Абдраманова Жибек Саттыбалдықызы



Дата17.04.2024
өлшемі12,92 Kb.
#200966
Байланысты:
Ауадағы сұрақтар



Абдраманова Жибек Саттыбалдықызы
Қызылорда қаласындағы
Педагогикалық шеберлік
орталығы филиалының тренері
Ауадағы сұрақтар
(педагогикалық жаңалық)


Диалогтік оқытуда мұғалімдер мен оқушылардың сұрақ қою дағдыларын қалыптастыру өте маңызды. Себебі сұрақ дұрыс қойылса, оқушылардың білім деңгейін анықтау тиімді болады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін жетекші сұрақтар қажет. Мұғалімдер қолданатын сұрақтар «төмен» және «жоғары» дәрежелі сұрақтар болуы қажет. Сабақ барысында сұрақтардың екі түрін де тиімді қолданып, табысты нәтижеге жетуге болады. Бірақ сұрақтардың дәрежесіне қарай қолдану реттілігін түсіну қажет. Мен өз сабақтарымда мұғалімдердің төмен және жоғары дәрежелі сұрақтар қою дағдыларын қалыптастыру үшін « Ауадағы сұрақтар» тәсілін қолданамын. Бұл ойын түрінде жүргізілетін тәсіл. Мұғалімдерге шар үлестіріліп беріледі, бір сұрақ ойлап, оның жауабын шарға жазуды сұраймын. Шардың шетіне өз есімдерін жазып қоюды ұмытпауы тиіс. Мұғалімдер шарларды бір-бірімен алмастырады. Шардағы жазылған жауаптарға сұрақ қояды. Өз жауабы жазылған шар өзіне қайтып келгенше қайталай беруге болады. Өз шары өзіне қайтып келген соң, сондағы сұрақтарды төмен және жоғары дәрежелі деп екіге топтастырады. Бұл тапсырманың идеясы - шарларда жазылған сөздерге түрлі сұрақтар жазу және олардың түрлерін анықтау арқылы ашық және жабық сұрақтарды қою дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар бұл тәсіл мұғалімдерді белсенді іс-әрекетке жетелейді. Қызықты жаттығу ретінде де қолдануға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет