені анам,


Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қысылмай.

Адайбек: Жыл басы-Наурыз мереке,


Ақ нұрға әсем боянды.
Аналар тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды.

Назым: Анамның әрбір сөзі-ой талабы,


Жүректің тереңінде сақталады.
Өсеміз елін сүйген ұландар боп,
Ардақты ана еңбегі ақталады.

Әділхан: Жердегі бар тағамнан,


Ана сүті нәрлі екен.
Бұл жалғанда анамнан, 
Сүйікті адам бар ма екен?!

Есбол: Ана – біздің күніміз,


Ана – біздің гүліміз.
Балаларды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.

Жүргізуші: Енді балалар өздеріміз қолдан жасаған сыйлықтарымызды аяулы аналарымызға, әжелерімізге, апаларымызға таратып берейік. 


Енді ұлдарымыздың қыздарға арнайы жасаған сыйлықтарын тарту етсін.(балалар сыйлықтарын таратады қыздарға)
Құрметті ата-аналар, ақ жаулықты әжелер, апайлар осымен біздің «Аяулы анашым» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Қош, сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет