«Абай» операсының 6 – бөліміндегі декоративті қолданбалы өнердің синкреттілігі



бет5/5
Дата07.02.2022
өлшемі0,77 Mb.
#82364
1   2   3   4   5
Байланысты:
Абай операсы

КомзолXVIII – XIX ғасырларда қазақ халқы арасында кең тараған ұлттық киім. Қамзол туралы мәліметтер 19 ғасырдың ортасынан бастап кездеседі. Қамзол тек қазақта ғана емес, басқа да түркі елдерінің киім үлгілерінде кездеседі. Әйелдер киімінде қамзолдың орны ерекше, ол әрі жылулық, әрі сәндік міндеттерін атқарады. Қамзолдар астарлы, жеңсіз жеңіл жаздық киім. Етектері мен жағалары тас, оқа, күміс тиындарымен (сөлкебай)әшекейленген, бұйымдар қадап, әртүрлі әткеншектер ілінген.

«Қыз Жібек» фильмінен

Бұндай әдемі, көйлектердің әрі қарай сәнін кіргізер зат, әшекей – бұйымдар. Қыз бала 4-5 жасынан бастап-ақ сәнмен бой тұзеп, қолына бала білезіктер, құлағына сырға, камзолына жиектей күміс құймалар таккан. Әйел әшекейлері тек сән-салтанат үшін ғана емес, әдет-ғұрып, наным-сенімге де тікелей қатысты болғандықтан, кез келген әлеуметтік ортаның өкілі өз хал-қадірінше әртүрлі әшекейлер татуға тырысқан. Сондай-ақ, таққан әшекейінс қарай әйелдің жасын, әлеуметтік тобын, қай аймақтап екендігін ажыратуға болады. Мәселен, ауқатты отбасынан шыққан әйелде бағалы тастардан көз салынған, алтынмен апталған әшекейлер мол болады. Олар күрделі көркемдік шеберлікпен, техникалық жағынан мінсіз орындалуымен ерекшеленеді. Қазақтың бай әйелдері зергерге бірыңғай нақышта жасалған әшекей бұйымдарынық толық жинағына тапсырыс берген және ауқатты отбасынан шыққан қыздар салмағы үш келіден кем түспейтін күміс шолпылар таққан. Зергерлік әшекейлердің саны мен сипаты әйел жасына орайлас келеді. Мәселен, пішіні жағынан кіші, қарапайым әшекейлерді жасөспірім қыздар тақса, ал қыз бойжеткен сайын ол таққан әшекейлер өзгеріп, көркемдік нақыштары күрделене, көбейе түскен. Ал тұрмысқа шыққаннан кейін әйел әшекейі біртіндеп азайып, жасына қарай басқа накыштарга ауысады. Қазақ қыз-келіншектері жүзік, сақина, балдақ, құстұмсық жүзік, отау жүзік, білезік, жұмыр білезік, сырға, некелік, шашқап, шолпы, шашбау сияқты әшекей бұйымдарын таққан.



Қазақ әйелдері шашына шашбау, шашқап, шолпы, шаштеңге таққан. Мұндай әшекей бұйымдардың әйелдер үшін тәрбиелік мәні зор. Күміс немесе алтын теңгелер, тиындар қадалған шашбауды шолпы деп те атайды. Мәселен, шолпыны сән-әшекей ретінде, әрі оның салмағынан шаш ұзын болып өседі деп тақкан. Кеудесіне өңіржиек, шашына шолпы таққан қыздың мойны құрықтай болып өскен, бойын тік ұстаған дене бітіміне көңіл бөлген. Қазақы ортадағы қыз тәрбиесінде шолпының маңызы зор. Алайда, анасы қашанда қызына қатты жүгірме, оқыс қозғалма, шолпың қатты сыңғырласа сені әдепсіз қыз дейді - деп отырған. Сондай-ақ, қазақтар арасында шашқа тағатын әшекей бұйымдарга қатысты коптеген наным-сенімдер бар. Шашқапты бойжеткен қыздар мен келіншектер үй шаруасын істеген кезде киген, ол бұрымды шаң-тозаңнан, күн көзінен қорғайтын арнайы тігілген сәнді бұйым. Оны жас келіндер жүн сабау, киіз басу, ши тарту, мал сауу т.б. жұмыстарга араласқан кезде, тазалық сақтау мақсатында да киген. Ол мақпал, шұға, барқыт, мауыты сияқты көк, қызыл, қара түсті маталардан тігіліп, желкеден белге жететін етіп бұрымның жуандығына қарай пішіліп тігіледі, кестеленеді. Жоғары және төменгі жағынан ою-өрнекпен безендіріліп, зер, оқа, моншақпен әшекейленеді.


Қорыта келе, А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсының негізгі өзегі тамаша музыка, кейіпкерлердің сүйіспеншілігі, сот көрінісіндегі үрейді де, той думан кезіндегі шаттықты да Абайдың бейнесімен байланыстырған. Бұл тарихи драмалық опера қазақтың халық әні, музыкасының ұлттық құндылығымыз бейнелеу өнерімен, поэзиямен, қара өлеңмен, салт-дәстүрмен, қолданбалы-декоративті өнермен, ұлттық ойын түрімен, қазақтың сөз өнерімен т.с.с. басқа да өнер түрлерімен синкреттілігін аңғартады. Демек, бір шығарма барысында өнер түрлері синкреттілік тапқанда музыка ажарланып, мазмұны тереңнен ашылып, тыңдарманды баурай түсетіні анық. Олай болса, біздер әрбір тыңдайтын музыкалық шығарманы синкреттік өнер түрлерімен жан-жақты қарастырып, тереңнен талдай түссек, болашақ ұрпағымыздың дүниетанымының кеңеюіне, ұлттық құндылықтарын тани алуына, оны қастерлеуге, әлемге насихаттауға өзіндік үлесімізді қоса аламыз деп ой түюге болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет