А. Т. Сағынаев МҰнай мен газдың физикасы және химиясы



Pdf көрінісі
бет2/153
Дата06.03.2023
өлшемі6,98 Mb.
#171314
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153
Байланысты:
S4
Вредные привычки и как с ними бороться
AЛҒЫСӨЗ 
 
Ұсынылып отырған бұл еңбек автордың бірнеше жыл бойы Атырау 
мұнай және газ университетінің «Органикалық заттардың химиялық 
технологиясы», «Мұнайгаз ісі» және «Мұнайгаз кен орындарының 
геологиясы және оны барлау» мамандықтарының студенттеріне оқыған 
лекцияларының негізінде құрастырылған. 
Мұнай мен газ адамзатты энергиямен қамтамасыз етуде шешуші роль 
атқарады, сонымен қатар, мұнайхимиялық синтезге қажетті құнды шикізат 
болып табылады, мұнайдан еріткіштерден бастап, кокс және техникалық 
көміртегі алуға болады. Қазақстан дүние жүзіндегі көмірсутекті 
шикізатардың өте көп қоры бар елдердің біріне жатады. 
Мұнайды тиімді терең өңдеу, одан экологиялық қасиеттері жақсы 
сапалы өнімдер алу проблемасы өте көкейкесті мәселе болып табылады. 
Осыған байланысты мұнайды өңдеуге әзірлеу, оны алғашқы және терең 
өңдеу процестерінің маңызы өте зор. 
Мұнай мен газ елдің экономикасын алға жетелейтін негізгі энергетика 
көзі болып тұрған кезеңде, олардың физикасы мен химиясын, алғаш және 
терең өңдеу әдістерін оқып-білу болашақ химиялық технология мамандары 
үшін ғана емес, сонымен қатар мұнай және газ өнеркәсібіне қатысы бар 
барлық қызметкерлерге де пайдалы. 
Бұл оқулықты «Органикалық заттардың химиясы және физикасы», 
«Органикалық заттар технологиясының теориялық негіздері» және «Мұнай 
мен газды өңдеудің негіздері» пәндерін оқу кезінде пайдалануға болады.
Осы бағыттағы қазақ тілінде жазылған оқулықтардың көптеген 
жетістіктерімен қатар, бірқатар кемшіліктері де кездеседі. Мысалы, белгілі 
оқулықтардағы келтірілген мәліметтер ескірген және мұнай мен газдың 
заманауи технологиясының ғылыми жетістіктері толық көлемде жазылмаған 
болып келеді. 
Сонымен қатар, мұнай мен газды өңдеудің біріншілік процестерімен 
қатар, соңғы жылдары екіншілік өңдеу процестерінің жаңа әдістері белгілі 
болды, ал ол процестер туралы мәліметтерді тек қана арнайы басылымдардан 
оқуға болады. 
Оқулықта мұнай мен газдың химиясы және физикасымен қатар, оларды 
өңдеудің негізгі процестерінің химизмі енгізілген. Сонымен қатар, мұнай 
химиясы өнімдерінің алыну жолдары, қасиеттері және оларды қолдану 
туралы мәліметтер кеңінен келтірілген. 
Оқу бағдарламасында қарастырылған сұрақтардың көптігі және 
әрқилылығы оқулықты жазу кезінде біраз қиындықтар туғызды. Сондықтан 
бұл еңбек кемшіліксіз емес деп айта алмаймын, егер сын пікірін білдіріп, 
хабарласатын әріптестерім бар болса шын жүректен қуанып қабылдаймын. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   153




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет