Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник


ИМПЕРИЯЛЫҚ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІШАРУА



Pdf көрінісі
бет21/124
Дата31.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#116536
түріСборник
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   124
Байланысты:
abuev
Дәріс 4 Кауіпс стратегия, Орта Азиядағы Эколгиялық, Дидар дип работа, Дидар статья 1
ИМПЕРИЯЛЫҚ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІШАРУА 

БАСТЫҚТАРЫ: БІЛІМІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТЕГІ

Ғанибаева Жайдарман Ануарқызы - т.ғ.к., доцент

Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Ақтөбе қаласы

Sangar98@mail.ru

Қазақстанның  XIX  ғ.  аяғы  -  ХХ  ғ.  басындағы  әлеуметтік-

экономикалық  дамуының  көптеген  мәселелері,  XIX  ғасырда 

қазақ даласында енгізілген әкімшілік реформалар бүгінгі таңда 

кешенді түрде зерттеле бастағанына қарамастан, XX ғасырдың 

басында  қазақ  қоғамының  әлеуметтік-экономикалық  және 

құқықтық  өміріне  өзгерістер  әкелген,  орыс  үкіметінің  соңғы 

әкімшілік реформаларының бірі саналатын 1902 жылы «Шаруа 

бастықтары  туралы  Уақытша  Ереже»  негізінде  енгізілген  

79



шаруа 

бастықтары 

институты 

туралы 


отандық 

тарих 


ғылымында арнайы қарастырылмады. 

Империялық 

басқару 

жүйесін 


жетілдіру, 

отарлау  

мақсатында  жүргізілген  бұл  реформа  отаршыл  әкімшілік 

шеңберін  кеңейтіп,  қазақ  даласында  Ресей  империясының 

мемлекеттік  басқару  аппаратының  маңызды  бөлігін  құрады. 

Патша  өкіметі  әкімшілік  басқару  билігін  шаруа  бастығының 

қолына шоғырландыру арқылы  болыс басқарушыларын, халық 

соттарын,  ауыл  старшындарын  шаруа  бастығына  тәуелді  етті. 

Сөйтіп,  қазақ  халқын  саяси  биліктен  біржолата  шеттетті  және 

қазақ  халқы  басқа  да  іргелес  халықтар  секілді  Ресей 

империясының  отарлау  саясатының  құрбанына  айналды. 

Шаруа  бастықтары  институтын  енгізу  арқылы    өзінің 

отарлаушылық  бағыттарын,  қоныстандыру  саясатын  жүргізуге 

негіз жасап алды. 

Шаруа  бастықтары  институты  қазақ  даласында  отарлау 

саясатын жүзеге асыру үшін қажет болды. Патша үкіметі  1822 

жылғы  және  1824  жылдардағы  реформалар  арқылы  қазақ 

даласында 

хандық 

билікті 


жойды, 

1867-1868 

жж. 

реформалардың 



нәтижесінде 

 

уездердің 



билігін 

аға 


сұлтандардан  тартып  алып,  орыс  шенеунігі  уезд  бастығының 

қолына  берді.  Ал  1902  жылы  шаруа  бастықтары  институтын 

енгізу  арқылы  әкімшілік  биліктің  төменгі  буыны  болыс 

басқарушыларын,  ауыл  старшындарын  биліктен  айырды.  Осы 

реформа  арқылы  патша  үкіметі  қазақ  халқын  Ресей  мүддесі 

тұрғысынан басқаруға қызмет ететін жүйені орнатуды көздеді.

1902  жылы  10  маусымдағы  «Шаруа  бастықтары  туралы 

Уақытша  Ереженің»  негізінде  Ақмола,  Семей,  Орал,  Торғай 

облыстарының  аумағында  шаруа  бастықтары  институты 

енгізіледі. 

Шаруа  бастықтары  туралы  Ережеде  осы  қызметке 

тағайындау  тәртібіне  үлкен  мән  берілді.  Маңыздысы  сол,  осы 

қызметке  үміткерлердің  білімі,  мүліктік  және  сословиялық 

дәрежесі көрсетілген жоқ. Бәлкім, ең бастысы, олардың ұқыпты 

және  шын  беріліп жұмыс істесе болғаны болар. 1902 жылы 16 

қыркүйекте 

Дала 

генерал-губернаторы 



шаруа 

бастығы 


қызметіне  тағайындалған  кандидаттардың  тізімін  ұсынады. 

Омбы  уезінде  коллеждік  ассесор  Зеленецкий,  шаруа  істері 

жөніндегі  шенеунік  Эртов,  Петропавл  уезінде  капитан  фон-

Штейн,  шаруа  істері  жөніндегі  шенеунік    коллеждік  кеңесші 

Бабичев,  Көкшетау  уезінде-уезд  бастығы  қызметін  атқарушы 

полковник  Тройцкий,  шаруа  істері  жөнінде-сарай  кеңесшісі 

Корсаков,  Атбасар  уезінде  -    уезд  бастығы    Хвостов,  шаруа 

80



істері  жөніндегі  шенеунік  Адаменко,  Ақмола  уезінде-уезд 

бастығы Михайлов, шаруа істері жөніндегі  шенеунік- запастағы 

пропорщик Нецветаев және т.б.болды [1,32-33 пп.].  

Жаңа  қызметке  тағайындалған  сәттен  бастап  оларға 

осыған дейінгі атқарған қызметтерінің тізімі жасалды. 

Шаруа бастықтарының бейнесін жасау үшін формулярлық 

тізімдегі 

мәліметтерді 

пайдаланумен 

бірге 


қосымша 

мәліметтерді, 

яғни 

осы 


лауазымды 

тұлғалардың 

автобиографиялық  мәліметтерін  де  пайдалану  маңызды 

болды.  Қызметтік  тізімдерге  талдау  жасау  мынаны  көрсетті  –

көптеген  шаруа  бастықтарының  уезд  бастығы  ретінде  қызмет 

тәжірибесі  болған.  Мысалы,  шаруа  бастығы  қызметіне 

тағайындалғанға дейін Н.М. Сухин Ақтөбе уезінің уезд бастығы 

болып 6 жыл қызмет атқарған (09.1896 - 11.1902 жж.). Сондай-

ақ  Петропавл  уезінде  капитан  Фон-Штейн,  Көкшетау  уезінде 

полковник  –  Тройцкий,  Ақмола  уезінде  –  Михайлов,  Қостанай 

уезінде  –  А.П.  Лихачев  және  Қарқаралы  уезінде  Альфред 

Киниц 10 жылдан астам қызмет етті және т.б. 

Шаруа бастықтарының қатарында облыстың мал дәрігері 

қызметін  атқарғандар  болды.  А.И.  Добросмыслов  Торғай 

облысының  мал  дәрігері  болып  10  жыл  қызмет  етсе,  бір  елді 

мекеннің  мал  дәрігері  болып  коллеждік  ассесор  Казьмин 

қызмет атқарады.[2,1-14 пп.].  

В.Гарф  Ырғыз  уезінің  1  учаскесінің  шаруа  бастығы 

лауазымына тағайындалғанға дейін, Торғай облысының әскери 

губернаторының  ерекше  тапсырмаларды  орындайтын  аға 

шенеунік  қызметін,  кейіннен  Торғай  облысының  облыстық 

басқармасының  кеңесшісі  қызметін  атқарды.  Мұнан  да  басқа 

оның  қоныс  аударушылармен  жұмыс  тәжірибесі  болды,  яғни 

1897 жылдың 10 сәуірінен Том губерниясының Каин округінің 3 

учаскесінің  шаруа  істері  жөніндегі  шенеунікқызметін  атқарып, 

ал бір жылдан кейін 1898 жылдың 22 қарашасынан Каин уезінің 

3 учаскесінің шаруа бастығы қызметіне ауысады [3,99 п.].  

Андрей  Петрович  Лихачев  шаруа  бастығы  қызметіне 

тағайындалғанға  дейін  Торғай  облыстық  басқармасының 

мүшесі  болды.  Шаруа  бастықтарының  ішінде  земстволық 

басқарушы  қызметін  атқарған  тәжірибесі  барлары  да  болды. 

Мысалы,  Павлодар  уезінің  4  учаскесінің  шаруа  бастығы 

Александр  Серебрянский  18  жыл  Ресейдің  европалық 

бөлігінде,  дәлірек  айтқанда  Воронеж  губерниясының  1 

учаскесінің  шаруа  бастығы  қызметін  атқарады.  Воронеждік 

губернатор 

оның 

өте 


жақсы 

қасиеттерін, 

яғни 

іске 


тиянақтылығы  мен  өзінің  қызметтік  міндетін  жақсы  білетінін 

81



атап өтеді. [4, 1п.].  

Перм  губерниясының  Соликамскі  уезінде  земстволық 

басқарушы  қызметін  атқарған  коллеждік  ассесор  Антонин 

Прозоровты  1914  жылы    Семей  облысының  Павлодар  уезіне 

шаруа 

бастығы 


қызметіне 

ауыстырады. 

Оның 

А.Серебрянскийге  қарағанда  Далалық  өлкеде  атқарған  қызмет 



тәжірибесі  болды,  өйткені,  1910  жылдан  бастап  ол  өзінің 

қызметін  Торғай  облыстық  басқармасының  жанында  шаруа 

бастығына  кандидат  қызметін  атқарудан  бастады  және  үш 

айдан  соң  Қостанай  уезінің  3  учаскесінің  шаруа  бастығы 

қызметін атқарды. [5, 1-4 пп.]. 

Біз  көріп  отырғандай,  Ішкі  істер  министрлігі  Ресейдің  

орталық  бөлігіндегі  земстволық  басқарушылардың  тәжірибесін 

Қазақ  даласына  пайдаланған.  Сонымен  бірге  кері  көрініс  те 

байқалады.  Григорий  Нецветаев  Атбасар  және  Ақмола 

уездерінің  шаруа  бастығы  ретінде  6  жылдан  аса  қызмет 

атқарып,одан  соң  Орлов  губерниясының  Малоархангельск 

уезінің  земстволық  басқарушы  қызметіне  ауыстырылады  [6,1-

69  пп.].  

Шаруа  бастықтарының  басқару  тәжірибесіндегі  екінші 

маңызды 

аспект- 


 

олардың 


көпшілігі 

өздерінің 

жаңа 

тағайындауларына  дейін  Дала  генерал-губернаторлығында 



шаруа  істері  жөніндегі  шенеунік  қызметін  атқарған.  Мысалы, 

Петропавловск уезінің шаруа істері жөніндегі шенеунік қызметін 

атқарған  титулярлық  кеңесші  Сергей  Жданов  1902  жылы  3 

қазанда  осы  уездің    3  учаскесінің  шаруа  бастығы  қызметіне 

тағайындалады. Осындай қызмет сатысы шаруа істері жөнінде 

шенеунік  Александр  Эртовтың  1902  жылы  1  қарашасында 

Омбы  уезінің  2  учаскесінің  шаруа  бастығы  қызметіне 

тағайындалуынан да көрінді [7,1-7 пп.].  

Ақмола  облысында  1902  жылы  12  қыркүйекте  13 

басқарушы осы қызметке кіріскен, соның ішінде 8 - шаруа істері 

жөнінде  шенеунік  қызметтіктәжірибесі,  ал  3-інің  уезд  бастығы 

қызметінде 

тәжірибесі 

барлар, 


біреуі 

қоныс 


аудару 

басқармасында  ерекше  тапсырмаларды  орындайтын  шенеунік 

және  бір  ғана  адам  Сібір  казак  әскерінде  тіркелген  (полковник 

Вологодский) болды.[1,12п.].  

Шаруа  бастықтарының  басым  көпшілігі  –  жоғары  оқу 

орындарының  түлектері  еді.  Мысалы,  Семей  уезінің  1  шаруа 

учаскесінің  бастығы  Николай  Пасевьев  Лазерев  атындағы 

шығыс  тілдері  институтын,  Қарқаралы  уезінің  2  учаскесінің 

шаруа  бастығы  Дмитрий  Мурзаев,  Торғай  уезі  2  учаскесінің 

шаруа  бастығы  Александр  Добросмыслов  ветеринарлық 

82



институтты бітірген еді. [1,168п.].  

Вильгельм  Гарф  Санкт-  Петербург  университетінің  заң 

факультетінің  II-ші  дәрежелі  диплом  иегері  болды  [3,39п.]. 

Варшава  императорлық  университетінің  заң  факультетінің 

түлегі  Гаврил  Смирнов  Семей  облыстық  басқармасының  

жалпы отырысының мәжілісіне шаруа бастығының  құқығы мен 

қызметін  білуі  туралы  1913  жылы  23  желтоқсанда  емтихан 

тапсырды [8, 3п.]. 

Шаруа  бастықтарының  ішінде  әскери  білім  алғандар 

болды,  соның  ішінде  Андрей  Лихачев  I-  әскери  Павлов 

училищесінің  түлегі  [9,8  п.].  Сонымен  бірге  әрине  көпшілігі 

кадет 


корпусының 

түлектері 

еді, 

солардың 



қатарында 

Александр  Даниловта  (Сібір  кадет  корпусы,  Александров 

әскери  училищесі)  болды,  шаруа  бастығы  қызметіне  1903 

жылдан бастап кіріскен [10, 1-2 пп.]. 

Реалдық  училищенің  түлектері  де  шаруа  бастығы 

қызметін  атқарды.  Мысалы,  Александр  Серебрянский  Москва 

реалдық училищесін бітіргеннен кейін, Москвадағы Мемлекеттік 

банктің  Москва  кеңсесінде  хатшының  көмекшісі  қызметін 

атқарады,  ал  5  жылдан  кейін,  земстволық  басқарушы 

қызметіне ауыстырылады [4, 23 п.].  

Тағы  бір  қызықты  жәйт,  1914  жылы  16  мамырда  Зайсан 

уезінің                             1 учаскесінің шаруа бастығы қызметіне 

Петроград 

дін 


академиясының 

түлегі 


Селезнев 

тағайындалады, 

ол 

дін 


ілімі 

бойынша 


кандидаттық 

академиялық  дәрежесін  алған  [11,  124  п.].  Көріп  отырғандай, 

шаруа 

бастықтарының 



білім 

дәрежесі 

әртүрлі 

әскери 


адамдардан бастап діни білім алғандарға дейін кездеседі.

Шаруа  бастықтарының  көпшілігі қызметте 10 жылдан аса 

қызмет атқарды.Әрине, олар жаңа учаскелерге қайта сайланып 

отырды.  Мысалы,  Қостанай  уезінің  1  учаскесінің  бастығы  1902 

жылы Торғай облысының әскери губернаторы бұйрығымен осы 

уездің 2 учаскесін басқарумен алмастырылды [9, 127п.].  

Олардың  ішінде  ата-бабасынан  бері  келе  жатқан 

дворяндар,  яғни  дворяндық  әулеттен  шыққан  Николай 

Пасевьев, 

Андрей 


Лихачев, 

Александр 

Серебрянский, 

Альфред  Киниц,  Григорий  Нецветаев,  Александр  Эртов  және 

басқалары, 

әулеттің 

құрметті 

азаматтарынан 

(Антонин 

Прозоров) бастап священникке дейін болды (Г.Смирнов).

Шаруа 

бастықтарының 



шендері 

әр 


түрлі 

болды:  


сараймаңы  кеңесшісінен  бастап    (18  класс,  Өскемен  уезі  2 

учаскесінің 

шаруа 

бастығы 


коллеждік 

секретарь 

Кожевников,коллеждік секретарь Қарқаралы уезі Д. Мурзаевтан 

83



бастап  ешқандай  шені  жоқ  Павлодар  уезі  2  учаскесінің  шаруа 

бастығы Васильевке дейін болды. [1,168 п.].  

Олар  қызмет  еткен  жылдары  шаруа  бастықтары  шен 

алып  және  қажетті  жеңілдіктерге  де  ие  болды.  Мысалы,  В. 

Гарф  1902  жылы  30  қыркүйекте  титулярлық  қызмет  шенін 

алды,  ал  1910  жылы  сараймаңы  кеңесшісі  шенін  алып,  оның 

жалақысына  жылына  400  рубль  көлемінде  үстеме  ақша 

қосылды  [4,179-п].  Қостанай  уезінің  1  учаскесінің  бастығы 

сараймаңы  кеңесшісі  Андрей  Лихачев  1904  жылы  келесі  шен 

саналатын  коллеждік  кеңесші  шенін  алды,  ал  осы  уездің  2 

учаскенің бастығы коллеждік секретарь Островский титулярлық 

кеңесші шеніне ие болды [9, 120-122 пп.].  

Сараймаңы 

кеңесшісі 

Андрей 

Лихачев 


дворяндық 

әулеттен,  Томск  губерниясының  губернаторының  жанындағы 

ерекше  тапсырмаларды  орындайтын  аға  шенеунік.  Шаруа 

бастығы  қызметіне  тағайындалу  алдында  қасиетті  3  дәрежелі 

Станислав орденінің, император II Николайдың таққа отыруына 

байланысты  ескерткіш  күміс  медальдің  иегері  болды  [9,8  п.]. 

Өскемен  уезі  4  учаскенің  шаруа  бастығы  Гавриил  Смирнов 

шаруа  бастығы  қызметіне  шенсіз  кіріскенмен,  бір  жылдың 

ішінде губерниялық секретарь шенін алады [8,13 п].  

Облыстық 

басқарма 

шаруа 


бастықтарының 

аттестациясын  өткізіп  отырды.  Осыған  байланысты  аймақ 

әкімшілігі  қызықты  мінездемелер  жіберіп  отырды.  Мысалы, 

Семей облыстық басқармасы Семей уезінің шаруа бастықтары 

К.Я. Третьяков (1учаске), А.Г.Киниц (2 учаске), Н.С.Симоновтың 

(3 учаске) қызметіне сараптама жасай отырып, олардың  үшеуі 

де  «шаруалар  мен  бұратаналардың  (қазақтардың)  ісін  жақсы 

біледі»  деп  атап  өтті.  Учаске  бойынша  да,  кеңсе  қызметі  де 

қанағаттанарлық деп есептеді. [11, 129 п.].  

Семей  облыстық  басқармасы  Өскемен  уезі  1-ші  шаруа 

учаскесінің  бастығы  А.А.  Даниловты  аттестациялауда  Семей 

облыстық  басқармасының  жалпы  отырысының  «нұсқаулары 

мен  талаптарды  орындамауға,  оны  мойынсынбауға  бейімділік 

танытты»  деп  есептеді.  Негізінде облыстық басқарма көптеген 

шаруа  бастықтарының  қызмет  бабындағы  міндеттерін  қалай 

орындап 


жүргендерін 

көрсетеді, 

соның 

ішінде 


П.М. 

Фиалковский  (Павлодар  уезі  1  учаске)  «өз  ісінің  өте  жақсы 

білгірі»,  А.Г.  Серебрянский  (4  учаске,  Павлодар    уезі),  В.П. 

Селезнев (Зайсан уезі 1 учаске) және басқа да көптеген шаруа 

бастықтарын    «өз  ісін  жақсы  біледі»  деп  көрсетті.    Ал  А.А. 

Данилов  (Өскемен    уезі  1  учаске),  М.С.  Троянов  (2  учаске, 

Өскемен  уезі)  және  т.б.«өз  ісін  айтарлықтай,  әжептәуір біледі» 

84



деп 

есептелді.[11,131 

п.] 

Бірақ 


құжаттарда 

осы 


мінездемелердің  ішінде  қандай  сатылық  айырмашылықтары 

бар  екендіктері  айтылмады  (өте  жақсы,  жақсы,  жеткілікті, 

қанағаттанарлық).  Сондай-ақ  ешқандай  шаруа  бастығының 

қызметін  аймақ  әкімшілігі  «қанағаттанарлықсыз»  немесе 

«нашар»  деп  көрсетпеді.  Әрине,  олардың  барлығы  орыс 

әкімшілігінің 

ықпалында 

болғандықтан, 

олардың 

кәсіби 


біліктіліктерінің жоқ екендігін көрсету мүмкін болған жоқ.

Сонымен,  шаруа  бастықтарының  әлеуметтік  бейнесі 

белгілі  бір  мінездемесі  бар  нақты  адамды  көруге  мүмкіндік 

береді. Олардың көпшілігінің заңды білім дәрежесі болған жоқ, 

бірақ үлкен өкілеттілікке ие болды. Азаматтық немесе әкімшілік 

істерді  шешуде  қарапайым  заң  білімінің  жоқтығы  олардың 

қызметтерін  қиындата  түсті  және  олардың  міндеттерін 

үкіметтің  қайта  қарауына  мәжбүр  етті.  Шаруа  бастықтарының 

әлеуметтік статусы мен білімі деңгейлері әр түрлі болды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   124




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет