8семинар Тақырыбы: Қазақстандағы қайта құру реформалары



бет1/5
Дата11.05.2022
өлшемі15,27 Kb.
#142494
түріСеминар
  1   2   3   4   5
Байланысты:
8семинар
Орынқұл А Б 27012021, Орынқұл А Б 27012021, мк, мк, макпал тате, молдир жос1, 241619 (копия)

8семинар
Тақырыбы: Қазақстандағы қайта құру реформалары


1. Демократиялық жолмен қайта құрудағы талпыныстар: жариялық, демокрияны насихаттау, ұлттық шиеленістер
1980 жылдардың басында Кеңес Одағындағы дағдарыс пен тоқырау тереңдей берді. Әкімшіл-әміршіл басқару әдісі дағдарыстан алып шығуға дәрменсіздігін көрсетті. Халық шарушылығында жоспарлы экономика жүйесі тиімсіз екені айқын көрініс берді. Бұдан кеңестік қоғамның саяси-экономикалық жүйесіне түбегейлі реформалар жасау талабы туындады.1980 жылдардың ортасындағы шешуші оқиға – КОКП-ның басшылығына М.С.Горбачев бастаған, қалыптағыдан өзгеше ойлап, жаңаша әрекет ететін топтың келуі болды. Белгілі дәрежеде бұл жағдай сол уақыттағы партия өміріндегі ескі дәстүр мен жаңа көзқарастардың күресін көрсететін еді.1985 жылғы сәуірде КОКП ОК-нің бас хатшысына сайланған М.С.Горбачев бастапқыда қалыптасқан дағдарысты жағдайды экономикалық тұралау мен саяси тоқыраудың жалпы шеңберінде қарады. Ол өзінің «ұлықтау рәсімінде» сөйлеген сөзінде, — адам факторын жандандыруға, өсу қарқынын жеделдетуге, шаруашылық тетікті қайта құруға ... социализмге екінші тыныс ашуға» шақырды. Қоғамдық кұрылысты ырықтандыру жағдайында мұның өзі бейне бір таза шаруашылық мәселелерді шектен тыс саясаттандыруға әкеліп соқтырды. 1985 жылдың сәуірінде партия Орталық Комитетінің Пленумы өтіп, онда әлеуметтік-экономикалық өмірдің мәселелерін жаңаша қарауға әрекет жасалды. Кеңес Одағында 1985-1991 ж.ж. қайта құру кезеңі деп тарихқа енді және оның негізгі бағыттары:

1. Әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету.Бұл секірістіэкономиканың құлдырау қарқынын тоқтату және жеделдету бағытына басты күшті жұмылдыру есебінен жасау тұжырымдалды;


2. Қоғамды демократияландыру.Бүкілхалықтық басшылықты жүзеге асыратын төменгі баспалдақтан бастап жоғарғы сатысына дейінгі Кеңестердің қызметін қалпына келтіру;


3. Елде жариялылықты қамтамасыз ету.Келеңсіз құбылыстар айналасындағы халықтың ой-бүкпелерін, пікір-тұжырымдарын, ұсыныстарын іркілмей, ашық айтуына мүмкіндіктер беру.


Көтерілген мәселелер орынды, қажетті де заңды болды, бірақ оны іске асыруда сөз бен істің алшақтығы тап бұрынғыдай тағы белең алды.

Қайта құру жылдары 3 кезеңнен тұрады: 1-кезең - 1985 жылғы КОКП ОК-нің Сәуір Пленумы – 1987 жылдың жазы.


2-кезең - 1987 жылдың жазы – 1989 жылдың мамыры.
3-кезең - 1989 жылдың мамыры-1991 жылдың тамызы.

Қазақ жастарының желтоқсан қозғалысы КСРО-дағы ұлттық-демократиялық қозғалыстың алғашқысы болды. Желтоқсан қозғалысы Қазақстанды жаңа әлемдік кеңістікке алып шықты. Желтоқсан оқиғалары арқылы Қазақстанның енді ғана қаз тұрып келе жатқан жас демократиясы мол тәжірибе жинақтады, тарихи сабақ алды. Бұл оқиғалар өзінен кейінгі кезеңде республикада жаңа бағыттың – экономикалық реформалардың, әлеуметтік бетбұрыстардың соны қарқынмен өрістеуіне себепші болды. Қозғалыс Одақ көлемінде жалғасын тапты. Одақтың құлдырауына, ыдырауына әкелді. Республикалардың мемлекеттік егемендігін жариялануына мол мүмкіндіктер берді. Сөйтіп, Қазақстан желтоқсаны республика шеңберінен шығып, Еуразиялық сипат алды. Алматыдан кейін Тбилисиде, Бакуде, Вильнюсте және елдің басқа да қалаларында тоталитарлық жүйеге қарсы оқиғалар өрбіді.


1991 жылдың күзіне қарай алғашқылардың бірі болып – «Азат» азаматтық қозғалысынан шыққан Қазақстан Республикалық партиясы (ҚРП) құрылды. Қазақстан Социал-демократиялық партиясы (ҚСДП) да осы тұста бой көтерді. Жастардың шағын тобы бірігіп, өздерін «Алаш» партиясы деп атады. 1986 жылғы Алматыдағы толқуға қатысқаны үшін жазаланғандар «Желтоқсан» партиясын құрды.


1990 жылдың аяғына таман Қазақстандағы саясаттанған қоғам бірлестіктерінің саны жүзден асып кетті. 1991 жылдың маусымында «Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы заң» қабылданды. Республикада шын мәніндегі пікір алуандығы көрініс беретін, көппартиялық саяси құрылымның негізі қалана бастады. Қазақстанда қайта құру жылдарындағы түрлі қайшылықтарға қарамастан жариялылық пен демократияландыру идеялары қоғамды қарышты қарқынмен өзгерте бастады.


Қорыта келе, 1985 жылдан басталған қоғамдық-экономикалық өмірді қайта құру, горбачевтік социализмді «жаңарту» әрекеттері ешқандай оң нәтиже бермеді, КСРО-ны төніп келе жатқан терең дағдарыстан құтқара алмады және құтқара да алмайтын еді. Керісінше, кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе тоқырауға ұшырап, қоғамның барлық салаларын қамтыған дағдарыс одан әрі тереңдей түсті.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет