А. Абдуалы Е.Қ. Серікбаев Г. С. Өтепбергенова


 БАЙЗАҚ АУДАНЫ ЖӘНЕ ШУ ӨҢІРІНІҢ КИЕЛІ ОРЫНДАРЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата10.11.2019
өлшемі1,69 Mb.
#51501
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
history


2. БАЙЗАҚ АУДАНЫ ЖӘНЕ ШУ ӨҢІРІНІҢ КИЕЛІ ОРЫНДАРЫНЫҢ 
АҢЫЗДАРЫ 
 
1995  жылдың  20  желтоқсанында  Президент  Н.Ә.Назарбаевтың  №2696 
Жарлығымен Свердлов ауданының атауы Байзақ болып өзгертілді. Ал Свердлов 
ауданы  1938  жылдың  4  ақпанында  Оңтүстік  Қазақстан  облыстық  атқару 
комитетінің №89 Қаулысымен құрылған болатын.  
Аудандағы  жер-су  атаулары  да  небір  аңыздармен  байланыстырылады. 
Ертеректе,  Талас  өңірінің  қазіргідей  егіншілік  кәсібі  кеңірек  дами  қоймаған 
дәуірде, суға деген сұраныс аз болған. Өзен кемерінен асып, кез келген жерді 
кемерлеп, кеміріп жататын. Әcipece “Қызғалдақ тасу”, “Қарақұйрық тасу” дейтін 
Таластың  тасулары  малға  да,  жанға  да  өте  қауіпті  болатын.  Сондай  шақта  су 
деңгейі  күрт  көтеріліп,  секундына  мөлшері  100-150  текше  метрге  жететін. 
Мұнша көп тасқын судың дүлей күші өзен жағасын опыра кемерлеп, биік-биік 
жарқабақты әп-сәтте “жасай” салатын. Сол жарқабақтар сонау бip замандардан 
бepi  тасқын  судың  күшімен  біріне-бірі  ұласып,  Сарыкемердің  шығыс  жағын 
тұтас  бip  кемерге  айналдырып  алған,  яғни,  Сарыкемер  деген  атау  сол  сары 
топырақты кемерге байланысты делінеді.  
Шапаваловка  атауы  туралы  Түймекент  ауылының  тұрғыны  Валентина 
Игорьевна Шаповалова (осы ауылда алғаш қоныстанған Шапаваловтар әулетінің 
ұрпағы) айтып берген болатын. 
« - Жастайынан осы ауылда туып өстім. Туысқандырымының бәрі осында. 
Қазір алпыс алты жастамын.   
 
 
 
Сурет 11. Қазіргі Түймекент ауылының алғашқы қоныстанушылары - 
Шаповаловтар әулеті. 

28 
 
Ата-анамның  айтуы  бойынша  Воронеж  губерниясынан  осы    жерге  дейін 
өгізбен 3 ай жүріп, 1872 жылы атам үш бауырыммен, мал-мүлкін  (жылқылары, 
сиырлары, қойлары және үй құстарын) ала келген. Ол кезде бұл жер батпақты 
қамыс басқан жер екен. Осы төңірекке тоқтағанда қар жауған. Ешкімді білмейді, 
танымайды.  Осында  тұрақтап  тұруға  келген.  2-3  күн  өткен  соң  атты  адамдар 
келген.  Бәрі  бір-бірінен  қорыққан  қарақшылар  ма  деп,    кейін  бір-бірімен  тіл 
табысып, түсініскен. Сөйтіп оларға жайланып тұруға бір нәрсе тұрғызу керек қой 
деп, қазақтардың кеңесімен шым ойып, шымнан 30-40 метр үй салады. Қазақтар 
қайта  келіп  жыңғылмен  төбесін  жабуды  үйретеді.  Әрі  қарай  не  істейді, 
біздіңкілер  қамыс  дегенді  көрмеген.  Орақты  олар  білмейді,  шалғыны  біледі. 
Сөйтіп  ортақ  тілге  келіп,  бір-біріне  үйренеді.  Баспана  салып  болған  соң, 
қарапайым бастырма (сарай) салады. Содан қыс бойы бір-бірін көрмеген.  
Ерте көктемде қар еріген соң біздіңкілер кері қайтпақшы болды. Сол кезде 
көмек  беруге  жер  бөлімінен  адамдар  келеді.  Осы  көшеден  атама  жер  бөліп 
береді. Жұмыс жасайды. Қазақтармен достығымыз бүгінгі күнге дейін жалғасып 
жатыр. Қазақтың салт-дәстүрін, мейрамдарын білеміз. Қазақша түсінемін, өзім 
ғана  қазақша  білмеймін.  Басқалары  немерелерім,  келіндерім  бәрі  қазақша 
сөйлейді.  
1875  жылғы  мұрағат  бойынша  Шаповаловка  ауылында  45  үй  болған. 
Кейінірек  ауылға  қоныстанушылар  көбейді.  Мен  отырған  үйдің  орнында  сол 
Түймекент ауылының 1876 жылы ең бірінші салынған үйі болған». 
Байзақ ауданында тарихи орындармен қатар ел ішінде киелі деп танылып 
жүрген орындар және ол туралы аңыздар да аз емес. 
Байзақ батыр Мәмбетұлының кесенесі (1789-1864 жж.). 1789 жылы Тараз 
маңында  Абылайханның  көрнекті  серігі,  аты  аңызға  айналған  Мәмбет 
Құндасұлы  батырдың  отбасында  дүниеге  келген.  Жас  кезінен  бастап  ерекше 
ұйымдастырушылық  қабілеті  мен  ізгілікті  қасиеттерін  көрсете  отырып, 
руластары тарапынан ғана емес, берген қоқанд үкіметі тарапынан да құрметке ие 
болып,  қоқандықтар  оған  жеке  басының  артықшылығы  мен  салық  төлеуден 
босатуға  құқық  беретін  құрметті  «датқа»  атағын  береді.  Көшпелі  малшылар 
арасында  отырықшылық  пен  суармалы  егіншілікті  игеру  үдерістерін  жүзеге 
асыруды ұйымдастырушы ретінде де белгілі. 1845 жылы Байзақ датқа патша мен 
Қоқандтың  әскери-саяси  экспанцияларына  қарсы  халық-азаттық  қозғалысына 
қатысты және Кенесары Қасымұлы сұлтанның жақындарының қатарында болды. 
Оның  Шу  –  Талас  өзендері  арасындағы  азат  ету  қозғалыстарына  белсенді 
қатысуы Оңтүстік Қазақстанның халық ауыз шығармашылығында айқын көрініс 
тапты.  1847  жылдың  көктеміне  қарай  Шу  өзенінің  Кекілі-Сыңғыр  жеріндегі 
қырғыз манаптарымен шайқаста Байзақ, Кенесарының тұтқындалуына үш күн 
қалғанда, сұлтан Саржанұлы Ержанмен бірге тұтқынға түседі. Тұтқыннан кейін 
Әулиеата  маңындағы  өзінің  руластарына  қайтып  оралды.  1860  жылы  Байзақ 
датқа  Қоқанд  әскерлерімен  бірге  генерал  Г.А.  Колпаковскийдің  орыс 
әскерлерімен  болған  Ұзынағаш  ұрысына  қатысты,  содан  кейін  туған  жеріне 
оралып, қоқандтарға қызмет етті. 1864 жылы жазда қоқанд үкіметінің аймақтық 
көшпелі халыққа көрсеткен езгісіне шыдамаған ол, Әулиеата маңына орналасқан 

29 
 
орыс  әскерлеріне  баласы  Ақмолданы  қоқандтарға  қарсы  күресте  бірігу 
ұсынысымен  жібереді.  Қазақ  биінің  мұндай  әрекеті  туралы  білген  Қоқандтың 
билеушісі  Молда  Әлімқұл  Байзақты  ұстап  алып,  Ташкентке  алып  келуін 
бұйырды. 1864 жылы тамызда Әлімқұлдың жеке бұйрығымен 75 жастағы Байзақ 
датқа жазаның ауыр түрі: тірідей зеңбіректің аузына байлап, оқпен оның денесін 
пәршектеді. Халық арасында аты шыққан қарт әрі батырға жасаған ауыр жаза, 
Ұлы жүздің руларының қоқандықтарға қарсы шығуына әкеліп соқтырды, сондай-
ақ олардың көпшілігінің орыстар жағына өтуіне себепші болды. Әкесінің өлімі 
үшін қоқандтардан кек алуды көксеген Ақмолда 1000 жігітімен М.Г. Черняевтің 
отрядына  келіп  қосылды,  әрі  оларды  басқара  отырып,  орыс  әскерлерімен 
Шымкент  үшін  болған  күресіне  қатысты.  Оның  есімі  халық  әндерімен 
аңыздарында,  әр  түрлі  тарихи  жазба  деректерде  ғасырдан-ғасырға  жетуде.  Ол 
ирригациялық құрылыстар салумен де белгілі. Қазіргі Тараз қаласы маңында ол 
қазған 20-дан астам арналар орны сақталған. (Баһадүр Байзақ батыр. Жыланның 
басын шайнаған батыр  // Қарахан, №2 (9), 2015). 
Байзақ батырдың ержүректілігі, болаттай беріктілігі өз заманында-ақ аңызға 
айналған. Бір көңілді мәжілістің үстінде үзеңгелес замандастары ол кісіге қолқа 
салып,:  Ерлік  істеріңіз  жайлы  әңгіме  шерте  отырыңыз,  батыр,  -  депті.    Батыр 
неден бастарын білмей үнсіз отырып қалыпты.  

Пәлендей бір таңданарлық ерлігім жоқ сияқты, - депті әлден уақытта.  

Сізден  болмаса  ерлік  кімде  болады!  Әр  күніңіз  ұлы  жорық.  Айтыңыз, 
жасырмаңыз, - деп отырғандар кеу-кеулеп жалбарына түседі.  

Қап,  тіпті  қоймадыңдар  ғой.  Нені  айтсам  екен?  –  деп  батыр  ойға 
шомылыпты. Бір кезде әңгімесін жалғапты.  
Қоқанға қарсы алғаш жаппай көтірлген жылы көп күндер бойы бел шешпей 
жорықта жүрдік қой. Алыс сапардан күн-түн қайтып жортуылдап келдім де, бір 
сәт мызғып алайын деп отау үйдің төріне шалқамнан түсіп жата кеттім. Көзім 
енді  іліне  бергенде  бірдеңенің  ысылдағынан  естідім.  Көзімді  жайлап 
сығырайтып қарасам,  екі аяғымның басында қара шұбар жылан басын қақшитып 
шығып тұр екен., неде болса да байқайын,  - деп, ұйықтаған адамның кейпінде 
көзімді  сығырайтып,жата  бердім.  Жылан  жоғары  қарай  жылжыды.  Өрлеп 
кеудеме келді де, басын тағы қақшитып көтеріп алды, тілі инедей сумаңдайды. 
«Қайтер екен?» - деп аузымды ашып едім, бәтшағар басын сұғып жіргені ғой. 
Сол-сол екен, жыланның басын қарс-қарс шайнап түкіріп тастадым, - деген екен.  
Экспедиция  жұмысы  барысында  ардагер  теміржолшы  Әбдуәлі  Даневтің 
«Дербіс  болыс»  атты  материалы  алынды.  Бұл  материал  мәтіні  мына 
төмендегідей: «Әулиеата қаласының күншығыс бетінде «Әкім бауы» аталатын 
бақ болған. Ол әлі де бар. Сол мәуесі төгілген бақтың нақ ортасындағы «Дворян 
саябағы» аталып кеткен әсем жиһаздармен өрнектелген көрікті алаңқайда  қала 
мен  бүкіл  губернияның  мәртебелі  оязы  Фон  Кауфман  өзінің  жалғыз  қызының 
ұзату тойын өткізгені бізге тарихтан белгілі. Тойға өз әулетінен немістер, кілең 
сен тұр, мен атайын орыс зиялылары қатысқан болатын.  
Сыйлы  кісілер,  тізіліп  төрдегі  бастырманың  ығына  жайғасыпты.  Қатар-
қатар бабымен қойылған үстел үстіндегі дастарханда ішімдіктің түр-түрі, тағам, 

30 
 
жеміс-жидек самсып тұр. Айнала думан, у да шу. Оркестрдің әсем әуезі де жанға 
жайлы  естіледі.  Баудың  дәл  іргесімен  жәйімен  ағатын  Талас  өзені  де  еркелеп 
сылдыр қағады. Тойға шақырылғандардың ыстық ықыласы айрықша.  
Қуанышқа  жиналғандар  мәре-сәре.  Бөтен  жамағат  жоқтың  қасы.  Төрде 
немістер мен орыстар. Әлгілердің ортасында екі-үш қазақ болыстарының қарасы 
көрінеді.  Алдына  алжапқыш  байлаған  даяшы  татар  сұлуы  зыр  қағып  осы 
кісілерге қызмет көрсетуде.  
Фан  Кауфман  ояз  Жаңабай  руынан  болыс  Дербісті  әңгімелеспек  болып 
өзінің  қасына  шақырды.  Той  егесі  бірдеңе  десе  Дербіс  бас  шұлғиды.  Шолақ 
орысшасымен былдырлап жауап қатады. Күрделі мәселелерге келгенде онысын 
түсінбеген соң ояз даяшы татар қызы Мекадисаны шақырады. Бір емес, екі рет 
шақырды. Тілмәш етті.  
-Маша, иди сюда, переведи нас,-деп тағы дауыстады. Соңғы рет сыбырлап 
қана «пригласи киргиза танцевать. Киргиз пусть научится» деп қалды.  
Енді  асаба  бүкіл  бақты  басына  көтеріп:  «Вальс.  Амурские  волны»  деді. 
Елдің барлығы елең етіп ықыласымен қол соқты.  
Вальстің  сазды  әуезі  өрбіп  шарықтай  жөнелді.  Жұрт  үдере  түрегелді. 
Ояздың өзі де әйелімен базданып биге шықты. Бұл жолы да екі қазақ түбіртек 
томардай орнынан қозғалған жоқ. Тек сезімтал Дербістің ақсары жүзіне көлеңке 
түсті.  Тұрып  кетудің  де  жөнін  таппай  қозғалақтайды.  Мойыны  салбыратып 
таққан  болыстың  алақандай  жез  медальдің  салмағын  ауырсынғандай  сыңай 
танытты. Әлгідегі оязбен отырысы, көтеріңкі көңіл-күйі су сепкендей басылған.  
Татар  қызы  Мекадиса  өз  қызметін  мінсіз  атқарып,  бір  қатардан  екінші 
қатарға жеңіл жүгіреді. Мыналарға жақындаса орысша емес, қазақша тіл қатады. 
«Жеп  ишиңиз,  жеп  ишиңиз»  деп  жылы  лебіз  білдіріп  өтеді.  Киім  киісі  түгілі 
отырысының  өзі  өзгеше  мына  екеуіне  қазақы  ықылас  білдіруде.  Ары-бері 
өткенде  де  күлімсіреп  бұрылады.  Рас  ол  бұлардың  даңқын  естіген,  ал  өздерін 
көруі осы.  
Ел түгел биде, төрде омырауында болыстың жездерін жарқыратып екеуі-ақ 
отыр. Әлі тұрып кетер емес.  
Кілең  неміс,  орыстар  би  билеп  өздерінше  мәз,  мыналарға  күле  қарайтын 
секілді. «Нелері кем? Неге бұлар состиып жеке қалды?»  деген Мекадисаға ой 
келді.  Әлгіндегі  той  егесінің  сыбырлағанын  еске  алды.  Ұлағатты  жандар  неге 
төменшіктеуі тиіс.  
Татар  қызы  алжапқышын  шеше  сала,  әріптестеріне  ұстатты  да  Дербістің 
алдына келді.   
Сизди биге шақырамын,-деп рәсіммен тізе бүгіп, тағзым етті. 
Шырағым би билеген адам емеспін.  
Шоқынғандардан қаламыз ба?-деді қыз.  
«Шоқынды».  Осы  сөзден  Дербістің  ақсары  шекесіне    лып  етіп  суық  тер 
шықты. Көздері от шашты. Әдемілеп күзеген бурыл сақалын сол қолымен ары-
бері сипап өтті. Бойжеткеннің өткірлігіне таң қалды. «Бұлармен тіл табысуымыз 
жөн-ақ.  Өздерімен  тең  түсуге  ұмтылмасақ  құл  боламыз».  Сұлудың  биге 
шақырған ыстық  ықыласы,  еңкейіп,  иіліп  ишара  жасауы  ұнаған.  Бұл  Дербіске 

31 
 
ерекше  көрінді.  Дербіс  қабыл  алып орнынан  тұрып,  Мекадисаның белін  орап, 
ебедейсіздеу ұстады.  
Бойжеткен  өзінен  аласалау  екен,  әрі  жіңішке,  ал  бұл  өмірдің  тауқыметін 
бастан кешкен ет жеңді ер азамат. Бір емес екі әйелі бар. Балалы-шағалы. Немере 
сүйген ата. Елге де сыйлы. Тек осы вальсті ғана түсінбейді.  
Саябақтың  айналасы  әдемі  әуезге  бөленді.  Билеп  жүргендер  неміс,  орыс 
қауымының сылқым серілері.  Кілең мәдениетті жандар. Бұл іштей толқуда.  
Мекадиса  еркектің  толқуын  оның  аяқ  алысынан  сезді.  Ебедейсіз  арбиған 
қолдары  жауырынына  тақалды.  Аяқтары  тағасыз  аттай  кібіртіктейді.  Икемсіз 
жүріс.  Аяғын  басып  та  кетеді,  жаншып  та  қалады.  Қарынды,  еңгезердей  кісі 
сұлуды игеріп жүре алмады. Енді бойжеткен өзі икемдеді.  
Дербіс ырыққа көнді. Жуан белден айқара құшақтаған қыз музыка ырғағына 
бейімдеп қимылдайды.  
«Амур толқындары» вальстің падишасы ғой, әлі толастар емес. Бақ ішіндегі 
алма,  өріктер  сабағынан  үзіліп  жатқандай.  Тіпті  сазды  әуен  жұп-жұп  болып 
жүргендердің делебесін қоздырғандай.  
Дербіс бойжеткен ырқымен қимылдап, әжептеуір икемделгендей болды. Ал 
көпшілік вальстің әуезіне икемді, күзгі бидай алқабындай жапырылып толқиды. 
Ортада оқшау жүрген әлгі екеу ғана. 
Өмірі мұндай күй кешпеген болыс жасарғандай боп көңілі өсті. «Неліктен 
осы бала мінезденіп барамын. Сап-сап көңілім» деді өзіне өзі. Сірә іштегі толқуы 
асып төгілердей. Кенеттен жыр жолдары тіл ұшына оралды.  
Көркіңе көзім тойды
Қозғадың талай ойды. 
Әттең дүние 20 жыл бұрын көрсем, 
Ханзадасы болар ең осы тойдың!  
Өзі  бойжеткеннің  құшағында  оның  ыстық  лебін  сезді.  Жас  жүректің 
соғысын  естігендей.  Бойда  шабыт  қозып,  ептеп  Мекадисаны  қысып-қысып 
қалды.  Шүйкедей  қыздың  сүйрелеуіне  көніп,  өзін  көтеріп-ақ  әкетпеймін  бе, 
деген ойға да келді. Жаңағы өлең жолдарының жалғасы ойға ілікті: 
Бойың бар тал шыбықтай, 
Биің бар қозы-лақтай
Жауқазындай өзіңе қолқа салсам, 
Келер ме ең алам десем өмірлікке.  
Бойжеткен Дербістің ойын сезсе де мән берген жоқ. Басқа билеушелерден 
қалыспауға  тырысып  жорға  жүріске салды...  Нәтижесінде,  Дербіс болыс  татар 
қызына үйленді.  
Дербіс болыстың еңбегі ұшан теңіз. Көшпелі қазақтар үшін Қостөбе ауылы 
түстігінде  су  диірмен  орнатқан.  Ел  онда  астығын  тартып,  ұнын  дайындаған. 
Бүгінде ауылдың бір қысқа көшесі Дербіс атында.  
Қазағым  деп  ішкен  асын  жерге  қойған  асыл  азамат  өткен  ғасырдың 
жиырмасыншы жылдарының соңында кәмпескеге ілікті, сонан соң жаңа өкімет 
соттады.  Сүйегі  қайда  қалғаны  белгісіз.  Өмірінің  соңы  бәтуәсіз  болып, 
шырғалаңға ілікті. Бірақ есімін елі ұмытқан жоқ»,- естелік әңгіме аяқталады.   

32 
 
Қоңырбайтөбе  қаласы  (VI-XIII  ғғ.).  Жетібай  ауылы,  Қаратөрткүлтөбе 
қаласынан солтүстікке қарай 3,5 шақырым.  
Таластың  жоғарғы  ағысы  бойындағы  төбе.  Қоңырбай  төбенің  басында 
Әулие  ата  Караханның  туысқандары  жерленген  делінеді.  Олардың  бәрі  де 
тірісінде  Әулие  ата  Қараханның  жолын  ұстанған.  Сондықган  бұл  төбені  ел 
әулиелі  төбе  деп  есептеген.  Бұдан  жүздеген  жылдар  бұрын  Талас  бойының 
белгілі  кісілерінің  бірі  Хан-Құлан  Төре  қайтыс болып, ел-жұрты оның  басына 
күмбез  тұрғызады.  Сонда  ұсталар  Қоңырбай  төбедегі  қорымның  кірпіштерін 
алып, Хан-Құлан-Төренің күмбезін тұрғызуға жұмсамақшы болады. Қоңырбай 
төбенің қорымындағы кірпіштерді алып жатқан ұста кенеттен шұқырға кұлап, 
мерт  болады.  Содан  былай  ел  Қоңырбай  төбенің  басына  келіп  түнеп,  шырақ 
жағып, әулиелерден тілек тілейтін болыпты. 
Шөлтөбе  бекінісі  (IX-XI  ғғ.).  Жетібай  ауылынан  оңтүстікке  қарай  0,5 
шақырым.  Аққия  ауылының  тұрғыны  Өмірәлиев  Темірхан  Өмірәліұлының 
айтуынша:  «Шөлтөбеде  бала  кезімізде  мал  бағып  таң  азанмен  келгенде  су 
шығатын  тесіктің  айналасында  моншақтар  шашылып  жататын,  және    әр  күн 
сайын осындай жағдай орын алатын. Кейінгі жылдары бұл тесіктен су шықпай 
қалды.  Су  тоқтаған  соң  ішіне  тас  тастасаң  дауысы  ұзақ  естіліп  тұратын,  бұл 
тесіктің тереңдігін білдірсе керек. Тесіктің үлкендігі ат тұяғы сиятындай еді». 
Жауыннан кейін небір моншақтар шығатын. Бала күнімізде алақандай тас тауып 
алғанбыз.  Тастың  бір  жағында  арабша  жазылған  жазуы  бар  еді.    Мұғаліміміз 
Еген деген ағайға бердік. Кейін сұрастырғанымда музейге өткіздім деді.  
 
 
 
Сурет 12. Шөлтөбе бекінісі. 
 
Колхоз кезінде қызылшаға тыңайтқыш етіп төгеміз деген желеумен төбенің 
топырағын  қазып  алып  бастаған  кезде  экскаваторлар  сынып,  тасыйтын  ауыр 
машиналар  алысқа  бармай  бұзылып,  көлік  жүргізушілері  топырақты  тасымай 
қойғанын көргенбіз, - деді Темірхан қария.  

33 
 
Бұл  сөді  растай  отыра  Аққия  ауылының  тұрғыны,  зейнеткер  ұстаз  Тұрар 
Сыдықұлы,  Шөлтөбенің  топырағының  құрамының  өзінде  ерекше  бір  сыр  бар 
екенін, кезінде осы топырақты күйдіру арқылы оқ жасағанын айтады. 
Ортағасырлық Түймекент қаласы.  Бірінші аңыз.  Талас өзенінің бойында 
біздің заманымызға дейін болған қала құландысы, Тараздан солтүстік шығысқа 
қарай 45 шақырым қашықтықта. Қалада ханның қызы Түйме салтанат құрған. 
Қаланың  сырты  қамалмен  қоршалып,  бекітілген.  Оның  сырты  терең  ормен 
қоршалып,  ор  сумен  толтырылған.  Қамал-қаланың  қабырғалары  кірпіштен 
тұрғызылған,  іргесі  таспен  өрілген.  Түйме  қыздың  қаласының  қорғаныс 
мұнараларымен  жалғасқан  әр  қабырғасы  жеті  соғыс  мұнарасы  арқылы 
бекітілген. Түйме сұлуға көзі түскен жаудың батыры қыз әкесіне құдалыққа елші 
жібереді.  Қыз  әкесі  бұған  келіспейді.  Қыз  да  көнбейді.  Жау  Түйме  қыздың 
қаласын құлатады, бірақ мақсатына жетпейді. Түйме қыз қаласымен бірге мерт 
болады. 
Екінші аңыз. Түймекент ауылының тұрғыны Мамырбаев Серік Түймекент 
атауы  туралы  былай  дейді:  Түймекент  қаласы  кезінде  ерте  кезде  үлкен  қала 
болған  деседі.  Осы  жерде  түйме  сататын  базар  болған.  Келген  адамдар  қона 
жатады  екен.  Ол  уақытта  жалтырауық  түймелер  көздің  жауын  алған. 
Шапандарын  тиекпен  бекітеді  екен.  Бұл  жерді  таусылмайтын  керемет 
түймебазар  деп  аталған  деседі.  Түйменің  таусылмайтын  жері  түйме  қала, 
түйменің кенті дегенен шыққан.   
Ал  енді  белгілі  ғалым  Жанғара  Дәдебаев  өзінің  «Талас  аңыздары»  атты 
еңбегінде  Түймекент  қалашығы  туралы  бірнеше  аңызды  көрсетеді.  Аталған 
еңбекте осы аңыздарды ғалым «Ақыртас» деген атаумен көрсетеді.   
1.  АҚЫРТАС.  Әкелі-балалы  екі  батыр  тастан  сарай  тұрғызып  жатады. 
Баласы  таудан  тас  тасып,  әкесі  оны  қалап  тұрыпты.  Әкесі  баласынан  жұмыс 
үстінде жан-жағына қарап алаңдамауды талап етеді. Бірде баланың көзі күндей 
жарқыраған хан қызы Түйме сұлуға түседі. Содан соң-ақ ол бар жұмысын тастап, 
Түйме сұлудың соңынан еріп кете береді. 
Түйме  сұлу  қасына  ерген  алты  қызымен  қашады.  Соңдарынан  қалмаған 
жігітті жетеуі жеті кесекпен атқылайды. Жеті қыздың лақтырған кесегі түскен 
жерден жеті төбе пайда болады. Бірақ қуғыншы батырдың бетін бұл төбелер де 
қайтара алмайды. Әбден шаршап-шалдыққан Түйме сұлу Талас өзенінің оңтүстік 
шығыс  жағалауындағы  бір  биіктің  баурайында  жығылып,  жан  тапсырады. 
Қыздың әкесі сол жерден қорған тұрғызады. Қорған кейін Түймекент деп аталып 
кетеді. 
2. АҚЫРТАС. Ақыртас қорғанын Манас батыр мен оның баласы Семетей 
(Симей)  тұрғызады.  Баласы  таудың  басынан  тас  лақтырып  тұрады,  әкесі  ол 
тастарды  қағып  алып,  қашап,  қалай  береді.  Қамалды  тұрғызып,  Манас  пен 
баласы  сол  жерде  тұрақтап  қалады.  Әкесі  өлген  соң,  бала  Ақыртасты  тастап, 
Манас  мазарға  кетеді.  Сол  жерде  көшпенділер  оны  өлтіреді.  Батырдың  аяқ 
сүйектерінен жұрт Талас өзенінің үстінен көпір салады. 
3.  АҚЫРТАС.  Түймекент  деп  аталатын  жерде  баяғы  заманда  Көкшехан 
деген бір хан тұрған екен. Оның Түйме сұлу деген қызы болыпты. Көкшеханның 
қоластында Алаңғасар алып деген қызметші бар екен, сол Түйме сұлуға ғашық 
болып  қалады.  Алаңғасар  алып  Көкшеханнан  Түйме  сұлуды  өзіне  әйелдікке 
беруді  сұрайды.  Көкшехан  оған  қызын  беруге  келіседі.  Алаңғасар  алып 
Көкшеханға  бірнеше  жыл  адал  қызмет  етеді,  бірақ  хан  қызын  беретінге 

34 
 
ұқсамайды.  Өзінің  алданғанын  білген  Алаңғасар  алып  баласы  Арыстан  екеуі 
Таластың  басындағы  Қызыл  қайнар  деген  жерге  келіп,  тастан  қамал  тұрғыза 
бастайды. Әкелі-балалы екеуі тастан қамал тұрғызып Талас өзенін басқа арнаға 
салып,  Көкшеханның  елін  сусыз  қалдыруға  бекінеді.  Алаңғасар  алып 
Көкшеханды  өзіне  осылайша  кіріптар  етіп,  Түйме  сұлуды  алмақшы  болады. 
Баласын тауға шығарып, өзіне тас лақтырып тұруға жұмсайды, жұмыс үстінде 
оған жан-жағына, әсіресе Талас өзеніне қарамауды қатты тапсырады.  
Арыстан  алып  таудың  басына  шығып,  төмендегі  әкесіне  тас  лақтыра 
бастайды. Алаңғасар алып баласы тау басынан лақтырған тастарды қағып алып, 
қамал  қабырғасын  қалай  береді.  Қамал  құрылысы  бітуге  жақын  қалғанда, 
Алаңғасар алып Көкшеханға қамалды тұрғызып бітуге жақын қалғанын, аздан 
соң  Таласты  бөгеп,  оны  басқа  арнамен  ағызатынын  айтып  хабар  береді.  Бұл 
хабардың шын өтірігіне көз жеткізгісі келген Түйме сұлу кер маралдай керіліп 
далаға  шығады.  Осы  сәтте  тау  басынан  әкесіне  тас  лақтырып  тұрған  Арыстан 
алыптың көзі Талас жағасына келіп тұрған Түйме сұлуға түседі. Түйме сұлудың 
сұлулығын көріп, Арыстан алыптың жүрегіне ғашықтық оты түсіп, буын-буыны 
босайды, лақтырған тастары әкесіне жетпей, орта жолда қалып жатады. Бұған 
ашуланған  Алаңғасар  алып  баласына  айқайлап,  оған  не  болғанын  сұрайды. 
Баласы  әкесіне  Талас  жағасынан  бір  сұлу  қызды  көріп,  оның  сұлулығына  таң 
болғанын, сөйтіп, тасты бұрынғыша лақтыра алмай қалғанын айтады. Алаңғасар 
алып  өзінің  айтқан  сөзіне  баласының  құлақ  қоймағанына,  айтқанын 
орындамағанына қатты ашуланып, оны жазаламақшы болады. Баласы әкесінің 
қатты ашуланғанын көріп, одан қашады. 
Арыстан алып туғаннан қыңыр мінезді екен. Түйме сұлуға ғашықтығынан 
дертті болып, күннен күнге әлсірей береді. Жүргенде теңселіп, шайқалып, әзер 
қозғалатын  күйге  түседі.  Бір  күні  ол  қала  мен  өзеннің  аралығында  теңселіп 
тұрады.  Арыстан  алып  қалаға  қарай  құласа,  онда  оның  сүйегі  бірнеше  үйді 
қиратып  кететінін  көрген  қала  тұрғындары  өзара  кеңеседі.  Алыптың 
қыңырлығын білетін қала тұрғындары өзара: «Арыстан алып өзенге құламайды, 
қалаға  құлайды»,-деседі  алыпқа  естіріп.  Мұны  естіген  алып:  «сендердің 
дегендерің болмайды, менің дегенім болады»,-деп, қалаға емес, өзенге құлайды. 
Алыптың сүйегі өзен үстіне көпір болып қалады. 
4. АҚЫРТАС. Адам атаның Анық атты бір қызы болған екен. Сол қыздан 
Әжі алып туыпты.Әжінің бойы өте биік болса керек. Дүниені топан су басқанда, 
Нұх  пайғамбардың  кемесін  осы  Әжі  алып  сүйреген  көрінеді.  Сонда  топан  су 
оның тізесінен де аспапты, ол аспандағы ақша бұлт оның беліне оралып жүріпті. 
Әжі  алыптың  тұсында  Талас  өзені  бойындағы  Түймекент  деген  қалада 
Көгершін  атты  хан  тұрыпты.  Ханның  Түйме  атты  бір  теңдессіз  сұлу  қызы 
болыпты.  Қызды  көрген  таң  болып,  естен  танып  құлай  береді  екен.  Қыздың 
сұлулығы туралы естіген Әжі алып Көгершін ханға құда жіберіп Түйме сұлуды 
әйелдікке  сұрайды.  Қызына  құда  түсе  келген  Әжінің  адамдарына  хан  құрмет 
көрсетіп, қызын беретінін, бірақ ол үшін Әжі алыптан қалың мал алмай, тастан 
қамал салып беруді, Талас өзенін сол қамалдың ортасынан ағызуды сұрайтынын 
айтады. Әжі алып Көгершін ханның шартын қабыл алып, тастан қамал тұрғызуға 
кірісіп кетеді. Күндердің күнінде Әжі алыптың көзі Талас өзенін жағалап, қамал 
тұрғызылып жатқан тұстан өтіп бара жатқан Түйме сұлудың салтанатына түседі. 
Қыздың сұлулығына табынып, есі кеткен Әжі алып жұмыс істеуден қалады, өне 
бойын діріл билеп, қуаты қашып, естен танып құлап қалады. Есін жиған алып 

35 
 
болған іске қатты өкінеді. Түйме сұлуды жар етіп алмақ түгіл, оның бетіне бір 
қарауға күші жетпегеніне ұялып, басқа жерге қашып кетеді. Тас қамал құрылысы 
аяқталмай қалады. 
5. АҚЫРТАС. Ерте заманда Ақыртас қаласының тұрғындарының бастарына 
зор қауіп төнеді. Елге жау шауып, халық қатты қиналыпты. Есірген жау елдің 
сұлу қыздарын – күң, бозұландарын құл етуге бет алыпты. Сонда Ақыртастың 
үлкен-кішісі  түгел  жиылып,  құдайға  құлшылық  етіп:  «Е,  жаратқан,  мына 
кәпірлерге пенде еткенше, бізді өзің ал, жаудың оғы өтпейтін, қылышы кеспейтін 
тасқа айналдыр!»-деп жалбарыныпты. Құдай халықтың тілегін қабыл етіпті. Үй, 
мал-мүлік, дүние, жүрген-тұрған барша жан тасқа айналыпты. 
6. ТҮЙМЕКЕНТ. Талас өзенінің бойында біздің заманымызға дейін болған 
қала құландысы, Тараздан солтүстік шығысқа қарай 45 шақырым қашықтықта. 
Қалада  ханның  қызы  Түйме  салтанат  құрған.  Қаланың  сырты  қамалмен 
қоршалып,  бекітілген.  Оның  сырты  терең  ормен  қоршалып,  ор  сумен 
толтырылған. Қамал-қаланың қабырғалары кірпіштен тұрғызылған, іргесі таспен 
өрілген.  Түйме  қыздың  қаласының  қорғаныс  мұнараларымен  жалғасқан  әр 
қабырғасы  жеті  соғыс  мұнарасы  арқылы  бекітілген.  Түйме  сұлуға  көзі  түскен 
жаудың  батыры  қыз  әкесіне  құдалыққа  елші  жібереді.  Қыз  әкесі  бұған 
келіспейді.  Қыз  да  көнбейді.  Жау  Түйме  қыздың  қаласын  құлатады,  бірақ 
мақсатына жетпейді. Түйме қыз қаласымен бірге мерт болады. 
 
 
 
Сурет 13. Түймекент қалашығы 
 
Қызылқайнартөбе қонысы (I-IV ғғ). Жібек жолы ауылының оңтүстік-батыс 
шеті, Қызыл Қайнар тау сайының оң жағалауы. Жобасында крест түрінде болып 
келген,  ол  төрт  жапырақша  тәрізді.  «Жапыракшалардың»  соңғы  нүктесінен 
есептегендегі ара қашыктық – 18 м-ге жуық. Құрылыстың ортасында параллелді 
екі дәліз іспетті бөлме бар. Олардың да жаппасы иіліп қаланған. Батыс жақтағы 

36 
 
бөлмеде 3 м тереңдіктен бір адам жерленген қабір тазаланды. Мүрде құрылыс 
тасталынып  кеткеннен  кейін  қойылған.  Адам  басымен  солтүстік-шығысқа 
қаратылып,  арқасымен  жатқызылып  созылған  кейіпте  жерленген.  Антрополог 
О.И.  Исмағұловтың  анықтауы  бойынша,  қаңқа  –  араласқан  нәсіл  типтес 
(монғолоидтық қоспасы бар еуропоид) 50-55 жастағы ер адам. Қабірден семсер 
сабының сүйектен жасалған қаптамасы табылды. Жерленген адамның мойнында 
өрілген  алтын  алқа  бар.  Жамбас  сүйектің  маңайынан  темір  тілі  бар  қоладан 
жасалған  белдік  басы  табылды.  Белдіктің  өзі  банттар  түріндегі  жұқа  қола 
пластиналармен безендірілген. Сондай-ақ бір жүзді темір қанжар, 8 темір жебе 
ұшы табылды. Жебе ұштары – үш қанатты, біз құйрықты, ұзындығы – 6,5-7 см. 
Белдіктен  төмен,  оң  аяғының  сүйектеріне  параллел  темір  семсер  бар.  Сабын 
есептемегендегі ұзындығы – 74 см. Санының деңгейінен күрделі садақтың сүйек 
қаптамалары  аршылып  алынды.  Басынан бидай  дәніне ұқсас  жапсырмалармен 
әшекейленген  диск  түріндегі  алтын  табылды.  Қабір  4-5  ғғ.  мерзімделінеді. 
Құрылыстыңөзі  шамасы  храм  болуы  мүмкін,  1-4  ғғ.  мерзімделінеді.  Осыған 
ұқсас  құрылыстар  Орта  Азиядан,  атап  айтсақ:  Бұқара  оазисінің  солтүстік-
батысында және Ферғанада қазылды. Зерттеушілердің пікірінше, олар еске алу 
культі  ескерткіштеріне  және  онымен  байланысы  бар  от  пен  күн  культіне 
біріктірілген  ескерткіш.  Қызылқайнартөбе  қонысынан  табылған  заттар  ҚР  FA 
Ә.Х. Марғұлан атындағы АИ-ның мұражайында сақтаулы. 
Кіші Бурыл мұнарасы, 9 – 12 ғғ. Құмжота ауылынан 1,5 км батыста, Кіші 
Бурыл тауының ең биік жерінде орналасқан.  
Бурыл аңызы. Қобыланды батырдың екі тұлпары болыпты. Оның бірі Кіші 
Бурыл  тауының  басында,  екіншісі  Үлкен  Бурыл  тауының  басында  бапталған 
екен. Екі таудың да Бурыл аталуы осыған байланысты. Ілгеріде бұл таулар Кіші 
Бурылдың тауы және  Үлкен Бурылдың тауы деп аталатын болған. Кейін олар 
Кіші  Бурыл  тауы  және  Үлкен  Бурыл  тауы  деп  аталып  кеткен.  Тау  басында 
батырдың  тұлпарының  жем  жеген  тас  ақырларының  қалдықтары  бар.  Тау 
тасында батырдың тұлпарының тұяқтарының іздері де сақталған. 
Үлкен  Бурыл,  Кіші  Бурыл  аңызы.  Есім  хан  қалмақтарға  қарсы  соғысып, 
оларды  жеңеді.  Қайтар  жолында  қырғыз  еліне  соғады.  Көкім  би  бастаған 
қырғыздар  Есім  ханға  үлкен  құрмет  көрсетеді.  Қырғыздардың  сыйын  көріп 
көңілі  толып  жатқан  Есім  хан  елін  Ташкентте  хан  болып  тұрған  бауыры 
Тұрсынхан  шауып  алды  деген  хабарды  естиді.  Елін  жау  алғаны  туралы  хабар 
жетісімен, Есім хан жолға шығады. Қырғыздар Есім ханға үш жорық тұлпарын 
сыйға тартады, қасына қол қосып береді. Сыйға тартылған үш тұлпардың бірі 
торы айғыр, қалған екеуі бурыл екен. Бурылдардың бірі үлкен екен де, бірі кіші 
болыпты. Суыт жолға шыққан Есім хан әскерінің жорық жүрісін місе тұтпай, өзі 
үш  тұлпармен  алға  озып,  күні-түні  шабады.  Есім  ханның  шабысына  шыдай 
алмаған Торы айғыр қырғыз елінен шыға бере зорығып құлайды. Ол жер кейін 
Торы  айғыр  деп  аталады.  Әулие-атадан  өте  бергенде,  қалған  екі  бурыл  да 
шалдығады,  екі  тұлпар  екі  таудың  бауырында  қалады.  Үлкен  бурыл  тұлпар 
құлаған тау Үлкен Бурыл тауы деп, ал кіші бурыл тұлпар қалған тау Кіші Бурыл 
тауы деп аталып кетеді. (Ж. Дәдебаев. Талас аңыздары. -Алматы, 2000). 

37 
 
Шу  ауданы  аңыздары.  Жамбыл  облысының  оңтүстік-шығысында 
орналасқан  Шу  ауданы  1931  жылы  құрылған.  Мойынқұм,  Қордай,  Меркі, 
Жамбыл аудандарымен және Қырғызстан Республикасымен шекараласады. 
Ғылыми деректерге сүйенсек, біздің жыл санауымыздан бұрын Шу өңірінде 
Сақ аталған елдің бір бұтағы өмір сүрген. Бесінші ғасырдың орта тұсында Шу 
өңірі  Түрік  қағанатының  құрамына  кіреді.  Осы  кезде  Ұлы  Жібек  жолының 
бойында  орналасқан  Шу  өңірінде  де  қалалық  мәдениет  бой  көтереді.  Ел  мал 
шаруашылығымен  бірге,  отырықшылдық  кәсіпті  де  игереді.  Шу  қырғыз  және 
қазақ жеріндегі ана өзендердің бірі. Ұзындығы – 1186 км (Қазақстан аумағында 
800 км) Қырғыз Алатауынан бастау алып, Бетпақ шөліне дейін созылып ағатын 
өзеннің екі жақ бетіндегі кеңістік Шу өңірі аталады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет