Абай Құнанбайұлының оқу-ағарту турасындағы ой-пікірі Орындаған: Жангирова м тобы: 105-18



бет3/7
Дата08.02.2022
өлшемі288,45 Kb.
#118380
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Абай Құнанбайұлының оқу-ағарту турасындағы ой-пікірі

Оқыту методикасы

  • Ол оқу-ағарту саласындағы таптық, ұлттық және мүліктік шектеулерге қарсы шығып, оқытудың ана тілінде жүргізілуіне баса назар аударды. Сонымен қатар: «Орысша оқу керек... өнер де, ғылым да - бәрі орыста... Сен оның тілін білсең, көкірек- көзің ашылады», - деп, орыс тілін үйренуге де ерекше мән берді. «Балаңа қатын әперме, - дейді ақын замандастарына, - енші берме, барыңды салсаң да балаңа орыстың ғылымын үйрет». Абай Отыз сегізінші сөзінде ғылымды әл- Фарабидің үлгісімен сала-салаға бөліп, ұстаздарға ғылым негізін жоспарлы және жүйелі түрде балаға түсінігіне ұғымды, қызықты, тартымды етіп оқытуға, білімді өмір талабымен ұштастыра білуге кеңес береді. Ақын ғақлияларында оқудың шәкірттердің ынтасын арттыратындай түсініктілігі мен ерікті, көрнекілігі жайлы құнды дидактикалық пікірлер айтты. Ол жеке адамның қалыптасуына оқу-ағарту ісін ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесімен тығыз сабақтастыра қарастырады. Ақын түсінігінде адамгершілік тәрбиені құрайтын қасиеттер: адам баласын сүю, адамдардың бір-біріне адал, мейірімді және бірлік, ынтымақта болуы. Ол адамгершілікке баулуда жастардың сол замандағы мінез-құлық олқылықтарын өз бойларынан іздетіп, олардан арылуға, өзін-өзі тәрбиелеуге өсиет етті. Жасөспірімдердің мінез-құлық, адамгершілік тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген Абай: «Тез үйреніп, тез жойма, Жас уақытта көңіл-гүл...» - деп, жас баланы тәрбиелеуді өте ерте қолға алып, олардың дақ түспеген санасына ізгі қасиеттерді еге білу қажеттігін ескертеді. Ол өзі өмір сүрген әлеуметтік ортада орын алған бес түрлі зиянды мінез-құлықтан адам боламын деген әрбір жасөспірімнің сақтануы керектігін ашық айтады. Адам өзіне-өзі сыншы болу керек: «Егер есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айына бір, өзіңнен есеп ал», - деген Абай тұжырымы жастардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырып, олардың бойында өзіне деген берік сенімін қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет