Қадамдары



Дата10.11.2022
өлшемі45,7 Kb.
#157433
Байланысты:
Молдир практика, 9№№

23.09.2020 жыл
Зерттеуді жоспарлау. Жоба. Зерттеу қадамдары
Жоба – пәнаралық және шығармашылықпен кіріктірілген бағдарлы жұмыс түрі. Физика сабағында оқу үдерісін ұйымдастырудың табысты жолдарының бірі – жоба әдісі. Бұл әдіс оқушылардың қандай да бір мәселені өздігінен зерделеп, зерттеу нәтижесін көпшілікке таныстырып жариялаудан тұратын оқу-танымдық іс-әрекеттерінің жиынтығын қамтиды.
Ғылыми зерттеу бағытын таңдау мақсаты зерттеу әдісін анықтау және берілген тапсырмаларды шешу қабілеті арқылы анықталады. Осы сатыда ғылыми – техникалық әдебиетті жинау және таңдау нормотивті – техникалық құжат, аналог жайында ақпарат және тақырыпқа қатысты басқа да материалдар іске асады.
Ғылыми зерттеу бағытын таңдау сатысында тапсырманы шешу мүмкіншілігі қалыптасады; жаңа өнімді енгізудің экономикалық эффективтілігі анықталады.
Нәтижені бағалау жұмыстың жалпыланға нәтижесі жазылған есеп жасау мен оны безендірумен сипатталады.
Ғылыми - техникалық жұмыстардың орындалу тізбегі, саты сапасы мен олардыдың орындалу тізбегі, саты сапасы мен олардың мазмұны зерттеу бағытымен байланысты, ҒТЖ сипаты мен қиындылығы, тақырыптың дайындалу дәрежесіне байланысты. ҒТЖ – ға келесі сатылар тән:

  1. Тапсырманы анықтау: Мен нені анықтауым керек? Мен не істеймін? Мен қазір не білемін? Маған қандай лексика керек? Мен өз жұмысымды қалай таныстырамын?

  2. Ақпараттың орналасқа норны: Мен ақпаратты қайдан таба аламын? Маған кім көмектесе алады?

  3. Тиісті ресурстарды таңдау: Бұл ақпарат пайдалы ма? Мен нені сақтауым керек? Маған нені өшіріп тастау керек? Ресурстар қаншалықты сенімді болып табылады?

  4. Ақпаратты ұйымдастыру: Мен жазбаларды өз сөзіммен жаза аламын ба? Мен оларды қалай ұйымдастырамын? Мен ақпараттың қайдан алынғанын белгіледім бе? Мен жеткілікті ақпарат алдым ба?

  5. Идеяларды ұсыну: Менен өз жұмысымды қалай таныстыру талап етіледі? Мен оны қалай құрылымдауым керек? Мен өз жұмысымды кімдерге таныстыратын боламын? Мен тез тіл табыса аламын ба?

  6. Дайын болған өнімді бағамдау: Мен бір нəрсені қалдырып кеттім бе? Менің жұмысымның мəні бар ма? Мен орфографиялық жəне грамматикалық нормалардың сақталуын тексердім бе? Мен өз жұмысымды оқыған адамның алдында мақтаныш сезіне аламын ба? Мен не үйрендім?


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет