Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз


М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз



бет6/20
Дата15.09.2017
өлшемі1,06 Mb.
#33115
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз.

Ой маржанын бүкіл әлемнен, ал поэзияның бояуларын халықтық жырдан іздейтін М.Шаханов туған елмен ару атамекеннің қасиетін сағым көмкерген даланың құдіретті күшін, бабаларының өшпес рухымен, қайтпас ерлігін, адалдықты ту еткен, асқақ жандардың ару махаббатымен адал достығын жырлайды. Ойымызды аша түсу үшін «Ғашықтық ғаламаты» балладасының кіріспесінде келтірілген төмендегі түсініктемені келтіруімізге болады.

Атақты «Қорлан» әнінің авторы Естай ақын 72 –ге келіп, тіршілікпен қоштасар шағында аласұрып жан досы Нұрлыбекті іздепті. Екі күндік қашық жерде тұратын Нұрлыбек аттан құлап, аяғын сындырып алғанына қарамастан арбаға жанбастай жатып досына жеткен екен. Сонда Естай әбден жұқарып тозуға айналған сұқ саусағындағы жүзігін көрсетіп: «Сүйегіме кіретін қарттарға ескерт мына жүзікті жарты ғасыр қолымнан тастамай келгенімді білесің. Ендеше қалған ғасырларда да саусағымда жарқырап жатсын… Ұлы сезімнің кішкене жүзігіне сыйдырған қайран Қорланым –ай» – деп ағыл – тегіл жылапты .

Ақын поэзиясына алтын арқау болған махаббат тақырыбы шынайы сүйіспеншілік пен жырланумен бірге бұл тақырыпқа ақын жаңадан із салған және ақын өзіндік беті айқын мәнері жаңалығы бар ақындарды мойындап, оған жанаспайтын өнердегі із, жол, салып бағытын таныта алмағандарды есепке алмай. Ақын «Ғашықтық ғаламаты» балладасында Естайдың мына бір сөзін әсерлі келтіреді:

Тұзағына іліндірді мені өлім,

Тулағанмен амал нешік, көнемін,

…Десе – дағы ел дәстүрі ерге сын,

Қарттарға ескерт

Қарсыласа көрмесін

Қорланымның көзі болған жүзікті

Өтінемін,

Өзіммен бір жерлесін!…

Тірлігіме шабыт берген бұл жүзік

Жарық беріп жатсын маған көрде де, –  деп өзінің соңғы үмітін досына аманат етіп айтады. Естайдың бұл тілегін Мұхтар ақын «Ғашық болып өлу қандай мәртебе» — деп, деген жаңа тұжырымға келеді. Естайдың бұл әрекетін естіген Қорлан:

Егер олай етпесе,

Естай Естай бола ма?!

Естай Естай бола ма?!

Онсыздағы жаны сұлу балаңа

Сұлу өлім сыйлапсың–ау, жер–ана, — деп, ақ жаулығы ай нұрымен желкілдеп еңкілдейді. Қорланның Естайға деген аппақ та, тұнық сезіміне таң қалған Мұхтар «Нағыз ғашық қарттылығына көне ме?» деген байлам жасайды. Қорланды жылатқан–Естайға деген махаббат. Кейін өзі қылтамақтан өлерде күйеуін сыртқа жіберіп, немересіне Естайдың әнін салдырып, «Бақыттымын, бақыттымын» деп мәңгілік көз жұмады.

Нағыз ғашық қарттығыңа көнер ме?!

Қорлан өзі кейінірек қылтамақтан өлерде,

Әжім жүзі қуарып, түнеріп,

Күйеуін сыртқа шығарып жіберіп,

Ақпалап, қозып делебесі де,

Бойжетіп қалған немересіне

Естайдың әнін салдырып,

Жанарын шоқтай жандырып,

«Бақыттымын, бақыттымын» — депті де,

Көз жұмыпты мәңгілік ,

Ақын Естайдың Қорланға деген кіршіксіз махаббатын жырлай отырып, ғашықтық деген сезімнің ғаламат күшін паш етеді. Естайдың өлімін биік өлім деп бағалайды. М.Шаханов ғашықтық дегенде көрсеқызарлық, арзанқұмарлықты айтып отырған жоқ, тіршіліктің тірегі, ұлы сезім – мөлдір махаббатты үлгі етеді. Ойын сабақтай келе:

Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы,

Адам азса ғашықтықтың жоқтығынан азады.

Ғашық жыры – тіршіліктің көкейтесті өлеңі

Ешбір геометриямен

Өлшенбейтін көлемі.

Бұл сезімнің ұшан – теңіз адамзатқа берері

Ғашық болу келсе кімнің қолынан

Әлем соған сенеді.

Құлай сүю – ерлікпен тең себебі!

Апатай – ау,

Онда неге итереміз ғашықтарды қақпанға?

Көңілің күні жоқтардан

Табанының бүрі жоқтардан

Жұрт онсыз да зардап шегіп жатқанда.

Жоғарыдағы адал сүйіспеншілік, оңай алынбайтын асудай болған махаббат қуанышы мен қайғысы қатар жүретін сезім, арай, көрнекті қазақ ақыны Т.Айбергеновтың «Махаббат элегиясында» да нәзіктік пен жырланған.

Көрмес деп күдер үзбеймін,

Саламын сұрау, іздеймін,

Сағына сені сарғайдым,

Сары жапырақ күздеймін. 
Атыңды айтсам ардақтап,

Ойым жоқ басқа жар таппақ.

Сен бе деп көше қызының,

Жүзіне қараймын жалтақтап.
Тілдеспей кетем сөзге кеп,

Шыққан соң сенен өзге боп.

Қаяулы көзден моншақтар,

Тамшылап жатар кез де көп.
Сол сәттен сені жоғалтқан,

Сүю таңы әлі жоқ атқан.

Күтем мен сол таң арайын,

Үмітпен келер сағаттан
Ал, Мұхтар балладасына оралсақ, анаға Естай өмірін өнеге ете отырып:

Апатай – ау,

«Қызым батты күнәға,» —

Деп қамығып жылама,

Жандарыңды қасіретке бұлама

Мүмкін, жолы сәтсіз шығар…

Бірақ сүю бақыты

Кез – келген тартылмайтын сыбаға

Апатай – ау,

Сеніміңді жасытпа,

Қашықтықты жеңе білу – мықтылық,

Нағыз бақыт – жақында емес, қашықта.




Начало формы

Ж. Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасы 1963-1964 жылы жазылған. Ал поэма қазіргі таңда жазылар болса, ақын нені жырлар еді деп ойлайсыз?

Конец формы

Начало формы

«Жұбанның «Мен-қазақпын» тамаша поэмасы халқымыздың, бүгінгі кәрі-жасымыздың қанатты сөзіне, мақтаныш сезіміне айналып кетті. Қазағың баяғы қағажу, мешеу ел емес. Ол – терезесі тең жұрт. Ол - талантты халық. Халқымыз бұғаудан босап, бойындағы асыл қасиет-жігерін күллі әлемге паш етті. Бұл дастан ақын шығармаларының көш басында өрге қиялай тартқан атан түйедей, жолында жүк қалмайтын нардай биік шоқтығы. Поэманы оқығанда Жұбанға әркім-ақ: «Сен қазақсың, сен шын ақынсың, азаматсың» деп тұратындай». 
Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы - «Мен – қазақпын» поэмасы (1964). 
Өткен ғасырдың 70-ші жылдары жарық көрген туынды қазақ ұлтының өзі туралы поэмалық жариялауы болды. 
Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді. 
Мен - қазақпын, мың өліп, мың тірілген, 
Жөргегімде табыстым мұң тілімен. 
Жылағанда жүрегім күн тұтылып, 
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. 
Мен - қазақпын, ажалсыз анамын мен, 
Құрсағыма сыйдырам даланы мен. 
Пәк сәбимін бесікте уілдеген, 
Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен, - 
деген өлең жолдарынан - ақ ақынның қазақтық, азаматтық, патриоттық намысын бірден танимыз. Өзінің «қазақ» екенін ағынан жарыла ерекше шабытпен жырлауы - оның ерлігінің бір көрінісі десек қателеспейміз. Бұл поэмада ақын қазақ халқының басынан кешірген небір қиын кезеңдерді суреттейді. 
Ақын қазақ халқының сан ғасыр бойында ауыр азаппен өткен тағдырын еске түсіреді. Қазақ елінің талай шапқыншылыққа ұшырағанын, бірақ халық бәріне төтеп беріп, өзін қорғай білгенін, елдігі мен салтын, ұлттық қасиетін сақтап қалғанын мақтана, асқақтата жырына қосады. 
...Қарсыласпай өлмедім, қан татырдым, 
Құлап қалсам атымнан, қайта тұрдым. 
Сансыз басты диюдай сан тіріліп, 
«Мен – қазақпын» дегенді айта тұрдым, - 
деп, оқырманды жігерлендіре түседі. Ерлік, қарсылық, күш, қуатты жырға қосып, «құласа да қайта тұрып» өзінің қазақ екенін тағы да жүрек жара, жан даусымен қуана, шаттана жеткізеді. Енді бірде қазақтың ән - күйінің құдіретін өзгеше бір үнмен суреттейді: 
....Күй емес пе, ботасыз нар идірген? 
Ән емес пе, аққудай жар ілдірген? 
Жыр емес пе жүрекке жел бітірген? 
Олар барда қалайша тарылды іргем? – 
деп, қазақ халқының ән - күйі мен жырының өзіндік ерекшелігін, даралығын паш етіп, мұндай өнері бар халықтың ешқашан мойымайтынына үлкен сенім артады. Поэманың келесі бір шумағында ақын: 

Шалқы, қазақ, шалқитын заман келді, 


Текке қанын төккен жоқ Аманкелді. 
Кең далаңда керіліп, атыңды атап, 
Жырла, қазақ, жаңа күй, жаңа ән келді... - 
деп, қазақ халқына жаңа заманға сай болуға, еркіндікті, елдікті, бірлікті сақтауға үндейді. Елі үшін құрбан болған Әлия, Мәншүк, Төлегендерді жырына қосып, олардың ерлігін, олар бастаған жол, халық бақытының түп қазығы болғанын суреттей отырып, олардың ісін жалғастырушы бүгінгі ұрпақ екенін мақтан ете жырлайды. Мерейі өскен бүгінгі бақытты халқымыздың қуанышы жыр боп төгіледі. Бүгінгі таңда еліміз егемендік алып, осы азаттық жолындағы «мың өліп, мың тірілген» кездерді еске алғанда ақын арманы поэма шумақтарынан анық байқалады. 
Ұлы аманат етейік еркіндікті, 
Ел құлдықты білмесін, жер күңдікті, 
Аңсаймын мен, сенемін, туады ертең. 
«Қазақ болу - зор бақыт» дер күн тіпті... - 
деген өлең жолдары бүгінгі «егемендікті» жыр еткендей әсерге бөлейді. Ақын болашаққа сенеді. Сондықтан да ол ақынша желпіне, көңіл күйдің ырқына беріле жырлайды. Енді бірде ақын: 
Мен - қазақпын қаныммен, сүйегіммен. 
Сән - салтанат, салтымды сүйемін мен, - 
... Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып. 
Қазақстан гербі де, жалауы да, - 
деп шаттанады, қазақ елінің ешкімнен кем емес екенін дәлелдей түседі. Ақын өз жырының елі үшін ешқашан таусылмайтынына ерекше қуанады. 
Мен - қазақпын, биікпін, байтақ елмін, 
Қайта тудым, өмірге қайта келдім. 
Мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске - 
Айта бергім келеді, айта бергім, - 
деген өлең жолдары бүгінгі күн үшін айтылғандай сезіліп, ақындық даңқын көтере түседі. 


Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет