Ақ мен несептегі белокты қадағалап, амбулаториялық бақылау



бет1/2
Дата26.12.2023
өлшемі52,38 Kb.
#199490
  1   2
Байланысты:
Акушерия 103
дилноза вд, Ғажайып математика сайыс сабағы, курс уй турмыс, 4-курс-Фельд, Воп 1-аг-43 сурак

1. *** Емхананың дәрігеріне қабылдауына 25 жастағы жүкті әйел жүктіліктің 28-аптасында әлсіздікке шағымданып келді. Анамнезінде созылмалы аурулар, жарақаттар мен операциялар жоқ. Жағдайы қанағаттанарлық. Аяқтары шамалы ісінген. Дене қызуы 36,5°С, пульс минутына 80 соққы, АҚ 140/90 мм с.б. Іштегі нәрестенің жүрек соғуы минутына 145-148, анық, ырғақты. Жатыры қозымсыз. Жыныстық жолдарында патологиялық бөлінді жоқ. Қанның жалпы талдамасында гемоглобин 123 г/л. Несептің бір реттік порциясында белок іздері. Қандай тәсіл қолданған дұрыс:
--АҚ мен несептегі белокты қадағалап, амбулаториялық бақылау
--Терапия бөлімшесіне жатқызу
--2-деңгейлі перзентханаға жатқызу
--3-деңгейлі перзентханаға жатқызу
--Акушерия және гинекология ҒЗИ жатқызу
{@A@}

2. ***Емхананың қабылдауына 26 жасар жүкті әйел жүктіліктің 31 апталық мерзімінде келгенде алғаш рет АҚ 140/90 мм с.б. Көтерілді. Шағымы жоқ. Жағдайы қанағаттанарлық. Ісінбеген. Қандай тәсілді қолданған дұрыс:


--артериялық қысымды қайта өлшеу
--допегит таблеткасын ішуге беру
--нифедепин таблеткасын ішуге беру
--күкірт қышқылды магнезияның бастапқы мөлшерін салу
--перзентханаға жатқызу
{@A@}

3. ***Жүктіліктің 31-аптасындағы әйел емхананың дәрігеріне бас аурғаны, эпигастри аймағының ауыратынына шағымданып келді. Жайылған ісінулер байқалады. АҚ – 165/90 мм с.б., 160/90 мм с.б.. Барынша негізделген тәсіл:


--магнии сульфатының бастапқы мөлшерін салу
--допегит таблеткасын беру
--нифедепин таблеткасын беру
--нормодепин ішкізу
--диуретиктер салу
{@A@}

4. *** Емхананың дәрігеріне қабылдауына 24 жастағы жүкті әйел жүктілікті медикаментпен үзу мақсатында келді. Гинекологиялық және соматикалық тұрғыдан дені сау. Етеккірі 42 күн кешіккен. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы №36 "Медициналық аборт" диагностика және емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес медикаментпен аборт жасағанға дейін қандай негізгі диагностикалық шара тағайындау керек?


--қанның клиникалық талдамасы
--RW-ға қан тапсыру
--АИТВ-ға қан тапсыру
--хламидия, тазалық дәрежесін анықтауға сүртінді тапсыру
--кеуде ағзаларын флюрографиядан өткізу
{@A@}

5. *** Гинекология бөлімшесіне 29 жастағы әйел түсті, ішінің төменгі жағының қатты ауыратынына, дене қызуы 38,60С-қа дейін көтерілгеніне, жүрегі алып, құсатынына, жыныстық жолдарынан іріңді бөлінді шығатынына шағымданады. Анамнезінен: ілкі бедеулік, 10 күн бұрын гистероскопия жасалған. Тері жамылғысы бозғылт. АҚ 90/60 мм.с.б. Пульс минутына 92. Іші ісінген, төменгі жағы ауырады. Ішперденің тітіркену симптомы оң. Айнамен қарағанда: жатыр мойнағының сілемейі қызарған, сірнелі-ірің тәрізді шығынды. PV: жатыры кішкентай, ауыратындықтан қосалқыларын палльпациялау мүмкін емес, жатырдың оңжағында және солжағында жиегі анық емес, қозғалмайтын түзілім сезіледі, қамыр тәрізді консистенциялы. Күмбезі терең, ауырсындырады. Қан талдамасы: гемоглобин – 102 г/л, эритроциттер – 3,6×1012/л, лейкоциттер – 22×109/л. СОЭ 40 мм/с. УДЗ – жатыр артындағы кеңістікте сұйықтық бар, жатыр түтікшелерінде сұйықтық бар, жатыр түтікшелерінің қабырғасы қалыңдаған. Ықтимал диагноз:


--жіті сальпингоофорит
--жатырдан тыс жүктілік
--жіті аппенидицит
--анабез ұшының бұратылуы
--жіті эндометрит
{@A@}

6. *** 28 жастағы пациент, оңжақ үлкен сарпайдың жапсары аймағының ауыратынына және дене қызуының 38,9 0С -қа көтерілгеніне, жүргенде ауырсынады. Объективті: үлкен сарпайдың оңжақ жапсары ісінген, ауырсынады, қызарған, пальпациялағанда жұмсарған аймақтар бар. Ықтимал диагноз:


--бартолини безінің абсцесі
--бартолини безінің жылауығы (киста)
--сарпай аймағының гематомасы
--сарпайдың үлкен жапсарының фурункулезі
--парауретралық жылауық
{@A@}

7. ***28 жастағы пациент етеккірінің тұрақты түрде келмейтініне, әлсіздікке, терісінің құрғақтығына және шашының түсетініне шағымданады. Қозғалысы мен сөйлеуі баяу. Беті, әсіресе көзінің айналасы ісінген. Терісі сарғыш реңкті бозғылт, шынтақтары қабыршақтанған. Шашының түсі көмескі, құрғақ және сынғыш, қатты түседі. Диагнозды нақтылау үшін бірінші кезекте қандай тексеру әдісін жүргізген дұрыс:


--ТТГ деңгейін анықтау
--гонадотропиндердің деңгейін анықтау
--рилизинг-гормондармен сынама
--пролактин деңгейін анықтау
--АКТГ деңгейін анықтау
{@A@}

8. *** Жүкті әйел, мерзімі 27-28 апта . Температураның жоғарылауына, құрғақ жөтелге, кеудедегі ауырсынуға, ентігуге шағымданады. Қалада тұмау мен ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың эпидемиялық өсуі байқалады. Температура 39-400С, жұтқыншақта шырышты қабық ашық гиперемияланған, жұтқыншақтың артқы қабырғасы түйіршікті. Склера тамырларын инъекциялау. Өкпеде қатты тыныс, ысқырық жоқ. Үнсіз жүрек тондары, жүрек соғу жиілігі 130 соққы/мин, АҚК 90/60 мм.сын. бағ.ст., ЧДД-32. Емен: ер.-3, 2х1012 / л, гем. -115 г / л, л. -3, 2x109/л, Э. – 3%, п\мен – 15%, с\мен – 60%, м – 7%, л – 15%, EE - 15 мм / сағ. Қандай тактика ең қолайлы?


-- шұғыл госпитализация, оселтамивирдің негізгі препараты
--амбулаториялық емдеу, азитромициннің негізгі препараты
-- күндізгі стационарда емдеу, детоксикация терапиясы
-- ацикловир, терапия бөліміне жоспарлы госпитализация
--жедел ауруханаға жатқызу, Цефтриаксон негізгі препараты
{@A@}

9. ***Емхананың дәрігеріне қабылдауына 36 жасар әйел, жүктіліктің 31 аптасында бір күн бойы жалғасқан ауырсынатын, ашық-қызыл түсті қан кету бойынша жүгінді. Науқас ешқандай жиырылуларды сезбеген. Анамнезінде - 2 жүктілік, ұрықжолдастың ауытқумен орналасуына байланысты кесарь тілігі арқылы босандыру. Ұрықтың жүрек соғуы баяулаусыз. УДЗ-да келесі нәтижелердің қайсысы анағұрлым болуы мүмкін?


--Жатырдың мойын бөлімінен жоғары ұрық жолдас
--Ұрық жолдастың ажырауы
--Кеңейген жатыр мойнында гестациялық қапшық
--Ретроплацентарлы гематома
--Мембраналық кіндікті тамырлар
{@A@}

10. ***Қайта босанушы 32 жаста, 20 апталық мерзімде есепке тұрған. Анамнезінен- екінші-жүктілік, 1-ші жүктілік өздігімен босану, асқынусыз. Созылмалы аурулары жоқ. Объективті: ДМИ- 32кг/м2. Тексеру барысында гликемия 6.2 ммоль/л. Айтуы бойынша қандағы қантты 1 жыл алдын тексерген. Бұл жағдайда бала үшін ең ықтимал болжам қандай?


--үлкен ұрықтың жоғары қаупі
--құрсақішілік өсудің кідіру ықтималдығы
--туа біткен жүрек ауруының жоғары қаупі
--туылған кезде салмағы 2500 г-дан аз болу ықтималдығы
--ерте босану қаупі жоғары
{@A@}

11. ***28 жастағы алғашқы жүкті әйел әлсіздік, бас ауруы, оң жақ бел аймағында ауырсыну, дене қызуының жоғарылауына шағымданды. Жүктілік мерзімі 12 апта.Объективті: жағдайы орташа ауырлықтағы, Т 38°С, пульс 92 рет / мин, АҚҚ 120/80 мм рт ст. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Оң жақта бел аймағында ұрғылау симптомынан ауырсыну анықталды. Зәр шығару ауру сезімсіз. ЖЗА: лейкоциттер көру алаңында 20-30, бактериялар +++. Қандай антибиотикті тағайындау тиімді болады?


--Жартылай синтетикалық пенициллиндер
--Аминогликозидтер
--Макролидтер
--Нитрофурандар
--Фторхилондар
{@A@}

12.***Қайтадан босанушы 32 жаста, 30 апталық жүктілікте жалпы әлсіздік, бас айналуы, тез шаршағыштыққа шағымданады. Обьективті: тері жамылғылары бозғылт, арықтау және тырнағының сынғыштығы байқалады. Пульс 86 рет минутына, АҚҚ 100/60 мм.рт.ст. Жатыр өлшемдері жүктіліктің уақытына сәйкес келеді. Жүрек соғысы анық, ырғақты 140 рет минутына. Мүмкін болатын болжама диагноз қандай?


--Темир тапшылықты гипохромды анемия
--Апластикалық анемия
--Преэклампсия
--Артериальды гипотония
--В 12 витамин жеткіліксіз анемия
{@A@}

13. ***Науқас 32 жаста, шағымдары ішіндегі ауру сезімі, дене қызуының жоғарылауы 38,0 0С, жалпы әлсіздік. Жыныс аймағынан бөліндінің болуы. Анамнезінен 5 күн алдын жатыр қуысын қыру арқылы түсік жасатқан. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, пульс 100 рет минутына, АҚҚ 110/70 мм.рт.ст. Гинекологиялық тексеріс кезінде: жатыр өлшемдері қалыпты, консистенциясы жұмсақ, жатыр қосалқылары екі жағынан да анықталмайды, қынап күмбездері терең. Қанда: лейкоцит- 15,2х109/л, ЭТЖ - 45 мм/сағ. Болжама диагноз қандай?


--эндометрит
--параметрит
--сальпингоофорит
--пельвиоперитонит
--эндоцервицит
{@A@}

14. ***Науқас 29 жаста, отбасына жоспарлау кабинетінде, сенімді контрацепция әдісін қолданғысы келеді. Жүктілікті 3 жылдан бері жоспарлап жүр. Анамнезінен: етеккір функциясы бұзылған жоқ. Жүктілік -1, босану -1. Қосымша аурулар: аурамен мигрень. Зиянды әдеттер жоққа шығарады.Қандай контрацепция әдісі науқас үшін қолайлы?


--жатырішілік контрацепция
--барьерлік
--күнтізбелік
--Қос голландық
--комбинирленген оральды контрацептивтер
{@A@}

15. ***Отбасын жоспарлау кабинетіне жас әйел, бір ай бұрын жатыр қосалқыларының қабынуынантүсік тастау шағымымен келді. Спираль қоюды қалайды. Төменде көрсетілген қандай ауру кезінде жатырішілік контрацептиттерді қолдануға болмайды?


--кіші жамбас ағзаларының жедел және созылмалы ауруларында.
--Гениталді аймақтың ішкі бөлігінің жедел және өткір ауруларында
--Біріншілікті сифилис кезінде
--Зәр шығару жүйесінің созылмалы ауруларында
--Зәр шығару жүйесінің аномалды өсінділерінде.
{@A@}

16. ***26 жасар әйел, жүктіліктің 27-28 аптасында. Бақылау барысында ісіну ,саусақтарының ұлғаюынн науқас сақинасын шешті. АҚ сол қолында 150/80, оң қолында 135/75. Жалпы несеп талдауында ақуыз 0,33 г/л, лейкоциттер 10 п/зр дейін, эритроциттер 2-3 п/зр. Осы тізімдердің қайсысы әйелде көрсетілген жағдайда дамыған?


--Преэклампсия
--Жүктіліктегі пиелонефрит
--Жедел гломерулонефрит
--Созылмалы гломерулонефрит, асқынған
--Вегетативтік-тамырлық дистония
{@A@}

17. ***29 жастағы әйелде 14-15 апта жүктілік. Бір апта бұрын ауырған- дене температурасы -37 С, ринорея байқалған, құрғақ жөтел. Екі күн бұрын жағдайы күрт төмендеген- демікпенің пайда болуы, жөтел күшейген, температура 38,5 0С. Объективті төменгі сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде сырылдар терең дем алуда байқалады. Жалпы жағдайы төмен. Ауруханаға жатудан бас тартты. Қандай емдік қағида мақсатты түрде дұрыс ?


--амоксициллин
--гентамицин б\е
--левофлоксацин
--азитрамицин
--метронидазол
{@A@}
18. ***Әйел 32 жаста, жүктілік бойынша кеңес алуға қаралды. Жүктіліктің 28 аптасында терінің қышуына, соның салдарынан нашар ұйқысыздық, әлсіздік, жеңіл лоқсу шағымдарымен келді. Қанның биохимиялық талдауларының көрсеткіші: АЛТ-56Ед/л, АСТ-42ЕД/л, жалпы билирубин -12,4 ммоль/л, қышқылды фосфотаза - 480Ед/л. HBsAg маркерлі диагностикасы-теріс, a-HBcore LgG-теріс, HBeAg-еріс, a-HBe –еріс, ati-HCV IgМ-еріс, anti-CV IgG- ерісй. Сіз қандай диагноз қоясыз?
--жүктілік холестазы
--қабынған созылмалы холецистит
--созылмалы гепатит вирусы
--жүктілік гепатозы
--жүктіліктің бұл кезеңінде қалыпты жағдай
{@A@}
19. ***32 жасар әйелде бірінші жүктіліктің 26-27 аптасы. Кезекті тексеріс кезінде гликемия 6,2 ммоль/л. 2 жыл бұрын қандағы қанттың мөлшері – 5,2 ммоль/л. болған . Осы жағдайда балаға қандай диагноз қою мүмкіндігі жоғары
--Үлкен ұрық болу қаупінің жоғары болуы
--Жатырішілік дамуының бәсеңдеу мүмкіндігі
--ВПС дамуының жоғару мүмкіндігі
--Туылғанда 2500 гр төмен туылуы
--Жүктіліктің ерте болу мүмкіндігі
{@A@}

20.
***Жүкті әйел, 25 жаста, гестация мерзімі 5-6 апта. Шағымдары: дәбеттің жоқтығы, жүрегі айну, тамақ тұтынуға байланыссыз тәулігіне 6 дан 10 ретке дейін құсу, 1,5 апта ішінде 1,5 кг салмақ тастау. Бірінші жүктілік. Жалпы жағдайы орташа дәрежелі. Дене температурасы 370С. Пульс минутына 100 соққы, ырғақты, толығу мен кернеуі қанағаттандырылған. АҚ 100/60 мм с . б. Тәуліктік диурез 850 мл. ЖНА (ОАМ): күңгірт-қоңыр түсті, мөлшері 80 мл, Кетондық денелер ++. Құрсақ қуысы УДЗ: жатыр денесі anteflexio, өлшемдері 72х86х73 мм. Жатыр қуысында өлшемі СВД 9 мм болып келген бір ұрық жұмыртқасы көрінеді, бұл 5 аптаға сәйкес келеді. Сарыуыз қапшығы 3 мм СБ(+). Миометрия тонусы қалыпты. Жіктелуге байланысты болжамды диагнозды атаңыз:


--Жүктіліктің 5-6 аптасы. Жүкті әйелдің құсу дәрежесі орташа
--Жүктіліктің 5-6 аптасы. Жүкті әйелдің құсу дәрежесі жеңіл
--Жүктіліктің 5-6 аптасы. Жүкті әйелдің құсу дәрежесі ауыр
--Жүктіліктің 5-6 аптасы. Жүкті әйелдің құсу дәрежесі өте ауыр
--Жүктіліктің 5-6 аптасы. Жүкті әйелдің құсу дәрежесі ауыр бірқалыпты
{@A@}

21. ***Жүкті әйел И., 27 жаста, жүктіліктің 33-34 аптасында. Шағымдары: аяғының табаны мен балдыр аймағының ісінуі. Бірінші жүктілік. Созылмалы пиелонефрит диагнозымен нефрологтың Д есебінде тұр. Салмақ қосу 14 кг құрады, соңғы аптады - 1,0 кг. Жалпы жағдайы қанағаттандырылған. Тері жабындыларымен көзге көрінетін шырышты қабықшалары реңі әдеттегідей. Пульс минутына 64 соққы, толығу мен кернеу қанағат жағдайда. АҚ 120/80 және 115/80 мм.с.б. Жатыр тонусы қалыпты жағдайда. Нәресте тігінен орналасқан, басымен жатырға қарай жатыр, кіші жамбас кіреберісі қозғалмалы. Нәресте тондары анық, ырғақты, минутына 140 соққы. Аяқтары ісінген. Несеп сараптамасында: түсі ашық сары, мөлшері 150 мл, мөлдір, салмағы 1014., ақуыз - жоқ, глюкоза - жоқ, эпителий - 1-2, Лейкоциттер - бірлік, Эритроциттер - жоқ, Бактериялар - жоқ.


--Жүктіліктің 33-34 аптасы. Ісіну жүктіліктің салдарынан.
--Жүктіліктің 33-34 аптасы. Созылмалы веноздық жетіспеушілік.
--Жүктіліктің 33-34 аптасы. Созылмалы жүрек жетіспеушілігі.
--Жүктіліктің 33-34 аптасы. Лимфостаз.
--Жүктіліктің 33-34 аптасы. Нефротикалық ісіну.
{@A@}
22. ***Жүкті әйел 28 жаста, гестация мерзімі 35 апта. Анамнезден: осы жүктілік - 2ші, 1-ші жүктілік қалыпты өткен, тірі баланы босанумен аяқталған. Қарау барысында жүктіліктің 34 аптасында іштің көлдеңнен-сопақша пішіні анықталған, жатыр түбі төмен орналасқан. Сыртқы акушерлік қарау және қынаптық зерттеу барысында нәрестенің орналасу бағыты анықталмаған. Аускультация кезінде нәрестенің жүрек қағысы кіндік маңында естіледі. Осы сәттегі қарау барысында іштің көлдеңнен-сопақша пішіні және жатыр түбінің төмен орналасуы сақталған. Сыртқы акушерлік қарау және қынаптық зерттеу барысында нәрестенің орналасу бағыты анықталмаған. Аталғандардың ішінен қайсысын істеу қажет?
--37-38 аптасында босану стационарына жолдау
--амбулаторлық кезеңде нәрестені сыртқы айналдыру жасау
--босанғанға дейін аптасына 2 рет бақылау
--жедел кесар тілігін жасауға жолдау
--эмбриотомия
{@A@}
23. ***Жалпы практика дәрігеріне 34 жастағы пациент бастың ауруы, ашушаңдық, шөлдеу шағымджарымен қабылдауға келді. Анамнезінде: бедеулік. Объективті: дене массасының индексі 30, гипертрихоз, іш пен арқада жолақтар, АҚ 164/98 мм.с.б. Қосымша диагностикалық зерттеу нәтижесінде битемпоральді гемианопсия анықталды, плазмадағы глюкоза 7,8 ммоль/л. Аталған симптомдар жиынтығы қандай ауру туралы ой келеді?
--Гипофиз аденомасы.
--Штейн—Левенталь синдромы.
--Қантты диабет
--II дәрежелі артериалды гипертензия
--Асқынуы бар II-дәрежелі семіздік
{@A@}
24. ***Аяғы ауыр 28 жасар әйел емханадағы дәрігеріне ішінің төменгі жағының тартып ауыратынына шағымданып келді. Анамнезінде жатырдың төменгі бөлігіне 3 рет кесарь тілігі жасалған. Жағдайы қанағаттанарлық. Жатыры тітіркенгіш, толғақ жоқ. Іштегі нәрестенің жүрек соғуы анық, ырғақты, минутына 140 соққы. Жатырдың тыртық аймағын пальпациялағанда ауырады. Жыныстық жолдарында патологиялық бөлінді жоқ.Қандай тәсіл негізді саналады:
--3-деңгейлі перзентханаға жіберу
--4 сағат амбулаториялық бақылау
--тұрақты толғақ басталғанша үйіне қайтару
--2-деңгейлі перзентханаға жіберу
--акушерия және гинекология ҒЗИ жіберу
{@A@}
25. ***Емхана дәрігеріне 28 апталық гестация мерзімінде жүкті әйел қаралды. Анамнезінде 3 жүктілік, 1-ші жүктілік – жатырдан тыс жүктілік, оң жақтық тубэктомия, 2-ші жүктілік – өздігінен болған түсік, жатыр қуысы қырналған, 3-ші жүктілік – осы жүктілігі. Аймақтандыру бұйрығына сәйкес әйелді қандай деңгейге жіберу керек
--III деңгей
--II деңгей
--I деңгей
--IV деңгей
--V деңгей
{@A@}
26. ***Антенатальды бақылау бойынша дәлелдік ұсыныстарға сәйкес, жүкті әйелді тексеру кезінде әр қабылдауда қандай манипуляция жасау керек?
--АҚҚ өлшеу
--Іштің айналасын өлшеу
--Жүкті әйелдің салмағын өлшеу
--Пельвиометрияны
--Ұрықтың қимылдауын есептеу
{@A@}

27. ***Қайта босанушы М., 24 жаста, жүктіліктің 39 аптасы. Ұрықтың болжамды салмағы 3300 г. Жамбас өлшемдері қалыпты. Жатыр түбінде ұрықтың басы анықталады, сол жақтан арқасы пальпацияланады. Бөксемен келген, кіші жамбас кіреберісіне тірелген. Ұрықтың жүрек қағысы минутына 140 рет, анық, сол жақта кіндіктен жоғары. Шарана айналасындағы су тұтас. 3 минут сайынға толғақ ұзақтығы 40-45 секунд. Қынаптық тексерулер: жатыр мойны тегістелген, жатыр аңқасының ашылуы 7- 8 см, бөксесі кіші жамбас кіреберісіне тірелген, сезізкөз сол жақта және алдында, омыртқа аралық сызық сол жақ қиғаш өлшемде. Ұрық қабы бүтін. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің 2018 жылдың 16 сәуіріндегі №173 бұйрығына сәйкес перинаталды көмекті аймақтандырудың қандай деңгейінде жүкті әйелді жатқызуға болады?


--1 деңгей
--2 деңгей
--3 деңгей
--4 деңгей
--5 деңгей
{@A@}
28. ***22 жастағы әйел адам, гестация кезеңі 9-10 апта, ауруының 7-ші күні жұқпалы аурулар бөлімшесіне түскен. Шағымдары: құрғақ жөтел, жарықтан қорқыныш, әлсіздік, денесіндегі бөртпе, дене қызуының жоғарылауы. Ауруының 4-ші күні алдымен бетінде, одан кейін мойынында, кеудесінде және қолдарында бөртпе пайда болған. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, температура 39,00С, склерит, конъюнктивит, ауыз-жұтқыншағында өзгерістер жоқ. Бетінде, денесінде, аяқ-қолдарында көптеген, бірі-бірімен қосылған, дақты-папулезді бөртпе байқалады. Әйелмен вирустың ұрыққа жасайтын әсері туралы сұхбат жүргізілді. Жүкті әйелді жүргізудің қай тактикасы ең дұрыс болып табылады?
--12 апта мерзіміне дейін әйелдің келісімі бойынша жүктілікті үзу
--жүктілікті сақтау
--жүктілікті үзу
--қай кезең болса да медициналық көрсеткіштер бойынша жүктілікті үзу
--12 аптадан астам мерзімінде медициналық көрсеткіштер бойынша жүктілікті
{@A@}

29. ***Жүкті әйел 32 жаста, жүктілік мерзімі 31 апта, перзентханаға жеткізілді. Бас ауруы, эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. АҚ 140/110 мм сын. бағ., зәрдегі бір реттік белок 2,0 г / л. Тексеру кезінде жүкті әйел үздіксіз болған тырысулар, жоғарыдан төмен қарай таралатын бір-бірінен кейінгі құрысулар, аяқтары мен қолдарын күрт қозғалта бастады.


Қандай әрекеттер ЕҢ ықтимал?
-- Диазепаммен седация бастау
-- Оттегін 4-6 л / мин жылдамдықпен беріңіз
-- Перинаталды орталыққа жедел түрде госпитализациялау
-- Ұстамадан кейін магнезиялық терапияны бастаңыз
-- Ұстамадан кейін гипотензивті терапия, диазепаммен седация бастаңыз
{@D@}

30. ***Жүктілік мерзімі 35 апта болатын 23 жастағы жүкті әйел бас ауруы, жүрек айну, құсу шағымдарымен келіп түсті. Диагноз қойылды: Преэклампсияның ауыр дәрежесі. Объективті: жатыр жүктіліктің 35 аптасына сәйкес келеді, ұрықтың жүрек соғысы айқын, ырғақты, минутына 140 соққы. PV: жатыр мойны "жетілген", басымен келген.


ЕҢ ыңғайлы емдеу тактикасы қандай?
-- Мерзімінен бұрын табиғи босану жолдары арқылы босану
-- Мерзімінен бұрын жедел босану
-- Алдын ала ұрықтың СДР алу , содан кейін табиғи босану жолдары арқылы босандыру
-- Алдын ала ұрықтың СДР алу, содан кейін жедел босану
-- Жүктілікті 38 аптаға дейін ұзартыңыз
{@A@}

31. ***Жүктілік мерзімі 36 апта болатын 22 жастағы жүкті әйел жүрек айну, құсу шағымдарымен жүгінді. Диагноз қойылды: Преэклампсияның ауыр дәрежесі. Объективті: жатыр жүктіліктің 36 аптасына сәйкес келеді, ұрықтың жүрек соғысы айқын, ырғақты, минутына 140 рет. PV: жатыр мойны "жетілмеген", жамбаспен келіп тірелген.


ЕҢ ыңғайлы емдеу тактикасы қандай?
-- Мерзімінен бұрын табиғи босану жолдары арқылы босану
-- Мерзімінен бұрын кесар тілігі арқылы босану
-- Алдын ала ұрықтың СДР алу , содан кейін табиғи босану жолдары арқылы босандыру
-- Алдын ала ұрықтың СДР алу, содан кейін жедел босану
-- Жүктілікті 38 аптаға дейін ұзартыңыз
{@B@}

32. ***Жүктілік мерзімі 32 апта жүкті әйел төменгі аяғында, ішінің алдыңғы қабырғасында ісінуді, бас ауруын байқайды. Объективті: жағдайы ауыр, қан қысымы 160/110 мм.сын. бағ.165/100 мм.сын. бағ. Пульс минутына 90 рет, анасарка. Жатыр жүктіліктің 30 аптасына сәйкес келеді, қозбаған. Ұрықтың орналасуы тігіннен, баспен жатыр. Ұрықтың жүрек соғысы қалыпты, минутына 136 соққыға дейін ырғақты.


Бұл жағдайда ЕҢ қолайлы тактика қандай?
-- ОРИТ-ке жатқызу, ұрықтың СДР алдын алу, 24-48 сағат ішінде мерзімінен бұрын босану
-- Жүктілік патологиясы бөлімінде преэклампсияны емдеу
-- 7 күн ішінде ОРИТ жағдайында преэклампсияны емдеу
-- Амбулаториялық бақылауды 2 апта жалғастырыңыз
-- Күндізгі стационарда ауруханаға жатқызу және емдеу
{@A@}

33. ***Босанғаннан кейінгі ерте кезең. Қан жоғалту 250,0 мл және жалғасуда. Жатыр кіндік деңгейінде, жұмсақ. Сыртқы массаждан кейін жатыр жиырылады, бірақ содан кейін қайтадан босаңсыды. Қан жоғалту 400,0 мл, әйел бозарған, басы айналу, АҚ 90/50 мм сын.бағ., пульс минутына 100 соққы.


Босанушыны жүргізудің ЕҢ қолайлы алғашқы тактикасы қандай?
-- қан құюды бастаңыз
-- көктамыр ішіне окситоцин енгізіңіз
-- хирургиялық гемостаз
-- жатыр қуысын қолмен тексеру
-- бимануальды компрессия
{@B@}
34. ***Ауыр преэклампсиясы бар жүкті әйел 33 аптасында қалыпты орналасқан бала жолдасының мерзімінен бұрын бөлінуі көрініс берді. Ұрықтың жүрек соғысы естіледі, қалыпты.
Дәрігердің қай тактикасы ЕҢ орынды?
-- қарқынды терапия және босануды қоздыру
-- босануды табиғи босану жолдары арқылы жүргізу
-- шұғыл түрде спазмолитиктер мен токолитиктерді қолдану
-- кесар тілігі операциясы
-- ұрықтың гипоксиясының алдын алу мақсатында тамыр ішіне актовегин енгізу
{@D@}

35. ***Гинекологиялық бөлімге іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну, жыныс жолдарынан іріңді-қанды бөліністер, температураның 38 °C дейін көтерілуі туралы шағымдары бар науқас түсті. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза. Жатыр мойны каналында спиральдың сымды жіптері, іріңді дақтар бар. Пальпация кезінде: жатыр біршама үлкейген, күрт ауырсыну байқалады, қозғалғыштығы шектеулі. Қосымшалар анықталмайды, күмбездер терең, ауырсынулы.


Аталған диагноздардың ҚАЙСЫСЫ осындай көрініспен бірге жүруі мүмкін?
--пельвиоперитонит
--параметрит
-- ЖІС енгізу кезінде жатырдың перфорациясы
--сальпингоофорит
--эндометрит
{@E@}

36. ***Науқас Б., 30 жаста, мәжбүрлі жағдайды қабылдауға, дене температурасының 37,8°С-38,5°С және одан жоғары көтерілуіне, қалтырауға әкелген өткір қарқынды ауырсынуға шағымданған. Гинекологиялық тексеру кезінде: жатыр мойынын қозғалту кезінде қосымшалар аймағында ауырсыну байқалады-пальпация кезінде екі жақты ауырсыну. Қан анализінде лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы.


ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
--жедел эндометрит
--жедел сальпингоофорит
--параметрит
--пельвиоперитонит
--пиосальпинкс
{@B@}

37. ***Іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну белге, сегізкөзге беріледі, дене температурасының 38°C-39°C дейін көтерілуі, тахикардия, қынаптық зерттеу кезінде жатырдың қатты ауыруы, жатырдың сау бағытқа ауытқуы, оны инфильтраттан бөлу мүмкін емес, ол тығыз әрі қозғалмайтын.


Осы клиникалық көрініс ЕҢ ықтимал тән болатын жағдай?
-- тубоовариалды түзіліс
-- жедел эндометрит
-- параметрит
-- жедел сальпингоофорит
-- пельвиоперитонит
{@C@}

38. ***Жүкті әйел, 24 жаста, 27/Х 2009ж клиниканың гинекологиялық бөліміне жыныс жолдарынан жағынды түріндегі қанды бөліністер шағымдарымен түсті. Іші жұмсақ, ауыртпалықсыз. Айнада қараған кезде - қынаптың және жатыр мойнының шырышты қабаты көкшіл. Жатырдан қою түсті жағынды түріндегі қанды бөліністер. Anteflexio-versio-дағы жатыр, 7-8 апталық жүктілікке дейін ұлғайған, жатырдың оң жағында жұмсақ серпімді түзіліс анықталады, жатырдың оң жақ бұрышына жақын орналасқан, аздап ауырады.


ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
-- оң жақ түтікті жүктілік
-- сол жақ түтікті жүктілік
-- ерте өздігінен түсік қауіпі
-- кеш өздігінен түсік қауіпі
-- түтіктің жыртылуымен оң жақ түтіктік жүктілік
{@A@}

39. ***Жүкті, 27 жаста, клиникаға жеткізілді. Ол өзін жүкті деп санайды, санасы бар, сұрақтарға бір буынды жауап береді. Тері және көрінетін шырышты қабаттар бозғылт, маңдайда суық тер бар. Пульс 1 минутта 130 соққы, әлсіз толуымен, жиі, нашар есептеледі. Қан қысымы 70/50 мм сын. бағ. іш біркелкі ісінген, перистальтика жоқ. Іштің қабырғасын пальпациялау кезінде іш бұлшықеттерінің айқын кернеуі байқалады, пальпация кезінде күшейеді. Сыртқы қан кету жоқ. Нв = 51 г / л, Эр 3 000 000, лейкоциттер 56 00.


ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
-- үзілген эктопиялық жүктілік, геморрагиялық шок 1 дәреже.
-- үзілген эктопиялық жүктілік. Геморрагиялық шок 3 дәреже.
-- жедел сальпингоофорит
-- өздігінен түсік қаупі
-- аналық бездің апоплексиясы
{@B@}

40. ***Науқас, 28 жаста, іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауырсыну және етеккірдің 14 күн кешігуімен жыныс жолдарынан аз мөлшерде қою түсті қанды бөліністерге шағымданып келді. Жағдайы қанағаттанарлық, гемодинамикасы тұрақты. Айналарда: қынаптың және жатыр мойнының шырышты қабығының цианозы, аз мөлшерде қою қоңыр түсті қанды бөліністер. PV: жатыр қалыптыдан үлкен, ауыртпалықсыз. Сол жақта қосымшалар аймағында консистенциясы қамыр тәрізді түзіліс анықталады, ауырады. Оң жақта қосымшалар анықталмайды. Артқы күмбез қалыңдаған, ауырады.


ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
-- толық емес түсік
-- жатырдан тыс жүктілік
-- аналық без кистомасы
-- эндометрит
-- жедел сол жақтық аднексит
{@B@}

41. ***Науқас К, 29 жаста, іштің төменгі бөлігіндегі тік ішекке берілетін толғақ тәрізді ауырсынуларға, жыныс жолдарынан аз мөлшерде қанды бөліністерге шағымданып түсті. Шағын түсік жасатқаннан кейін 2-ші күні ауырып қалды. Жағдайы қанағаттанарлық, пульс минутына 78 соққы, қан қысымы 115/70 мм сын.бағ. айнада: қынап пен жатыр мойнының шырышты қабығының цианозы, бөлінді қанды, аз. PV: жатыр қалыптыдан үлкен, қозғалмалы, ауыртпалықсыз. Оң жақта қосымшалар аймағында айқын контурсыз, қамыр тәрізді консистенциялы түзіліс анықталады, ауырсынулы. Артқы күмбез қалыңдатылған, ауырады.


ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
-- жедел метроэндометрит
-- жатырдың созылмалы қабынуының өршуі
-- жатырдан тыс жүктілік
-- ұрық жұмыртқасының қалдықтары
-- жедел оң жақтық параметрит
{@C@}

42. ***Науқас 33 жаста, жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Науқастың есі бар, бірақ айналасындағыларға әлсіз жауап береді. Анамнезінде етеккірдің 6 аптаға кешігуі бар. Тері және көрінетін шырышты қабаттар бозғылт, маңдайда суық тер бар. Пульс минутына 140 соққы, әлсіз толтыру. Қан қысымы ,0/40 мм сын. бағ. іші ісінген, перистальтика жоқ. Іштің қабырғасын пальпациялау кезінде іш бұлшықеттерінің кернеуі байқалады, пальпация кезінде күшейеді. Сыртқы қан кету жоқ. Нв 66г / л.


Алдын ала диагноздың ЕҢ ықтималы қандай?
-- жатырдан тыс жүктілік, геморрагиялық шок 3 дәрежесі.
-- эктопиялық жүктілік, геморрагиялық шок 2 дәрежесі.
-- аналық бездің апоплексиясы, геморрагиялық шок 3 дәрежесі.
-- аналық без кистасының жарылуы, геморрагиялық шок 3 дәрежесі.
-- басталған түсік, геморрагиялық шок 2 дәрежесі.
{@A@}

43. ***24 жастағы жүкті әйел эпигастрий аймағындағы ауырсыну туралы шағымдармен жүгінді. Тексеру кезінде: жүктілік 31-32 апта. Қан қысымы 160/110 мм. сын.бағ.ст., іштің, төменгі аяқтың ісінуі. Қайнаған кезде зәр лайлы.


ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
-- Жүктілік 31-32 апта. Гестациялық гипертензия
-- Жүктілік 31-32 апта. Жеңіл Преэклампсия
-- Жүктілік 31-32 апта. Артериялық гипертензия
-- Жүктілік 31-32 апта. Ауыр Преэклампсия.
-- Жүктілік 31-32 апта. Эклампсия
{@D@}

44. ***Жүкті әйел 29 жаста 38 апталық жүктілік мерзімімен эпигастрий аймағындағы ауырсыну, жүрек айну, құсу туралы шағымдармен жүгінді. Объективті: Қан қысымы 170/110 мм. сын.бағ., іштің, аяқтың ісінуі, беттің пастоздығы. ЖЗА-да ақуыз 3 г/л құрайды.


ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
-- Жүктілік 38 апта. Гестациялық гипертензия
-- Жүктілік 38 апта. Жеңіл Преэклампсия
-- Жүктілік 38 апта. Ауыр Преэклампсия.
-- Жүктілік 38 апта. Эклампсия
-- Жүктілік 38 апта. Жедел гастрит
{@C@}

45. ***Жүкті әйел 30 жаста 35 апталық жүктілікпен, қабылдау кезінде қан қысымы 140/90 мм.сын. бағ. анықталды. Шағымдары жоқ. Объективті: ісіну жоқ. ЖЗА-де ақуыз жоқ.


ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
-- Жүктілік 35 апта. Гестациялық гипертензия
-- Жүктілік 35 апта. Жеңіл Преэклампсия
-- Жүктілік 35 апта. Ауыр Преэклампсия.
-- Жүктілік 35 апта. Созылмалы гипертензия
-- Жүктілік 35 апта. Созылмалы гломерулонефрит
{@A@}

46. ***Жүктілік мерзімі 9 апта жүкті әйел күніне 15 рет құсуға шағымданады. Объективті: қан қысымы 90/60 мм сынап бағанасы, пульс минутына 96 рет, диурез өзгерген жоқ, қалдық азот пен креатинин қалыпты. Зәрде ацетон +бар.


ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
-- Жүктілік 9 апта. Ауыр дәрежелі жүкті әйелдердің құсуы.
-- Жүктілік 9 апта. Орташа дәрежелі жүкті әйелдердің құсуы
-- Жүктілік 9 апта. Жеңіл дәрежелі жүкті әйелдердің құсуы
-- Жүктілік 9 апта. Жедел холецистопанкреатит
-- Жүктілік 9 апта. Дизентерия, энтероколит.
{@A@}

47. ***Перзентханаға жүкті әйел жүктіліктің 35-36 аптасында әлсіздік, жыныс жолдарынан көп мөлшерде қан кету туралы шағымдармен келді. Анамнезінде: 4 медициналық түсік, соңғысы метроэндометритпен асқынған, бұл жүктілік бесінші. Объективті: тері бозғылт, қан қысымы 90/60 мм сынап бағанасы, пульс минутына 96 рет, жатыр қозғыш емес, ұрықтың орналасуы бойлық, басы кіші жамбастың кіреберісінен жоғары, ұрықтың жүрек соғысы минутына 140 соққы. Айнамен қарағанда: қанды бөліністер.


ЕҢ ықтимал алдын ала диагноз қандай?
-- Жүктілік 35-36 апта. Плацентаның жатуы. Қан кету. 1 дәрежелі геморрагиялық шок
-- Жүктілік 35-36 апта. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын бөлінуі.
-- Жүктілік 35-36 апта. Қынаптың варикозды кеңейген тамырларынан қан кету
-- Жүктілік 35-36 апта. Басталған жатырдың жыртылуы.
-- Жүктілік 35-36 апта. Плацентаның жатуы.
{@A@}

48. ***Перзентханаға жедел жәрдем бригадасымен 26 жастағы жүкті әйел, 36 апта жүктілік мерзімінде, оң жақ қабырға астындағы ауру сезімі шағымдарымен жеткізілді. Объективті: жағдайы ауыр, терісі мен склерасы сарғайған. АҚ 140/90 мм. сын.бағ., пульс – минутына 92 соққы. жатыр қозғыш емес. Ұрықтың жүрек соғысы айқын, ритмді, минутына 140 соққы. Аяқтарда, іште ісіну бар. Зәр шығару азайған, зәр қою түсті. ЖҚА: Hb-72 г/л, тромбоциттер - 90х109/л. биохимиялық қан анализі: АЛТ-85ХБ/ л, АСТ– 87 ХБ/л. ЖЗА: ақуыз 0,03 г/л.


Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
-- HELLP синдромы
-- вирустық гепатит
-- ауыр дәрежелі преэклампсия
-- жедел майлы гепатоз
-- жүкті әйелдердің холестазы
{@A@}

49. ***Ауыр преэклампсияны диагностикалалық критериилерін көрсетіңіз:


--Диастолалыққан қысымы >90mmHg Систолалыққан қысымы >140mmHg, 200мг немесе одан көп протеинуриямен
-- Диастолалыққан қысымы >100mmHg Систолалыққан қысымы >160mmHg, протеинуриясыз
-- Диастолалық қан қысымы >90mmHg Систолалық қан қысымы >140mmHg , протеинуриясыз
-- Диастолалыққан қысымы {--} 80 mmHg Систолалыққан қысымы {--}120 mmHg, 300мг немесе одан көп протеинуриямен
-- Диастолалыққан қысымы >100mmHg Систолалыққан қысымы >160mmHg, 300мг немесе одан көп протеинуриямен
{@E@}

50. ***БМСК қабылдауына жүкті әйел жүрек айну, үйінде бір реттік құсуға шағымданып келді. Алғашқы жүктілік, есепте 10 аптадан бастап тұрады. 2 күн бойы жағдайының нашарлағанын айтады. Жағдайы орташа ауырлықт АҚҚ 150/100 мм.сын.бағ., пульс-86 соңғы/мин. Жатыр жүктіліктің 35 аптасына сай. Ұрық басымен келген, жүрек соңғысы анық, ретті 140 соңғы/мин. қарау кезінде аяқтарында және алдыңғы құрсақ қабырғасында ісінулер бар. Зәр анализінде протеинурия 0,9г/л. Клиникалық жағдайды анықтай отырып медициналық көмек көрсетудің деңгейіне госпитализациялау қажеттігін көрсетіңіз:


-- Екінші деңгейге, себебі гипертензия 150/100мм.с. және протеинурия 0,9г/л
-- Екінші деңгейге, себебі гипертензия 150/100мм.сын.бағ., протеинурия 0,9г/л және ісінулер
-- Үшінші деңгейге, себебі гипертензия 150/100мм.сын.бағ., протеинурия 0,9г/л және жәрек айну мен құсу шағымдары
-- үшінші деңгейге, себебі гипертензия 150/100мм.сын.бағ., протеинурия 0,9г/л және ісінулер
-- Екінші деңгейге, себебі гипертензия 150/100мм.сын.бағ. және протеинурия 0,9г/л, жүктіліктің 35 апта мерзімінде
{@C@}

51. ***БМСК қабылдауына жүкті әйел ішінің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауырсынуға шағымданып келді. Екінші жүктілік. Д есепте жүктіліктің 7 аптасынан бастап тұрады. Біріеші жүктілікті 28 аптасында мерзімінең бұрын босанған. Жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 120/70мм.сын.бағ., пульс- 78 соққы/мин. Жатыр жүктіліктің 27 аптасына сай, толғақ ұзақтығы 15-20 секундтан, әр 15 минут сайын. ұрық басымен келген, жүрек соғысы анық, ретті 134 соққы/мин. Жатыр мойны Бишоп бойынша 10 балл. Клиникалық жағдайды анықтай отырып медициналық көмек көрсетудің деңгейіне госпитализациялау қажеттігін көрсетіңіз:


-- үшінші деңгейге, себебі жүктілікті? 29 аптасында жалған толғақ, жатыр мойны Бишоп бойынша 9 балл
-- Екінші деңгейге, себебі жалған толғақ бар, анамнезінде уақытынан бұрын босану
-- Екінші деңгейге, себебі жалған толғақ бар, анамнезінде уақытынан бұрын босану, жатыр мойны Бишоп бойынша 9 балл
-- үшінші деңгейге, себебі анамнезінде уақытынан бұрын босану
-- Екінші деңгейге, себебі жалған толғақ бар
{@A@}

52. ***20 жастағы әйел 2 ай көлемінде етеккірінің кідіруіне шағымданып келді. Анамнезінде: 13 жасында ревматизммен ауырған, 18 жасқа дейін дсипансерлік есепте тұрды. Баспамен ауырғаннан кейін 5 ай бұрын ревматизммен ауырған, стационарлық ем қабылдаған. Объективті: көзге көрінетін шырышты қабықтары мен тері жабындылары бозғылт, пульсі минутына 90 рет, АҚҚ 90/50 мм с. екі қолынд Аускультацияда жүрек ұшында дөрекі систолалық шуыл естіледі. Бимануалды зерттеу кезінде жатыры жүктіліктің 6-7 аптасына дейін үлкейген, жұмсақ, ауру сезімсіз. Диагнозыңыз:


-- Жүктіліктің 6-7 аптасы. Митралдық қақпақшаның жетіспеушілігі
-- Жүктіліктің 8-9 аптасы. Жүректің туа пайда болған ақауы
-- Жүктіліктің 10-11 аптасы. Ревматизм, Ревмокардит
-- Жүктіліктің 4-5 аптасы. Ревматизм, белсенді фазасы
-- Жүктіліктің 12-13 аптасы. Ревматизм, белсенді фазасы
{@A@}

53. ***Жүктілік кезінде жүрек-қантамыр жүйесінде мынандай өзгерістер болады:


-- айналымдағы қан көлемі көбейеді
-- жүректің минуттық қан лақтыру көлемі азаяды
-- жүрек лақтырысының көбейеді
-- жүректің минуттық қан лақтыру көлемі көбейеді
--жүрек лақтырысы азаяды
{@A@}

54. ***Жүктілік мерзімі 8-9 апта болатын жүкті әйел үнемі сілекей ағуына, салмақ жоғалтуына шағымданады. Объективті: гипотония, тахикардия минутына 110 ретке дейін, диурез төмендейді, қалдық азот пен креатинин жоғарылайды. Зәрде ацетон +++.


ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
-- Жүктілік 8-9 апта. Птиализм.
-- Жүктілік 8-9 апта. Жүкті әйелдердің остеопатиясы.
-- Жүктілік 8-9 апта. Ауыр дәрежелі жүкті әйелдердің құсуы
-- Жүктілік 8-9 апта. Жедел панкреатит
-- Жүктілік 8-9 апта. Дизентерия.
{@A@}

55. ***Жүктілік мерзімі 28 апта болатын жүкті әйелдің аяқтарында, іштің алдыңғы қабырғасында ісінуі байқалады. Бас ауруы, бас айналу жоқ, көру анық. Объективті: жағдайы ауыр, қан қысымы 160/110 және 165/100 мм сынап бағанасы, пульс минутына 90, анасарка. Жатыр жүктіліктің 28 аптасына дейін ұлғайған, қозғыш емес. Ұрықтың орналасуы бойлық, баспен келген. Ұрықтың жүрек соғысы айқын, минутына 136 соққыға дейін, ритмді.


ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
-- Жүктілік 28 апта. Созылмалы артериялық гипертензия.
-- Жүктілік 28 апта. Созылмалы гломерулонефрит
-- Жүктілік 28 апта. Ауыр Преэклампсия
-- Жүктілік 28 апта. Жеңіл Преэклампсия
-- Жүктілік 28 апта. Созылмалы пиелонефриттің өршуі
{@C@}

56. ***Босанушы әйелде босану кезінде жыныс жолдарынан қанды бөлінділер пайда болды. Босанушы әйел қобалжулы, пульс минутына 110 соққы, қан қысымы 90/60, жатыр гипертонуста, толғақтан тыс босаңсымайды. Брадикардия тенденциясымен ұрықтың жүрек соғысы минутына 100 ретке дейін төмендейді. Вагинальды зерттеу кезінде: жатыр мойынының ашылуы 2-3 см, басымен келген.


Қандай диагноз ЕҢ ықтимал?
-- Босанудың I кезеңі
-- қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын бөлінуі
-- босану әрекетінің дискординациясы
-- Босанудың I кезеңі, плацентаның жатуы
-- Босанудың II кезеңі
{@B@}

57.***Жүктілік 28 апта, іштің алдыңғы қабырғасында, төменгі аяқтарда ісіну. Қан қысымы 160\110 мм.сын. бағ.ст., 170\110 мм. сын. бағ., зәрдегі ақуыз 5,0 г\л.


ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
--Артериялық гипертензия
-- Жеңіл Преэклампсия
-- Жүкті әйелдердің ісінуі
-- Ауыр Преэклампсия
-- Гестациялық гипертензия
{@D@}
58. ***Жүкті әйел жүктіліктің 31-32 аптасында ес-түссіз жеткізілді. Үйде ұстамалар болған. Жағдайы ауыр, ес - түссіз. Қан қысымы 180\100 мм.сын. бағ.ст., Қан қысымы 190\110 мм.сын. бағ. жайылған ісіну. Ұрықтың жүрек соғысы айқын, ритмді минутына 140 соққы.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
-- Жүктілік 31-32 апта. Эпилепсия
-- Жүктілік 31-32 апта. Гломерулонефрит
-- Жүктілік 31-32 апта. Ауыр Преэклампсия
-- Жүктілік 31-32 апта. Эклампсия. Кома.
-- Жүктілік 31-32 апта. Жедел бүйрек жеткіліксіздігі
{@D@}

59. ***24 жастағы жүкті әйел эпигастрий аймағындағы ауырсыну туралы шағымдармен жүгінді. Тексеру кезінде: жүктілік 31-32 апта. Қан қысымы 160/110 мм. сын.бағ.ст., іштің, төменгі аяқтың ісінуі. Қайнаған кезде зәр лайлы.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
-- Жүктілік 31-32 апта. Гестациялық гипертензия
-- Жүктілік 31-32 апта. Жеңіл Преэклампсия
-- Жүктілік 31-32 апта. Артериялық гипертензия
-- Жүктілік 31-32 апта. Ауыр Преэклампсия.
-- Жүктілік 31-32 апта. Эклампсия
{@D@}

60. ~~Науқас, 22 жаста, іштің төменгі бөлігіндегі өткір ауырсыну, қалтырау, дене температурасының 38,5°C дейін көтерілуі, әлсіздік туралы шағымдармен ауруханаға түсті. Гинекологиялық зерттеулерде: іштің төменгі бөлігіндегі өткір ауырсыну, жатыр жұмсарған,қалыптыдан үлкендеу, пальпация кезінде қатты ауырсыну сезімі, қосалқылар аймағында ауырсыну, анамнезінен 10 күн бұрын 8 апталық медициналық түсік болғаны анықталды. Науқасты жүргізудің ЕҢ қолайлы тактикасы қандай?




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет