А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты ӘОЖ



бет10/35
Дата06.02.2022
өлшемі2,2 Mb.
#32412
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
4 кезең: ХХІ ғасырдың басы, жаңа кезең (Б.Көшімова «Қазақ лексикасындағы бейонимдену үрдісі» 2001ж; Б.Досжанов «Қазақ тіліндегі көне антропонимдер» 2003ж; Д.Керімбаев «Қазақ фольклорындағы жалқы есімдердің құрамы мен этнолингвистикалық сипаты», 2004ж; Г.Аубакирова «Идиоэтническая семантика и лингвостилистические функции собственных имен в художественном тексте» 2004; А.Бахамова «Уйгурские прозвища и их этнолингвистическая характеристика» 2004; ).
Сонымен бірге ономастикалық лингвокультуремалардың ұлттық мәдени ерекшеліктерді танытуда атқаратын қызметі ерекше. Себебі ономастика өзінің бойына лингвистикалық, тарихи, өркениеттік және мәдени деректерді жинаған ерекше лингвомәдени бірліктер жүйесі болып табылады. Олар халықтың бітім болмысы мен өмірге қөзқарасынан хабар береді. Айтылған мәселе Т.Жанұзақов, Қ.Рысбергенова т.б. ономаст-ғалымдардың еңбектерінде арнайы зерттелген.
Қазақтың кең даласы - мәдениет пен тіл бірлігі, әдет-ғұрып, салт-сана тұтастығының негізі. Мысалы, бұл қөзқарас қазақтардың балаға ат қоюында өзіндік ерекшеліктерінің бар болмысымен көрінеді. Себебі олар бұл рәсімде ұлт болмысының барлық этномәдени, әлеуметтік сипатын басшылыққа алып отырған.
Мысалы, тіл мен сөздің магиялық күшіне сенген олар әдетте қарғыстан, балаларын мақтаудан қорыққан. Соның нәтижесінде Kүшікбай, Жаманбала, Салбыр, Қасым, Сағал, Kенесары сынды жалқы есімдер дүниеге келген. Олар «көз тимесін», «балам аман болсын» деген ырымнан туған болуы керек. Немесе дүниеге келген балаға Артықбай, Несібелі, Бекенбай Мырзагелді сияқты ат қою арқылы оған белгілі бір қасиеттерді дарытуды көздеген мақсат қойылған. Ал, Тілеміс, Тұрлыбек, Сағындық, Есенгелді лингвокультуремалары ұл куту, бала тілеу, балалары тұрақталмаған себебінен туған антропонимдер.
Антропонимика (кісі аттары) - тіл тарихын, ұлт мәдениетін зерттеуде құнды да бағалы мұра. Антропонимдер жүйесі адамдардың өткендегі тұрмысын, қоғамдық-әлеуметтік құрылысын және материалдық әрі мәдени өмірдің құбылыстарын да көрсете алады. Олардың кейбір топтары қазақ ауылының ертедегі тіршілік, іс-әрекетінен және шаруашылық күйінен мағлұмат береді. Мәселен, төрт түлік малға, шаруашылық, тұрмыстық сөздерге байланысты есімдер. Немесе қазақ халқының ұлттық әдеті бойынша жас келіндер күйеуінің жақын туыстарының, ата-енесінің аттарын атамайтын. Сөйтіп жас келін күйеуінің ағасын, інісін я қарындасын тура атымен атай алмай, жанама ат қойып алатын. Атап айтқанда, қайынсіңлілерін – шырайлым, бикеш, бойжеткен, әке қыз, еркем, ержеткен, ерке қыз, ал ер адамдарды төрем, шырақ, мырза жігіт, молда жігіт т.б. деп атайды. Тіпті күйеуінің құрдастарының аттарын атауды да ұят санап құрдас, замандас немесе аттас деп атау дәстүр ұстаған.
Осымен байланысты эвфемизм мен табу ерекше назар аударады да, антропонимдердің лингвомәдени, әлеуметтік т.б. аспектілерінің архетиптік сипатын көрсетеді. Яғни, эвфемизм - бір затты немесе құбылысты тікелей өз атымен емес басқа сөзбен атау. Айтуға дөрекі, қолайсыз сөзді сыпайы сөзбен ауыстырып айтудың негізінде шыққан. Оның тілдік көріністері қазіргі қазақ тілінде көптеп кездеседі. Мысалы өтірік айту - қосып айту, ұрланыпты - қолды болыпты, өлді - қайтыс болды, үзілді т.б.
Ал, табу ерте замандардағы адамдардың мифтік танымына сәйкес кейбір заттардың аттарын тікелей айтуға қорқып, тыйым салынуынан қалыптасқан. Бұл құбылыс әдетте табу деп аталады. Бұл проблеманың қазақ және түркі тілдегі табиғаты, тілдік көрінісі Ә.Ахметовтің еңбегінде арнайы зерттелген [2, 8 б.]. Солардың нәтижесінде оның дәстүрлі мәдениетпен сабақтастығы, оның генезисі анықталады.
Тілші-ғалым Ә.Хасенов эвфемизм мен табу құбылысын лексиканың қалыптасып баю барысындағы тарихи тұрғыдан семантикалық тәсіл қатарында қарастырып, нақты антропонимдерге қатысты былай деп көрсетеді: - кісі аттарына байланысты эвфемизм мына сықылды болып келеді: ауылдағы үлкен кісінің аты Жаман болса - Соқпақ жол, Сүттібай болса - Желінді уыз, Бұқабай - Сүзербай, Өгізбай, Қарабас - Боран шеке, Сарыбас - Шикіл шеке, Сары - Шикіл, Бейсембі - Күн жұма аттас, Көжекбай - Қоян ата, Үзікбай - Дөдеге, Жамантай - Жайсыз тай, Ақбай - Қылаң ата, Түңлікбай - Қайырма, Қозыбақ - Кене, Жусанбай - Сыбақ, Қойлыбай - Жандық ата, Қамшыбек - Ат жүргіш, Бүйенбай - Жуан ішек, Еламан - Халық есен, Асубай - Тарпаң, Асыл - Бекзат ата, Ақылбай - Ой ата, Мергенбай - Атқышыл, Жылқыбай - Туар т.б. [3, 66 б.].
Әлем халықтарының көпшілігінде, оның ішінде қазақ тілінде де жалқы есімдердің көбі табуға айналған. Ш.Саадиевтің мәліметі бойынша, әзірбайжанда күні бүгінге дейін шын аттар жасырын болған. Түркіменстанда «әр баланың чын ады - шын аты және ямен ады - жасырын аты бар». Сібірдің солтүстігінде ер адамдарда екі ат болды, оның бірі - шын ат, ол сирек қолданылса, ал екіншісі күнделікті қолданыстағы ат болып саналған [4, 185 б.]. Қазақ жалқы есімдерін - антропонимдерді зерттеуші Т.Жанұзақ былай дейді: «Запрет некоторых слов (табу) имел свое влияние и в сфере лично- собственных имен. Казахские замужние женщины давали свои имена Төрем, Шырақ, Жарқын, Тетелес, Мырзажігіт, Шырайлым, Бикеш и др. [5, 56 б.].
Оңтүстік Сібірдегі түркілердің дәстүрлі дүниетанымын А.Самойловичтен кейінгі зерттеушілер күйеуі мен оның туыстарының атын айтуға тыйым салыну некелік қарым-қатынастың сипатына байланысты деп есептейді. Әйел басқа тектен (әлемнен) болғандықтан күйеуінің жағында оған бірқатар сөздік тыйымдар салынады: «Большинство запретов, которыми было окружено ее поведение во время сватовства и свадьбы, постепенно снимались, но оставался минимум символов, который на протяжении всей ее жизни на земле мужа подчеркивал особый статус женщины - пришелицы, единственного существа «со стороны», находившегося в роде. Она не имела права произносить в слух имена своих старших родственников. Для нее их имен словно бы не существовало, равно как имена мужа [6, 151 б.].
Антропонимдер мен жалқы есімдерді қолданған кезде мұндай сөздік тыйымдар (табу), жоғарыда атап өткендей, қазақ әйелінің де сөздік ғұрпында болған. Қазақ әйелінің сөзіндегі табуға айналған жалқы есімдер эвфемизмдермен алмастырылған. Профессор Т. Жанұзақ былай деп жазады: «Личные имена заменялись нарицательными по определенной системе. Мужчин старше мужа женщины называли қайынаға (деверь). При запрете личное имя определенного человека употреблялось в искаженной форме, например вместо Али-Сали, Турсын-Мурсын. Для замужней женщины являлись запретными и нарицательные имена» [5, 45 б.].
Акад. А.Н.Самойлович ХХ ғасырдың бас кезінде-ақ бұл проблеманың әлеуметтік, этномәдени аспектісіне мән беріп, түркітанудың болашағы өзекті мәселелерінің бірі ретінде мән берген: «чтобы исследователи разных тюркских народов обратили особое внимание на личные имена, о том, что следовало бы составлять полные алфавитные списки личных имен, как мужских, так и женских, по отдельным народам и племенам с подробными указаниями, в каких случаях, в какую историческую эпоху, кому и почему давалось то или иное имя, что в последствии позволило бы произвести весьма интересные в культурно-историческом отношении сравнительное исследование личных имен всех тюркоязычных народов» [7, 299 б.].
Қазіргі қазақ тіліндегі антропонимдерді тарихи-этномәдени, әлеуметтік тұрғыдан анықтап, зерттеу олардың тамырының көне түркі (қыпшақ) кезеңімен сабақтасып қана қоймай, түркі тілдерінің басқа халықтарымен мәдени-тарихи байланысын, қарым-қатынасын да деректейді. Сондықтан белгілі ономаст-ғалым В.А.Никонов антропонимика саласының негізгі міндеттерін кезінде былай деп анықтаған: «Антропонимия может служит драгоценным источником, помогая выяснить былой этннический состав и миграции населения в прошлом, датировать, локализовать письменные памятники и т. д... Антропонимика образует в языке особую подсистему, разобраться в которой бессильны методы только лингвистики без неразрывного единства с этнографией, историей, социологией, правом». [8, 56 б.].
Осымен байланысты екінші тарауды біз орыс жылнамаларындағы түркизм антропонимдерді, олардың қазіргі түркі тілдеріндегі антропоним жүйесімен лингвомәдени сабақтастығын анықтауға арнадық.
В.Гумбольдттың концепцияларын басшылыққа ала отырып, оны одан әрі дамытқан американдық ғалым Э.Сепирдың мына пікірі: «тіл әлеуметтік шындықты түсіндірудің құралы адамдар белгілі мөлшерде, өз тілінің ықпалында болады, тіл мінез-құлық нормасына да әсер етеді, халықтың мәдени дәрежесін, оның тілін зерттемей тұрып түсіні мүмкін емес, тіл әлеуметтік шындықты түсіндірудің жетекші құралы» дегенге саяды. [9, 29 б.]. Бұл мәселе өткен ғасырдың ІІ жартысында орыс ғалымдары Н.Буслаев, А.Н.Афанасьевтердің еңбектерінде алғашқы рет сөз болды. Олар тіл ерекшеліктерін пайдалана отырып, орыс халқындағы табиғи құбылыстарға байланысты пайда болған әртүрлі наным-сенімдерді зерттеу негізінде көптеген мифтеріне талдау жасады.
Атап айтқанда, антропонимдік зерттеулердің басы ертеден басталып, даму барысында әртүрлі сипатта қарастырылған. Мысалы, Қазанда 1905 жылы жарық көрген В.К.Магницкийдің «Чувашские языческие имена» кітабында, акад. К.Мусаевтың көрсетуінше, 10587 ер адамның аты (фонетикалық варианттармен қоса) берілген [10, 205 б.].
Қырғыз есімдерін зерттеген А.Идрисовтың (кыргыз тилиндеги ысымдар. Фрунзе, 1971) еңбегінде антропонимдердің қалыптасу кезеңдері қоғамның тарихи-экономикалық даму кезеңдеріне сәйкес анықталды: 1) Алтай дәуіріне дейінгі ежелгі кезең. Оған жануарлармен, құстармен, географиялық атаулармен байланысты антропонимдер жатады. 2) Хун дәуірінде қалыптасқан антропонимдер (б.э.д. ІІ, ІІІ-VІ б.ғ.) Оған мал жануар, құс, өсімдік, жәндік, аспан денелері т.б. байланысты аттар жатады. 3) Көне түркі кезең (V-Хғ.) Алдындағы кезеңдердегі антропонимдермен қоса, мысал ретінде ескі түркі ескерткіштеріндегі антропонимдер – Чур, Барс, Шумкар, Арстан т.б. келтіреді. 4) Ортағасырлық кезеңдегі (Х-XVғғ.) аттарға араб есімдері қосылады. 5) Жаңатүркі кезеңде (ХV-ХХғғ.) бұрынғы есімдерге ескіеврей (библиялық) араб, парсы аттары қосылады. 6) Октябрьден кейінгі кезең аттарының қатарында революционерлер, әдеби кейіпкерлер, мемлекеттік ресми тұлғалар атауларымен сипатталған [11, 17 б.].
Қазақ тіл біліміндегі ономастика, антропонимика саласын қалыптастырушы ғалым Т.Жанұзақовтың антропонимдердің қалыптасуын, даму кезеңдерін басқаша жіктегенін байқаймыз. Атап айтқанда: 1) Ескі түркі кезеңі (V-Хғғ.) пұтқа табынуға байланысты жалқы есімдер. 2) Ортағасырлық кезең (Х-ХVІІғғ.) - туыстық атаулар, тайпа, ру атауларымен, жануар мен өсімдіктер, астрономиялық атаулар, қымбат тастар мен материалдық мәдениет пен тұрмыс, әлеуметтік-саяси терминдермен байланысты. 3) ХVІІ-ХІХғғ. кезең - негізінен аппелятивтік лексикамен байланысты қалыптасқан жаңа атаулар: Жібек, Баршын, Қамқа, Шекер, Алуа т.б. 4) Совет кезеңі - жаңа дәуірге сәйкес жаңа ұғымдармен байланысты есімдер көріп отырғанымыздай, бұл зерттеудің нәтижесі, тілдік деректердің мазмұны нақтылығымен дәйектелген [12, 15 б.].
Сонымен бірге Г.Ф. Саттаровтың мақаласында татар тілінің антропонимиясының ежелгі қабаты көне түркі және ежелгі бұлғар кезеңіне қатысты анықталып, ежелгі түркілердің наным-сенімдеріне сәйкес - аспанға табиғатқа табынуды сипаттайтын есімдерімен көрсетіледі: Таштемир, Бикташ, Тәңгеребирде, Кугәй, (Кук+ай), Айсылу, Чулпан т.б. [13, 69 б.].
Cол сияқты түрікмен тілінде де ежелгі антропонимдер ретінде атмосфералық ылғал, күн, ай, флора мен фаунаға байланысты қалыптасқан есімдер көрсетіледі. Мысалы, Ягмур, (жаңбыр) ХІғ. түркіменің қолбасшысының аты.
Академик В.А.Гордлевскийдің түркі антропонимдер жүйесінің түркі қабатын мұсылмандыққа дейінгі деп анықтауы көптеген түркі тілдері бойынша антропонимист ғалымдардың пікірлерінде қолдау тауып жалғасты. Нақты айтқанда, осы зерттеулердің нәтижесінде танымдық, мифотанымдық сипаттама космонимдік лақап аттардың т.б. негізі осы қабатқа тән [14, 131 б.].
Башқұрт антропонимиясындағы қыпшақ қабатын зерттеуші Г.М.Гариповтың пікірінше, барлық түркі тілдеріне ортақ, байырғы, түсінікті этностың терең қайнарларынан деректер беретін тарихи көздер [15, 52 б.].
Түркі тілдерінің лексикологиясын салыстырмалы түрде зерттеуші К.Мусаевтың еңбегін антропонимияға қатысты топтастырудың 7 принципін береді. Өз дәуірінде ардақталып, ата-бабадан әулетке мұра болып ауысып, рудан-руға, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен дәстүрдің бірі осы ат қоюмен байланысты. Бұл қазіргі тіл біліміндегі, соның ішінде қазақ тіл біліміндегі тілді сол тілде сөйлеушінің мәдениетімен, тарихымен т.б. тығыз байланысты зерттейтін антропоцентристік бағытқа, оның ішіндегі лингвомәдениеттануға, этнолингвистикаға сай келеді.
Халықтың әдет-ғұрып, тарихи, дәстүрлері мен кісі аттарының арасында байланысы бар екені ономастикада дәлелденген. Ал оның этномәдени мәні ерекше екенін жоғарыда атап өтілген. Мұны қазақ тіл біліміндегі антропоцентристік бағыттағы лингвомәдениеттанымдық, этнолингвистикалық, әлеуметтанымдық зерттеулер дәлелдеп отыр. Мысалы, балаға ат қоюда ерте кездің өзінен-ақ ырым мен әдет-ғұрыпты сақтаушылық болған. Ал, ырым мен әдет-ғұрып Ш.Уәлиханов атап көрсеткендей, салт-санаға тән [16, 17 6.]. Мысалы: ұлы жоқ үйлерде қыз туатын болса, онда ол қызға Ұлтуған немесе Ұлбосын деп ат қояды. Ондағысы «кейінгі бала ұл болса” деген ырым-сенім.
Демек, қазақ халқында ат қою ұлттық тарихымен, рухани мәдени өмірімен, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрімен тығыз байланысты. Ал, ұлттық тарих, әдет-ғұрып, салт-дәстүр деген ұғымдар мәдениетпен байланысты. Мәдениет дегеніміз адамдардың өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілінен, сондай-ақ олардың материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін қоғам мен адамның белгілі тарихи даму дәрежесі.
Тіл мен мәдениеті сабақтас зерттейтін ғалымдар соның ішінде қазақ ғалымдары Ә.Қайдаров, Е.Жанпейісов, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова т.б. мәдениетті тілден бөліп алып қарамай, тіл - мәдениеттің бір көрінісі, ол екеуінің арақатынасы ерекше де маңызды деп санайды [17, 282 б.]. Себебі, кез келген мәдениеттің түрлері, атаулары тіл арқылы бейнелеп көрінетіні, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетіні белгілі. В.Гумбольдт айтқандай: «Ұлттың өзіне тән, іштей дамитын рухы бар, сол рухтың ерекшелігін сыртқа шығарып, сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа беруші күш – тіл» [18, 349 б.].
Осы тектес тұжырымдардың қалыптасуында, тілді зерттеудің барысында ұлттық мәдениеттің, дәстүрлердің ерекшеліктері ескеріледі. Әсіресе, ұлттық рухымыз жаңғырып, салт-дәстүрлеріміз қайта жанданып жатқан қазіргі қазақ қоғамындағы рухани-әлеуметтік құбылысты дұрыс бағалап, негізін түсіну үшін осындай тілдің дамуының ішкі формасынан туындайтын жалпы заңдылықтарды адам рухымен байланысты түсіне білудің маңызы зор. Себебі, дәстүр әркімнің жеке басының жағдайына байланысты емес, ол халықтың әлеуметтік-психологиялық, мәдени, тұрмыстық, дүниетанымдық жағдайына байланысты қалыптасқан – жалпыхалықтық құбылыс. Екіншіден, дәстүрдің тағы бір сипаты – оның тұрақтылығы. Ол оңайлықпен өзгере салмайды, тіл арқылы ол ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Сол арқылы ұлт өмірінің желісі үзілмей, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіледі. Сол себепті әртүрлі ұрпақ болғанмен, бірін-бірі түсініп бір ұлтқа жатады. Осы жайт түркі соның ішінде қазақ антропонимдерінің тілдік табиғатына да тікелей қатысты.
Осымен байланысты тіл мен мәдениетті біріктіріп қарастыратын сала - лингвомәдениеттану (лингвокультурология). В.Воробьев лингвомәдениеттануға мынандай ғылыми анықтама береді: «Лингвокультурология – это комплексная научная дисциплина синтизирующего типа, изучающая взаимосвязь и взаимодействие культуры и языка в его функционировании и отражающая этот процесс как целостную структуру единицу в единстве их языкового и внеязыкового (культурного) содержания при помощи системных методов с ориентацией на современные приоритеты и культурные установления (система норм и общечеловеческих ценностей)» [19, 37 б.]. Ғалым В.А.Масловa бұл пәнді халық мәдениетін танытушы ғылым деп санап, былайша анықтайды: «Лингвокультурология – это наука, возникшая на стыке лингвистики и культурологии и исследующая проявления культуры народа, которые отразились и закрепились в языке» [20, 8 б.].
Тіл ғылымында лингвомәдениеттану – лингвистика мен мәдениеттанудың, соның ішінде антропонимдерге қатысты жағын ортақтастыратын жаңа ғылым. Сонымен, лингвомәдениеттану – ұлттық сипаты бар деп танылатын әлеуметтік, танымдық, этникалық, эстетикалық, саяси, адамгершілік, руханилық, тұрмыстық қағидалармен заңдылықтарды тілдік құралдар арқылы жеткізуді зерттейтін тіл білімнің бағыты. Лингвомәдениеттанудың ең негізгі мақсаты – ұлттық болмыстың тілдегі көріністерін, тіл фактілері мен халықтық танымдық, этика-эстетикалық категориялары арқылы рухани мәдениетін танытып, олардың қызметі мен орнын анықтау деп түйіндеуге болады. Лингвомәдениеттану пәнінің зерттеу деректері мен дәйектері ұлттық мәдениеттің және рухани құндылықтардың тілдегі көрінісі әдебиет, фольклорда т.б. Қазақ тіл білімінде лингвомәдениеттану ғылымы пәніне қатысты деректер Ш.Уәлиханов, М.Әуезов еңбектерінен бастап, Ә.Марғұлан, І.Кеңесбаев, Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Е.Жұбанов, Е.Жанпейісов, Т.Жанұзақов, Н.Уәлиев, Ж.Манкеева, А.Жылқыбаева, Қ.Рысбергенова, Р.Шойбеков т.б. ғалымдар еңбектерінде көрсетіледі.
Бүгінде лингвомәдениеттану ұлттық тілді танудың да негізі екені соңғы кездегі біраз зерттеулерде (Г.Смағұлова, А.Алдашева, А.Сейсенова, Г.Қажығалиева, А.Сейілхан, Қ.Қайырбаева т.б.) анықталып, лингвомәдениеттану ғылымының пән ретінде қалыптасуынан қазақ тіл білімінде жеке сала ретінде қарастырылуынан көрінеді.
Г.Смағұлова өз еңбегінде лингвомәдениеттану пәнінің ерекшелігін былайша көрсетеді: Лингвомәдениеттану бұл тіл – ұлтмәдениет дейтін үштік (триада лингвомәдениеттану пәнін зерттеу нысаны болмақ) [21, 196 б.]
А.Салқынбайдың пікірі бойынша, тілдік деректерді лингвомәдени аспектіде зерттеу – ең әуелі тілдер арасындағы жалпыадами, гуманитарлық, мәдени, өркениеттік қырларды айқындау болып табылады. Табиғаттағы әлемдегі құбылыстар, қоғамдағы сана мен салт, әрі де тілде өз көрінісін табатындықтан, атау мен оның жасалу сипаты лингвомәдени аспектіде қарастырылады [22, 309 б.].
А.Алдашева бұл пәннің зерттеу қөздерін ғылыми тұрғыдан анықтап әрі лингвистика ғылымымен ортақтығын лингвомәдениеттанудың ауқымы өте кең, ол әрбір тілдік единицаның белгілі бір халықтың төл элементі, халық тілімен бірге жасасып келе жатқан ұлттық «бет-пішіні» бар деп есептелген сөз ұлттық әлеуметтік, этникалық, адамгершілік, мәдени, тұрмыстық нормаларға сай деп тұжырымдайды [23, 15 б.].
А.Сейсенова лингвомәдениеттану мәдениеттің тілдік жүйеге қалай әсер ететінін, яғни фактор мен адам бойындағы тілдік факторлардың байланысын қарастырады [24, 22 б.].
Сол сияқты тіл мен мәдениеттің сабақтастығының көркем мәтіндегі көріністері Г.Снасапова, Ш.Елемесова, Г.Абдрахманова, Ф.Қожахметова, А Әмірбекова, т.б. зерттеулеріне арқау болған.
Мысалы, Г.Ж.Снасапова Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» повесіндегі лингвомәдени бірліктер ретінде ономастикалық лингвокультуремаларды қарастырады. Солардың қатарында антропонимдердің лингвомәдени коннотацияларын талдайды. Осы тұрғыдан қазақтардың балаға ат қоюында белгілі бір ырымдардың негіз болуы сөздің құдіретті күшіне сенуді көрсетеді: Жаманбала, Күшікбай, Салбыр, Сүйір, Сағал т.б. есімдер көз тимесін, балам аман болсын деген мәнді аңғартса, Тілеуімбет, Тілеміс, Тұрлыбек, Сағындық, Ұлпан т.б. лингвокультуремалардың прототипі ұл күту, бала тілеу тәрізді тілек мәнді семантиканы білдіретін антропонимдер. Артықбай, Бақберді, Байдалы, Қайыргелді, Несібелі т.б. жалқы есімдердің прототипі дүниеге келген балаға ат қою арқылы оған белгілі бір қасиеттерді дарыту дегенге меңзейді.
Лингвомәдениеттану пәні басқа халықтардың өмірінен де мәдени ақпарат береді яғни бір ұлттың көршілес ұлтпен туыстығын немесе дәстүр ұқсастығын салыстыруды да мақсат етеді. Басқаны айтпағанда, мұның мәдениаралық коммуникация, оның тіларалық коммуникацияның көріністері ретіндегі антропонимдердің тілдік табиғатын тануға тікелей қатысы бар.
Тіл мен мәдениетті зерттейтін пәндердің қатарына «лингвоелтану», «лингвоөлкетану», «лингвогмәдениеттану», «этнолингвистика», «этномәдениеттану» т.б. жатады. Аталған пәндердің зерттеу нысаны ортақ болып қоймай, кей жағдайда олардың зерттеу әдіс-тәсілдері , кейбір теориялық принциптері мен негіздері ұқсас болып келеді. Жалпы тіл арқылы мәдениеттанудың ғылыми үлгілері: этнолингвистиканың, этномәдениеттанудың, елтанудың, лингвомәдениеттанудың пән ретіндегі жалпы және ұқсас мақсаттары мен міндеттері – ұлт тілі арқылы ұлтты тану, ойлау жүйесінің ерекшеліктерін анықтау, қысқаша айтқанда, ұлттық менталитетті айқындау, басқалардың айырмашылығын көрсету [25, 22 б.].
Осымен байланысты қазақ ақын, жазушыларының шығармалары бойынша қазақ тілінің рухани мәдениет лексикасына талдау жасаған С.Жанпейісованың, Қ.Қайырбаеваның, Ш.Елемесованың, Ф.Қожахметованың т.б. рухани мәдениет лексикасының негізгі тақырыптық топтарын және олардың қалыптасу көздерін анықтау, лексиканың бұл аталмыш қабатын, этнолингвистикалық аспектілерін халқымыздың этномәдени өміріне қатысы тұрғысынан алып қарастырып, рухани мәдениетпен байланысты түрлі тілдік номинациялардың жасау тәсілдерімен даму жолдарын айқындап көрсетуіне арналған зерттеу жұмыстарында жан-жақты ашылған, дәйектелген.
Қазақ тіліндегі антропонимдердің лингвомәдени сипатын ашуға арналған жұмысымызда тіл мен мәдениет мәселесі төңірегінде қазақ тіл біліміндегі А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, Ә.Қайдаров, Е.Жанпейісов, Р.Сыздық, Т.Жанұзақов, Н.Уәлиев, Ж.Манкеева, Қ.Рысбергенова, Б.Тілеубердиев т.б. жалпы тіл білімі мен орыс тіл біліміндегі В.фон Гумбольдт, А.Потебня, Э.Сепир, Б.Уорф, К.Леви-Стросс, Е.Верещагин, В.Воробьев, В.Маслова, И.Толстой, С.Толстая т.б. ғалымдардың теориялық ой-пікірлерін басшылыққа алып, сүйенеміз.
Жер бетінде 3 мыңнан астам тіл бар. Әрбір халықтың тілі арқылы сол халықтың өмірінің рухани қазынасын, мәдениетін білуге болады. Бұл жөнінде академик Ә.Қайдаров: «Әрбір халықтың тілі-тек қатынас құралы ғана емес сонымен қатар рухани болмысы мен мәдени байлығының күзгері барлық болмысы мен өмір тіршілігін, дүниетанымы мен әдет-ғұрпын бойына сіңіріп, ата мұрасын, асыл қазынасы ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, отыратын қасиеті бар» деп тілге анықтама береді [26, 34 б.]. Сондықтан да халықтың тілі рухани болмысы және мәдени байлығы бірімен-бірі тығыз байланысты. Бұл жөнінде көптеген зерттеуші ғалымдардың пікірлері бір ізділік табады.
Лингвистика тарихында тіл мәселелерін, сол тілді қолданушы қауымның мәдени өмірімен, салт-сана, әдет-ғұрыпымен байланыстыра зерттеу жөнінде алғашқы пікір ХVII ғасырдың соңғы жартысында өмір сүрген неміс жазушысы және әдебиетшісі Иоганн Гердердің поэзияға байланысты зерттеулерінде, одан кейінгі кезде В.Гумбольдт еңбегінде кездеседі. Бірақ тіл мәселесін мәдениет, әдет-ғұрып, салт-санамен байланыстыра зерттеуге ерекше көңіл бөлу, оған тіл білімінің күрделі проблемасы ретінде қарау ХХ ғасырдың 20-30 жылдарда белең алды. В.Гумбольдт дүниені тану, білу процесінде тілдің атқаратын рөлін түсіндіре келе, тілге мынандай түсініктеме береді: «Язык и духовная сила народа развиваются не отдельно друг от друга и не последовательно одни за другим, а составляют исключительно не раздельно одно и тоже действие интеллектуальной способности. Хотя мы разграничиваем интеллектуальную деятельность и язык, в действительности такого разделения не существует» [27, 10 б.].
Орыс ғалымы М.К.Азадовский өзінің еңбектерінде фольклорлық, этнографиялық және тарихи-мәдени мәліметтерді пайдалану тіл үшін нәтижелер беретінін дәлелдеп береді. Ол бір еңбегінде тіл мен мифологияның байланысы мен өзіндік ерекшеліктеріне мынадай анықтама береді: ... язык это основной слой народности, мифология народная словестность в которой и выражена вся совокупность верований, преданий нравов и обычаев народа [28, 60 б.].
Сонымен коммуникативтік қызметімен ерекшеленетін антропонимдердің әлеуметтік мәнін ашу қазіргі тіл біліміндегі антропоөзектік бағытпен сабақтасады.
Ономастиканың теориясы мен практикасын осы бағытпен бір байланыста қарастырған ғалым Г.Мадиеваның еңбегінде осы сабақтастық былайша көрсетілген:

  • тіл қызметін іске асыратын нақты тілдік социум мүшелерінің жалқы есімдерді қабылдауы;

  • тілдік тұлғаның санасындағы жалқы есімнің қызметі;

  • ұжымдық санадағы жалқы есімдердің қызметі;

  • жалқы есімдердегі ұлттық танымда бекітілуінің әдісін сипаттау;

  • жалқы есімдердің инварианттары мен варианттылығын анықтау;

  • тілдік санада ұлттық когнитивтік қорды құрайтын өзекті жалқы есімдерді анықтау;

  • жалқы есімдер жүйесінің ұлттық қорының негізгі элементтері мен стереотиптерін жіктеу;

  • жалқы есімдер мен мифтік танымның байланысы, т.б. [29, 28 б.].


Каталог: userdata -> uploads -> u21
u21 -> Абайтанушы Қайым Мұхаметханұлы
u21 -> Әлия Молдағұлова
u21 -> Ән жанрлары мен мектептері
u21 -> Әуенімен әйгілі әбілқайыр әулеті
u21 -> КӨкбай жанатайұлы (1861-1925)
u21 -> Өтен айгүл жақсылықҚызы кенен Әзірбаевтың әдеби шығармашылығы
u21 -> Балалардың сүйікті жыршысы (М.Әлімбаевтың шығармашылығына арналған әдістемелік құрал)
u21 -> Ахмет Жұбанов Ахмет Қуанұлы Жұбанов
u21 -> 1. Eр Төстік жер бетіне шыққан соң күресетін жауыздың иесін белгілеңіз
u21 -> Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы (1845-1904) Абай Құнанбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет