Абайдың он жетінші қарасөзіндегі «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» сөзінің мәнін дәлелдеп жазыңыз



Дата25.01.2023
өлшемі13,12 Kb.
#166414
Байланысты:
Пернебай Ақшолпан. эссе. 13 тақырып
все тесты тарих, Губина 220918 151033

Абайдың он жетінші қарасөзіндегі «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста» сөзінің мәнін дәлелдеп жазыңыз
Абай Құнанбевтың қырық бес қарасөзінің әрбірінде терең ой жатыр. Кейбір қарасөздері оның өлеңдерінің жалғасы болып табылады. Ол Абайдың шығармасында көтерілген негізгі ойды оқырманның ой-санасына жеткізуді мақсат еткендігін дәлелдейді. Сондай қарасөздерінің бірі он жетінші қара сөзі болып табылады. Бұл қара сөзінде адамға қажетті үш негізгі қасиеттің үйлесімділігі туралы сөз болады. Соларға жеке-жеке тоқтала өтсек.
Ақыл адамға әркез керек. Абай атамыз айтқандай адамды жақсылыққа да, жамандыққа да итермелейтін ақыл болып табылады. Бұл қасиетсіз адам өмір сүре алмайды десек те болады. Әрдайым жолымызды көрсететін осы ақыл болып табылады. Бірақ ақыл жүрекке бағынғысы келмейді.Олардың арасынан үйлесімділік табу қиын болғанымен, көп жағдайда адамзат баласы жүректің әміріне жүгінеді.
Қайратсыз өмірде маңызды жағдайдың орын алуы қиын. Яғни, тәуекелге бел буып, маңызды қадамдар жасау үшін адам бойынан қайрат табылу керек деп санаймын. Бірақ, кейбір жағдайларда өз қайратына беріліп кететін қайратты адамдар жаман әрекеттерге де барып жатады. Осындай сәттерде қайрат, ақыл, жүрек бірігіп әрекет ету қажет деген ойға тоқталамын.
Адам анатомиясындағы ең басты мүше жүрек екендігі баршамызға мәлім. Адам өмірінде жүрек маңызды орын алады және айтылған үш құндылықтың ең бастысы болып саналады. Ақылға да, қайратқа да әмірін жүргізетін жүрек деп санаймын. Абай да жүректі маңызды санайды. Себебі адамның адамды сүюін, адам үшін қызмет етуді бірінші орынға қоя білген.
Қорытындылай келе ақыл, қайрат, жүрек әрдайым үйлесімділікте болып, бір-біріне құлақ түруі маңызды. Ғылым бойынша ең маңызды дүние – осы үшеуінің бірлігі саналады. Ол жайлы Абай атамыз да атап өткен болатын. «Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым» деп Абай өз сөзін осылайша аяқтаған. Демек, жүректің адам өмірінде алатын орны әркез бөлек. Ақыл, қайрат, жүрек бір деңгейде болмаса, басым рөлді жүрек ойнайды деп санаймын. Дегенменде әрқайсысының адам өмірінде маңызды саналатын өз орындары бар екендігін ұмытпаған абзал.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет