А. С. Иргалиев (қолы) (аты-жөні)


Әлеуметтік жұмыс педагогика және психологияның білім саласы ретінде



бет4/9
Дата17.06.2018
өлшемі0,95 Mb.
#43038
1   2   3   4   5   6   7   8   9

3. Әлеуметтік жұмыс педагогика және психологияның білім саласы ретінде.

Әлеуметтік жұмыс - өте жас білім саласы және оның қалыптасуы біткен жоқ. Көптеген гуманитарлық білімдер сияқты әлеуметтік жұмыста да әдіснамалық тұрғылар, өзіндік ғылыми білімі, әдістеме мен технологиялар, практикалық іс-әрекет тәжірибесі бар. Бұл тараулар өзара байланысты.

«Әдіснама» сөзі екі грек сөзі: методос және логос сөзінен құралады. Аударғанда таным тәсілі, білім жолы, білім алу жолы туралы білім, таным жолы туралы білім дегенді білдіреді.

Мамандардың айтуы бойынша әлеуметтік жұмыс практикасы құбылысын интерпретациялауда әлеуметтік жұмыс обьектісінің субьективтік факторларын бағалаумен байланысты тұрғылардың үш тобы бар.



Психологиялық бағытты тұрғыларда адамда бар ресурстарды реттеудің мүмкіндіктері жоғары бағаланады. Өмірлік қиын жағдаяттың пайда болуының себептерін психоанализ, гештальтпсихология, бихевиоризм және басқа да психологиялық теориялар адам психикасынан көреді. Сондықтан ол қажет ететін көмек психолого-педагогикалық сипатқа ие.

Әлеуметтік бағытты тұрғыларда әлеуметтік байланыстардың бұзылуын қоғамнан көреді, ал әлеуметтік жұмыстың негізгі обьектісі деп тұлғаның, отбасының, қоғамдастықтың дезадаптациясын тудыратын қоғамдық қатынастар жүйесін атайды. Әлеуметтік бағыттыға жүйелік тұрғыны, экологиялық жүйе тұжырымдамасын, әлеуметтік-радикальды модель т.б. жатқызады.

Кешендік бағытты тұрғылар индивидтің (топтың) қоғаммен өзара әрекет үрдісіне зейін аударады. С.И.Григорьев, Л.Г.Гуслякова әлеуметтік бағытты деп әлеуметтік жұмысты теориялық негіздеудің әлеуметтік-педагогикалық, когнитивтік, витальдық модельдерін атайды.

Бірақ аталған тұжырымдамалардың біреуі де әлеуметтік жұмыс феноменін толық ашпайды, дегенмен, әрбір тұрғы әлеуметтік қорғауға өзінің интерпретациясын енгізеді.

Әлеуметтік жұмысты ғылым ретінде анықтаудың бірнеше варианттары бар. Бұл астарда әлеуметтік жұмысты әлеуметтік функцияның бұзылуы жағдайында индивид, отбасы не қоғамдастықтың ішкі және сыртқы ресурстарын пайдалану үрдісінің заңдылықтары туралы ғылыми білім аумағы ретінде түсінеді.

Кез-келген ғылым жүйесінде обьект, пән, негізгі категориялар, заңдылықтар мен таным әдістері бар.

Ғылым ретіндегі әлеуметтік жұмыстың обьектісі индивид, отбасы немесе локальды социумның қоғаммен өзара әрекеті.

Ғылыми білімнің бұл саласының пәні – индивид, отбасы немесе локальды социумның қоғаммен өзара әрекетінің бұзылуының және қалпына келтірілуінің заңдылықтары.

Әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде пәнаралық ғылыми категориялар, басқа ғылымдардың категорияларын (әлеуметтану, психология, педагогика, экономика, медицина, юриспруденция) кеңіне қолданады. Сонымен бірге әлеуметтік жұмыстың ғылыми категориялары: қиын өмірлік жағдай, әлеуметтік көмек, әлеуметтік қорғау, әлеуметтік қызмет, әлеуметтік кепілдік т.б. бар.

Қазіргі әлеуметтік жұмыста социология, психология, экономика т.б. ғылым салаларының зерттеу әдістері кең қолданылады.

Әлеуметтік жұмыстағы ғылыми зерттеудің теориялық әдістеріне анализ, синтез, модельдеу т.б. жатады. Анализ – зерттелетін обьектіні элементтерге бөлшектеу, синтез – қарсы үрдіс, - элементтерді тұтас біріктіру, модельдеу – қандай да бір құбылысты, үрдісті, обьектілер жүйесін, процесстің модельдерін зерттеу және құру арқылы зерттеу.

Ғылыми зерттеудің эмпирикалық әдістері әлеуметтік жұмыста негізгі үш топ түрінде болуы мүмкін: сауалнама әдістері, бақылау, құжаттарды және клиенттердің іс-әрекетінің нәтижелерін зерттеу. Сауалнама әдістері жазбаша және ауызша сауалнама болып бөлінеді (анкеталау, интервью, тестілеу). Сауалнама индивидуалды және топтық болуы мүмкін. Бақылау – бұл іс-әрекет міндеттерімен шартталған мақсатты қабылдау.

Ғылыми бақылаудың негізгі шарты – обьективтілік, яғни, не қайта бақылау жолы арқылы қадағалау мүмкіндігі, не басқа әдістерді қолдану. Құжаттарды зерттеу - әлеуметтік жұмыстағы ғылыми әдіс ретінде заңдық мәні бар, қандай да бір факт, оқиға туралы акт түрлерімен жұмысты ұсынады.

Әлеуметтік жұмыс технологиясы – бұл қандай да бір әрекет және операциялар алгоритмі бар, белгілі әлеуметтік, экономикалық, психолог-педагогикалық және құқықтық механизмдерге негізделген әлеуметтік қорғаудың не көмектің жақын міндеттерінің жиынтығының шешілуінің идеалды моделі. Практикалық іс-әрекетте таза технологиялар жоқ. Ол әлеуметтік мекеменің ерекшеліктеріне, не ұсынылатын әлеуметтік қызметтердің жиынтығына адаптациялана отырып, әдістемеге айналады.

Әлеуметтік жұмыстың әдістемесі технологиядан мынадай айырмашылықтары бар: бірінші – нақты міндетті шешуге бағынышты, ал екіншісі – шешім процесін норалау үшін нақты міндеттер жиынтығына ие. Әрбір технологияның потенциалы шектеулі екендігіне күмән жоқ, әрбір технологияның шегі бар.

Практикалық іс-әрекет тәжірибесі – білім саласы ретінде әлеуметтік жұмыстың құрамды бөлігі. Оның ерекшелігі персонификация, яғни, тәжірибе белгілі мекемедегі нақты маманның кәсіби іс-әрекетінің сипаттамасын білдіреді.

2-апта №2 дәріс

Тақырыбы: Әлеуметтік жұмыстың мәні және мақсаты.

Дәріс мазмұны:


  1. «Әлеуметтік жұмыс», «Әлеуметтік көмек» және «әлеуметтік қорғау» ұғымдарының өзара байланысы.

  2. Әлеуметтік жұмыстың мақсаттары мен міндеттері.

  3. Әлеуметтік жұмыстың принциптері.

1. «Әлеуметтік жұмыс», «Әлеуметтік көмек» және «әлеуметтік қорғау» ұғымдарының өзара байланысы.

Әлеуметтік жұмыстың мәнін анықтау әлеуметтік қорғау, әлеуметтік көмек, әлеуметтік қолдау, әлеуметтік қаматамасыз ету, әлеуметтік қызмет көрсету сиқты категориялармен анықталады. Бұл терминдердің маңызы әлеуметтік жұмыстың мазмұндық сипаттамасын көрсетеді.



Әлеуметтік қорғау феномені кең және тар мағынада қарастырылады. Бірінші жағдайда (кең мағынада) әлеуметтік қорғау мемлекеттің және қоғамның барлық азаматтарды әлеуметтік қауіптерден, халықтың түрлі категорияларының бұзылуынан қорғайды. әлеуметтік қорғау нашар жағдайдағы адамдарды қоғайды Екінші жағдайда (тар мағынада) әлеуметтік қорғау - өмірлік қиын жағдайлардан не әлеуметтік қызмет клиенттерінің қиыншылық көруінен сақтайды.

Әлеуметтік қорғауды жүзеге асырудың негізгі жолы - әлеуметтік кепілдік – халықтың қан да категориясына байланысты мемлекеттің міндеттемесі. Кепілдіктің әрекеті төменгі әлеуметтік статусты (босқындар, жұмыссыздар, мүгедектер, жетім балалар) құқықтық статусты өсіру арқылы компенсациялауды білдіреді. Мысалы, жетім балаларға қосымша кепілдік беру т.б.



Әлеуметтік көмек әлеуметтік қорғауға қарағанда тек тікелей оған қажеттілік кезінде (медициналық көмек, заңдық көмек, психологиялық көмек) болады.

Әлеуметтік қамтамасыз етуді әлеуметтік қызмет клиенттеріне ашық және жасырын материалдық қоғамдық ресурстарды беру арқылы түсіндіруге болады.

Ашық төлемдерге: зейнетақы – ай сайынғы мемлекеттік ақылай төлем. Ол жоғалтқан жұмыс ақысын компенсациялау түрінде азаматтарғаберіледі. Жәрдемақы -жұмыссыздық, уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша, отбасының ауру мүшесін қарау, ауру, карантин кезінде, көпбалалы және жалғыз басты аналарға, аз қамтамасыз етілген балаларға, шұғыл қызметтегі әскери адамдардың балаларына т.б. беріледі.

Әлеуметтік қамтамасыз етудің жасырын түрі жеңілдіктер – халықтың нашар қорғалған категориясына қандай да қызмет көрсету түрін өтеуге жеңілдіктер жасау.

Әлеуметтік қолдау категориясын нақтылауда көмектің субьекті және обьекті арасындағы өзара қатынастың интерактивтік жағына назар аударылады.

Әлеуметтік қолдау клиенттің өзі үшін маңызды өзіндік мінез-құлық сызығын құруға көмектесуге бағытталады.



2. Әлеуметтік жұмыстың мақсаттары мен міндеттері.

Мақсат – іс-әрекеттен күтілетін нәтиже. Әлеуметтік жұмыстың мақсаты – қиын жағдайға түскен азаматтың алдындағы мемлекеттің, қоғамның парызы туралы құндылық ұғымдардың сәйкестендіру нәтижесі.

Әлеуметтік жұмыстың мақсаттарын анықтау бірнеше қайшылықтарды шешумен байланысты. 1. Бірінші қайшылық өмірлік қиын жағдайды жеңудің обьективті түрде мүмкін болмауынан пайда болады. Мүгедектік, жетімдік, қауіпті ауруды (ЖҚТБ, онкологиялық аурулар т.б.) толық өзгерту практикалық түрде мүмкін емес. Сондықтан әлеуметтік жұмыстың мақсаты өмірлік жағдайды аз ад болса жеңілдету.

2. Екінші қайшылық - әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жағдайында жақсы тұрмыстың қоғамдық нормалары мен индивидуалдықтың сәйкес келмеуі. Бұл жағдайлар адам басынан кешіретін күйзелістермен байланысты, олар қиын жағдаймен қоғамда қабылданға нормалар арқылы күреседі (қылмыстық құлық нормаларына тәуелді, адекватты емес адамдар).

3. Үшінші қайшылық – халықтың кейбір категорияларына медициналық қызмет көрсетуге бағытталған әлеуметтік жұмыс, яғни, әлеуметтік жұмыс әлеуметтік практиканың басқа түрлеріне ауысады.

Әлеуметтік жұмыс міндеттеріне төмендегідей формулалар кіреді:

1. Индивидивид, отбасы өміріне қатынастың әлеуметтік және мемлекеттік нормаларын гуманизациялау.Әлеуметтік жұмыс қиын жағдайдағы адамға, халық категорияларына қоғам санасында аяушылық құндылықтарын қалыптастыруға бағытталады. Әлеуметтік қызметкерлер әлеуметтік қорғауға бағытталған уақытылы заңдарды қабылдаудың инициаторлары болуы тиіс.Бұл міндеттерді шешу қоғамда өзара көмек, толеранттылық, альтруизм үлгілерін насихаттаумен байланысты.



2. Көмекті қажет ететін сферадағы қоғамдық институттардың потенциалын дамыту. Міндетті түрде мемлекеттік емес, формальды емес институттарды кейбір адамдар не адамдар тобына көмек беруге тарту, әлеуметтік мекемелердің қаржылық және материалдық резервтерін жасауға, толтыруға спонсорлық көмекті, халықаралық байланысты тарту (техникалық жабдықталу, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін пайдалану, инновациялық және эксперименталдық іс-әрекет).Көмектің маңызды ресурстарының бірі мамандардың әлеуметтік жұмыс бойынша компетенттілігі, әлеуметтік көмектің оптималды жолдары мен тәсілдерін ғылыми және әдістемелік жасақтау.

3. Қоғамда өмір сүрудің қоғамдық эталондарын қоғамның ресурстық потенциалымен сәйкестендіру. Бұл міндетті жүзеге асыру әлеуметтік саясаттың және әлеуметтік жұмыстың барлық деңгейлерінде (заң шығару, бюджетті бөлу, барлық көмек түрлерін бөлу) шынайылық принципін сақтауды талап етеді. Әлеуметтік шынайылықты қамтамасы ету мекен-жайлық көмекті жүргізуге мүмкіндік беретін, халықтың түрлі категорияларына, жеке адамдарға дифференциалды қатынас орнатуды қамтамасыз ететін әлеуметтік қызметтер үшін төлемақының жұмсақ түрін енгізуді талап етеді.

4. Әлеуметтік жұмыс обьектісінің ішкі ресурстарын өзектендіру. Әлеуметтік қызмет клиенттерінің мүмкіндіктерін белсендіру қоғамдық ресурстарды рационалды пайдалануға мүмкіндік береді. Қиын жағдайдағы адамдардың өз өмірі үшін өз бетінділігін, жауапкершілігін дамыту әлеуметтік функцияның толыққандылығын қамтамасыз етеді, олар өздерінің қажеттілігін сезінетін болады.

5. Әлеуметтік жұмыс обьектісі үшін қоғамдық ресурстарды пайдалануды жеңілдету. Клиент қандай жағдайда қандай көмек, төлемақы т.б. қашан, қайдан ала алатындығы жөнінде ақпаратты білуі тиіс. Көмек көрсететін жақ әлеуметтік қызмет клиенттерімен қатынаста эмоционалдық, транспорттық т.б. қызметтерді орындауда ашықтық, мәдениеттілік көрсетуі тиіс.



3. Әлеуметтік жұмыстың үш деңгейі. Әдетте оқу және ғылыми әдебиеттерде практикалық әлеуметтік жұмыстың үш деңгейі көрсетіледі: макро (әлеуметтік-әкімшілік), мезо- (топтық), микро (индивидтік).

1. Микродеңгей - әлеуметтік жұмыстың индивидуалдық деңгейі клиентпен өзара әрекетті ұйымдастырумен сипатталады. Жақтардың обьективтік сипаттамалары: жынысы, этномәдени идентификация, психикасының индивидуалдық-типологиялық қасиеттері, қабілеттерінің даму деңгейі т.б. Сонымен бірге көмек көрсету жағдайында әлеуметтік қызметкерге кәсіби статус және компетенттілік керек, ал клиентте бірінші орынға оның қиын өмірлік ситуациясы шығады.

Индивидуалдық деңгейде психологиялық бағдарлы тұрғы алдыңғы орында тұрады.



2. Мезодеңгей - әлеуметтік жұмыстың топтық деңгейі – бұл әлеуметтік жұмыстың субьектісі индивид (маман) және кәсіпқойлар тобы ретінде көрінетін, көмек көрсетуді жүзеге асыру.Өмірлік қиын жағдайға түрлі топтар түсуі мүмкін: отбасылар (кәдімгі, қабылданғандар, бағушы не күтушілер т.б.), өндірістік ұжымдар, демалыс бірлестіктері, өзара көмек топтары, әлеуметтік қызмет көрсету мекемесінің клиенттері.

Әлеуметтік жұмыстың мазмұны топішілік өзара қатынастың модельдерін, тұлғааралық қарым-қатынасты оптимизациялаудан көрінеді.

3. Макродеңгей - әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік-әкімшілік деңгейі ең бірінші ортақ территорияс, мәдениеті, әлеуметтік-экономикалық жағдайы, мәселелері бар индивидтердің локальдық қоғамы болып саналатын, обьектінің ерекшеліктері негізінде бөлінеді.

Әлеуметтік-әкімшілік деңгейде әлеуметтік жұмыс субьектісі – бұл мамандар ұжымы, әлеуметтік қызмет көрсету мекемесі не осы мекеменің бөлімі.

Субьектінің іс-әрекеті оның функцияларын жетілдіруге бағытталады. Бұл деңгейдегі әлеуметтік жұмыс ортаны түрлі зерттеу бағдарламаларын іске асыру, әлеуметтік жұмыстың мақсатын анықтау, түрлі субьектілердің жұмысын координациялаудан көрінеді.


  1. Әлеуметтік жұмыс принциптері. Әлеуметтік жұмыс принциптері әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік көмектің тиімдңлңгңн қамтамасыз етеді. Принцип – бұл қандай да іс-әрекеттің жетекшілік ережесі, басты талап, негізгі идея.

Әлеуметтік жұмыстың принциптері жалпы гуманитарлық құндылықтармен және метадеңгейдегі құндылықтармен анықталады Мысалы, адамның өмір сүруге құқысы, бостандық, теңдік, шындық, әлеуметтік жауапкершілік, бейбітшілікті қамтамасыз ету. Осылардың негізінде қиын жағдайдағы адамдармен жұмыс жасауға талаптар қойылады.

Осы негізде принциптердің бірінші тобы:клиентоцентризм, әлеуметтік қызметкердің клиенттің өзіндік күшіне арқа сүйеуі, конфиденциалдық, универсалдық, толеранттылық.Әлеуметтік жұмыс клиентті өзінің құндылықтар жүйеісінің орталығына қояды. Сондықтан, клиентоцентризм, яғни, әлеуметтік қызметтің клиентінің қажеттелектері, қызықғушылықтарын қорғау және сыйлау басты орында.



1. Клиентоцентризм принципі адамға оның әрекеттері, өмір сүру салты жалпы моральдық нормаларға сәйкес келдмесе де өзіндік таңдау жасауға құқық беруге негізделген. Клиентоцентризм принципі әлеуметтік қызметкердің іс-әрекетін шектейді, өйткені клиент азамат ретінде әлеуметтік қызметтен бас тарту құқығына ие.

2. Клиенттің өзіндік күшіне сүйену принципі. Бұл принципті жүзеге асыру клиенттің ортаның жағымсыз ықпалдарына қабілетін арттырумен байланысты.

3. Конфиденциалдық принципі клиенттің жеке өмірдің субьектісі екендігіне байланысты. Түрлі қиын мәселелер кең тарағанды қаламайды. Түрлі ақпараттарды таратпау әлеуметтік қызметкерден құжаттармен жұмыс істеуде жауапкершілікті, қарым-қатынаста өзін бақылауды талапетеді.



4. Универсалдылық принципі клиенттің жынысы, діні, ұлты, саяси көзқарастары т.б. сыйластықпен қарауды талап етеді.

5. Толеранттылық принципі әлеуметтік қызмет маманын клиент жағынан болатын агрессия, провокацияға шыдамдықпен қарауды талап етеді. Мысалы, дау-жанжалға бармау, қайырымдылық, біріккен іс-әрекетке ұмтылыс т.б.

Принциптердің екінші тобыпрофилактикалық бағыттылық, әлеуметтік реакция, араласуға әрекеттілігін тексеру –алдыңғымен салыстырғанда басқаша. Олар ерекше көмекпен байланысты.

1. Профилактикалық бағыттылық – жеке проблеманың дамуының түрлі кезеңдерінде қоғамдық ресурстарды шығарудың айырмашылықтарымен шартталған. Неғұрлым себептерді ерте тапса, соғұрлым мемлекеттік құралдар және мамандардың күштері қиындықты жеңуге аз күш жұмсайды.

2. Әлеуметтік жұмыстағы тікелеу реакция көмекті оптимизациялауға жағдай жасайды. Бірақ, кейде қиын жағдайдағы адамға бірден көмек көрсету оның өміріне, денсаулығына кері ықпалын тигізуі мүмкін. Бірден реакцияны қажет ететін жағдайларға кәрілік шақтағы өзіне қызмет көрсетуден айырылу, балаларға деген күш көрсету, қорқыту т.б. жатады.

3. Араласу әрекетін тексеру кәсіби көмек басқа да әлеуметтік аурулардың пайда болмауына кепілдік бере алмауымен байланысты. Сондықтан әлеуметтік қызметкер әлеуметтік қызметтен, төлемнен бас тартқан клиентті үнемі назарында ұстауы тиіс.

Принциптердің үшінші тобының маңыздылығы - әлеуметтік құқықтарды қорғау және әлеуметтік ресурстарды максимизациялау - әлеуметтік қызметтегі қоғамдық және мемлекеттік ресурстар, бұл ресурстардың берілу тәртібінің ролімен түсіндіріледі.

1. Әлеуметтік құқық әрбір азамат үшін қажет. Қиын жағдайдағы адамдар қосымша құқыларына байланысты ресурстарды пайдаланады. Бірақ, мемлекеттің, әлеуметтік қызметтің мүмкіндіктері шектеулі , сондықтан мемлекеттік емес және формальды емес институттардың көмегі қажет.

2. Әлеуметтік ресурстарды максимизациялауда әлеуметтік қызметкер клиенттің құқыларын сақтауға жауапкершілігімен қатар, керек кезде оның құқыларын кеңейтуге, қосымша ресурстар беруге міндетті. Мысалы, ребилитация, ресурстарды тікелей беру т.б.



1. Реабилитация механизмі – бұл толықтай не шағын бөліктері жоғалған ресурстарды қалпына келтіру. Ең белгілілері медициналық, кәсіби, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық реабилитация. Психологиялық реабилитация ішкі кризисті басынан кешірген адамдарға (жақындарынан айырылғандар, өзінің жазылмайтын ауруын білгендер, жұмысынан айырылғандар,суицидке дайын адамдар, басқа да стрессогенді жағдайдағылар) бағытталады.

2. Сыртқы ауыстыру механизмі жоқ ресурсты ауыстыруды білдіреді. Мысалы, ата-анасынан айырылған жетім балаларды тәрбиелеудің түрлі формалары (асырап алу, күту, т.б.).

3. Ішкі ресурстарды өсіру механизмінің реабилитациядан айырмашылығы қазіргі уақытта ресурстары жасына сәйкес, оны қалпына келтіріп керек емес ресурстарға ықпалды білдіреді (әлеуметтік тәжірибені қалыптастыру, белсенді өмірлік позиция).

4. Ресурстарды тікелей беру механизмі әлеуметтік қамтамасыз етудің барлық формалараында әрекетті (зейнетақы, жеңілдіктер) және клиенттерге заң, медициналық, психологиялық сұрақтар бойынша ақпарат беруде (кеңес беру).



5. Ресурстарды резервтеу механизмі ең бірінші қаржылық құралдарды жинақтау және әлеуметтік сақтауда көрінеді (зейнетақылық қамтамасыз етудегі сақтау практикасының дамуы, денсаулықты сақтандыру т.б.).

3-апта №3 дәріс

Тақырыбы: Клиент әлеуметтік қызметкердің кәсіби өзара әрекетінің нысанасы ретінде.

Дәріс мазмұны:

  1. Тұлғалық проблемалар және субьективтік бастаулар.

  2. Клиент проблемасының деңгейлері.

1. Тұлғалық проблемалар және субьективтік бастаулар. Әлеуметтік тәжірибеде әлеуметтік жұмыс обьектісі обьективті қиыншылықтар мен субьективтік қиыншылықтарды басынан кешіреді, бірақ, олардың екеуі де өмір сүрудің бұзылуына алып келеді. Бұл екі құбылыс та өмірлік жағдаяттың обьективтік және субьективтік жақтарын реттеуге құралдардың жетіспеушілігімен байланысты.

ҚР заңына сәйкес қиын жағдайдағы адам әлеуметтік қызметке өтініш жасау арқылы көмек ала алады. Содна кейін әлеуметтік қызмет мамандары әлеуметтіккөмек алған адамның әлеуметтік көмекке зәру екендігін тексеруі тиіс. Тұлғалық жағдайды зерттеу нәтижесі көмек алуға құқықтың жүзеге асырылуына негіз болады. Бұл медико-әлеуметтік экспертиза деп аталады.

Осылайша адам әлеуметтік мекеменің клиенті болып, заңға қайшы болмаған жағдайда бұл мекемемен келісім-шартқа отырады.

Адам мекеменің клиенті болғаннан кейін оған қоғамдық ресурстар бөлінеді.

Сыртқы ресурстарды тарту түрлі реабилитацияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді: қалпына келтіру терпаиясы, реконструктивтік хирургия, кәсіби ориентация, кәсіби-өндірістік адаптация, еңбекке орналастыру, әлеуметтік-орталық ориентация және әлеуметтік-тұрмыстық адаптация. Реабилитацияның нәтижесі компенсация және клиентке басқа адамдармен тең деңгейде қоғамда өмір сүруге мүмкіндік беру.


  1. Клиент проблемаларының деңгейі. Әлеуметтік қызметтің клиенті болып әлеуметтік, ментальдық, психоментальдық деңгейде проблемлары бар адам саналады. Бұл деңгейлер дәстүрлі негізде тұлғаның үш сферасының бөлінуімен анықталады:

Іс-әрекеттік (шыни әлеуметтік өзара қарым-қатынас);

когнитивтік (ақыл-ой);

эмоционалдық (сезімдік).

1. Әлеуметтік байланыстар деңгейіндегі проблемалар – бұл адамның басқа адамдармен, топтармен, әлеуметтік институттармен өзара қарым-қатынасының келіспеуі. Индивидтің әлеуметтік байланыстары өмірлік іс-әрекеттің отбасы, өндіріс, демалыс т.б. сфераларындағы байланыстар оның осы социоәлеуметтік жағдайға адаптациялану деңгейін анықтайды.

2. Қоғаммен не топпен ментальдық байланыс деңгейіндегі проблема қоршаған орта туралы ақпаратты сақтау, қабылдау, қорыту және трансляциялаупроцесінің үзілуәмен байланысты.Бұл кезде адамның топпен, қоғаммен мағыналық коммуникациясы бұзылады. Өзімен ментальдық байланысқа өзін идентификациялау (мен кіммін?), саналы сезілетін құндылықтар мен сенімдер жүйесі (мен мұны неге істеймін?), өзінің орнын түсіну (мен неге?), құлықтық бағдарлама (мен мұны қалай істеймін?), өзіндік тәжірибені сипаттау (мен өзімді қалай сезінемін?) кіреді.

Өзара әрекеттің ментальдық деңгейі индивидте интеллектуалдық қабілеттердің және әлеуметтік тәжірибенің деңгейіне байланысты. Сондықтан ментальдық деңгейдегі проблемалардың пайда болуының алғышарттары түрлі сипаттағы психикалық бұзылыстар, психикалық дамудың тежелуі. Бұл деңгейдегі өзара әрекеттегі жағымды жайтты - өткенді дұрыс түсіну, өзіне және басқаларға қандай да қылықтарды түсіндіру. Сонымен бірге рефлексияның да маңызы зор. «Рефлексия» ұғымы өзінің және басқалардың жағдайларын субьектілік бейнелеу,өзінің және басқалардың қылықтарының себептерін түсіндіру.

3. Психоментальдық байланыстар деңгейі - топ, қоғам ішіндегі өзара әрекеттердің эмоционалдық жағы, оның адам үшін субьектілік маңызы. Соңғысы өмірлік позиция, өзіне қарым-қатынас түрінде көрінеді. Психоментальдық деңгейдегі пайда болған проблемалар «Мен образының» эмоционалдық қабылданбауымен байланысты. Бұл жағдайлар субьективтік және индивидуалдық нормаларды субьективтік қабылдаудың сәйкес болмауынан туындайды.

Индивидтің топпен өзара әрекетіндегі эмоционалдық жағының бұзылыстары қандай да топ субьектіні психологиялық комфорт, қабылдаудағы қажеттіліктерді өтемегендіктен пайда болады. Сонымен, отбасындағы әлеуметтік-психологиялық қайшылықтар негативтік микроклиматқа, айырылысуға, балалар мен ата-аналардың қорғалу сезімінің бұзылуына алып келеді.



4-апта № 4 дәріс

Тақырыбы: Клиенттің тұлғалық проблемаларының түрлері.

Дәріс мазмұны:

  1. Мүгедектік және өзіне-өзі қызмет көрсетуге қауқарсыздық.

  2. Жетімдік, қараусыз қалу және аз қамтамасыз етілу.

1. Мүгедектік және өзіне-өзі қызмет көрсетуге қауқарсыздық.

Мүгедектік. Латынсөзі «инвалид» аударғанда «жарамсыз» деген мағынаны білдіреді және ауру, жарақат т.б. әсерінен өмірлік іс-әректтері шектелген адамдарды сипаттайды.

Мүгедектіктің қазіргі мағынасы аурулардың, жарақаттар нәтижесінде денсаулығы бұзылған, соның кесірінен өмірлік іс-әрекеттері шектелген және әлеуметтік қорғауды және көмекті қажет ететін адам дегенді білдіреді.

Мүгедектіктің негізгі белгісі сырттай өмірлік іс-әрекеті шектелуден көрінетін (өзіне қызмет көрсетуден толықтай не жартылай айрылған, өз бетімен қозғала, қарым-қатынас жасай алмайтын, өз мінезін қадағалай алмайтын, оқи және еңбек ете алмайтын) денелік ресурстардың жетіспеушілігі.

Мүгедектің еңбек іс-әрекетіндегі шектелуі оның төмен мүліктік статусына және артықуақыттық потенциалына алып келеді. Мүгедектердің әлеуметтік статусы төмен және бұл топ әлеуметтік дискриминациялануға ұшырайды. Қалған ресурстардың жағдайы мүгедектік қашан пайда болғанына байланысты. Балалардың мүгедектігі проблема ретінде қабілеттерінің дамымай қалуымен, индивидуалды әлеуметтік тәжірибесінің шектелуімен, инфантилизм сияқты негативтік қасиеттердің қалыптасуымен байланысты.

Кәрілік және ауруға байланысты өзіне қызмет көрсетуге қабілетсіздік.

Өмірлік қиын жағдай оның атына байланысты, дегенмен, проблема себептердің екі тобымен шектелген (қарттық және ауру). Мұнда өзіне қызмет көрсету ауруға байланысты уақытша болуы мүмкіндігіне назар аудару керек.


  1. Жетімдік, қараусыз қалу және аз қамтамасыз етілу.

Жетімдік. Бұл өмірлік қиын жағдаят «бала – ата-ананың өз функциясын жүзеге асыруы»жүйесінде қарастырылуы мүмкін. Заңға сәйкес жетімдер деп жастары 18-дейінгі, ата-аналарының екеуі де қайтыс болған, не біреуі және қараусыз қалған балалар аталады.

Ата-аналардың негізгі функциясы (тамақ табу, күту, киіммен қамтамасыз ету т.б.), тәрбиелеу (отбасы тәрбиесі, білім беруді ұйымдастыру), психологиялық қолдау, бақылау. Ата-аналықтың жаратылыстану-әлеуметтік институты фактілі түрде бала мен қоғам арасында уақытша байланыстырушы ролін атқарады. Баланың мұндай байланыстырушыдан айырылуы адамдық қажеттіліктерді және әлеуметтік қажеттіліктерді өтеуде үлкен қиындықтарға алып келеді.



Өз бетімен кету ата-аналардың бала тәрбиесімен айналыспау, бақыламау сияқты өз функцияларын атқармаудан пайда болады. Өз бетімен кетудегі ең қиын жағдай ата-ана мен баланың толықтай айырылуы (не тұрақты орнының болмауы, ата-анамен не оның орнын басатын адаммен байланыстың болмауы). Өз бетімен кетудің тұлғалық астары қалыпты өмір сүру және тәрбиелену үшін қажетті жағдайлардың болмауынан, және қылықтың, уақыттың бақыланбауы әлеуметтік дезадаптацияға алып келеді. Өз бетімен кетудің себебі отбасындағы қатал қарым-қатынастан, ата-анамен арадағы дау-жанжалдан баланың үйден кетіп қалуы. Олар ата-ананың үйінде не әлеуметтік мекемеде болмауы (вокзал, жылу коммуникацияларында қону), түсті металл, шөлмек жинау, жезөкшелікпен айналысуға байланысты.

Аз қамтамасыз етілу витальды және әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандырудағы материалдық ресурстардың жетіспеушілігі. Аз қамтамасыз етілген еңбекке қабілетті жастағы азаматтардың өмірлік қиын жағдаяты төмен әлеуметтік статус пен жетіспеушілік кешенінің қалыптасуымен, әлеуметтік апатияның өсуімен, әлеуметтік стандарттардың төмендеуіне, мемлекетке, қоғамға, адамдардың кейбір топтарына, индивидтерге деген агрессивтіліктің дамуымен сипатталады. Материалдық қиындық көрген кәрілік шақтағы адамдарда өздері еңбек еткен, салық төлеген, соғыста қорғаған мемлекетке деген кері сезім пайда болады.

Жұмыссыздық еңбек етуге дайын, бірақ, жұмысы және табысы жоқ еңбекке қабілетті адамдардың проблемасын көрсетеді. Жұмыссыздық – адам қандай да бір себептерге байланысты өндірістік іс-әрекетте жоқ, боссыздықтың бір түрі. Дегенмен, бос адам еңбек етуге дайын болмауы да мүмкін.

Жұмыссыздықтың тұлғалық проблемасы материалдық ресурстарының болмауы, қоғамдағы орнын жоғалтуы, қабілеттер сферасының деградациясы, позитивті өзін идентификациялаудың бұзылуы. А.В.Павченко жұмыссыздардың мінез-құлқының үш типін көрсетеді:

1) белсенділік және саналы сезіну – жұмыссыз белсенді түрде жұмыс іздейді, проблеманы түсінеді.

2) белсенділік және саналы сезінбеу – жұмыссыз белсенді жұмыс іздейді, бірақ оның жұмыс іздеуініңформасы және бағыты өзгермейді.

3) енжарлық – жұмыссыз жұмыс іздеугекүш салмайды, бірақ қиын жағдайды сезінеді (мысалы, жұмыссыз бірнеше рет тау қайтқан соң жұмыс іздеуін тоқтатады, «қалада жұмыс жоқ», «жақсы жұмысқа тек таныс арқылы орналасуға болады» т.б.).

Тұрақты мекен-жайының болмауы – экономикалық ресурстарының жетіспеушілігімен қатар тіршілік ету жүйесінің – адамдық «микроәлемінің» бұзылуымен байланысты, ерекше тұлғалық проблема. Мұндай проблемасы бар индивидтер «бомж» деп аталады, олар қаңғып жүруге мәжбүр. «Қаңғыбас» сөзінің өзі сөздікте «нақты ісі жоқ үйсіз адам» дегенді білдіреді.

Қаңғыбастықтың негізгі себептері: отбасылық, мекен-жайлық, адамның моральдық проблемасы және психикалық ауру. Осыған байланысты тұрақты мекені жоқ адамдарды шартты үш топқа бөлуге болады:

Бірінші – отбасылық және өмірлік жағдайлардың әсерінен қаңғыбастық жолына түскен, еңбекке жарамсыз жастағылар (отбасында тұру мүмкін емес, ауру, жалғыздық, кәрілік алжу).

Екінші – бостандықтан айыру орындарында болғандықтан не үйді сатып алу-сату кезінде алдағандықтан құжаттарынан айырылған және өмірлік қиын жағдайдан шығу мүмкіндігі жоқ индивидтер.

Үшінші – еңбекке жарамды жастағы, бірақ оған құлқы жоқ, ішімдікке салынған, өз үйін сатып жіберген адамдар.

Отбасындағы дау-жанжал және қатал қарым-қатынас. Отбасындағы мүшелер арасындағы дау отбасы функциясының бұзылуына, оның мүшелерінің қажеттіліктерінің өтелу үрдісіне әсер етеді. Халықаралық нормаға сәйкес қатал қатынасқа психикалық не физикалық күш көрсетудің барлық түрлері, ұру т.б. жатады.

Әдебиеттерде күш көрсету әрекеттерінің төмендегідей формалары бөлінген:психикалық (эмоционалдық), жыныстық күш көрсету, өмірлік қажеттіліктерге қарамау.

Физикалық күш көрсету дегенде кісі өлтіру, соғу, тамақтан, медициналық көмектен бас тартқызуды түсінеміз.

Жыныстық күш көрсету дегенде зорлау, инцестті түсінеміз.

Өмірлік қажеттіліктерге қарамау, орындамау дегенде ата-аналар не оның орнын басатын адамдар балаға тамақ, киім бермеу, гигиеналық талаптарды орындамау.

Үйдегі күш көрсету обьектісіне әдетте психологиялық немесе физикалық жағынан әлсіз отбасы мүшелері әйелдер, балалар, қарттар жатады. Отбасылық қаталдықтың үш типі бар: 1) ата-аналар жағынан балаларға; 2) ерлі-зайыптылардың біреуінің екіншісіне; 3) балалар және немерелер жағынан қарттарға.



Жалғыздық – бұл тұлғаның ішкі әлемі мен байланыстың бұзылуынан болатын, кешенді жағымсыз сезімдер туындайтын күйзеліс.Жалғыздық жеке тұлғаның әлеуметтік қажеттіліктері қанағаттандырылмайтын индивидтің өзара әрекеті, сыртқы ортамен әлеуметтік қатынастың жетіспеушілігінен пайда болады.

Жалғыздықтың екі типін көрсетуге болады: эмоционалдық жалғыздық (ерлі-зайыптылық секілді тығыз интимдік қатынастың болмауы); әлеуметтік жалғыздық (маңызды достық байланыстардың болмауы).

Мұндай жағдайлар көбіне үлкен қалаларда кездеседі.

Әлеуметтік жалғыздықтың қандай да бірәлеуметтік өзгерістерге не белгілі топтан шығып қалуға байланысты болатын көптеген мысалдары бар. Оларға қарттар, қайыршылар, әрекеті жалпы қабылданған нормалардан шығып кеткен адамдар, кейде жасөспірімдер мен әйелдер кіреді.

Жалғыздық көптеген күйзелістерге алып келеді, бірақ ең бірінші ол үміттің жоғалуына әсерін тигізеді. Ондай адамдар ешкімге керек емес, ұмытылып қалған секілді сезінеді.

5 апта №5 дәріс

Тақырыбы: Отбасымен әлеуметтік жұмыс.

Дәріс мазмұны:


  1. Отбасы әлеуметтік қызмет нысанасы ретінде.

  2. Отбасымен әлеуметтік жұмыстың мәні және мазмұны.

  3. Отбасының түрлі категорияларымен әлеуметтік жұмыс ерекшеліктері.

  1. Отбасы әлеуметтік қызмет нысанасы ретінде. Бірге тұратын, өзара жақын және жауапты, бюджеттері біртұтас, халықтың физикалық көбею функциясын атқаратын қоғамның алғашқы ұяшығы отбасы.

Отбасы – бұл әлеуметтік институт және шағын әлеуметтік топтардың сипаттарына ие күрделі әлеуметтік жүйе. Қоғамның әлеуметтік институты ретінде отбасы әлеуметтік нормалардың, мінез-құлық үлгілерін, ерлі-зайыптылар арасындағы, басқа жақындар арасында өзара қарым-қатынас кестесін көрсетеді. Осыған байланысты ол адамға туғаннан бастап өлгенге дейін үлкен ықпалын тигізеді, бірақ оның ролі әсіресе адамның психологиялық, эмоционалдық-еріктік, рухани-адамгершілік негіздері қалыптасып жатқан өмірінің алғашқы кезеңдерінде өте басым. Сонымен қатар отбасы қоғамның даму деңгейіне тәуелді, оның проблемаларын бейнелейді.

Отбасы шағын топ ретінде – бұл тұрмыс құруға, қандық жақындақ, адамның жеке қажеттіліктерін өтеуге негізделген адамдардың қоғамдастығы. Оны ортақ экономикалық кеңістік, өзара тәуелді өмір салты, эмоционалдық-адамгершілік байланыс, өзара жәрдем, көмек беру, қорғау ерекшелендіреді. Отбасы туралы толық мәлімет алу үшін ер-әйел, еркек-бала, әйел-бала, бала-бала, еркек-жақын, әйел-жақын, бала-ата-ана, бала-жақын өзара қатынастарының барлық жағын ескеру қажет.

Шағын әлеуметтік топ ретінде отбасыға түрлі өмір кезеңдерінде өзгеріп отыратын қоғамдық мақсаттардың қатары тән: қызығушылықтағы, отбасы мүшелерінің қажеттіліктері мен ұстанымдарындағы шағын айырмашылықтар. Сондықтан, отбасының ұзақ та бақытты өмір сүруі ерлі-зайыптылар және басқа да отбасы мүшелері бір-біріне қалай көмектесетіндігі, түсінетіндігі, қиындыққа қарсы бірлесіп күресетіндігі, шыдамдылық танытатындығына байланысты.

Отбасының потенциалын анықтайтын оның интегралдық сипаттарына психологиялық денсаулық, функционалдық-рольдік кеісушілік,әлеуметтік-рольдік адекваттылық, эмоционалдық қанағаттанушылық, микроәлеуметтік қатынастағы бейімдеушілік, ұзақ отбасылық өмірге ұмтылыс жатады.

Отбасындағы маңызды роль қарым-қатынасқа бөлінеді. Оның құрамды бөліктері: коммуникативтік (ақпарат алмасу); интерактивтік (өзара әрекетті ұйымдастыру); перцептивтік (партнерлердің бір-бірін қабылдауы). Өйткені шыңдық өмірде адамдар арасындағы қарым-қатынас түрліше құрылады, отбасылардың тіршілік етуінің түрлі варианттары болуы мүмкін.

Ең кең тараған ерлі-зайыптлардан, ата-ана мен балалардан тұратын нуклеарлық отбасы. Мұндай отбасы айырылысу, жесірлік, тұрмысқа дейінгі баланың тууына байланысты толық және толық емес болуы мүмкін.

Егер отбасында ата-ана мен балалардан басқа басқа да жақындар (ерлі-зайыптылардың ата-анасы, олардың іні-ағалары, апа-қарындастары, немерелері) болса ондай отбасын кеңітілген деп атайды. Отбасылар балалардың болу-болмауы және олардың санына байланысты бөлінуі мүмкін: баласыз, бір балалы, көпбалалы және аз балалы отбасылар.

Отбасылық міндеттердің бөлінуіне және кім көшбасшы болуына байланысты отбасының үш типі бар.

1. Дәстүрлі (патриархалдық) отбасы. Мұндай отбасында кем дегенде үш ұрпақ өмір сүреді және көшбасшылық роль үлкен ер адамға беріледі. Балалар мен әйелдер еріне экономикалық тәуелді, ер және әйел адамның міндеттері нақты бөлінген, ерадам басшы.

2. Дәстүрлі емес (эксплуататорлық) отбасы. Көшбасшылық ер адамға берілумен, ер әне әйел адамның міндеттерінің нақты бөлінуімен қатар әйел адамға ер адаммен қатар қоғамдық жұмысты атқару бекітіледі. Мұндай отбасыларда әйелдерге түсетін күштің көптігіне байланысты прблемалар кешені пайда болуы мүмкін.

3. Эгалитарлы отбасы – отбасы міндеттерді ерлі-зайыптылар және басқа да мүшелер арасында тең бөледі, эмоционалдық қатынас сенімге, сыйластыққа құрылады.

Сонымен бірге басқа да отбасы типтері белгілі. Мысалы, ана ролін әке не үлкен аға, апа атқаратын отбасылар. Мұндай тенденциялар әлеуметтік жұмыскерлерден отбасыға көмек ету проблемасына ерекше қарауды талап етеді.



Отбасы туралы мәліметтер бар көздерді талдау арқылы оған тиісті функцияларды кесте түрінде көрсетуге болады.

1 кесте.

Түрлі іс-әрекет ортасындағы отбасы функциялары

Отбасылық іс-әрекет сферасы

Қоғамдық функциялар

Индивидуалдық функциялар

Репродуктивтік

Қоғамның биологиялық көбеюі

Удовлетворение потреб­ности в детях

Тәрбиелік

Жас ұрпақтың әлеуметтенуі. Қоғамның мәдени үздіксіздігін қолдау.

Ата-аналық, балалармен қарым-қатынаста қажеттілікті қанағаттандыру

Тұрмыстық-шаруашылық

Қоғам мүшелерінің физикалық денсаулығы, балаларды күтуді қолдау

Отбасының бір мүшесінің басқалардан шаруашылық-тұрмыстық қызмет көру

Экономикалық

Қоғамнң кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз мүшелеріне экономикалық қолдау

Отбасының бір мүшесінің басқалардан материалдық көмек алуы (еңбекке жарамсыздық жағдайында не қызмет орнына)

Алғашқы әлеуметтік қадағалау сферасы

Өмірлік іс-әрекеттің түрлі сфераларында отбасы мүшелерінің мінез-құлқн моральдық регламенттеу, ерлі-зайыптылар, ата-ана мен бала, аға және жас ұрпақ арасындағы қарым-қатынастағы жауапкершілік

Отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынастың моральдық нормаларын бұзғаны үшін құқылық және моральдық санкцияларды қалыптастыру, сақтау


Рухани қарым-қатынас сферасы

Отбасы мүшелерінің тұлғалық өсуі

Отбасы мүшелерінің өзара рухани байытуы

Әлеуметтік-статустық

Әлеуметтік құрылымды өндіру

Әлеуметтік алға жылжудағы қажеттілктерді қанағаттандыру

Демалыс

Деалысты рационалды ұйымдастыру. Демалыс сферасындағы әлеуметтік қадағалау.

Қазіргі демалысты өткізудегі қажеттіліктерді қанағаттандыру, демалыстық қызығушылықтарды өзара байыту

Эмоционалдық

Индивидтердің эмоционалдық тұрақтануы және олардың психотерапиясы

Индивидтердің отбасында психологиялық қорғауға, эмоционалдық қолдауға ие болуы. Жеке бақыт пен махаббаттағы қажеттіліктерді қанағаттандыру.

Жыныстық

Жыныстық қадағалау


Жыныстық қажеттіліктерді қанағаттандыру

Осылайша, отбасы – кез-келген адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету функциясын орындайтын, жас ұрпақты әлеуметтендіретін ежелгі институттардың бірі.



  1. Отбасымен әлеуметтік жұмыстың мәні және мазмұны.

Қазіргі уақытта көптеген отбасылар қоғам талап ететін функцияларды толық орындау үшін көмек пен қолдауды қажет етеді. Мұндай көмекті толық емес және көпбалалы, жалғыз басты отбасылар, әскери қызметкерлер, мүмкіндігі шектелген балаларды бағатын, асыранды бала бағатын, мүгедек ата-аналары бар, студенттік, қашқындар, мигранттар, жұмыссыздар т.б. отбасыларқажет етеді.

Бұл бойынша әлеуметтік жұмыс күнделікті отбасылық проблема, отбасындағы позитивті қатынасты дамыту және бекіту, ішкі ресурстарды қалпына келтіру, әлеуметтік-экономикалық қол жеткізген жағымды нәтижелерді және әлеуметтендіруші потенциалды тұрақтандыруға бағытталуы тиіс.

Осыған орай әлеуметтік қызметкер төмендегідей функцияларды орындайды:


    • диагностикалық (отбасы ерекшеліктерін, оның потенциалын зерттеу);

    • қорғаушылық (отбасын құқылық қорғау, әлеуметтік кепілдікпен қамтамасыз ету, оның құқылары мен бостандығын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау);

    • әлеуметтік-психолого-педагогикалық (отбасы мүшелерін психолого-педагогикалық ағарту, жедел психологиялық көмек, профилактикалық қолдау және патронаж);

    • ұйымдастырушылық-коммуникативтік (қарым-қатынасты, біріккен іс-әрекетті, демалыс, шығармашылықты ұйымдастыру);

    • прогностикалық (мекен-жайлық көмектің нақты бағдарламасын жасау және жағдаятты модельдеу);

    • координациялық (отбасылар мен балаларға көмек департаментерінің, халыққа әлеуметтік, реабилитациялық орталықтар мен қызметтердің, білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік педагогтардың, жағымсыз отбасылармен күресетін ішкі істер органдарының күштерін біріктіру, байланысты ұйымдастыру және қолдау).

Әлеуметтік жұмыстың негізгі үш бағытын бөліп көрсетуге болады: диагностикалық, реабилитациялық, профилактикалық..

1. Диагностика отбасы және оның мүшелері туралы ақпарат жинақтайды, талдайды, проблеманы анықтайды.



Отбасын диагностикалау - әлеуметтік қызметкерден төмендегідей принциптерді сақтауды талап ететін, қиын да жауапты процесс.

- обьективтілік, алынатын ақпараттың өзара бірін-бірі толықтыруы және тексеруі;

- клиентоцентризм (проблемаға клиенттің қызығушылығына сәйкес қарау);

- конфиденциалдық, әдістер мен әдістемлердің адекваттылығы;

- клиенттің жеке өміріне араласпау құқығын сақтау және ұсынылатын әрекетке оның реакцияларының мүмкін болатын варианттарыналдын-ала көру.

Отбасын диагностикалау – ойластырмаған іс-әрекет пен қорытындылар жасамауды талап ететін ұзақ процесс.

Отбасындағы жағдаяттың дамуын диагностикалау үшін мынадай зерттеу әдістері қолданылады: бақылау, әңгімелесу, анкеталау, тестілеу. Шешім қабылдау, түзету бағдарламаларын жасауға шкалалық, үлестірме қағаздық, проективті, ассоциативті, экспрессивті әдістемелер көмегін тигізеді. Көптеген пайдалы ақпараттарды маман отбасы, оның мүшелеріне қатысты өмірбаяндық және құжаттарды талдау әдістері арқылы ала алады.

Алынған диагностикалық материалдардың негізінде оның мүшелері, жастары, та-аналары мен балаларының білімдері, олардың мамандықтары, ерлі-зайыптылардың жұмыс орындары, отбасы кірістері, денсаулық жағдайлары, тұрмыстық жағдайлары, отбасындағы өзара қарым-қатынастағы негізгі проблемалар туралы мәлімет көрсетілген отбасының әлеуметтік картасын құрастыруға болады. Бұл картада мүмкіндігінше отбасының экономикалық дамуына болжау жасау, көмек вариантын (жедел, тұрақтандырушы, профилактикалық) ұсыну және реабилитацияның қажеттілігін аргументтеу керек. Картаны толтыруға әлеуметтік-педагогикалық паспорттағы мәліметтерді пайдалануға болады.



2. Реабилитация – бұл отбасындағы жоғалған жағымды жағдайды қалпына келтіру мен жаңаларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін шаралар жүйесі. Отбасы және оның мүшелерін реабилитациялау мақсатында әлемдік тәжірибеде отбасылар мен балаларға әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері, территориялық орталықтар, медико-психолог-әлеуметтік және мультипәндік кризистік орталықтар қолданылады. Олардың іс-әрекетінің мазмұны отбасы мүшелеріне және жеке адамға олардың ресурстарын көбейту және қолдау, отбасы мүшелерінің басқа құндылықтарға бағыттау, олардың ұстанымдарын өзгерту үшін түрлі көмек түрлерін (заң, медициналық, психологиялық, әлеуметтік) ұсыну. Мұндай мекемелерде отбасы мүшелері мамандардан кеңес алады, топтық сабақтарға қатыса, реабилитациялық бағдарламаларға қосыла алады.

Сонымен қатар реабилитациялық функцияны отбасына көмектің үйге баратын формасына түрлі процестер мен әдістемелер кешені кіреді.

Біріншіден, бұл отбасына және оның мүшелеріне көмектің кризистік варианттары («сенім телефоны», супервизор көмегімен отбасына бару, стационардағы жедел психологиялық көмек).

Екіншіден, тиісті әлеуметтік қызмет және маман жоқ тұрғылықты жерлердегі көмек. Бұл жағдайда тренингілік топтармен жұмыс, қысымды түсіру әдістемесі, индивидуалдық және топтық кеңес беру, семинарлар жүргізіледі. Жылжымалы бригадалар бағдарламаны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Үшіншіден, патронаж. Әлеуметтік жұмыста бұл терминнің мәні кең: бұл ерекше назар аударуды талап ететін, адамдардың кейбір категорияларына арнайы қызмет көрсету жүйесі. Үй жағдайында патронаж ішкі және сыртқы ресурстарды мобилизациялау мақсатымен жүзеге асырылады.

Патронаж белгілі реабилитациялық бағдарламадан өткен адамды үйге қайтаруда үлкен роль атқарады.Бұл жағдайда ол балалар немесе кризистік орталықтағы реабилитация курсы аяқталғанға дейін басталу керек.

Патронаждың төмендегідей кезеңдері бар:

1. Дайындық – отбасына қатысты мәліметтердің барлығымен танысу, әңгімелесу сұрақтарын құрастыру т.б.

2. Кіріспе бөлім – отбасы мүшелерімен тікелей танысу, келу мақсаттары, көрсетілетін көмек туралы айту.

3. Ақпарат жинақтау және бағалау – отбасы құрамы және жағдайы, ондағы өзара қатынас, бала тәрбиелеу әдістері, қаржылық жағдай, отбасы мүшелерінің денсаулығы, бала не ата-ана үшін маңызды оқиғалар туралы мәліметтер жинақтау, әлеуметтік карта толтыру, әлеуметтік қорғау қызметі шеше алатынпроблеманы анықтау.

4. Қорытынды – отбасы мүшелері алдында тұрған проблеманы нақтылау, түйіндеу, болашақ әрекет тактикасын бірігіп таңдау, ұсынылатын көмек түрлері туралы ақпарат беру, әлеуметтік қызметтердің толық меке-жайларын хабарлау.

5. Отбасымен жұмыс жасайтын басқа мамандармен (мектептердің әлеуметтік педагогтары, бала құқығы жөніндегі инспекторлар, білім беру, денсаулық сақтау, ІІБ органдарының мамандары т.б.) байланыс орнату.

6. Есеп – отбасын зерттеу актісіне тексеру нәтижелерін толық сипаттау, отбасымен болашақ жұмыстың жеке бағдарламасын құрастыру.

Отбасы проблемалары, оның күрделілігі патронаждың түрлі кезеңдерінде минимум-бғдарлама және максимум-бағдарлама деп аталатын бағдарламалар жүзеге асырылады.

Минимум-бағдарламалар отбасындағы өте құнды нәрселерден кенеттен айырылуына байланысты оқиғаларға бағытталған. Мысалы, жақындары, туыстарының денсаулығы, жұмыс, өрт нәтижесінде үйден т.б. айырылу. Мұндай жағдайларда әлеуметтік қызметкердің әрекеті обьективті шектеулерге қарамастан қысқа уақыт ішінде отбасы мүшелерінің қабілеттерінің оптималды қызмет атқаруын қалпына келтіруге бағытталады.

Максимум-бағдарламалар жоғалтқан нәрсенің орнын толтыру қажет кезде ғана емес, өмірлік позицияның бағытын өзгерту, отбасы мүшелерінің мінез-құлықтарын түзету және ауыстыруға қол жеткізу үшін де керек. Әсіресе масштабты өзгерістер түрлі мамандар мен қызметкердің потенциалын біріктіру, ұзақ та ерекше күш салуды талап етеді.

Жоғары айтылған әрекеттерден басқа отбасы және оның мүшелерімен кеңес беру және психотерапиялық жұмыс жүйелі жүргізілуі керек.

Патронажды реабилитация қол жеткізген нәрсені тек бекітудің сәтті формасы ғана емес, сонымен бірге профилактика болып саналады. Реабилитация отбасымен жұмыс істеудің үш деңгейін қарастырады: индивидуалдық (кеңес беру, патронаж), топтық (тренинг, жобалау) және қауымдық (әлеуметтік акциялар, әлеуметтік шығармашылық, бұқаралық мейрамдар).

3. Профилактика немесе алдын-алу отбасының толыққанды қызмет істеуін қамтамасыз ететін, болуы мүмкін проблемаларды тоқтататынпрвентивті шаралардың кешенінен тұрады. Алдын-алудың бір жолы –оқыту және ағартудың арнайы бағдарламасын жасау. Мысалы, отбасы проблемаларын және отбасы тәрбиесін зерттеу ата-аналар көбіне баланың эмоционалдық, интеллектуалдық, физиологиялық қажеттіліктерін қажетті сапалы деңгейде қанағаттандыратын және ұстап тұратын жағдайлар жасау, өзара қатынасты реттеуге қажетті білім мен іскерлік меңгеру мәселелері бойынша мамандардың көмегін қажет ететіндігін көрсетеді.

Ағарту бағдарламасының негізінде ата-аналарды тәрбиелеудің қарапайым шеңберінен тыс тұжырымдамалар мен модельдер алынады. Олар ересектерді түрлі адамдармен қатынаста пайда болуы мүмкін проблемаларды шешу, түрлі жағдаяттардағы мінез-құлық түрін таңдауда өз бетімен жұмыс жасауды кеітуге бағыттайды.

Мысалы, Ю.Хямяляйнен бірнеше модельдерді пайдалануды ұсынады.

А.Адлердің моделі ата-аналардың, отбасының басқа да мүшелерінің мінез-құлқын өзара сыйластық, біріктіру, теңдік принциптерін ескеру арқылы мақсатты және саналы түрде өзгертуге негізделген. Міндет ата-аналарды баланың ерекшелігін сыйлау, оның индивидуалдылығын мойындауға оның істерінің мотивтерін анықтауға үйрету.

Б.Скиннердің оқу-теориялық моделі ата-аналарды жағымды және теріс бекіту арқылы жедел қарқынмен қайта оқыту және үйретуге шақырады. Бұл модельге негізделген бағдарламаның мақсаты ата-аналарды өз баласының мінез-құлқын бақылау біліктілігіне, оны талдау және реттеуге үйрету.

Т.Гордонның сезімдік коммуникация моделі ата-аналарды қарым-қатынастағы диалогтыққа бағыттайды және біліктілікті қалыптастыруға ұмтылады. Біріншіден, белсенді тыңдау, екіншіден, «екеуі де дұрыс» ұстанымын жетекшілік ету және, үшіншіден, балаға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беру.

М.Джеймс пен Д.Джонгардтың моделі адам түрліше: балаша, ата-анаша, ересекше әрекет ететін фактіні мойындауға, транзактілік талдауға негізделген. Мұны түсіну отбасы мүшелеріне компромисс, келісім көмегі арқылы өз қарым-қатынасын реттеуге үйретеді.

Алдын-алу элементі ретінде ата-аналарды, отбасының барлық мүшелерін ағарту қиындықты жеңу біліктіліктерін қалыптастыру, қарым-қатынасты реттеу және басқалардың бойында аналогиялық біліктіліктерді жасауға біліктілікке оқытады.

Бұл жағдайда тренингтер отбасы мүшелерінің, ерлі-зайыптылардың, ата-ананың коммуникативтік компетенттілігін дамытуға бағытталған.

Отбасын әлеуметтік қорғаудың экономикалық мазмұны бар және оны әлеуметтік қызметкер өз практикалық іс-әрекетінде жүзеге асырады. Бұл тұрғын үйлік және басқа да көмекпен қамтамасыз ету, транспорттық, коммуникалдық қызмет, медициналық, заң және әлеуметтік көмек, азық-түлікпен қамтамасыз ету, білім беру қызметі сферасындағы қолдау, жұмыспен қамтамасыз ету.

Осылайша, отбасымен әлеуметтік жұмысқа экономикалық, заңдық, психологиялық, әлеуметтік және педагогикалық астарлар қатысты, және бұл маманнан бұл ғылымдардың негізін білу, олардың технологияларын меңгеруді талап етеді.

3. Отбасының түрлі категорияларымен әлеуметтік жұмыс ерекшеліктері.

Егер мынадай сипаттарға ие болса отбасы жағдайы нашар деп есептеледі: өзін-өзі төмен бағалау, мінез-құлықтың стереотиптілігі, әлеуметтік байланыстардың шектеулігі және өзіндік ерекшелігі, олардың таңдамалылығы және тарлығы, ауру отбасыішілік қатынастардың түрлі этиологиялары. Яғни, жағдайы нашар отбасыға белгілі уақыт аралығында дестабилизациялаушы отбасыдан тыс және отбасыішілік факторлардың ықпалына қарсы тұра алмайтын отбасылар жатады.

Мұндай отбасыларда тұлғаның культы басым, әркімнің назары өзіне бағытталған, қарым-қатынас шеңбері тұрақты емес, отбасындағы кейбір мүшелердің қажеттіліктері орындалмайды.

Мұндай отбасыларда түрлі проблемалар болады. Мұндай отбасыларды былайша бөлуге болады:



    • ата-аналық міндеттер атқарылмайтын, жақын адамдарды аморальды іс-әрекетке тарту болатын, отбасы мүшелерімен қатал қарым-қатынас жасайтын, отбасы мүшелерінің, әсіресе балалардың денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстық отбасылар;

    • ерлі-зайыптылар, ата-ана мен балалар, аға-іні-апа-сіңлі арасындағы өзара қарым-қатынаста қиыншылықтар бар және дамып отыратын дау-жанжалды отбасылар;

    • сырттай жағдайы жақсы болғанымен, балалардың мінез-құлқында түрлі девиациялар көрінетін педагогикалық қалыптаспаған отбасылар.

Аралық топтарға әлеуметтікқауіп тудыратын отбасылар бар. Егер олар уақытында көмек алмаса олар жағдайы нашар отбасына айналады. Олар обьективті және субьективті себептерге байланысты қиындық жағдайында болады және мемлекеттің әлеуметтік қорғау жүйесінің қолдауын қажет етеді. Оларға толық емес және көпбалалы отбасылар, мүгедектері бар, асыранды балалар, өмірге жарамсыз ата-аналар бар, қашқындар отбасылары жатады.

Әлеуметтік қызметкердің мұндай отбасылармен практикалық іс-әрекетінің үрдісі диагностикалық, ұйымдастырушылық және коммуникативтік кезеңдерден өтеді.



Диагностикалық кезеңде арнайы кесте бойынша отбасының материалдық мүмкіндіктері және тұрмыс жағдайлары, эмоционалды-психологиялық климат, білімдік, жалпы мәдениеттік деңгейі, бос уақытты өткізу сипаты, міндеттерді және рольдерді бөлу, өзара біріккен іс-әрекетті ұйымдастыруы зерттеледі, сонымен бірге тұтас отбасының және оның мүшелерінің проблемалары анықталады.

Ұйымдастырушылық кезеңде отбасы мүшелерінің жағдаятты және ресурстарды бағалауға, көмектесуші бағдарламаларды жобалау және адаптациялауға, отбасы-тұрмыстық біріккен еңбекті ұйымдастыруға, қарым-қатынасты дұрыстау, ішкі және сыртқы байланыстарды орнатуға тартуға жағдай жасалады.

Коммуникативтік кезеңде қалыптасқан біліктілік пен дағдылар қолдау табады, қолданылатын құралдар кеңейтіледі. Осылайша, мұндай отбасылармен жұмыс өмір іс-әрекетінің дағдыларына оқыту супервизиямен (патронаж) біріктірумен ерекшеленеді.

Дистантты отбасылар да, яғни ата-аналары вахталық әдіспен жұмыс істейтін, ұзақ уақытқа іссапарға шығатын, ересектер не ата-аналары дәстүрлі емес режимде жұмыс жасайтын отбасылар да қолдауды қажет етеді. Оларға өмірлік маңызды құндылықтарға көзқарастардың келіспеушілігі, эмоционалдық алыстау, бос кінәлау, көп уақыт болмағаннан кейін әдеттенудегі күрделілік тән.

Мұнда көбіне кеңес беру өте қажет. Әлеуметтік қызметкердің отбасымен жұмыстағы негізгі мақсаты – отбасына, клиентке өмірлік жағдаятты өзгертуге қол жеткізуге көмектесу, қызметтер потенциалы мен мамандардың әрекеттерін координациялау.



10 апта №10 дәріс

Тақырыбы: Әлеуметтік жұмыстағы әлеуметтік диагностика.

Дәріс мазмұны:

  1. Әлеуметтік диагностиканың мәні.

  2. Диагностиканың критериилері және әдістемелері.

  3. Білім беру мекемесінің әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетін диагностикалау.

Білім беру мекемелерінің іс-әрекетін бағалау тұрғыларын талдау критериилердің бірнеше топтарын көрсетті.

Білім беру мекемесінің әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекетінің тиімділігін анықтау мақсатындағы критериилер екі бағытқа бөлінеді:



  1. Оқушы тұлғасының дамуына психолого-педагогикалық қолдау көрсету (білім беру үрдісінің әдістерінің, құралдарының және ұйымдастыру формаларының оқушылардың жас ерекшеліктеріне, қызығушылықтарын, қажеттіліктеріне сәйкес келуі, оқушыла контингентін жоғалту, балалардың оқуға моивациясые арттыру т.б.);

  2. Білім беру бағдарламалары (оларды жүзеге асыру, білім беру үрісінің нәтижелілігі, білім беру бағдарламаларын оқу-әдістемелік және оқу-дидактикалық қамтамасыз ету, педагогтардың психолого-педагогикалық компетенттілігі).

Бағдарламаларды жүзеге асырудың әлеуметтік-педагогикалық тиімділігін бағалау критерилері:

    1. Оқушының тұлғасы.

    • Денелік дамуының көрсеткіштері бойынша тестілеу нәтижелері;

    • Денсаулық мәдениеті, гигиеналық дағдылар, шынығу тәсілдерін, өзін-өзі реттеу, жаттығу мәдениетін меңгеруі.

Психологиялық комфорт критерилері:

  • Оқушылардың сенімділік, тұрақтылық, қорғанғандық сезімдері, болашаққа оптимистік көзқарасы;

  • Танымдық белсенділік және әлеуметтік инициатива;

  • Сабақтарға баруға ықыласы, ұжымда қалыптасқан дәстүрлерге жағымды көзқарасы; біріккен іс-әрекетке ұмытылысы;

  • Білім беру нәтижелеріне және үрдісіне тәрбиеленушілердің жалпы қанағаттануы;

  • Балалар ұжымдарының басқа адамдарға, ұжымдарға, топтарға ашықтығы;

  • Балалар ұжымдарының белсенділіг және қозғалмалылығы;

  • Тәрбиеленушілердің болашаққа эмоционалдық оң қатынасы.

Оқыту критерилері:

  • Оқушылар берік меңгерген білімнің мағыналық элементтерінің саны;

  • Бағдарламалық материалдың меңгерілу кеңдігі,

  • Бағдарламалық материалдың меңгерілуінің беріктігі;

  • Бағдарламалық материалдың түсінілуі;

  • Сабақтардың іс-әрекеттік мәнділіг;

  • Оқыту нәтижелерінің практикалық құндылығы;

  • Бұл бірлестіктегі сабақтарға деген қызығушылық,

  • Оқыту нәтижелерін тексерудің адекваттылығы;

  • Қателердің саны және спаты;

  • Конкурс, олимпиада т.б. жеңімпаздары, үздік оқушылар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет