«Абай -дана, Абай дара қазақта» атты тәрбие сағаты 6 «ә» сынып



Дата07.02.2022
өлшемі20,57 Kb.
#95511
Байланысты:
Абай 6ә


«Абай –дана, Абай – дара қазақта» атты тәрбие сағаты 6 «ә» сынып

Тәрбие сағатының тақырыбы:"«Абай –дана,Абай – дара қазақта» атты тәрбие сағаты»


Тәрбие сағатының мақсаты:
-Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу. 
-Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарлығын арттыру.
-Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге тәрбиелеу
Әдіс- тәсілдері: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру, өлең оқу, ән айту
Көрнекілігі: презентация
Техникалық жабдықталуы: ZOOM платформасы
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі және әдебиеті,тарих, ән
Күтілетін нәтиже: Рухани адамгершілік тәрбие беру арқылы мейірімділікке, инабаттылыққа баулу.
Тәрбие сағатының жоспары:
1. Ұйымдастыру
2. Ой шақыру
3. "Абай дара, Абай дана қазақта"
4. "Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл"
5. "Өлең сөздің патшасы сөз сарасы"
6.Қорытынды

ZOOM платформасы арқылы:


Барысы
I. Ұйымдастыру
1.Амандасу

Мұғалімнің кіріспе сөзі: -Балалар, осы ағымдағы 2020 жылы тарихи атаулы күндерге толы екен. Олар қандай атаулы күндер?


-Қазақ хандығының 555 жылдығы, ҰОС жеңістің 75 жылдығы, қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойы.
Иә, халық тарихи дамудың қаншама биігіне көтерілседе Абай аты мен Абай сөзі әрдайым оның аузындағы жыры , көкірегіндегі иманы, санасындағы ұжданы болып қала береді. 
-Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымызда ұлы ақын атамыз – Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз. 
1-жүргізуші: Абай бір өлеңінде: "Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез" – деген екен. Біз өзімізді талаптылар тобына жатқызуға шешім қабылдап алып, Абай әлеміне сапар шегіп қайтқалы отырмыз...
2-жүргізуші:Саяхат болғанда да Абай әлеміне, Абай ойларына, Абай өлеңдеріне саяхат…
Мұғалім:бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы "Абай әлеміне саяхат" деп аталады
1-жүргізуші: 
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім? Жырымен жан сусынын қандырған кім? Өзіне –өзі орнатып ескерткішті, 
Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім? 
Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім? Талабын тас қияға өрлеткен кім? 
Құбажан, құрбақан құм, құла қырда
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
2-жүргізуші:
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім? 
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім? 
Арманын аттандырып келешекке , 
Біздермен осы күнгі тілдескен кім? 
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім? 
Жауына найза сөзін шанышқан кім? Өзендей құйған барын көк теңізге, 
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
Мұғалім: тәрбие сағатымыздың барысында бұл сұрақтарыңа жауап аласыңдар деп ойлаймын
III."Абай дара, Абай дана қазақта"
1-жүргізуші: Құрметті оқушылар,қазақта неге Абай дара, Абай дана деп аталады?
(Әр топтан 1 оқушы өз пікірін айтады)
IV. "Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл"
2-жүргізуші: Абай әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағанын біз
білеміз.
1-жүргізуші: -Абайды оқып, оны ойға түю, жүрекпен сезіну баршамыздың мақсатымыз. Сондықтан, "Сәулең болса кеудеңде, мына сөзге көңіл бөл"-деп қара сөздерге кезек берейік
1-жүргізуші: Абайдың нақыл сөздерін мынадай тақырыптарға бөлуге болады.
2-жүргізуші: Адам жанын зерттеу, бала тәрбиесі , Имандылық тақырыбы
1-жүргізуші: Жаман мінез, әдеттер және адамгершілік жайлы
2-жүргізуші: Қазақ мақалы, қазақ халқы жайлы
1-жүргізуші: Абайдың 19-қара сөзі (Абайдың қара сөздерін бейнетаспадан тыңдау
Мағынаны тану, талдау
Бірінші топ а) Қандай мәселе көтерілген?
Екінші топ ә) Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні қандай?
Үшінші топ б) Бұл қара сөзден сен өзіңе қандай ғибрат алдың?

1-жүргізуші:Абайдың Қара сөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған. 


Жақсы мен жаман туралы баяндайды, халқын алға ұмтылуға шақырады.
Абайдың 17-қара сөзі бойынша сахналық қойылымды тамашалаңыздар
"Ғылым, жүрек, ақыл, қайрат"
2-жүргізуші:Абайдың қара сөздері балаға да, данаға да ой салатын, жақсылыққа жетелейтін ұлағаты мол қазына
Мұғалім:Қара сөздерін саралай отырып Абайды кім деп айта аламыз? Қандай адам деп айта аламыз?
Абай – ойшыл.
1. Қазақ халқының жазба әдебиеті. 
2. Шығыс елдердегі классик поэзиясы.
3. Батыс Еуропа мәдениеті.
1-жүргізуші:- Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән шығарған.
Аяужанның орындауында "Көзімнің қарасы"
2-жүргізуші:- бұл әндерді көпшілігіміз естіп, айтып жүргенімізбен олардың шығу тарихы жайында мағлұматымыз мардымсыз.
1-жүргізуші:- «Айттым сәлем, Қаламқас,
Саған құрбан мал мен бас...» деп басталатын Абайдың әйгілі әнін білмейтін қазақ кем де кем. Алайда, тыңдарманы қалың, үлкен сахналардан бастап ауыл арасындағы жиын-тойларда, көңілді кештерде шырқалып, бүгінге дейін ел ішінде сүйкімін жоғалтпай келе жатқан бұл туынды әр қазаққа, қазақ деймін-ау, тіпті, өзге ұлт өкілдеріне де жақсы таныс.
2-жүргізуші:- Ендеше "Айттым сәлем, Қаламқас" әнінің тарихымен таныса отырыңыздар
Бұл әннің тарихын тыңдай отырып, басқа да әндерін тыңдай отырып Абайды тағы да қай қырынан көреміз?
Абай – сазгер.
VII. "Жырақ жатып жүрегі бірге соққан"
1-жүргізуші:Бірін-бірі көрмеген 3 данышпан, 3 тұлға ұлы далада бас қосты.Неміс, орыс және қазақ халқының даналары Гете, Лермонтов және Абай ескерткіштері Абай ауданында бой көтерді. "Халықтар достығы" деп аталатын бұл ескерткіште Лермонтов орыс тіліне аударған немістің ұлы ақыны- Гетенің "горные вершины" өлеңі және қазақ тіліне Абай аударған "Қараңғы түнде тау қалқып" өлеңі жазылған
Енді осы өлеңді қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілінде тыңдайық
2-жүргізуші:- Абай орыс ақыны А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан үзінділер, М.Ю.Лермонтовтың, , И.Гетенің шығармаларын сүйіп оқып, аударған.
1-жүргізуші:Біз оқыған " қарға мен түлкі " , "шегіртке мен құмырсқа", " есек пен бұлбұл" мысалдарын И.Крыловтан аударған Абай атамыз екен.
Енді осы" қарға мен түлкі " мысалын тамашалаңыздар
.......................................................................................................
2-жүргізуші:- Осы мысалды тамашалай отырып қандай ой түйдіңдер?
1-жүргізуші:- Абайды тағы қандай қырынан көріп отырмыз?
Абай аудармашы
VIII.Тура биде туған жоқ
2-жүргізуші: Абай ел ісіне де араласқан. Саясаткер ,заңгер Абай туралы мына мәліметтерге қанық болыңыздар
«Әлемнің Абайы» өлеңі

1-жүргізуші: Абай біздің –Кемеңгер,


Теңдесі жоқ асқар биік шыңымыз,
2-жүргізуші: Ақ ниетті, әділетшіл шыңымыз,
Асыл қазына, ашылмаған сырымыз.
1-жүргізуші: Таусылмайтын мәңгі бақи жырымыз!
2-жүргізуші:Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы
1-жүргізуші:.Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы,
2-жүргізуші:.Нақылменен сана құйған,
Қазағымның Абайы,
1-жүргізуші: Ақылменен дана болған 
Бірге: Бүкіл елдің Абайы
"Әлемге танылған Абай" атты суреттер жинақтамасымен таныстыру
Сіз не дейсіз? ( Әр топтан 1 оқушыдан Абай туралы сұрақтарға жауап береді)
1-жүргізуші: Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар.
2-жүргізуші: Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай сияқты даналарымыздың қалдырған із ешқашанда өшпек емес.

Абай ойларына, Абай әлеміне саяхат жасамақ болғандардың бір мойындауға тиісті ақиқаты – Абайды түсінудің сан сатылы болатыны. Абаймен сырласуға, Абай әлеміне саяхат жасауға әркімнің де қақысы бар. Абайдың өзі "болмасаң да ұқсап бақ" деген.


Абайдың мың қырлы, мың тәлімі бар.Бүгінгі тәрбие сағатымыздың барысында сол мың қырлы мың тәлімнің теңіздегі тамшыдайын ғана өзімізше түсініп, әңгіме еттік деп ойлаймын
- Осымен сабағымыз аяқталды,Абайдың өн бойы толы рухани байлығын бойларыңа сіңіріп, білімдеріңді толықтырдыңдар деп ойлаймын

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет