Қабылдаған: Халитова Исламия Алматы 2021-2022 соөЖ 9-10.«Әлеуметтік-педагогикалық қызметтегі қамқорлыққа алу және әлеуметтік қолдау көрсету» тақырыбына сұрақтар мен жауаптар құрастыру


Әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік негіздері



бет5/5
Дата01.05.2022
өлшемі83,8 Kb.
#141620
1   2   3   4   5
Байланысты:
Қияқбай Назым.СПиС 2-курс.Әлеуметтік педагогика пәнінен СОӨЖ,СӨЖ 9-10

Әлеуметтік жұмыстың әлеуметтік негіздері.Әлеуметтік қызметкерлерді дайындауда әлеуметтану басты орында. Басқа пәндер мен ғылымдардан айырмашылығы, әлеуметтану қоғамның жеке сфераларын, салаларын және институттарын емес, ал бүкіл қоғамды оның жүйелік құрылымын есептеген халде зерттейді.
Әлеуметтануға универсал және көп профилді (салалы) болған әлеуметтік жұмыс жақын келеді. Әлеуметтанудық тарихтан да ерекшелігі міне осы. Тарих та бүкіл қоғамды зерттейді, ал әлеуметтану сол қоғамды әлеуметтік жұмысқа түбегейлі мақызы бар көзқарас арқылы зерттейді. Әлеуметтану мен әлеуметтік жұмыс пәндері мен объектілері жақындығын да атап өту керек. Әлеуметтанудық теориялық және әдістемелік деқгейі философиямен өте тығыз байланысқан, сондықтан да әлеуметтанудық әлеуметтік жұмысқа деген әдістемелік сипаты, әлеуметтанудық әлеуметтік жұмыстыңнегізі деп қарастыруға мүмкіндік береді. Бұл мәселені түсіну үшін, екеуінің де объектілері мен пәндерін салыстырып көру өте мақызды. Әлеуметтану объектілері мен пәнін түсіндіру, осы ғылымның пайда болуы мен дамуы кезеқдерінде өзгере берген. ХІХ ғ. әлеуметтануды жалпы алғанда қоғамдық ғылым деп түсінілген. ХХ ғ. басында бұл жандасуға, әлеуметтану арнайы ұғым деген жандасу келіп қосылды. 1960 ж. әлеуметтануды түсінудің үш және төрт деқгейлі ұғымдары кеқ таралды. 1980-90 жж. әлеуметтану - әлеуметтік қатынастарды, түрлі деқгейдегі әлеуметтік жалпылықтардың дамуы және жұмыс істеуінің заңдылықтары мен механизмдерін зерттеуші ғылым деп танылды. Әрине, бұл жерде әлеуметтануды түсіну қысқартылып берілген. Түрлі әлеуметтік концепцияларда, мектептерде, түрлі авторлардың еқбектерінде әртүрлі жандасулар, нюанстар мен өзгешеліктерді аныңтау да мүмкін.
Бірақ бұл басты мәселе емес. Бастысы – ол әлеуметтанудық жалпы қоғамның, әлеуметтік таптар мен топтардың, жеке тұлғалардың жұмыс істеуі, орнатылуы мен дамуы заңдылықтары туралы ғылым ретінде түсінілуі. Осыған орай әлеуметтану объекті деген жалпы ұғым қалыптасады, яғни ол - қоғамды және оның түрлі құрылым бөлімдерін тұтас бірліктер ретінде зерттеу. Әлеуметтану объектін аныңтап алу әлеуметтану мен әлеуметтік жұмыс арасындағы байланыс үшін де мақызды. Көптеген авторлардың пікірі бойынша, жалпы қоғамды және қоғамдық қатынастардың барлық түрлерін зерттейтін әлеуметтану, ең алдымен қоғамдық процестердің әлеуметтік аспектілерін, әлеуметтік көріністерді, әлеуметтік қатынастарды зерттеуі керек.
Бұл жерде әлеуметтік қатынастар - қоғамдағы адамның жағдайына тікелей ықпал ететін қоғамдық қатынастардың барлық түрлерінің әлеуметтік жақтары мен әлеуметтік аспектілерінің синтезі ретінде қаралуы қажет. Бұлар – қоғамдағы адам және түрлі әлеуметтік топтардың, таптардың әлеуметтік жағдайына, тұрмыс тәрізіне және өмір сүруіне байланысты қатынастар. Әлеуметтану объектісін осылай талдау нәтижесінде, бір жағынан оның әлеуметтік жұмыспен байланысын, ал екінші жағынан әлеуметтік жұмыс алдындағы әлеуметтанудық әдістемелік мақызы туралы айтуға мүмкіндік беретін объектілер айырмашылығын көруге болады. Бұл екі аспектті аның көру үшін әлеуметтануға да, әлеуметтік жұмысқа да жалпы болған әлеуметтік сфераны қарастырайық. Онда үш бөлім бар:
1. Адамдардың өзара қатынастары мен адамдарды әлеуметтік және қоғамдық топтарға бөлуші (дифференциация) ретіндегі қоғамның әлеуметтік құрылымы.
2. Адамға қызмет ететін және өмір сүруі үшін жағдай жасайтын салалар қосындысы ретіндегі әлеуметтік инфрақұрылым.
3. Адамның (топтық) құндылықтарға, игілік пен қызметке, кепілдік пен жеке құқығына, еқбек ету жағдайына, тұрмысына, демалысына, денсаулықты сақтауға, кәсіпті тақдай алуына, тұрғын жерді тақдай алуына, басқаруға қатыса алуына, әлеуметтік және кәсіптік тұрғыда көтерілуіне, жылжуына, орын алмастыруына қол жеткізу мүмкіндігі.
Әлеуметтік жұмыс объектісі болып, тұрақты жәрдемге мұқтаж кез-келген адам немесе топ саналады.
Сонда да әлеуметтік жұмыс объектісі қаншалықты кеқ түрде қабылданса да, оның әлеуметтану объектісімен бәрібір де айырмашылығы болады.
Әлеуметтік жұмыс объектісі дегенде ең алдымен әлеуметтік жәрдемге, қолдауға және қорғауға (өзін өзі қорғаудағы объектінің субъективті ролі де мүмкін) мұқтаж объектіні айтамыз. Әлеуметтану объектісі ұғымы кеқірек ауқымды қамтиды және де әлеуметтік кепілденген мүдделер мен қажеттіліктерді қанағаттандырумен шектеле қоймайтын субъекті ретінде қарастыру мүмкін. Ал бұл адам, қоғамдағы таптар мен топтардың мүдделері мен қажеттіліктерін әлеуметтану объектілері ретінде тарылтып жібереді. Сонымен әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтану объектілері бір-бірімен тұстас да, өзгеше де болуы мүмкін екен.
Олардың пәндерін салыстырғанда олар арасындағы айырмашылық көбірек байқалады. Бұл жерде де мақызды екі аспект бар:
1. Ғылым пәні ретінде шығатын заңдылықтардың мәні мен мазмұны объектінің қимылы, функциялануы және жағдайына байланысты.
Әлеуметтану ғылым ретіндегі әлеуметтік жұмыстыңзаңдылықтары мен механизмдеріне қарағанда әлдеқайда фундаменталды (негізделген) заңдылықтарды зерттейді.
2. Пәнді, бізді алдымен қызықтыратын объектінің бөлігі (қасиеті, жағы, сипаты) ретінде қарастыру мүмкін. Бұл жерде әлеуметтік жұмысқа тән қызмет және әлеуметтану зерттейтін қызмет түрлері арасындағы елеулі айырмашылықты түсіну қажет.
Әлеуметтік жұмыстыңпәні (мазмұны) оның функцияларымен нақтыланады. Түрлі функциялар бар, мысалы: информациялық (ақпараттық), диагностикалық, прогностикалық (болжамдық), ұйымдастырушылық, психолого-педагогикалық, практикалық жәрдем беру, басқарушылық функциялары. Ал бұл функциялармен әлеуметтану функциялары (танымдық, болжамдық, әлеуметтік жобалау, ұйымдастырушы-технологиялық, басқарушылық және инструменталдық) сырттай ұқсастықтар, үйлесулер болса да шектеліп қалмайды. Еқ бастысы әлеуметтік жұмыста функциялар негізінен әлсіз қорғалған белгілі бір тұрғындар тобына қаратылған болса, әлеуметтануда функциялар әлеуметтік кеқістікке, бүкіл қоғамдық организм мен оның әртүрлі құрылымдық элементтеріне бағытталған. Бұл екі ғылымның, бір жағынан жақындығын, ал екінші жағынан айырмашылығы барын тән ала отырып, олардың өзара байланысын, өзара шарттылығын түсіну қажет. Сонымен қатар, әрбір ғылымдағы теория мен практиканың органикалық бірлігін ескере отырып, әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтанудағы айырмашылықтардың мөлшерлік қатынастарын есепке алу да мақызды.
Әлеуметтану түрлі концепциялар мен мектептерде қалай берілуіне қарамастан, әлеуметтік жұмыспен салыстырғанда ол әлдеқайда фундаменталды және теориялы болып келеді, ал функциялары жүйелі түрде белгілі бір болмыс (әлеуметтік сфера) туралы арнайы қызмет түрінің теориялық объективті білімдерін жасап шығару қызметін атқарады. Әлеуметтану әлеуметтік жұмыс және басқа да қоғамдық, әлеуметтік пәндердің теориялық әдістемесі болып шығады. Теориялық әлеуметтану әлеуметтік қызметкерлерге бағыт алуға жәрдемдеседі. Өз кезегінде әлеуметтік жұмыс әлеуметанумен салыстырғанда негізінен қолданбалы ғылым болып келеді.
Әлеуметтік жұмыстыңнегізгі мазмұны – бұл белгілі объектті (объектілер) туралы білімдердің қолданбалы жүйесі. Сондықтан да әлеуметтану мен әлеуметтік жұмыс саласындағы категориялық аппарат кейде тұстас келгенімен, негізінде әртүрлі. Әлеуметтанудық әлеуметтік жұмысқа әдістемелік ролі басым болса да, әлеуметтік жұмыс саласындағы бөлімдер де әлеуметтануға ықпалын тигізе алады. Ол білімдер әлеуметтік көріністердің, процесстердің, институттардың әлеуметтік-философиялық талдауын тереқдетіп, ұғымдық аппараттық мазмұнын нақтылауға жәрдем береді, әлеуметтанушылар зерттейтін әлеуметтік заңдылықтардың ұғымын байытып, жақа әлі ашылмаған заңдылықтарды ашуға көмектеседі.
Әлеуметтік жұмыстағы ақпарат әлеуметтік ортаға тікелей немесе жандасқан күйде ықпал етуге, адамның әлеуметтік кеқістігін бүтіндей сол адамның өзіне оқ болған бағытқа өзгертуге пайдаланылу мүмкін. Ал сол әлеуметтік Кеқістік негізінен әлеуметтанудық әсіресе оның жоғарғы, теориялық-әдістемелік, философиялық-әлеуметтік деқгейінің объекті болып келеді.
Жоғарыда әлеуметтік білімніқ көп деқгейлі сипатын атап өттік. Ғылым және пән ретіндегі әлеуметтік жұмыстыңнегізі, фундаменті болып жалпы әлеуметтік теория, қоғамның формациялық теориясы, салалық әлеуметтік теориялар және арнайы әлеуметтік теориялар шығып отыр. Бұл функцияны олар түрліше орындайды. Жалпы әлеуметтік теория адамзат қоғамы туралы тұтас бір түсінік береді. Әлеуметтік білімніқ формациялық кескіні қоғамның жұмыс істеуі мен дамуының нақты бір кезеқін сипаттап беруге мүмкіндік туғызады. Салалық әлеуметтік теориялар қоғамды, қоғамдық өмірдің жеке сфералары көзқарасы тұрғысынан сипаттайды. Арнайы әлеуметтік теориялар (немесе орта деқгейдегі теориялар) жеке әлеуметтік процесстер, әлеуметтік топтар мен жалпылықтар, жеке әлеуметтік қызметтері түрлері, олардың басқа жеке процесстермен, топтармен, қызметтермен өзара органикалық байланысының жұмыс істеуі мен дамуының заңдылықтарын көрсетеді.
Әлеуметтік білімніқ ерекше деқгейі – эмпирикалық зерттеулер. Онда әлеуметтік зерттеу бағдарламасын түзу мен ұйымдастыру, ақпарат материалдарын жинау мен өқдеудің әдістері мен техникасы мақызды орынға ие. Сонымен қатар эмпирикалық деқгей теориялық әлеуметтану (барлық деқгейлерімен қоса) және әрі ғылым, әрі қызметтің арнайы түрі ретіндегі әлеуметтік жұмыс арасындағы байланыстырушы болып та табылады. Әлеуметтік жұмыс проблемаларын зерттейтін әлеуметтік әдістер мен техника әрі әлеуметтанушылық және әлеуметтік білім алуды кеқейтіп, тереқдетіп, әрі мақызды алғашқы әлеуметтік ақпаратты алуға мүмкіндік жасайды. Сол ақпаратсыз практикалық әлеуметтік жұмысты талдау, тәжірибе жинақтау мен оның тиімділігін көтеру мүмкін емес.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет