А., Каирова Б. К. Студент жастардың корруцияға қарсы позициясын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық аспектісі



бет6/64
Дата12.12.2021
өлшемі445,13 Kb.
#99769
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
Nazmutlinov-R-A-Student-zhastardyn-korruptsiyaga-karsy-pozitziyasy-kalyptyrudyn-psikhologiyalyk-pedagogikalyk-aspektisi (1)
Nazmutlinov-R-A-Student-zhastardyn-korruptsiyaga-karsy-pozitziyasy-kalyptyrudyn-psikhologiyalyk-pedagogikalyk-aspektisi, Әleumettik-mәni-bar-aurular
Пікірсайысдегеніміз танымдық-тәрбиелік әдістердің қатарына жатады. Тәрбиеленуші талқыланып отырған мәселе бойынша өз ойын білдіруге, өзінің қатынасын түсінуге ұмтылдырады. Пікірсайыстың қорытындысында дәлелді, дәйекті бір шешім қабылдануы керек. Пікірсайыстың бір түрі – диспут. Оның пікірсайыстан айырмашылығы - белгілі және қорытынды шешімдер қабылданбайды. Диспут барысында тәрбиеленуші талқыланып отырған мәселеге қатысты өз ойын айтады және оның әлсіз немесе күшті жақтарына талдау жасайды. Пікірсайыс пен пікірталастың өткізілуі педагогтан үлкен даярлықты, шеберлікті талап етеді: қатысушыларды қызықтыратын дәйекті,өзекті мәселе болуы, ақылға қонымды әдебиеттер және түрлі дерек көздердітаңдалу қажет. Аталған әдістерді тәрбие жұмысында қолдану барысында тұлғаға қысым, көзқарасты күштеп таңдауға жол бермеу керек, керісінше өз ойын білдірген белсенді қатысушылардыкөтермелеп отыру қажет.

Мәдени сананың қалыптасуы тәрбие іс-шараларын тиянақты және жүйелі ұйымдастырумен тығыз байланысты. Тәрбие іс-шараларына қажетті жағдайларды тудыру, педагогикалық талап, инструктаж, иллюстрация, демонстрация және т.б. кеңінен қолданудың маңызы зор.



  • Тәрбие жұмыстары кезінде жастардың алдына нақты талаптарды мен шарттарын қойып, олардың орындалуын бақылау;

  • Тәрбиеленушінің бойында белгілі бір әлеуметтік-психологиялық қасиеттерінің шеңберін кеңейтуге ұмтылдыру;

  • Жастардың өздеріне жауапкершілікті алып, кездескен қиындықтарды жеңіп шығуға, шығармашылық танытуға тәрбиелеу.

Педагогикалық-психологиялық қызметтің практикалық жағдайында оқушыдан нақты жеке тұлғалық қасиетті талап ететін жағдайлар жиі кездеседі. Сонымен қатар кураторлар, тәрбиеші педагогтар арнайы тәрбиелік –әлеуметтік-педагогикалық жағдайларды тудыра отырып, осы жағдайдан жол іздеу барысында тәрбиеленушілер өзінің эмоциясын, танымдық қабілеттерін басқаруға, реттеуге машықтандыру қажет. Осылайша, тәрбиеленушінің ізденісі жаттығуға айналып, оның басты принципіне өтеді, өзін-өзі жүзеге асыруына негезі береді және өз өміріне, іс-әрекеттеріне деген жауапкершілігін қалыптастырады.

Жауапкершілік –жеке тұлғаның алға қойған мақсатын іске асыру нәтижесінде кездескен қиындықтарды жеңу арқылы нәтижеге ие болуы. Жауапкершілік адамның өмірге деген қызығушылығын туғызады.

Қазақстан Республикасы жалпыға міндетті білім беру стандарттарыда азаматтың жауапкершілігін қалыптастыру мектеп бітірушінің ең маңызды құзереттілігі деп атап көрсетілген. Әлбетте, әр адамның жауапкершілігі оның ар-ұяты мен қоғамдағы беделімен анықталатын көрсеткіш. Тұлғаның азаматтық қасиеті оның өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауымен анықталады.

Адамның қоғам алдында жауапкершілігі елдегі демократиялық принциптермен тығыз байланысты. Еркін адам қоғамның дағдарыссыз, тұрақты дамуына колдау көрсете алады, қоғам алдында ол өзінің жауапкершілігін толығымен сезіну арқылы өз еркімен қоғамның талаптарын орындай алады.

Жауапкершілік пен міндет бір-бірімен тығыз байланыста,адамның ар-намыс сезіміне негізделеді.Жауапкершіліктің қатал анықтамасының өлшемі мен айқындауына қарағанда міндет айқынырақ болып келеді. «Азаматтық ой, сезім, үрей, азаматтық міндет, азаматтық жауапкершілік-бұл адамның ар-намыс сезімінің негізі» - деген В.А.Сухомлинский[28].Жауапкершілік және міндет сезімдерінің қалыптасуы отбасынан басталып, мектепттен жалғасып, жоғарғы оқу орнында маңызды тәрбиелілік көрсеткішке айналады.

Адамның адамдар арасындағы өзін-өзі ұстауы, бақылауы көпшілік мойындаған нормалар мен құндылықтарға сәйкестігімен бағаланады. Нормлар, құндылықтар -бұл талап ету, орналастыру, адамның сол немесе басқа жағдайда не істеу керек екенін анықтайтын ереже. Норма адамның басқа адаммен, қоғаммен, ұжыммен қарым-қатынасының тәртібін білдіреді. Сол нормалар мен құндылықтар жалпыадамзаттық болып табылады. Сондықтан да оларды адамгершілік нормалар немесе адамгершілік мәдениет деп атайды. Бұл нормалар адамдар арасындағы қарым-қатынасты қадірлеу, өзара жәрдем беру, бір-біріне демеу болу және т.б жатады.

Адамгершілік нормаларын кейде моралдық нормалар деп атайды. Адамгершілік нормаларына жататын категориялардың жиынтығын мораль (моральлат.тілінен аударғанда - адамгершілік) түсінігімен байланыстырады. Мораль әлеуметтік-қоғамдық түсініктің негізі және жеке адамның адамгершілік нысанына жатады.Мораль - адамның мінез-құлқын нормативті реттеуінің негізгі түріне жатады. Ол адамның мінез-құлқын, сана-сезімін қоғамдық өмірде, әлеуметтік ортада реттейді. Моралдық нормада жеке сендірулер, мотивтер, өзін-өзі бақылау ережелері жинақталған, яғни адамның сана-сезімін тәрбиелеуге маңызды рөл атқарады. Басқаша айтқанда, сана-сезім адамның өзін-өзі моральдық реттеушісі ретінде көрініс береді.Адамның моральды қабылдауы және оны іс-әрекетінде ұстануы оның адагершілігі туралы мағлұмат береді.

Сонымен адамгершілік нормасы дегеніміз адамның мынадай мінез-құлық, әлеуметтік-психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерін біріктіреді:мейрімділік, инабаттылық, адалдық, шынайылық, әділеттілік, еңбекқорлық, ұжымдылық, шығармашылық, жауапкершілік, қайырымдылық және т.б.

Адамгершілік мәдениет тәрбиесі азаматтық тәрбие мәселесімен өза тығыз байланысты. Азаматтық тәрбие азаматшылдықты қалыптастыруда тәрбиенушілердің мақсатты түсіну,қоғамдық өмірге деген құндылықты қарым-қатынас орнату, тұлғаның ішкі сезімінің бостандығы мен борышын құрайды. Азаматтық тәрбиені патриоттық және интернационалистік, ұлтаралық мәдениқарым-қатынас, экологиялық және экономикалық мәдениетпен түсіндіріледі. «Азаматтық сезім -жан дүниенің аса жоғары игі қозғалысы,олар адамды ұлық тұтады,қоғамдық сана-сезімді бекітеді,әділетті,абыройлы етеді.Адамның терең азаматтық дамуы оның жеке құндылығы,жеке өмірінің көрінісі;оның айналасында болып жатқан нәрселердің қоғамдық маңыздылығын түсінуге, өзінің жеке басына қатысты болмаса да,оның жан дүниесіне қатыстылығын түсіну» - деп атап көрсеткен Н.Ә.Назарбаев[29].

Қоғамдық өмірдің құбылыстарына құндылықтық қатынас қоғам дамуының тенденциялары мен жағдайына шынайы қызығушылықты,қоғамдық өмірге белсенді араласуға деген ұмтылысты,жеке еңбегі арқылы мемлекет саясатының әлеуметтік-экономикалық жоспарларын іске асыруға белсенді араласуды меңзейді. Азаматтық әр адамның құқығын, ол адамды мемлекеттің және қоғамның ең жоғарғы құндылығы ретінде мойындайды және сақтайды.

Тұлғаның ішкі бостандық сезімі оның ар-намысы негізінде өзін-өзі ұстау, бақылау, жетілдіру және жеке қажеттіліктерін саналы түрде қоғамдық нормалар мен құндылықтар негізінде жүзеге асыру біліктілігінде көрінеді. Азаматтық тәрбие - өзін-өзі тәрбиелеудің даналығы, құдіретті және еркіндікке итермелейді. Еркіндік, яғни ішкі жан дүниенің қажеттіліктері мен қызығушылықтарын сыртқы ортада ешкімге қиянат жасамай өзін-өзі жүзеге асыру болып табылады. Өз еңбегінің нәтижелерін көру, шынайы мақтаныш сезімі мен басқа адамдардың оның еңбектегі жетістіктерін мойындауы – адам өмірінің басты тірегі.Дәл сол еңбекте адам өзін толыққанды азамат ретінде қоғамда орнықтырады.

Азаматтылықтың құрылымында тұлғаның өнегелілік сапалары ерекше орын алады.Азаматтық тәрбиетұлғаның өзін жүзеге асыру, әлеуметтік абыройға ие болу, басқа адамдардың ар-намысын сақтау - барлығы да тәрбие негізінде қалыптасып, адамды өмірде бақытты, өзін шығармашылық тұлға ретінде қабылдауына негіз береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет