8-сынып.Қазақ тілі. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері. І нұсқа


Жай сөйлемнің түрлеріне арналған тест . 8- сынып. ІІ нұсқа



бет6/6
Дата21.11.2023
өлшемі64,5 Kb.
#192602
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
zhaj-sojlem-turlerine-test-566a718ccdd76 2
дарындылық
Жай сөйлемнің түрлеріне арналған тест . 8- сынып. ІІ нұсқа.

1. Жай сөйлемді табыңыз


а) Қазір Еркебұлан сол ақ отаудың ішінде жалғыз отыр. в) Ұшақ төмен түскен сайын , бұлт қоюлана берді. с) Сен келгенше, мен пісіріп үлгеремін. д) Қолы қатты дейді, қорқып тұрмын. е) Қоңырау соғылып, сабақ басталды.
2. Жақты сөйлемді табыңыз
а) Сауын биені онда апарып байлауға болмайды. в) Әр нәрсені білмек керек. с)Енді қорықпаймын. д)Сондай бекер мінездің керегі не? е) Япыр-ай, Абайжан-ай!
3. Жай сөйлемдер ішіндегі жалаң сөйлемді табыңыз.
а) Студенттер институтқа келді. в) Менің ағам заводта жұмыс істейді. с) Олар көп оқиды. д) Балалар отыр. е)Ойпырым-ай, қалай тез орындап шықтыңдар?
4. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
а) Жиенді олай қумас болар. в) Алматы күн сайын көркеюде. с) Көп тыңда, аз сөйле. д) Ұялмас бетке талмас жақ береді. е) Алтын асылдығымен қымбат.
5. . Атаулы сөйлемді табыңыз.
а) Су жылы екен. в) Сізге сәлем деді. с) Түн. д) Мәдени-демалыс паркі. е) Сәлем жолдады.
6. Толымды сөйлем дегеніміз не?
а) Бастауышы бар, баяндауышпен қиыса байланысқан сөйлем. в) Бастауышы жоқ сөйлем. с) Ойға қатысты мүшелері толық айтылған сөйлем. д) Сөйлем ішінде ойға қатысты сөздің толық берілмеген сөйлем түрі. е) Тек бастауыш пен баяндауыштан құрылған сөйлем.
7. . Жайылма сөйлемді табыңыз
а) Асқар-инженер. в) Зор денелі адам үйге алдымен кірді. с) Алматы-астана. д) Мал өрістеді. е) Бала-болашақ.
8. Толымды сөйлемді табыңыз.
а) Күздің суық түні. в) -Жоқ. с) Шыққандарына үш сағаттан аса уақыт өтті. д) – Сен түс көрдің бе, жаным? е)-Жоқ.
9. Жалаң сөйлемді табыңыз
а) Талай сырды ақтардық. в) Мен елдің елшісімін. с) Рахмет күлді, қуанды. д) Біздің замандасымыз қандай екен?
е) Қазақтың осынысы ұнайды.
10. Қалау райлы етістік пен көмекші етістік арқылы жасалған жақсыз сөйлемді табыңыз.
а) Менің бұл жерге тұрақтауыма тура келді. в) Он минутта он жылға қартайған болуым керек. с) Менің көрсеткім келмейді. д) Кімнің келіп жатқанын тіпті біліп болмайды. е) Оның төбе шашы тік тұрды.
11. Берілген сөйлем жай сөйлемнің қай түріне жататынын белгілеңіз. Мені танимысың?
A) Жақсыз. B) Жақты. C) Жалаң. D) Атаулы. E) Толымды.
12.Қаратпа сөзге байланысты қойылып тұрған тыныс белгісін көрсетіңіз.
A) Үлгілі үйдің – ұл-қызы ұялтпайды. B) Алматы - Республиканың ең үлкен қаласы.
C) Ойпырай, мына күннің қағынуын-ай. D) Ісің өнімді болсын, Қуат. E) Әрине, бұл істе кім озары белгісіз
13. Жалаң сөйлемді табыңыз.
A) Сары жапырақ. B) Күн шықты. C) Сендер де оқуды бітірдіңдер. D) Талдықорған.
E) Ит өлген жер.
14. Іс-оқиғаны баяндамай, тек зат-құбылыстың, мезгіл, мекеннің атауын ғана білдіретін сөйлем түрін белгілеңіз.
A) Атаулы сөйлем. B) Толымды сөйлем. C) Жайылма сөйлем. D) Толымсыз сөйлем.
E) Жалаң сөйлем.
15. Қыстырма сөзді табыңыз.
A) Мә-ә-ә, онысы не? B) Күнім-ау, жұлдызың жанайын деп тұр-ау. C) Несін айтасың, біздің бақытымызға орай берілген жан ғой. D) Тоқтай тұр, бәлем! E) Оһ, дүние жалған-ай!
16. Қандай тыныс белгісі жетпей тұр, белгілеңіз. Отыз алтыға бөлінеді.
A) Нүктелі үтір. B) Қос нүкте. C) Сызықша. D) Үтір. E) Дефис.
17. Қаратпа сөзді анықтаңыз.
A) Бала, баланың ісі - шала. B) Бала, бала деп құрақ ұшады. C) Ескертуден қорытынды шығар, бала. D) Келіп кеткен - сол бала. E) Бала тілі - бал.
18. Қуанышты жасыруға болмайды. Сөйлем түрін анықтаңыз.
A) Атаулы. B) Жақты. C) Құрмалас. D) Толымды. E) Жақсыз.
19. Қаратпа сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
A) Мүмкін, Баймақан бабын тапқан болар. B) Меніңше, Щербаков кемшіліктерді тауып айтты. C) Шынын айту керек, өте оңай жеңдіңіз. D) Сапарың құтты болсын, қарағым!
E) Апырау, Сүгірәлі ғой мынау!
20.Толымсыз сөзді табыңыз.
а) Осындайда алыста жүрген досыңа зар боласың. в) Су жылы екен. с) Карпов сөйлеп отыр
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет