Абсатарова дамира амировна



Pdf көрінісі
бет61/73
Дата07.02.2022
өлшемі7,76 Mb.
#93702
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   73
Байланысты:
Диссертация.
5 zerthanal k

НЕГІЗГІ 
ЗИЯНКЕС 
БӨЖЕКТЕРГЕ 
(INSECTA)
 
ҚАРСЫ 
ҚОЛДАНЫЛҒАН ҚОРҒАУ ЖҮЙЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
5.1 Алма көшеттіктерінде негізгі зиянкес бөжектерге қарсы 
жүргізілген қорғау шаралары
Біздің зерттеу жұмыстарымыз жүргізілген жылдары 2015-2017 жж. алма 
көшеттерініңвегетациялық кезеңінде келесідей зиянкесбөжектер өздерінің 
орасан зор зияндылығын тигізді:жасыл алма бітесі (Aphis pomi Deg.); қызыл 
қан бітесі (Eriosoma lanigeruм); сұр бүршік бізтұмсығы (Sciaphobus sgualidus 
Gyll); бүршік жапырақ ширатқыш көбелегі(Spilonota ocellana); раушан 
гүлділердің жапырақ ширатқышы (Archips rosana); жидек қандаласы (Dolycoris 
baccarum);бүршік масасы(Thomasiniana oculiperda Rubs)жапырақ асты үңгі
жеміс күйе көбелегі (Lithocolletis corylifoliella); долананның шеңберлі күйе 
көбелегі (Gemiostoma scitella L);алма бүргешіркейі (
Psylla mali Schmdbg.)
Алма көшеттіктерінде зиян келтіретін зиянкес бөжектердін түр құрамы 
анықталғаннан кейін, фитосанитарлық мониториг жүргізе отыра, зиянкес 
бөжектерге қарсы жоспарланған қорғау шаралары құрастырылып зерттеу-
тәжірибелері салынды. Тәжірибе 
жұмыстарывегетативтік 
телітушілерді 
көбейтетін аналық және 1-2 танап бөлімдері, қалемшелі аналық бақта келесі 
сұлба бойынша жүргізілді: мөлтек аудандары – 100 м
2
, қайталануы – 3 реттен 
болды.Телітушілерді көбейтетін аналық көшеттік 2005 жылы жалпыға бірдей 
үлгі бойынша салынған (1,6х0,2) көшеттіктердің өсу және қалыптасу танаптары 
яғни I-II танап көшеттіктері(отырғызу үлгісі 0,8 х 0,20-0,15м.) Қалемшелі бақ 
2009 жылы отырғызылған алманың Голден Делишес сорты(отырғызу үлгісі 
5×2 м).Зерттеу нысаны ретінде стандарт ретінде қолданыста жүрген Арм18 
телітушісі мен Голден Делишес сорты алынды. Инсектицидтерді таңдау және 
қолдану 2013-2022жж. Қазақстан Республикасы территориясында қолдануға 
болатын пестицидтер тізімі (улыхимикаттар) [137] сондай-ақ «Қазақстан 
Республикасында тіркелген сынамаларды жүргізу ережесі мен пестицидтерді 
(улыхимикаттар) мемлекеттік тіркеу ережелері» [138] сәйкес жүргізілді.Қорғау 
шараларының тиімділігі, қоршаған ортаға әсері зерттелді. Сынау жұмыстары 
Алматы облысы, Талғар ауданы, Алмалық ауылы «Помологиялық бақ» 
тәжірбиелік танап көшеттіктерінде жүргізілді.Тәжірибелерде тиісті әдістемелер 
бойынша бақылау, өлшеулер мен есепке алу жұмыстары өңдеу алдында және 
өңдеуден кейін 3,7,14 күндері жүргізіліп отырды. Фенологиялық бақылау 
күнара, фазалар басталғанда күнде жүргізілді. 
Қорғау шаралары үш тәжірибелік нұсқадан тұрды.
I-нұсқаэкологияландырылған қорғау шаралары 
II- нұсқахимиялық қорғау шаралары 
III- нұсқа бақылау (өңдеусіз) 
Тәжірибе 1. Экологияландырылған қорғау шаралары - бірнеше қорғау 
шараларын біріктіру, зиянкес бөжектердің табиғи жауларын еліктіру 
мақсатында балшырын шөптесін өсімдіктер отырғызылды, қоршаған ортада 
пестицидтті жүктемені төмендету мақсатында зиянкес бөжектерге қарсы 


биопрепараттар, азтоксинді инсектицидтер және көшет сапасын жақсарту 
мақсатында өсу реттеуіштері және минералдық тынайтқыштар қолданылды.
Тәжірибе сызбасы:
1.Көшеттіктерде агротехникалық шаралар жүргізілді;
2.Энтомофагтарды еліктіру үшін балшырын өсімдіктерді (фацелия, қыша, 
аскөк) балшырын өсімдіктері бүкіл вегетация бойы, әр 14 күн сайын шахматты 
үлгіде көшет қатар аралықтарына және көшеттік жағалауларына отырғызылды. 
3.Көшеттіктерде көшет сапасын (тамырын, жапырағын, сабағын) 
жақсарту мақсатында өсу реттеуіштері (корневин, экстрасол) және 
биотыңайтқыш (Байкал ЭМ-1) вегетативтік телітушілерді көбейтетін аналықта 
және 1-2 танап көшеттіктерінде, ерте көктемде және жазың соңында 
қолданылды;
4.Негізгі зиянкес бөжектерге қарсы биопрепараттарды және 
биоинсектицидтерді сондай-ақ азтоксинді препараттарды алмастырып, зиянкес 
бөжектердің даму кезеніндегі оңтайлы уақыттарда қолдандық. 
Экологияландырылған 
қорғау 
шараларында 
келесі 
препараттар 
қолданылды: 
Авермектин+бензамидтер химиялық класс биоинсектицидтері: 
1.Фитоверм,к.э(аверсектин С 2г/л.) 
2.Проклэйм вит, в.р.г. (эмамектин бензоат 50 г/кг + луфенурон 400 г/кг)
Бактериалды биопрепараттар: 
1.Ақкөбелек (вacillus thuringiensis, var. тhuringiensis) 
2.Битоксибациллин (вacillus thuringiensis var. кurstaki)
Неоникотиноидты химиялық класс инсектициді 
1.Актара в.д.г. (тиаметоксам 240 г/л) 
Әр түрлі заттардан құралған химиялық класс инсектициді 
1.Кораген, к.с. (хлорантранилипрол 200г/л) 
Көшеттердің өсуін реттейтін биоактивті заттар 
1.Экстрасол (вacillus subtilis штамм Ч-13) 
2. Корневин (индол-4-ил(майлы қышқыл) 
Биотыңайтқыш
1.Байкал ЭМ-1 
Тәжірибе 2. Химиялық қорғау шаралары- тиімділігі жоғары кең 
спекторлы жүйелі және қатынасинсектицидтерін алмастыра отыра қолдандық. 
Тәжірибе сызбасы:
1.Көшеттіктерде агротехникалық шаралар жүргізу;
2.Байланыс және жүйелі инсектицидтерді алмастыра отырып қолданылды 
Химиялық қорғау шараларында келесі препараттар қолданылды: 
Фосфорорганикалық класс инсектицидтері 
1.Би-58, к.э (диметоат 400 г/л) 
2.Актеллик к.э
(
пиримифос-метил 500г/л) 
3. Децис Эксперт, к.э (дельтаметрин 100 г/л) 
Пиретроидты класс инсектицидтері 
2.Каратэк.э. 
(
лямбда-цигалотрин 50 г/л) 
Фосфорорганикалық+ пиретроидты класс инсектициді 


1.Нурелл Д, к.э. (хлорпирифос, 500 г/л + циперметрин, 50 г/л)
Хитиннің синтезді ингибиторлары класс инсектициді 
1.Димилин с.п.
(
дифлубензурон 250 г/кг) 
Неоникотиноидты химиялық класс инсектициді 
1.Конфидор к.э. (имидаклоприд 200г/л) 
Тәжірибе 3. Бақылау (өңдеусіз) 
Алқапты бүркуді таңғы сағат 5-8 аралығында (тәуліктің салқын 
мерзімінде, зиянкестер қоректенумен айналысып жатқанда) ертіндіні сабаққа
жапырақтарға толық тиюін қамтамасыз етіп жүргізілді. 
Препараттар зиянкес бөжектердің имаголарына және денәсілдеріне 
қолданылатындықтан, ауа температурасы 15 С

жоғарлап, зиянкестер 
дернәсілдері пайда бола бастағанда алғашқы дәрілеу жұмыстары жүргізіледі, 
біздің зерттеулерімізде кезекті дәрілеу жұмыстары зиянкес бөжектер санының 
артуына байланысты 25 - 30 күн аралықта қайталанып жүргізіліп отырылды. 
Препараттарды қолдану тәсілі - вегетациялық кезеңінде зиянкес пайда 
болғанда көшеттерді бүрку арқылы жүргізілді. Көшеттіктерге дәрі шашуда 
«Миура 12л» аспалы бүріккіші қолданылды.
Алма көшеттіктерінде негізгі зиянкестерге қарсы қолданылған жаңа 
инсектицидтерді зерттеу барысында олардың биологиялық әсері көрсетілді. 
Вегетативті аналық көшеттікте зиянкес бөжектерге қарсы, бөжектер 
пайда болғаннан 25.04 бастап, зиянкес бөжектер қыстауға кеткенге дейін 20.09 
айға дейін яғни 6 рет жүргізілді. 
1-танап көшеттігі агротехикалық жағдайымен ерекшеленгендіктен (яғни 
сәуір айында телітуші отырғызылып, телінуші тамыз-қыркүйек айларында 
ұластырылғандықтан) екі рет яғни бүршік масасымен (Thomasiniana oculiperda 
Rubs); қызыл қан бітесіне (Eriosoma lanigeruм) қарсы екі рет 25.08 және 15.09 
дәріленді.
2-танап көшеттігізиянкес бөжектерге яғни,жасыл цикадка (Cicadella 
viridis);алма бүргешіркейі(Psylla mali Schmdbg); жасыл алма бітесі (Aphis pomi 
Deg.); қызыл қан бітесі (Eriosoma lanigeruм); бүршік бізтұмсығы (Sciaphobus 
sgualidus Gyll); сұр бізтұмсық (Tanymecus palliatus); жидек қандаласы (Dolycoris 
baccarum); бүршік жапырақ ширатқыш көбелек (Spilonota ocellana) раушан 
гүлділердің жапырақ ширатқышы (Archips rosana); жапырақ асты үңгі күйе 
көбелегі (Lithocolletis pyrifoliella Grsm); жапырақ асты үңгі жеміс күйе көбелегі 
(Lithocolletis corylifoliella) алманың миналаушы күйесі (Lyonetia clerсkella L); 
қарсы дәрілеу жұмыстары 25.04 бастап, зиянкес бөжектер қыстауға кеткенге 
дейін 25.08, яғни 5 рет жүргізілді. 
Қалемшелі аналық бақта кездесетін зиянкес бөжектерге қарсы дәрілеу 
жұмыстары 20.04 басталып 15.09. дейінгі аралықтарында 6 рет жүргізілді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет