9-дәріс. Психологиялық-медициналық-педагогикалық сүйемелдеу



бет1/13
Дата22.12.2021
өлшемі79,28 Kb.
#127565
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
9-д ріс. Психологиялы -медициналы -педагогикалы с йемелдеу
12 практика ИОА, Есжан Бақдәулетт, seminar 2 ioa inf17tp, атомдық физика -лаб, 7 сынып кмж Карлыгаш, Мадениеттану эссе

9-дәріс. Психологиялық-медициналық-педагогикалық сүйемелдеу.

1. Инклюзивті білім беру жағдайындағы арнайы педагогтың құзыреттілігі

2. Ерекще қажеттілігі бар баланы жалпы білім беру жүйесінде оқытудағы мұғалімнің орны
Жалпы білім беру мекемелеріне біріктіріп оқыту үрдісін белсенді жүргізу үшін жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етілуі қажет: мұғалім-дефектолог, тәрбиешілер, психологтар, логопедтер, әлеуметтік педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер, емдік дене шынықтыру бойынша мамандар, еңбектерапевт, дәрігерлер (психоневролог, оториноларинголог, офтальмолог, кинезитерапевт). Психикалық және дене дамуында ауытқуы бар баламен жұмыс жасаудың маманы ретінде арнайы педагогқа педагогикалық қолдау көрсету жүйесінде негізгі рөл жүктеледі. Жалпы білім беру шартында арнайы педагог қызметінің негізгі міндеті:

а) жалпы білім беру мекемелеріндегі тәрбиеші, қосымша қызметкер, мұғалім, оқушылар жағынан мүмкіндігі шектеулі балаларға оңды көзқарас құру;

б) психикалық және дене дамуында ауытқуы бар баланың өзгешеліктерін түсінуге, оларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыруда мамандарға көмек көрсету;

в) жалпы білім беру жүйесіне кіріктірілген балаларды үй жағдайындағы педагогикалық мәселені тиімді шешуде ата-аналарға және қамқоршыларға кеңес беру;

г) біріктіріп оқытуға ерекше қажеттілігі бар балаларды психологиялық дайындығын қалыптастыру, оларға қажетті көмек көрсетуді анықтау, баланың дамуын модельдеу бағдарламасы мен оқытудың мониторниг нәтижесі, түзете-дамытушылық сабақтарын жүргізу және ұйымдастыру.

О.Газман педагогикалық қолдау көрсету – баланың психикалық және дене дамуына байланысты жеке проблеманы шешуде балаға қолма-қол көмек көрсетуге бағытталған мамандардың қызметі деген анықтама береді.

Жалпы білім беру шартында арнайы педагог қызметінің ерекшелігін сызба түрінде көрсетуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет