АҚҚан жұлдыз бірінші кітап роман бірінші тарау



Pdf көрінісі
бет46/57
Дата20.02.2020
өлшемі3,43 Mb.
#58443
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   57
Байланысты:
(pdf) Аққан жұлдыз (Сәбит Мұқанов)


АЛЫСҚА АТТАНАРДА

ӨКІНІШ ЖƏНЕ ҮМІТ

Үркіттен  Омбыға  оралған  Шоқанның  ойын  жалғыз  ғана  мəселе  биледі.

Ол, Шығыс Сібірге барғанға дейін «Бұл Сібірде менен көп білетін кім бар

екен? Əй, болмас!» деген ойда жүргенде, алдынан таудай теңкиіп Банзаров

шыға  келді.  Бірнеше  күн  онымен  жолдас  болғанда  байқағаны,  білім

жағынан оның қасында бұл тау етегіндегі төбе сияқты ғана.

Банзаров  сібірлік  жəне  шығыстық  мəселелерге  өте  жетік  екен.  Əсіресе,

монғол  жəне  түрік  тұқымдас  халықтардың  тарихына.  Мысалы,  монғол

империясы аталған мемлекет туралы, əсіресе Шыңғыс ханның тұсы туралы

бұған дейін білем дегені, теңіз қасындағы көл сияқты ғана болын қалды.

Хан тұқымдарының, əсіресе, əкесі Шыңғыстың: «Біздің арғы тегіміз күн

шуақта  жаралған  хан  –  Шыңғыс!»  деп  мақтанулары,  Шоқанның  санасына

есін  білген  күннен  бастап  берік  ұялаған.  Ə,  солай  екен  ғой!  деп,  іштей  өзі

де мақтанатын.

Сөйтіп  жүріп  Кадет  корпусына  түскеннен  кейін,  Шыңғыс  хан  туралы

орыс  тіліндегі  мəліметтерді  оқығаннан  кейін,  лепірме  көңілі  бəсеңдеп

қалған,  орысша  мəліметтерде  Шыңғыс:  талағыш,  жойғыш,  аң  бейнелі

қанішер. Тек соғыс өнерінің тарихынан сабақ беретін Гутковский ғана «ұлы

қолбасшы  болған»  деп  дəріптейді,  бірақ,  қалай,  несімен  екенін

дəлелдемейді.

Корпустан  осы  ұғыммен  шыққан  Шоқан,  енді  Банзаровпен  кеңесіп

көрсе,  «Шыңғыс»  дегенің  ірі  қолбасшылығының  үстіне,  ірі  ақылды,  ірі

болжағыш  жауынгер!  Оған  үлкен  дəлелдің  біреуі:  «Шыңғыстан  қалыпты-

мыс» деген, «алтын топшы» аталатын күнделік.

Банзаровтың  баяндауынша  тарихтық  жəне  əдебиеттік  мəні  зор  бұл



шығарма,  ханның  көзі  тірі  кезінде  қытай  иероглифымен  жəне  ұйғыр-

монғол əріптерімен жасалған. Ол жазуларды Банзаров жақсы біледі екен.

–  Басқа  тілдерге,  –  дейді  Банзаров,  –  əсіресе,  европа  тілдеріне  бұл

шығарма  əлі  аударылған  жоқ.  Петербургта  тұрған  күндерімде,  орыстың

шығысты  зерттеуші  ғалымдарын  мазмұнымен,  ең  алғаш  ауызша  мен  ғана

таныстырдым. Олар менен «Алтын топшыны» орыс тіліне аударуды өтінді.

Мен  уəде  бердім.  Бірақ  аудару  да  оңайға  түспейді.  Күнделік  үш  том.

Бəрінің көлемі орысша кітаптың мың бетіндей.

– Кірістіңіз бе?


– Жоқ.

– Неге?


– Уақыт таба алмай жүрмін.

– Менімше, табу керек.

– Əрине. Таба қалған күнде де аудару оңай емес.

– Неге?


– Өте биік əдебиет тілінде жазылған. Өлеңдері мен қара сөздері аралас.

Ұлттық ерекшеліктері көп. Соларды дəл беру қажет.

– Өйтуге күшіңіз жететін сияқты ғой?

– Тырысып көрем.

– Қашан?

– Көк тəңірісі медет берген кезде...

– Ол қашан болар деп жорамалдайсыз?

– Əзірге тілек үстіндемін.

Аударуға  кіріскен  кезін  жəне  қалай  жүріп  жатқанын  Банзаров  Шоқанға

хабарлап тұрмақ болды.

Банзаровтан бұл хабарды асыға күткен Шоқан, онымен жарысу ниетіне

кірді.  Сонда  қай  жүйеден?  Шоқанның  байқауынша,  кітаптық  мəліметтерді

бұдан  əлдеқайда  көп  біледі  деп  шамалайтын  Банзаровтың  бір  ғана

жетпейтін  жері  бар  сияқты,  ол  –  Шығыс  Сібір,  Қазан,  Петербург

қалаларының  төңірегіндегі  жерлер  мен  елдерден  басқа  жақтарды

географиялық карталардан болмаса, əлі өзі көзімен көріп білмеуі.

Кітаптық білім алу жөнінде Банзаровпен теңесуді, шамасы жетсе, озуды

мақсат  еткен  Шоқан,  бір  мəселеден  оның  алдын  орағысы  келеді,  онысы  –

саяхат. Сəті түсе қалса, ол Россияның да, оның шектестерінің, де, аса берсе,

дүние  жүзінің  де  біразын  кезбек.  Бірақ,  қалай?  Кім  жібереді  оны?  Қандай

қаражатпен?..

Бұл


сұраулардың

шешілуіне

көзі

жетпеген



Шоқан,

«білудің


артықшылығы болмас» деген оймен, атақты саяхатшылардың өздері жазған

немесе олар туралы біреу жазған кітаптарды іздестіре бастады.

Ондай  кітаптар  Омбыда  көп  те,  жоқ  та  емес  екен.  Кітап  құмарлардың

жинағандарын  байқастырса,  аржағы  Мысыр,  Иран,  Грек  Рим,  Қытай



саяхатшылары  жайынан,  бір  жағы  Араб,  Византия  саяхатшыларының

жайынан  орта  ғасырлардағы  Ағылшын,  Француз,  Неміс  тағы  басқа  елдер

саяхатшылары  жайынан  орыс,  француз,  неміс,  ағылшын  тілдерінде

бірталай  кітап  табылды.  Шоқан  соларды  шетінен  оқуға,  қажетті  жерлерін

жазып алуға кірісті,

Осы  құныға  оқудың  үстінде  Банзаровтан  ол  күткен  игілікті  хабар

орнына,  Шоқан  Үркіт  қаласында  танысқан  бурят  зиялысы  –  Гомбоевтан

1855. жылдың март айында «Банзаров елді» деген қайғылы хабар келді.

Одан  бір  ай  бұрын,  бірінші  Николай  патшаның  өлген  хабары  алынған.

Бұл  оқиғаға  қатты  қайғырған  Гасфорт  бүкіл  Омбыға  жəне  Батыс  Сібір

қарамағындағы  елдерге  аза  тұттырып,  өкіметтік  кеңсе  жəне  оқу  үйлерінің

алдарына  қара  жалау  байлатқан.  Дүрмекпен  Шоқан  да  қайғырған  болған,

бірақ,  орыс  армиясының  өзге  офицерлері  сияқты,  «қырым  науқаны»

аталатын  соғыста  басқарушылық  ете  алмауына  қарап,  Шоқан  да  патшаға

іштей  қатты  реніште  еді,  сондықтан,  Гасфорттың  ырқына  қарап,  бет

ажарын  суытқан  болғанмен,  ішкі  пікірінде,  «барсын,  иманы  жолдас

болсын!» дейтін.

Банзаровтың  өліміне  Шоқан  шын  жүректен  қайғырды.  Гомбоевтың

хатын  оқып,  «өлді!»  деген  сөздерін  көргенде  жүрегі  тас-төбесіне  шығып,

жылап  жібергенін  өзі  де  байқамай  қалды.  Қайғының  тұманына  сүңгіген

Шоқан,  бірнеше  күн  есін  жия  алған  жоқ.  Сол  қалпын  байқаған  Гасфорт,

бүйту  себебін  сұрап  еді,  Шоқан  Николайдың  өліміне  аудара  салды.  Өз

қайғысы Банзаров екенін жасырды.

Өйтпегенде ше?

Сібірлік  шығыстық  елдердің  тағдыры  жайында  ойланатын  тірі

адамдардан  оның  кездестірген  бірінші  байсалды  кісісі  –  Доржи  Банзаров.

Ол  түйіндерін  таба  алмағанмен,  бұл  мəселеде  оның  білетіні  ұшан-теңіз.

Шоқанның  түсінігінше,  мəселе  түйіндерді  таба  білуде  ғана  емес,  олар

туралы  ойлана  білуде.  Оның  байқауынша  –  адамзаттың  ой-санасы  үздіксіз

ілгерілеуде,  осы  бетінде,  біреулерге  көмескі  көрінген  идеяларды  біреулер

айқындап, талай жұмбақтар шешілуде. Ендеше, отар елдердің қазіргі ауыр

тағдыры  бара-бара  жеңілденіп,  түбінде  бұл  түйіннің  де  шешілуі  ғажап

емес.

Отар  мен  отарлану  мəселелерін  білуде,  Шоқан  Банзаровты  өзіне  ұстаз



тұтқандай болған. Егер, қыршын жас кезінде өлмей, əлі біраз жыл жасаса,

шырмауында жүрген ойларының кейбіреулерін шешер ме еді, қайтер еді?..

Ондай бақытты тағдыр маңдайына жазбады!..

Бұл жағына қайғыра отыра, Шоқан Банзаровтың елімін табиғи іс деп те

санады. Өйтетіні, елінің тағдырына қоса, оның өз басының тағдыры да ете

ауырын көзімен көріп қайтты.



Шоқанның  бағалауынша,  Банзаров  шын  мағынасындағы  ғалым  адам.

Ғылым  жүйесінде,  əсіресе,  шығысты  зерттеуде  қызмет  атқарса,  оның

ашатын  жаңалықтары  ұлан-байтақ  сияқты.  Бірақ,  патшалық  өкімет  қолын

да,  тілін  де  байлап,  оны  жолағысы  келмейтін,  «ерекше  тапсырмалардың,

чиновнигі» аталатын қызметке қосқан.

Қандай қызмет ол?

Өкіметке  қарсы  қимылды  сығалай  бақылап,  жоғарғы  ұлықтарға

хабарлап отыратын қызмет.

Сол  міндетпен  Сібірге  барса,  ондай  қимыл-қозғалыстардан  аяқ  алып

жүргісіз.  Отарлық  ауыр  жағдайда  отырған  халықтардың  ірілері  түгіл

ұсақтары  да  қысылған  үндерін,  қиналған  қимылдарын  үздіксіз  көрсетіп,

жеңіл-желпі  оқиғаларға  да  барып  қояды.  Осылардың  бəрін  үкіметке

мəлімдеп отыру, сол халықтарды іштей сүйетін Банзаровқа қандай ауыр!..

Оның  хабарлары  салдарсыз  кетпейді,  үкімет  ұсақтарына  –  ұсақша,

ірілеріне  –  іріше  шаралар  қолданып,  кезінде  басып  жатады.  Кейбір

қозғалыстардың,  əсіресе  көтерілістерді  басуы  насырға  шауып,  құрал  күші

қолданылады  да,  ақыры  қан-жосамен  бітеді.  Осындай  қатаң  шаралардың

қолданылуына  Банзаров  «бас  айыптыны  өзім»  деп  санайды  да,  əрбір

шараға  қатты  қынжылады,  сөйте  тұра  зұлымдыққа  санайтын  міндеттерін

орындамауға  амалы  жоқ.  бүгін  жүрегін  айнытқан  істерін  ертең  қайтадан

жаңғыртады!..  Бірақ,  онымен,  отар  елдердің  отаршылдыққа  қарсылығы

тыйылып қалмайды, «сөнді» деген от қайтадан тұтана береді...

Амалсыз атқаратын қызметіне жаны күйетін Банзаров, мұңын шағар кісі

таба алмай, қайғының уытын арақпен қайтару жолына түскен. Банзаровпен

кездескенше,  Шоқанның  құлағына  Потанинның  сіңіргені.  «Кейде  ішпей

жүреді де, бір ішсе құнығып ап, əлденеше күнге созады. Ол кезде ес-тұсын

білмейді».

Бұл  сөздерден  шошынып  қалған  Шоқан,  бірге  жүрген  күндерінде

байқаса,  Банзаров  арақты  аузына  да  алмайды.  Қытығына  тиіп  алармын

деген қауіппен, неге өйтуін Шоқан сұрамайды.

Жарты  айға  жақын  жолдас  боп  бірге  жүрген  Банзаров,  Шоқанға  тек

ажырасар  күннің  алдындағы  кеште  ғана  сыр  алдырды.  Сол  кешті  өзінің

Үркіттегі пəтерінде Шоқанмен оңаша өткізген ол, «қоштасар алдында» деп

жайған дастарқан үстіне «қытай чаркасы» аталатын бозамық арақты қойды

да,  бокалды  көтеруге  сылтаулар  тауып,  жөремелдете  əлденешеуін  қотара

салды.


Əрбір  маскүнемнің  тез  мас  болатын  əдеті.  Банзаров  та  сөйтіп,  бірер

чаркадан  кейін  тілі  күрмеле  бастады.  Тағы  біраздан  кейін  тұтыға  əрең

сөйлеп, Шоқанға басында жүрген мұңын шағып, кеңкілдеп жылап та алды.

Сөз  арасында  Шоқанды  əлсін-əлсін  құшақтай  сүйіп,  өзінің  де  көп  жасай



алмауын,  атқара  алмаған  істерін  серіктеріне,  олардың  ішінде  Шоқанға

жүктейтінін  де  білдірді.  Шоқанның  да  басы  қатты  зеңіп  қалған  екен.

Мастықтан «пахмелсіз» жазылмайтын Банзаров, мана, ояна сала, бір бокал

чарканы  тастап  алған,  содан  кейін  «сынған»  басы  аздап  тəуірленген.  Ол

Шоқанға  да  сөйтуді  өтініп  еді,  жатар  алдында  біраз  құсқан,  əлі  де  ішінің

ашуы кетпеген Шоқанның құлқы соқпады.

Шоқанды  қаладағы  жəмшік  үйіне  дейін  шығарып  салған  Банзаров,

онымен жылап айырылысты. Сондағы сөзі;

– Енді көрісе аламыз ба, жоқ па?..

Оның  елімін  естігенде,  Шоқанның  есіне  соңғы  сөзі  түсе  қалды.  Жылап

жіберуі де сондықтан.

Шоқанның  өкінішті  қайғысы  ұзаққа  созылар  ма  еді,  қайтер  еді,  егер

үмітті бір хабар құлағына шалына қалмаса.

Сол  1855  жылдың  февралы  аяқтала,  осы  айдың  19-ы  күні,  Николай

марқұмның  баласы  –  екінші  Александрдың  таққа  отыру  хабары  келді.

Білімді жұрт та, Шоқан да бұл хабарға қуанды.

Таңданғаны:  «Король»  жəне  «патша»  аталатындардың  бəрінің  бұған

дейінгі салтында, король я патша өлсе, оның жылы толмай, мұрагері таққа

отырмайды. Ал, екінші Александр, əкесі – Николайдың «беті жасырынбай

жатып», яғни жыл түгіл ай да толмай патша бола қалған! Онысы несі?!.

Жас патшаның бұл қылығын əлденеше саққа жүгірткен жұрт (солардың

ішінде Шоқан да бар), көп талқылаудың аяғын бір пікірге ғана əкеп тіреді:

бұдан екі жыл бұрын Қырым науқаны» аталып басталған соғыс əлі де қызу

жүріп  жатыр.  Айқасқан  күндерден  бастап,  «одақтастар»  аталған  жаудан

Россия  үнемі  жеңілуде.  Қара  теңіздің  россиялық  жағасының  біразын

одақтастар  басып  алды;  қазір  олар,  бұл  жағадағы  ең  берік  бекініс  дейтін

Севастополь  ішіне  де  кіре  бастады.  Россияның  адамдық  шығыны  да  аз

емес.  Отанын  ерлікпен  қорғаған  мыңдаған  жауынгерлер  қазаға  ұшырауда.

Солардың  қатарында  орыстың  теңіздік  флотының  атақты  қолбасшысы

Корнилов пен Нахимов та бар. Өте ауыр қаза. Дүйім көпшіліктің тоғысқан

пікірінше,  Россияның  осынша  орасан  шығынға  ұшырауына  бас  айыпты  –

жұрт  арасына  «шоқпарлы  Николай»  лақабы  жайылып  кеткен  патша;  тек

соның  ғана  мемлекетті  де,  армияны  да  ақылмен  емес,  жұдырықпен

басқаруынан.

– Соның салдарынан, – деді жұрт, – «Қырым науқанында» Россия қатты

күйзелушілікке  ұшырап  жатқан  кезде,  жас  патшаның  яғни  екінші

Александрдың, ескі салтты сақтауға мұршасы болмаған шығар.

Енді, үміт туралы.



Жұрттың да, Шоқанның да естуінше, екінші Александр əкесі сияқты тас

құдайдай қақырайған, өз ырқынан басқаға илікпейтін ұрда-жық, кеудемсоқ

адам емес, салмақты, парасатты, ойшыл, жөнді сөзге құлақ асқыш, икемшіл

жігіт. Сондықтан, одан бірінші үміті – Қырым науқанында əкесі көрсеткен

ақылсыздықты тез түзеп, Россияның, одақтастар əкеткен есесін қайтару.

Екінші  үміті  –  қырым  науқанында  да,  басқа  жағдайда  да  Россияның

ұтыла  беруіне  бас  себептің  бірі  –  əлеуметтік  жəне  экономикалық

өркендеулердің Батыс Европадан артта қалуында. Осы мешеуліктен құтылу

үшін  Россиядағы  бас  қырсық  крепостнойлық  правоны  жою  керек.  Еміс-

еміс естілетін қауесетке қарағанда, мемлекет басқару ісіне жас жігіт кезінен

араласа  бастаған  екінші  Александр  осы  пікірде  деседі.  Қазір  оның  жасы

отыз  төртке  толып,  ақылы  кемелденген  шақ.  Оның  үстіне,  таққа  отырып,

мемлекет  тізгінін  қолына  алды.  Енді  не  істеймін  Ендігі  тілек:

крепостнойлық правоны жою ісін, ылайымда, қолына алғай да!..

Үшінші Шоқанның ж е к е ү м і т і– ана жылы, мұрагер шағында, əуелі

Кавказды,  одан  кейін  Сібірді  аралап  түскенде,  отар  халықтардың,  əсіресе,

сібірліктердің ауыр халіне жаны ашыпты-мыс деген лақап бар; егер онысы

рас болса, крепостнойлық правоны жоюмен қатар, бұратана халықтарға да

түзу  қарап,  азаматтық,  шаруашылық,  мəдениеттік  өркендеулеріне  жағдай

жасауы мүмкін ғой.

Екінші Александрдың таққа отыруынан осындай үміттер күткен Шоқан

бір мəселеде нысанасынан айрылып қалғандай болды: бірінші Николай еле

сала,  Петербургта  оны  азалау  жиналысына  Батыс  Сібірдегі  қазақ,

дуандарынан  да  өкілдер  шақырылатынын  ескерткен  ішкі  істер  министр!

Гутковтан  хат  келді.  Бірақ,  мезгілі  көрсетілмеген.  Асығыс  Гасфорт

дуандарға  шапқын  жіберіп,  əрқайсысынан  екі  адамнан  əзірлеуге  бұйрық

берген.  Өз  ұсынысы:  аға-сұлтанның  өзі  жəне  кіші  сұлтандардың  таңдаулы

біреуі.  Ол  сұлтандардың  орысшаға  əуселесі  қандайлығын  жақсы  білетін

Гасфорт,  өкілдерді  бастап  баруды  Шоқанға  тапсырмақ  боп,  даярлануын

ескертіп  қойған.  Шоқанның  барар  ниеті  жоқ,  сондықтан  ол  жолға

əзірленуді  емес,  сол  сапардан  қалай  сытылып  қалудың  айласын

қарастыруда.

Дуан  өкілдері  жолға  əзірленіп  жатқан  шақта,  екінші  Александрдың

патша  болған  хабары  да  сап  ете  қалды.  Бұрынғы  дағдыларға  қарағанда

жаңа  патшаның  таққа  отыруы  да  тойлану  керек.  Мысалы,  1825  жылы

бірінші  Николай  таққа  отырғанда,  дуан  басылар  Петербургтағы  тойына

барып,  сыйлар  апарып,  киіт  алып  қайтқан.  Екінші  Александрды  да  солай

тойлаулары мүмкін.

Сонда қайсысы бұрын болады? Аза ма? Той ма?

Қайсысы бұрын боларын біле алмаған Омбы, екеуіне де қажет-ау деген

даярлықтарын дабырасыз жүргізе берді. Кімдер, қалай баруы туралы Омбы

мен  Петербург  арасында  қат-қабат  хаттар  жүріп  жатты.  Ақыры,  ішкі



істердің  жан,а  министрі  князь  Бибиковтан  азалық  жиналыс  сол  жылдың

мартының ортасында болатын хабар келді.

Бұл кезде азаға кімдер баруы да анықталып болған еді. Олар: Көкшетау

дуанының  аға  сұлтаны  подполковник  Шыңғыс  Уəлиханов,  кіші  сұлтаны

Шөпек би Байсарин, болыстық правитель Аққошқар Кішкентаев, Баянауыл

дуанының  аға  султаны,  жүз  басы  (сотник)  Мұса  Шорманов,  кіші  султаны,

хорунжи Шекербай Малгелдин; Ақмола дуанының аға султаны подпоручик

Ыбырай  Жайықбаев,  кіші  сұлтан  Бегалы  Қоңырқұлжин,  Қарқаралы

дуанының  аға  сұлтаны  Құсбек  Таукин,  кіші  сұлтаны  Тəттімбет24

Қазанғапов.

Бұлардан  басқа  Батыс  Сібірдегі  орыс  губернияларынан  баратын  да

өкілдер (депутация) бар. Бəрінің тізімі қырық шақты кісі. Бастаушылары –

Гасфорт.

Жеке  басының  нөкерлері  он-шақты  адамнан  құралған  Гасфорт,

адьютанттарынан  кімді  ертуді  ойлағанда  таңдауы,  əрине,  Шоқанға  түсті.

Ол  өзгелерінің  бəріне  епті,  пысық,  өткір,  оқы.мысты;  сол  сипаттарының

үстіне азият, экзотика!..

Гасфорттың  одан  қымсынатын  жалғыз  ғана  жері  –  тым  пысық,  тым

өткір, тым білгіш; сол салтына бағып, кейде орынсыз кимелеп кететіні бар;

жəне  мысқылшыл,  сықаққой.  Омбыда  соларының  бəрі  де  жарастықты

сияқты,  бəріне  де  Гасфорттың  бойы  үйренген  сияқты.  Петербургта  да

сөйтер болса иесінің абыройына нұқсан келтірмей ме?

Өйттірмеу  үшін,  Гасфорт  бір  сəтте  хұзырына  шақырып  алды  да,

мəймөңкені былай қойып, Омбыдан шыға, жолшыбай, əсіресе Петербургта

қалай  жүріп  қалай  тұруды,  өзін  қалай  ұстауы  туралы  Шоқанға  толып

жатқан  бұйрықты  өнеге  (натация)  айтты.  Оның  қатты  да,  жұмсақ  та

жайларын жақсы білетін Шоқан, кескін-кейпіне, үн құбылысына қарап, бұл

жолы  қатал  отырғанын  байқады  да,  ешбір  сөзіне  таласқан  жоқ.  Несіне

таласады? Қатаяр қалпына түскенде, ол өзінен өзгенің терісі түгіл, оңын да

тыңдамай,  ырқына  көндірмей  қоймайды;  қарсылық  білдіргенді,  ойсырата

қауып тастайды.

Сондай қалпын біле тұра Шоқан оған қарсы сөз айта ала ма?

Кадет  кезінде  адьютант  аталатын  қызмет  одан  арман  сияқтанатын  еді.

Сол қызметті енді өзі атқарып, дəмін татып көрсе, тым кермек екен. Ол да –

бір,  күтуші  де  (лакей)  –  бір.  Əсіресе  –  Гасфортта.  Оның  адъютанттарын

жұмсамайтын  жері  жоқ:  Əсіресе  жиындарда  Шоқанды  да  қолжаулықтай

жұмсай береді...

Петербургқа баруға құлқы шаппаған Шоқанның тілегі қабыл болғандай,

бармауына бір себеп кездесе қалды.


Сол  бір  күндері  Омбыға  орыстың  сол  кездегі  атақты  дипломаттарының

бірі,–  Александр  Естафьевич  Врангель  келе  қалған  еді.  Арғы  тегі  шведке

жататын ата-бабаларынан талай фельдмаршалдар, генералдар, адмиралдар,

елшілер  шыққан,  өзі  де  шет  мемлекеттердегі  соғыстық  атташеліктің  жəне

елшіліктің  сынынан  өткен  Врангельді,  патша  бұл  өлкеге  Россия

мемлекетінің  аса  бір  қажетті  деп  санаған  мəселесін  барлап  келуге

жұмсағанды.  Онысы:  Орта  Азияға  Индия  жақтан  сұғынып  келе  жатқан

Англияны қалай тойтару жəне реті келсе сол өлкедегі хандықтарды Россия

ықпалына қалай қарату, сəті түссе, қалай бағындыру еді.

Врангель  осы  тапсырмамен  Омбыға  келгенде,  Гасфорт  Аягөз  жағына

жолаушылап  кеткен  еді.  Сондықтан  ол,  Гасфорт  оралғанша  Семейдегі

шекара  күзетіне  барып,  Орта  Азия  туралы  жинаған  материалдары  болса

танысып қайтуға ойлап жүріп кеткен.

Семейде  Врангель  қанағаттанарлық  материал  болмай  шықты.  Бірақ,  ол

барғанына  өкіну  орнына  қуанды:  атағын  естігенмен,  жүздесіп  көрмеген,

сөйтуге


қатты

құмартатын

Федор

Михайлович



Достоевскиймен

жолығысты.

Бұл  Федор  Михайловичтін,  көңілінің  аса  бір  жүдеу  шары  еді:  оның

ғашығы – Мария Дмитриевна Исаева күйеуінің қызметі Барнауылға ауысу

себепті көшіп кеткен, соған Федор Михайлович қатты қайғырып жүрген.

Бұрын  таныс  болмағанмен,  Врангель  екеуі  тез  үйлесіп,  тез  достасып

кетті. Врангель мəдениет мəселелерін, олардың ішінде – көркем əдебиетті,

оның  ішінде  Достоевскийдің  баспада  жарияланған  еңбектерін  жақсы

білетін  кісі  болып  шықты.  Жалпы  кез  қарасында,  ол  бірінші  Николайдың

декабристерге,

петрошевшілдерге

қолданған

қатал

шараларын



мақұлдамайды  екен,  Достоевскийдің  басына  түскен  ауыртпалыққа  жаны

ашиды екен.

Достоевский  Семей  губернаторы  генерал-майор  Панинның  адъютанты

капитан  Демчинскийдің  пəтерінде  тұрады  екен.  Ол  да  көзі  ашық,  саналы,

сергек  офицер  болып  шықты.  Егер  сонымен  бірге  тұрып,  көңілін

көтермесе, еңсесін басқан қайғыдан Достоевскийдің жаншылып қалар түрі

бар сияқты.

Врангельмен  жолығысу,  оның  бойы  мен  ойын  тіпті  сергітіп  жіберді.

Олар  күн  сайын  Ертістің  Семей  қасындағы  кең  аралына  кетіп,  ұзақ  күнді

суға  жүзумен  құмға  аунау,  серуенмен  өткізді.  Сондай  шақта  талай  сырлар

ақтарылды,  талай  келешектер  болжалды.  Екінші  Александрдың  таққа

отыруына  екеуі  де  бірдей  қуанышты  болып  шықты.  Европадан  мешеу

қалды деп санайтын Россияны алға бастауынан екеуі де қатты дəмелі екен.

Сөз  арасында  олар  Врангельдің  жол  жайын  да  əңгімелесіп  қояды.  Орта

Азияның  тарихы,  қазіргі  тағдыры  жəне  болашағы  туралы  Врангельдің

азын-аулақ білетіні Достоевскийге көп сияқты көрінді. Өзінің білетіні көр-



жер, кəкір-шүкір. Соны қалайша толық білу жайын кеңескенде жəне соған

кімді  жұмсау  қажетін  ақылдасқанда,  Достоевскийдің  ең  қолайлы  деп

атағаны – Шоқан Уəлиханов. Орта Азия туралы Достоевскийдің «білемін»

дегендері  Шоқаннан  естігендері  ғана  екен.  Оның  айтуынша,  Шоқанның

бұл  тақырыпта  білетіндерінде  түп  жоқ,  ендеше  бұл  мəселе  жайында

Гасфортпен

емес,

Шоқанмен



пікірлесу

қажет.


Достоевскийдің

бағалауынша:  ханзадалық  намыс  жағынан  ол  –  Гамлет;  ұлттық  намыс

жағынан  –  Отелло;  қазір  ол,  –  торға  қамалған  бүркіт;  күш-қуатын  көрсету

үшін оған шарықтай ұшатын кеңістік керек!..

Врангель бұған дейін еркек пен еркектің дос болғанын көрген еді, ғашық

болғанын көрген жоқ еді. Достоевскийдің Шоқанды жақсы көруі – соңғысы

сияқты.

– Илансаңыз, – деп аяқтады ол, – Шоқанға деген махаббатым, көріспеген



күндерде,  мен  оны  жан  ғашығым  –  Мария  Дмитриевнадан  артық  демейін,

кем  сағынбаймын.  Себебі,  жолыққан  еркек  атаулыдан,  мен  əзірге

адамдықтың шын бейнесін содан ғана таптым.

Сыртынан  таныстырған  Мария  Дмитриевна  да  осы  пікірде  екенін

Врангель Достоевскийге жазған хатынан көрді. Өткен жаз Шығыс Сібірден

оралған  Шоқан  жолшыбай  Кузнецк  қаласына  соқты  да,  Исаевтардың

Семейден сонда көшкенін əлдеқалай естіп, əдейі іздеп барды. Ері ол кезде

дағдылы  мастық  қалпымен  есін  білмейтін  халде  жатқанда,  күтпеген

Шоқанды көрген Мария Дмитриевна көрісе жылап қарсы алды. Оның халі

қазір  тіпті  ауыр  екен:  Достоевскиймен  байланысы  барын  сезген  Исаев

Кузнецкіге содан қашып көшкен екен де, Мария Дмитриевнаның қылығын

қымс  етсе  бетіне  басып  тілдей,  сабай  береді  екен.  Шоқанның  ол  халді

жеңілдетер шамасы жоқ. Қолынан келері – үкіметке айту. Оған «тағдырдың

жазғаны осы» деп Мария ұлықсат етпеді.

Бірер күн мұңдасып Семейге беттеген Шоқаннан Мария Достоевскийге

хат  жазып  берді  де,  ез  мұңынан  ештеңе  айтпай,  тек  Шоқанның  кісілік

қасиетін мақтаумен болды.

Ол  хатты  оқыған  Достоевскийдің  алдында  Шоқанның  бұрын  да  биік

санайтын адамдық бойы одан да жоғарылай түсті.

Достоевскийдің  Шоқанды  қастерлеуі  соншалық,  өзінің  ең  қымбат

санайтын  қағаздарын  Шоқан  сыйлаған  қобдишада  сақтайды  екен.  Оның

ойынша,  бүкіл  Омбыда  Шоқаннан  басқа  мемлекеттік  ойы  бар  кісі  жоқ.

Орта Азияны барлау қажет болса, бұл қызметті атқаруға тек ол ғана лайық.

Бірақ,  Достоевскийдің  естуінше,  бірінші  Николайдың,  Петербургта

июнь  айында  өткізілетін  азалық  жиналысына,  Гасфорт  Шоқанды  ерте

кетпек  ендеше,  Врангель  оны  өз  мақсатына  жұмсауға  босатып  ала  ала  ма,

жоқ па?


ТОПАСТАР ТОЙЫ

Ұмытып  кете  жаздаппыз:  бірінші  Николай  елді  дегенді  естіген  күндері,

ешкімнің  көңіл  айтуына  да  елікпей  жылап  жатып  алған  Гасфорттың  түпкі

уайымы, жаны жəннаттан орын алған болар деп санаған патшаға ажалдың

жетуі  емес  еді.  Гасфорттың  ойынша  да  Николай  егде  тартқан  59  жасында,

Қырым  науқанын  басқара  алмағандықтан,  басқарған  елінің  жəне  дүние

жүзінің  алдында  тұнық  беделі  шайқала  бастаған  шағында  мезгілсіз  өлді.

Оның  ішкі  уайымы  –  өз  қара  басы.  Николайға  ол  қыбын  тауып,  сүйікті

болған  адам.  Өлгеннен  кейін,  тағына  отырған  баласына  жаға  ма,  жақпай

ма? Жақса, құба-құп; ал жақпаса ше?

Соңғы  ойдан  үрейі  ұшып,  не  істеуге  білмей  жылап  жүрген  кезінде,

патша  сарайының  қасындағы  сібірлік  комитеттің  председатели  князь

Чернышевтың арнаулы өкілі, Батыс Сібірдің соғыстық картасын жасаушы,

генералдық штабтың инспекторы, генерал-майор барон Сильвергельм келе

қалды.  Содан  берген  хатында,  досы  санайтын  Чернышев  Гасфортқа  жаңа

патшаның Орта Азияға көз алартар ойы барын айта кеп, осы жайда, алдын

ала  қимылдап  қалуын,  яғни  Россияға  жуықта  ғана  қараған  Алматы  жағын

шолып, əрі қарай сұғынудың мүмкіншіліктерін қарастыруын тапсырды.

«Егер,  –  деп  аяқтапты  князь  қысқаша  хатың  –  осы  тапсырманы

абыроймен атқарсаңыз, жаңа патша алдында да абыройлы болуыңыз ғажап

емес!»

Гасфорттың  Аягөз  жағына  сапар  шегу  себебі  осы  еді.  Бірақ,  ол  бұл



сапарынан  мардымды  ештеңе  өндіре  алмай  қайтты.  Аягөзге  бара  естісе,

Россияның Тянь-Шань тауына таянуынан сескенген Қоқан хандығы қалың

əскермен  россиялық  Алматы,  Қапал  жағына  шабуыл  жасау  қамына

кіріскен;  соның  қамауында  қалам  ба  деп  қорыққан  Гасфорт,  сол  бір  тұста

Алакөлдің  суы  тасып,  əрі  қарай  өткел  бермеуін  сылтауратты  да,  «су

сабасына түскенше» деп кейін оралды.

Бірақ,  жай  оралмады  ол.  Керегінің  бəрін  тындырып  қайтқан  немедей,

алдына  шапқын  жіберіп,  ұзақ  сапардан  аман  қайтуының  құрметіне  деп,

бару қарсаңында Омбыға той жасатуды бұйырды.

Аягөзге  келерінде  Семейлетіп  жол  шеккен  ол,  қайтарында  Шыңғыс

тауының шығыс жақ етегін жиектеді де, тау жотасының «Шаған» аталатын

асуына  Абыралыға,  одан  Қарқаралыға,  одан  Баянға  тартып,  Омбыға

Ертістің ығымен тік түсті.

Бұл жөні оған оңайлыққа да соққан жоқ. Пəлен күнге таусылмайтын бұл

қашықтықта арба жүрерлік жол жоқ екен. Арбаға жеге қоярлық ат та жоқ,

бəрі қамыт киіп көрмеген асаулар. Алдын ала кеткен шапқын жолшыбайғы

елдердің  əр  тұсынан  таңдаулы  аттарды  байлатқанмен,  арбаға  бас  білері

табылмады.  Өзі  де,  нөкерлері  де  пəуескелетіп  жүрген  Гасфорт  тарпан,



аттарды қисынсыз қыстап жектірем деп, арбаларын түгелге жақын қиратып

алды. Ақыры, амалсыз салт жүруге тура келді. Бұрын кавалерист



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   57




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет