Қабылдаған: Әсілхан Назерке Тобы: С1301-10ж Шымкент 2021ж



бет3/3
Дата02.01.2022
өлшемі19,62 Kb.
#107869
1   2   3
Байланысты:
4апта Сауат ашу әдістемесінің психологиялық және лингвистикалық негіздері
Арнайы мектептердегі сауат ашуға үйрету әдістемесі, Арнайы мектептердегі сауат ашуға үйрету әдістемесі, Managment, рк (копия)
психологиялық ерекшеліктеріне айрықша мән беріледі. Әсіресе оқушының логикалық ойлау әрекеттерін дұрыс тәрбиелеудің маңызы зор. Демек, оқушы оқу материалын терең түсініп, саналы меңгеру үшін, оның заңдылығы мен ӛзара байланысын дұрыс анықтап, тиісті қорытынды жасай білуі қажет.

Оқушы бірінші кластан бастап қазақ тілін оқыту барысында тілдегі түрлі қолданылатын атауларды, мысалы: әріп, сӛз, сӛз тіркестері, сӛз бен сӛзді байланыстыратын жалғау, жұрнақ, тыныс белгілерінің алуан түрлері – сызықша, нүкте, үтір, леп белгісі, қос нүкте, жақша, түрлі грамматикалық ереже, анықтамаларды оқып үйренді. Қабілеті әр түрлі оқушы тілдің мұндай белгілері мен атауларын түбірінен меңгеріп кетуі мүмкін емес, тек оның негізгілерін ғана, басты анықтама, ережені есте сақтауы мүмкін.

Қазақ тілінде айтылу мақсатына қарай сӛйлем хабарлы, лепті, сұраулы, бұйрық мәнін білдіреді, оларды айту арқылы біз сезім, тілек, ӛкініш, қуаныш, бұйыру сияқты адамның әр түрлі психикалық кӛңіл күйін сеземіз.

Оқушы бір-бірімен сӛйлесу барысында тілдің эмоциялық жағын, яғни интонация ырғағын, ымдау, қол ишараларын пайдаланады. Сондықтан тіл психикалық құбылыстарды танып білудің де құралы бола алады. Мысалы, оқушы еліктеуіш, одағай сӛздерді айтуда, қолдануда тілдің эмоциялық жағын меңгереді.

Оқу –тәрбие ісінде ең қажетті мәселе –ұстаздың психологиялық жағынан дайындығы. Әсіресе бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда мынадай психологиялық ерекшеліктерді меңгеру қажет болады: біріншіден, сӛйлеу процесіндегі ерекшелік, екіншіден, жеке оқушының ана тілін меңгерудегі қабілеті ескерілуі тиіс. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімі ӛз пәнінің ерекшелігіне қарай психологияны жақсы білуі қажет. «Оқушылардың материалды меңгере алуының психологиялық негізі сабақтың әрі әсерлі, әрі қызықты ӛткізілуіне байланысты. Сабақ психологиялық жағынан неғұрлым әсерлі болса, оқу материалын олар соғұрлым дұрыс түсінеді. Бұл - мұғалімнің шеберлігіне де қатысты мәселе. Сабақтың психологиялық жағынан ӛте тартымды етіп құру үшін, негізгі үш жағдайдың болуы шарт: бірінші жағдай – сабақтың

педагогикалық тұрғыдан ойдағыдай болуы. Оған қатысты мәселелер шартты түрде: мұғалім мен оқушылардың сабақ кезіндегі қарым-қатынасы, мұғалімнің ӛзін-ӛзі ұстау мәнері, оның ӛрелі ӛнегесі, сыртқы келбет-пішіні, сӛйлеу мәдениеті, оқушыларға қатаң талап қоюмен бірге, сыйлай да білу, оларды саналы адамгершілік пен үлгілі парасаттылыққа баулуы т.б. Мұғалімнің сабақта жеке оқушыны ӛзіне қарата, зейін аудара білуі клас ұжымын тегіс меңгере алуын қамтамасыз етеді. Екінші жағдай- сабақтың теориялық жағынан талапқа сай ӛтуі. Сабақтың теориялық жағы негізгі фактілермен дәлелденіп, оның ғылыми мәні кӛңілге қонымды болса, ол оқушылардың логикалық ойлау ынтасын арттырады және сабақ оқушыларға әсерлі болады. Үшінші жағдай - сабақтың әдістемелік жағынан тиімді болуы. Бұл мұғалімнің материалды баяндау әдісін шеберлікпен игере алуына, дидактикалық заңды прнциптнрді орынды жерінде қолдануына, қажетті кӛрнекі құралдар мен тәжірибе жұмыстарын тиісті кезін кӛрсете білуіне байланысты ».

Соңғы психологиялық зерттеуге қарағанда бастауыш класс балаларыньщ ӛзін теориялық ойлауға, жалпыдан жекеге кӛшу, заттар мен құбылыстардың арасындағы байланысты аңғаруға үйретуге болатыны анықталды.

Егер мектепке оқуға түскен бала әлі заттар мен құбылыстардың негізгі белгілерін айыра алмайтын болса, мұның ӛзі олардың тәжірибесінің аздығынан, білімінің жеткіліксіздігі мен шашыраңқылығынан деп түсінген жӛн.

Осыған орай, I класс оқушыларының заттар, құбылыстар туралы елестерін анықтап, бір жүйеге келтіру қажет. Бұл жұмыс әуелі әліппеде берілген сӛздер арқылы жүргізіледі. Сӛздік қорды байыту заттар мен кұбылыстар және олардың арасындағы байланыстар жӛніндегі елестерді анықтаумен қатар жүріп отыруға тиіс.

Бірінші класс балалары естігендері, кӛргендері, кейбіреулері оқығандары жӛнінде айтып бере алады. Алайда олардың сӛйлемдері нашар, жүйесіз құрылған, белгілі бір жоспармен айта алмайды. Ойы негізгі нәрседен басқаға тез ауып кетеді. Мысалы, ойынның түрлері жӛ¬нінде әңгімелегенде, шешесімен барып, дүкеннен ойыншық сатып алғанына ауысады т. с. с. Егер мұғалім әңгімені дұрыс салаға бағыттап отырмаса, тіл дамыту құр мылжың болып кетуі мүмкін. Мұндағы негізгі міндеттің ӛзі — балаларды белгілі бір жүйемен сӛйлеуге үйрету ғой.

I класс оқушылары сурет бойынша, сӛйлегенде де, ұсақ бӛліктерге кӛбірек токталады. Мұның ӛзі де олардың ойының жинақы еместігін кӛрсетеді. Ал текст бойынша сӛйлегенде кӛбіне сӛзбе-сӛз айтуға, яғни текстің сӛзімен баяндауға тырысады. Бұл құбылыс олардың. кӛбінесе естің жұмысына сүйенетінін байқатады. Сондықтан балаларды ойлауға, сӛздерді «кӛре» білуге, оның мағынасын ұғынуға үйрету жағына баса назар аудару қажет.

I класс оқушысы дыбыстық талдауды меңгеру барысында дыбыстар тобын еркін ұғына алады, негізгі типтік дыбыстарды абстракциялайды, осының арқасында жазуға үйренеді.

Оқуды меңгеру барысында да оқушылар әрбір жеке дыбысты, оның әрпін естерінде ұстау емес, дауысты, дауыссыз дыбыстардың негізгі қасиеттеріне үйренеді. Мұнда балалардың кӛрнекі-бейнелік ойлауы (кӛрнекі түрде салыстыру, қайта құрастыру) пайдаланылады.

Оқушылардың тілін дамыту әліппедегі мәтіндер мен суреттер арқылы жүргізіледі. Әліппеде бағана-бағанамен берілген сӛздер ӛмірдің әр саласын қамтиды: балалар мен үлкендер ӛмірі, табиғат құбылыстары, баланы қоршаған сан алуан заттар, ӛсімдіктер, жануарлар дүниесі т. б.

Оқушылар әр топтағы заттармен, олардың қызметімен, неден жасалғанымен танысады. Соңында оларды топтастырады, негізгі белгілеріне карай ажыратады. Мысалы, шеті иректелген жапырақтарды бір топқа, қылқан жапырақты ағаштар: шырша, үйеңкі т. б.

Байланыстырып сӛйлеуге үйрету жұмысы. I класс оқушылары сӛйлеу сӛйлемнен тұратынын біледі. Олар сӛйлемді сӛзге бӛледі. Бір сайлемде қанша сӛз бар екенін анықтайды, ӛздері екі-үш сӛзден сӛйлем құрайды. Ертегіні қайталап айтқанда, әңгімелескенде олар сӛй¬лем мен сӛйлейді. Әрине, бұлар сӛйлем туралы тек алғашқы мәліметтері, бұл мағлұматтары кейін граммати¬ка сабақтарында нақтылана түседі.

Әліппе кезеңіндегі негізгі міндет — балаларды ауызша сӛйлем құрауға үйрету. Әліппедегі картинкалардың, кӛпшілігі балаларды сӛйлем құрауға үйретуді және олардың сӛйлеу қателіктерін түзетуді кӛздейді.

Байланыстырып сӛйлеуге үйрету сұрақ-жауап түрінде жүргізіледі. Ол (сұрақ) әңгіменің жоспары іспеттес болуы керек.

Логикалық байланыстырып сӛйлеуге үйрету үшін деформациялық текстер алған жақсы. Байланыстырып сӛйлеуге үйретуде диафильм, мульт¬фильм немесе балалардың ойыны,

сондай-ақ мектептегі қандай да болмасын бір оқиға жӛнінде де әңгімелесу тиімді нәтиже береді. Сӛйлеуге үйретуде дыбысты дұрыс айтып және оны дәл қабылдаудың маңызы зор. I класс

окушыларының. бірқатары дыбысты дұрыс айта алмайды (р, л, с, ш, зг ж, щ, ц).

Дыбысты бұзып айту бірқатар жағдайда оны дәл қабылдай алмағандықтан болуы мүмкін. Мысалы, ұяң дауыссыздарды қаттылау айту, айтылуы ұқсас дауыссыздарды ажыратпай, түсініксіз айту (с-ш, ж-з, ч-щ,. т. б.). Мұндай жағдайды балаға осы дыбыстардан қос буын құратып айтқызса, (па-ба, ба-па, ка-га, га-ка,. жа-за, за-жа, жа-ша, ша-жа) оңай білуге болады.



Дыбыстарды бұзып айту сӛзді дыбыстық талдау процесінде де кӛрінеді. (Мысалы, шаш, шана сӛздерінен «ш» дыбысын бӛліп кӛрсеткенде т. б.). Баланың сӛйлеу кемшілігін жӛндеу әрбір баламен үнемі жеке жұмысты жүргізуді талап етеді.

Егер баланың сӛйлеуі анық болмаса және ол түзеле-қоймаса, мұндай жағдайда оны маман мұғалімге-логопедке жіберу керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет