Абдрахманова Жанайым Топ: 401 Тақырыбы



бет1/2
Дата12.12.2021
өлшемі28,85 Kb.
#99878
  1   2
Байланысты:
интерактивті және инклюзивті оқыту ерекшеліктері


Абдрахманова Жанайым

Топ: 401

Тақырыбы: Интерактивті және инклюзивті оқыту ерекшеліктері

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Осы мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз – барлық балаларды жынысына, этникалық діни қатыстылығына, дамуындағы ерекшеліктері мен экономикалық мәртебесіне қарамастан, оқу үдерісіне және әлеуметтік бейіделуіне тарту үдерісі, ол денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалардың мамандандырылған мекемеде емес, керісінше әдеттегі білім беру ұйымында оқуын қарастырады. Сондай-ақ олар арнайы мекемелерде де білім ала алады. Денсаулығы мүмкіндігі шектеулі бала мүгедектерге арналған мекемеде оқу арқылы шынайы қоғамнан алшақтайды, бұл оның дамуын барынша шектейді. Ол кез келген бала секілді құрдастарымен бірге білім алуға, тәрбиеленуге және олармен араласуға мұқтаж. Инклюзивті білім беру осындай балалардың қарапайым мектепке барып, басқа балалармен бірге оқуын мүмкіндік береді.

Инклюзивті білім беруден өтетін сау балалардың түсінігі, жанашырлығы және сезімталдығы қалыптасады. Психологияда бұл-эмпатия деп аталады. Олар ашық әрі шыдамды болады, бұл толеранттылығы төмен қоғам үшін аса өзекті. Инклюзивті білім беру оқу ұжымдағы иерархиялық көріністерді күрт төмендетеді.

Инклюзив - сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.

Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.Бұл арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзивті білім берудің 2 жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне жақындастырады. Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бірлесіп( интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру  боп табылады. Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылғы «Кемтар балаларға әлеуметтік-медициналық-педагогикалық-психологиялық түзеу арқылы қолдау туралы» № 343 заңы бойынша ТДО сыныптары үйден оқыту, үйден әлеуметтік көмек көрсету, көмекші бағдарлама, арнайы (ПДТ) бағдарлама бойынша куәлік беру ережелерін және мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғау, қамқорлау, диагнозын анықтау, емдеу, оңалту, тәрбиелеу, оқыту, қатарға қосу мәселелері бойынша жаңадан шыққан заң, қаулы, ереже тәртіптерінде қаралған. Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім беретін  мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады.

Инклюзивті оқыту-даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі.Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы қалыпты балалар сыныбында –тобында оқиды және дефектолог мұғалімнің жүйелі көмегін алады) , жартылай ( жеке балалар күннің жарты бөлігі арнайы топтарда, ал екінші бөлігі)  қарапайым топтарда өткізіледі. Уақытша арнайы топтардағы бала бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді, өткізу үшін біріктіріледі.Толық дамуында ауытқулары бар балалар балабақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді.  Кемтар балалардың ата-аналары көмекші не арнайы мектептерге, арнайы интернаттарға немесе балабақшаға баласын бергісі келмесе жалпы балалалр оқитын мектептерге ПМПК-ның ұсыныс бойынша жеңілдетілген бағдарлама бойынша оқытуға толық құқылы. Жалпы білім беретін мектептер, балалабақашалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген баланың деңгейіне қарай жеңіл бағдарламамен білім беруге тәрбиешілермен мұғалімдер инклюзивті білім беруге дайын болғаны жөн. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасын қамтамасыз ету, сонымен қатар оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастырудың идеологиясы жатыр.Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында  мектеп және мектепке өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті білім беру балалардың оқу үрдісіндегі  қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдйын да өзгереді. Инклюзивті білім беруді ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады.

Психологиялық- педагогикалық қолдау (ППҚ) көрсету қызметінің әр маманы өз бағыттары бойынша жұмыс істейді. Бұл біріккен ППҚ қызметінің басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Соның ішінен мүғалім-дефектологтың психикалық дамуы тежелген балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуі мынадай бағыттарда іске асырылады:

I. Диагностикалық бағыт: 


- баланы алғашқы дефектологиялық тексеру 
-баланың психикалық дамуының динамикасын жүйелі түрде кезең бойына бақылау 
-баланың даму деңгейіне әсер еткен әдіс-тәсілдер мен таңдалған бағдарламаның тиімділігін анықтау 
-оқушының жеке ерекшіліктерін, танымдық қызметін, ерік-жігер саласын, отбасындағы тәрбиелік жағдайдың даму ерекшеліктерін зерттеу 
- жалпы білім беретін мектептің бағдарламасын меңгерудің деңгейін анықтау 
-компенсаторлық мүмкіндіктерді іздеп табу 
-баламен жұмыстың бағыттарын айқындау мен бала дамуындағы ауытқулардың алдын алу.Сонымен диагностика мынадай міндеттерді шешуге бағытталады:

Баланы алғашқы тексеру. Оның мақсаты: баланың жақын даму аймағы мен актуалды даму аймағын, оқу барысындағы қиыншылықтардың себептері мен механизмдерін анықтау.

Баланы динамикалық тексеру -оқыту процесінде оқушының даму деңгейіне таңдалған оқытудың түрі, әдістері мен тәсілдердің сәйкестігін анықтау, баланың даму динамикасын бақылап отыру мақсатында жүргізіледі. Динамикалық тексеру жылына екі рет жүргізіледі. Сонымен бiрге баланы динамикалық зерттеу баланың пән бойынша жеткен жетістіктерімен баланың даму нәтижесін салыстыруды көздейді. Баланың оқу дағдыларының қалыптасқандығын (ақпаратты қабылдауы, оқу қызметін ұйымдастыра алу, өзін-өзі бақылау) тексереді.

Кезеңдік диагностика- бұл диагностиканың түрі баламен жүргізілген түзете-дамыту жұмысының баланың оқутанымдық қызметіне тигізген әсерінің тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Түзете-дамытудың бағдарламасының игеру деңгейінің нәтижесін бағалағанда баланың білім- білік дағдылары игеруге қажет танымдық қабілетінің қаншалықты қалыптасқандығына ғана емес, баланың игерген білімін берілген мәселеде өз бетімен қаншалықты қолдана алатынына көңіл бөлінеді.

Ағымдық диагностика – бұл диагностика әртүрлі мамандар тарапынан (психолог, логопед, сынып жетекшісі, пән бойынша ұстаздардың) сұрау бойынша жүргізіледі. Бұл диагностиканың белгілі бір өткізу уақыты болмайды. Ол жыл бойына сұрау бойынша жүргізіледі.

Баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудағы диагностикалық бағыттың тағы бір негізгі міндеттерінің бірі – бастапқы кезеңде баланың алда кездесетін қиыншылықтары мен оқу процесінде бүгінгі күні бар қиыншылықтардың себебін, механизмін анықтау болып табылады.

II. Түзете-дамыту бағыты бойынша:

Ақаудың құрылымымен оның айқындылық дәрежесіне байланысты түзету жұмысының мазмұны анықталады.

Баламен жүргізілген диагностиканың қорытындысы түзете-дамыту жұмысы бойынша мынадай бағыттарды айқындап берді: 
- сенсорлық және сенсомоторлық дамуын қалыптастыру; 
- кеңістік-уақыт түсініктерін қалыптастыру; 
- пішін мен көлем, түсті қабылдауын қалыптастыру; 
-салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жалпы ойлау операцияларын қалыптастыру; 
- зейіннің тұрақтылығын, зейін шоғырлануын дамыту; 
- көру, есту арқылы есте сақтауын дамыту
- психомоторлық дамуды жүзеге асыру мен сөйлеу тілін, сөздік қорын арттыру.

Айқындалған бағыттар негізінде балаға түзете- дамыту бағдарламасы құрылады. Түзете – дамыту бағдарламасы баланың танымдық қабілеттерін дамытуға, баланың дамуындағы бос орынды толтыруға бағытталады. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін баланың жеке жас ерекшеліктері, қабылдау деңгейі ескеріліп, әр тақырыпқа тапсырмалар тізбегі даярланады. Баламен жеке жұмыс сабақтан тыс уақыттарда өтеді.

III. Кеңес беру мен ағартушылық бағыт бойынша: 
- ұстаздармен жеке жұмыс жүргізу 
- баланың жас, жеке, типтік ерекшеліктерін ескере оты- рып ата-аналарға, ұстаздарға бірқатар ұсыныстарды даярлау
- оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып мұғалімнің оқу жоспарына түзету жұмыстарын енгізу; 
- эксперименталды топта жұмыс істейтін педагогпен жеке кеңес жүргізу; 
- әлеуметтік қызметкерлермен жұмыс; 
- ата-аналармен жұмыс: 
- баламен жүргізілген жұмыстың жалпы қорытындысымен ата-аналарды таныстыру; 
- ата-аналарға баланың тәрбиесіндегі қиыншылықтары туралы нақты ұсыныстар даярлау; 
- ата-аналарға баланың психофизикалық мүмкіндіктеріне сай баланы оқыту мен оны дамытудың маңыздылығын түсіндіру; 
-ППҚ қызмет мамандарымен тығыз қарым-қатынаста болу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет