Абуева Кадыржана Кабиденулы 4 января Көкшетау, 2014 (5 к) с-23 с-23 сборник


«ҚАЗАҚСТАН-2050» ЖОЛДАУЫНДАҒЫ СЫРТҚЫ САЯСАТ



Pdf көрінісі
бет99/124
Дата31.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#116536
түріСборник
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   124
Байланысты:
abuev
Дәріс 4 Кауіпс стратегия, Орта Азиядағы Эколгиялық, Дидар дип работа, Дидар статья 1
«ҚАЗАҚСТАН-2050» ЖОЛДАУЫНДАҒЫ СЫРТҚЫ САЯСАТ 

МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУ БАРЫСЫ

Байшов Б.Б., Карсакова Г.Б.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті,  

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

dil_123@mail.ru

Guka.83@list



1997  жылы  Қазақстан-2030  стратегиясы  қабылданғаннан 

бергі уақытта мемлекетіміз әлемдегі ең серпінді дамушы елдер 

бестігіне  енді.  Сарапшылардың  айтуы  бойынша  2012  жылдың 

қорытындысы  бойынша  ішкі  жалпы  өнімнің  көлемі  жағынан 

қазақ  елі  әлемнің  50  ірі  экономикасы  дамыған  елдерінің 

қатарына  кірді.  2006  жылғы  Елбасы  жолдауында  қазақ  елін  

әлемнің  бәсекеге  қабілетті  50  елінің  қатарына  енгізу  жөнінде 

жалпыұлттық  міндет  көтерілді  және  оны  жүзеге  асыру  үшін 

үкіметке  көптеген  күрделі  жұмыстарды  атқару  жөнінде 

тапсырмалар  берілді.  Нәтижесінде,  2012  жылдың  аяғында 

Қазақстан  Дүниежүзілік  экономикалық  форумның  рейтингісінде 

51-орынды иеленді. 

Әлемдік  тәжірибеде  дәлелденгендей  көптеген  елдердің 

саяси-экономикалық 

және 

әлеуметтік 



дамуда 

жақсы 


жетістіктерге жетуі үшін ең алдымен басқа да мемлекеттермен 

сыртқы  саяси  байланыстарын  реттеуі,  экономикалық  жағынан 

дамыған  мемлекеттердің  тәжірибесін  пайдалануы  үлкен 

маңызға  ие.    Аталған  мақсаттарға  жетуде  еліміздің  сыртқы 

саяси  ұстанымы,  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  көпвекторлы 

сыртқы саясатының маңыздылығы өте зор болып табылады. 

Қазақ  мемлекетінің  халықаралық  саясаттағы  беделінің 

артуының негізі еліміз тәуелсіздік алған 1991 жылдан басталды 

деп  нық  сеніммен  айта  аламыз.  Кеңес  үкіметі  ыдырағаннан 

кейінгі  кезеңдегі  ядролық  қаруды  таратпау  режимін  нығайту 

жөніндегі  еліміздің  бастамасы  –  АҚШ,  Ұлыбритания,  Қытай, 

Франция  Германия,  Оңтүстік-шығыс  Азия  елдері  және  т.б. 

дамыған  мемлекеттер  мен  державалар,  БҰҰ,  НАТО  секілді 

әлемдік 


саяси-экономикалық 

қауымдастықтар 

тарапынан 

Қазақстанның  әлемдік  тұрақтылыққа,  тәртіп  пен  қауіпсіздікке 

қосқан  үлесі  ретінде  бағаланды.  Әлемде  алғашқы  болып 

Семей  ядролық  полигонын  жауып  және  атом  қаруынан  бас 

тарта  отырып,  біз  жетекші  ядролық  державалар  –  АҚШ-тан, 

Ресейден,  Ұлыбританиядан,  Франциядан  және  Қытайдан 

қауіпсіздігімізге берік халықаралық кепілдік алдық. 

Қазіргі 


кезде 

біз 


өзіміздің 

жас 


мемлекетіміздің 

312



халықаралық 

қатынастар 

мен 

аймақтық 



геосаясаттың 

субьектісі  екендігін  нық  сеніммен  айта  аламыз.  Бұған еліміздің 

бірінші  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  сіңірген  еңбегі 

зор.  Оның  күш-қуаты,  мақсатқа  жетушілігі,  жеке  басының 

жоғары  беделі  қысқа  ғана  тарихи  кезеңде  Қазақстанды  ТМД 

елдері  ғана  емес,  әлемнің  ұлы  державалары  санасатын  әрі 

мойындайтын 

аймақтық 

жетекші 

мемлекетке 

айналуға 

мүмкіндік берді. 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев 

«Қазақстан-2050»  стратегиясында  «Біз  кімбіз,  қайда  барамыз 

және  2050  жылға  қарай  қайда  болғымыз  келеді?»  деген 

сұрақтарға  жауап  іздей  отырып,  оны  шешу  үшін  бірінші 

кезектегі  міндеттерге  қол  жеткізу  қажеттілігін  атап  көрсетті. 

Аталған  стратегия  бойынша  2050  жылға  дейінгі  алғашқы 

кезектегі  міндеттердің  қатарында  «Дәйекті  және  болжамды 

сыртқы  саясат  –  ұлттық  мүдделерді  ілгерілету  мен  аймақтық 

және жаһандық қауіпсіздікті нығайту» атты сыртқы саяси басым 

бағыт атап көрсетілді. 

Елбасы  онда:  «Қазақстан  тәуелсіздік  жылдарында 

халықаралық  процестердің  тең  құқықты  қатысушысы  болып 

қалыптасты  және  біз  қолайлы  сыртқы  ахуал  құруға  қол 

жеткіздік,-дей  келе,-біздің  басымдықтарымыз  өзгермейді  –

көршілеріміз – Ресеймен, Қытаймен, Орталық Азия елдерімен, 

сондай-ақ  АҚШ-пен,  Еуроодақпен,  Азия  елдерімен серіктестікті 

одан  әрі  дамыту  маңызды  мәселе  болып  табылады»-деп  атап 

көрсетті.

2006  жылдың  1  наурызында  парламенттегі  Қазақстан 

халқына  жасаған  жолдауында  Нұрсұлтан  Назарбаев:  «Ресей 

бағыты-Қазақстан 

сыртқы 


саясатының 

басым 


бағыты. 

Қазақстан  мен  Ресей  арасында  жүйелі  диалог  пен  бір-бірінің 

көзқарастарымен 

санаса 


отырып 

шешілмейтін 

мәселе 

болмайды.  Бұл  саяси  мәселелермен  бірге  экономикалық 

сұрақтарға  да  қатысты  болып  табылады»,  - деп  атап  айтқан 

болатын.  Бұл  сөздер  ХХІ  ғасырдағы  Қазақстан-Ресей  қарым-

қатынастарының барлық салаларында анық көрінді.   

Ресей 


Федерациясының 

Қазақстанмен 

қарым-

қатынасының  маңызды  екендігі  еш  уақытта  да  талас 



тудырмайтындығы  белгілі.  Әлемдегі  ең  ұзын  шекара  да 

(ұзындығы  7500  шақырым)  осы  екі  мемлекет  арасында 

орналасқан..  Қазақстан  үшін  алғашқы  қатардағы  сыртқы  саяси 

міндет  –  Ресей  Федерациясымен  достық  және  одақтастық 

қарым-қатынасты сақтау және нығайту болып табылады. 

2006 жылдың өзінде Н.Ә.Назарбаев пен В.В.Путин 13 рет 

313



кездесіп,  мемлекетаралық,  үкіметаралық  және  салааралық 

деңгейде 20-дан астам маңызды келісімдерге қол жеткізді. РФ-

ның  қарулы  күштерінің  Қазақстан  территориясындағы  4 

полигонды 

пайдаланып 

отыруы 


Еуразиядағы 

әскери-


стратегиялық  ахуалға  тікелей  ықпал  етіп  қана  қоймай,  біздің 

елдеріміздің  екіжақты  әріптестік  орнатуларына  геосаяси  сипат 

береді. Бұдан басқа, Қазақстан, Ресей, Белоруссия арасындағы 

Кеден  Одағы  шартының  жасалып,  іске  кірісуі  әлемдік 

қауымдастық  тарапынан  үлкен  қызығушылықтар  тудыруда.  Ең 

таңғаларлығы  бұрын  бұл  Одаққа  енуден  үзілді-кесілді  бас 

тартқан  бұрынғы  КСРО  құрамындағы  кейбір  мемлекеттер 

биылғы  жылы  бұл  Одақтың  құрамына  бақылаушы  ретінде 

енуді,  ал  Қырғызстан,  Әзірбайжан  мемлекеттері  тіпті  оның 

құрамына  толыққанды  мүше  ретінде  енуге  өз  тілектерін 

білдіруде.  

«Қазақстан-2050» 

стратегиясында 

«сыртқы 


саясатымызды 

теңдестіру 

әлемдік 

істерде 


елеулі 

рөл 


атқаратын  және  Қазақстан  үшін  практикалық  қызығушылық 

туғызатын  барлық  мемлекеттермен  достық  және  болжамды 

қарым-қатынастарды дамыту»-деп көрсетілген.

Елбасы  осы  жолдауда:  «Халықаралық  ахуал  және 

геосаяси орта қарқынды өзгеруде және әрқашан жақсы жағына 

қарай  ойыса  бермейді.  Солтүстік  Африка  мен  Таяу  Шығыстан 

Солтүстік-Шығыс  Азияға  дейін  тұрақсыздықтың  алып  белдеуі 

созылып  жатыр.  Күштердің  ара  салмағы  жаһандық  деңгейде 

де, сонымен қатар, Жер шарының жекелеген аймақтарында да 

елеулі өзгерістерге ұшырауда. Соған сәйкес, БҰҰ, ЕҚЫҰ, НАТО, 

ҰҚШҰ,  ШЫҰ,  АӨСШК  және  басқа  аймақтық  қауіпсіздік 

тетіктерінің  рөлі  арта  түседі.  Орталық  Азияда  ұлттық 

қауіпсіздікке  төнген  жаңа  қатерлер  пайда  болды»-дей  келе, 

«мұндай  ахуалда  Қазақстанның  сыртқы  саясаты  ішкі  саясаты 

сияқты  жаңғыртылуға  тиіс....»-деп  атап  көрсетті.  Қазақстан-

2050  стратегиясы  бойынша  сыртқы  саясатты  жаңғыртудағы 

басымдылықтар  қатарына  аймақтық  және  ұлттық  қауіпсіздікті 

жан-жақты  нығайту,  экономикалық  және  сауда  дипломатиясын 

белсенді  дамыту,  мәдени-гуманитарлық,  ғылым-білім  және 

басқа  шектес  салалардағы  халықаралық  ынтымақтастықты 

арттыру,  азаматтарымызды  құқықтық  қорғауды,  олардың 

шетелдердегі  жеке,  отбасылық,  іскерлік  мүдделерін  қорғауды 

күшейту секілді айқын бағыттар енгізілді. 

Қазақстан болашақта осы ұлттық-мемлекеттік мүдделерге 

сәйкес  келетін  басымдылықтарды  бағдар  ретінде ала отырып, 

өзінің  көпвекторлы  саясатын  замана  талабына  сай  жүргізуді 

314



мақсат қылуда. 

Қазақстанның  сыртқы  саясатында  Америка  Құрама 

Штаттары 

мен 


еліміздің 

қарым-қатынасы 

өзінің 

кең 


ауқымдылығымен  ерекшеленеді.  Екі  ел  де  халықаралық 

энергетикалық  қауіпсіздік,  терроризм    және  діни  экстремизмге 

қарсы  күрес,  демократиялық  реформаларды  әрі  қарай  жүргізу 

секілді  мәселелер  бойынша  ортақ  көзқарастарға  ие.  АҚШ 

тарапы  Қазақстанның  аталған  бағдарламалары  Орталық 

Азияның  басқа  да  мемлекеттері  үшін  дамудың  озық  үлгілері 

екендігін  білдіре  отырып,  біздің  еліміздің  өз  аймағындағы 

шешуші  мемлекетке  айналуына  толық  мүмкіндігі  бар  екендігі 

жөнінде  қорытынды  жасайды.  Бұл  жаңалықтардың  барлығы 

Қазақстанның 

бұрынғыша 

АҚШ-тың 


Орталық 

Азиядағы 

геостратегиясы  бағытында  маңызды  екендігін,  екінші  жағынан 

Астананың 

ішкі 

және 


сыртқы 

саясатының 

Вашингтон 

тарапынан тұтастай алғанда қолдауға ие болып отырғандығын 

көрсетеді. 

Қазақстанның 

әлемдік 

 

және 



аймақтық 

геосаяси 

процестерге 

араласуын 

Қазақстан-Қытай 

қатынастарын 

сараптамай, толық көлемде елестету мүмкін емес.  

Тәуелсіз мемлекет ретінде 21 жыл өмір сүрген Қазақстан 

экономика мен саясатта Қытай экспанциясын немесе қысымын 

сезініп  отырған  жоқ.  2012  жылы  Қытайдың  Коммунистік 

партиясының  І  хатшысы  Си  Цзиньпин  «екі  ел  арасындағы 

қатынастар  үлгі  боларлық  деңгейде,  Қазақстан  Қытайдың 

сыртқы саясатының маңызды басымдылықтарының бірі», – деп 

атап  көрсетті.  Ал,  Қытайдың  әлемдік  экономикалық  державаға 

айналуға  ұмтылуы  және  қазақстандық  шикізат  әлеуетіне  деген 

қызығушылығы  Қазақстанның  Қытаймен  қарым-қатынасының 

нығая  беруіне  негіз  болмақ.  Біздің  облысымыздың  өндіріс 

саласының  өзінде  қазіргі  уақытта  10-нан  астам  қазақ-қытай 

бірлескен  кәсіпорындары,  білім  беру  саласында  Қазақстанның 

төрт  облысында  жұмыс  жасап  отырған  «Конфуций  институты» 

орталықтары екі елдің қарым-қатынасының бейбіт әрі пайдалы 

мақсатта жүруіне үлкен үлес қосып отыр.    

Қазақстанның  сыртқы  саясатындағы  басым  бағыттардың 

бірі-Еуропалық  бағыт,  атап  айтсақ,  Қазақстан  Республикасы 

мен  Еуропалық  Одақтың  арасындағы  қарым-қатынас  болып 

табылады.  Болашақта  Еуропалық  Одақ  басқа  да  аймақ 

мемлекеттерімен  қарым-қатынас  кезінде,  жалпы  Еуропаның 

атынан  қадамдар  жасайтындығы  қазіргі  уақытта  белгілі  бола 

бастады. 

Қазақстан  Еуропалық  қауымдастық  елдерімен  қатынас 

315



саласында  өзін  тек  еуразиялық  мемлекет  және  сенімді  түрде 

еуропалықтарға таңдау жасаған ел ретінде танытуда (мысалы, 

Қазақстан  Республикасының  футбол  командасының  УЕФА-ға 

енуі). ҚР-ның Еуропалық Одақпен әріптестігі тек қана мұнай-газ 

саласы  үшін  ғана  емес,  барлық  жағынан  да  пайдалы  болып 

табылады.    Нақты  айтсақ,  білім  саласында  Қазақстанның 

жоғары  оқу  орындары  Еуропаның  барлық  дерлік  елдерінің 

ЖОО-мен  кең  ауқымды  байланыстарды  жүзеге  асыруда. 

Еуропаның  ЖОО-да  20  мыңнан  астам  қазақстандықтар  білім 

алуда. Жаңа құрылған Назарбаев университетінің де дамуында 

Еуропа  елдерінен  шыққан  және  білім  алған  ғалымдардың 

әлеуеті айтарлықтай болмақ. 

Сыртқы  саясат  және  дипломатия  әрқашанда  елдің 

әлеуеті  мен  қуатының  көрсеткіші  ретінде  қала  береді.  Біз 

қарқынды  дамып  келе  жатқан  көпұлтты  еліміздің  мүдделеріне 

сай халықаралық аренада табысты өкілдік етудеміз.

Күн 

сайын 


шетелдердегі 

қазақстандық 

консулдар 

жүздеген 

азаматтарымызға 

көмек 


көрсетуде. 

Дипломаттарымыздың  біліктілігі  арқасында  белгілі  саяси 

қақтығыстар  кезінде  Қазақстан  азаматтарын  Египеттен  және 

Ливиядан,  Сириядан  шығынсыз  шығаруға,  2012  жылдың 

наурызында  болған  Жапониядағы  Фукусима  АЭС-інен  сәуле 

тарауы  кезінде  қазақстандықтарға  қолдау  көрсетуге  мүмкіндік 

туды.

Біздің  еліміз  дүние  жүзіндегі  50  дамыған  елдің  қатарына 



ену  жөніндегі  міндетін  2030  жылға  дейін  жүзеге  асырамыз  деп 

жоспарлағанымен,  бұл  межені  мерзімінен  бұрын  бағындыра 

алды  және  қазіргі  кезеңде  әлемнің  30  мықты  дамыған 

мемлекеттерінің  қатарына  ену  секілді  асқақ  мақсатты  берік 

қылып ұстануда. 

Біздер 


осы 

жылдар 


ішіндегі 

бастан 


өткізген 

қиыншылықтардан  халқын  аман  шығарып  келе  жатқан 

Елбасшының саясаты нәтижесінде Қазақстанның ХХІ ғасырдың 

ұлы 


державаларының 

біріне 


айналатынына 

асқақ 


мемлекетіміздің  жас  әрі  рухы  биік  өрендері  ретінде  өз 

үлестерімізді  қоса  отырып,  болашаққа  үлгі  боларлықтай 

межелерге жететіндігімізге сенеміз және жас буын өкілі ретінде 

еліміздің 

сыртқы 

саясаты 


болашақта 

төмендегідей 

факторларды  есепке  ала  отырып,  жүргізілгендігі  дұрыс  деген 

пікірімді білдіргім келеді:





Әлеуметтік-экономикалық 

жағынан 

дамыған 


мемлекеттердің  қатарына  жетіп  қалған  еліміздің  деңгейіне 

бізбен  бірдей  тәуелсіздік  алған  бірқатар  мемлекеттердің  жетуі 

316



әлі де арман күйінде болып отырғандығын халыққа ұғындыру;

2. 


Қазіргі 

кезде 


жахандану 

процесі 


барысында 

халықтардың  ассимиляциялануы  өте  жоғары  қарқынмен 

жүруде.  Осындай  сыртқы  ықпалдарды  болдырмау мақсатында 

қазақ халқының ұлттық-мәдени құндылықтарын ел ішінде және 

шетелдерде насихаттауды одан әрі күшейте түсу.

Аталған  мақаламызды  қорытындылай  келе,  20  жылдан 

астам  уақыт  ішіндегі  Қазақстан  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 

басшылығымен  жүргізіліп  жатқан  халықаралық  жағдайдағы 

сыртқы саяси бағыт өте нәтижелі және сәтті болды деп айтуға 

толық негіз бар деп айта аламыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   124




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет