Адамгершілік, патриоттық, эстетикалық тәрбие, биоэтика



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі22,19 Kb.
#91791
  1   2   3
Байланысты:
алтынайга
топ, Документ Microsoft Office Word, Картоп чипсилерінің зияны , 2023

Биологияны оқыту әдістемесі – мектеп пәнінің ерекшелігіне байланыс-ты оқыту және тәрбиелеу процесінің жүйесі туралы ғылым. Әрбір ғылымның пайда болуы мен дамуы адамның тіршілік тілегін қанағаттандыруға бағытталған практикалық қызметіне байланысты.
Қазіргі кездегі ғылыми-техникалық прогресстің дамуы ,адамзат пен оны қоршаған ортаның арасындағы қарама-қайшылықтардың зардабы оның денсаулығына, тіршілік жағдайына қатер туғызып отырғандығы мәлім. XVІІІ ғасырдың аяғында мектеп биологиясын оқытуда тек қана биологиялық фактілерді сипаттау бағыттары үстемдік етті. Сол кездегі ғалымдар өсімдіктер, жануарлар және адам организмдерін зерттеу барысында сипаттама әдістерін пайдалана отырып зерттеулер жүргізді.
Биология ғылымының дамуындағы басты бетбұрыс XIX ғасырдың орта кезінен бастап, Ч. Дарвин ілімінің ашылуына тікелей байланысты болды. Биологиялық ғылымда табиғат сырларындағы құбылыстарды зерттеуде тарихи даму әдістері енгізіле бастады. Осы жағдайлар орта мектептегі биологиялық білім беру, оқыту процесстеріне үлкен әсерін тигізді. Атақты әдіскер, жаратылыстанушы А.Я.Герд бірінші рет биологияны үйретуде, оқытуда эволюциялық идеяларды ең басты критерий етіп көрсетті.
XX ғасырдың 20-30 жылдарында биология ғылымдарының экология, генетика салалары тез дами бастады. Н.И.Вавилов тұқым қуалаушылық, гомологиялық қатарлар заңын ашты.
Биология салаларындағы әртүрлі зерттеу жұмыстарының нәтижесі, эволюциялық ілім мен генетиканың синтездік әдістерінің қорытындысынан , эволюцияның синтетикалық теориясын қалыптастырды.
2. Биология пәні бойынша жүргізілетін тәрбие жұмыстарының міндеттері. Тәрбие беру элементтерінің жүйесі. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту жолдары.
Адамгершілік, патриоттық, эстетикалық тәрбие, биоэтика.
Биология пәнін оқытудағы тәрбие түрлері.
Оқушылардың дүниетанымын ғылыми негізде қалыптастыруда мектептегі биологиялық білімнің маңызы зор.
Табиғаттың біртұтастығы, оның дамуының үздіксіздігі, өзара байланыстарының күрделілігі, табиғи құбылыстардың үздіксіз байланыстары дүниетанымын калыптастыратын түсініктерге жатады.
Биологиялық білімнің тәрбиелік құндылығы оқушылардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуінде. Жеке тұлғаның жан-жакты қалыптасуына тірі табиғат туралы білімдер үлкен үлес қосады.
Биологияны оқыту барысында тәрбие беру элементтерінің жүйесі казіргі коғамның жалпы талаптарына сай келеді. Бұл жүйе тәрбиелеудің мынадай элементтерінен тұрады:
1. Ғылыми дүниетанымды калыптастыру;
2. Патриотттық тәрбие;
3. Еңбек және экологиялық тәрбие;
4. Гигиеналық, жыныстық және дене тәрбие;
5. Эстетикалық және әдептілік тәрбие.
Оқу материалының мазмұны және оны оқыту әдістері мен формаларына, танымдылық процессіне сәйкес тәрбие беру жүйелі түрде іске асырылады. Бұндай тәрбие тек кана бүкіл педагогикалық процесстің бір бағыттылығымен жүзеге асады.
Биологияны оқытуда мұғалім жан-жакты тәрбиелеудің барлық мүмкіндіктерін қолдана алады. Сонымен бірге мұғалім өз пәнінің спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбие жұмысын жүргізеді. Оған көптеген мүмкіншіліктер бар. Мысалы, биологияны оқытудағы көптеген түрлі формалар: сабақ, сабақтан тыс және сыныптан тыс жұмыстар, мектепіші және мектепаралык жұмыстар, топсеруендер, оку-тәжірибе учаскесіндегі жұмыстар, оқушылардың жазғы экологиялык лагерде демалуымен қатар табиғаттағы құбылыстарды, тірі организмдерді зерттеу жұмыстары т.б.
Оқыту мен тәрбиелеу бір-бірімен байланысты күрделі процесс. Сондыктан да, оны жүзеге асыру мұғалімнен көп біліктілік пен шеберлікті талап етеді. Тәрбие беру дегеніміз - оқушының пәннен алған білімінің сенімге айналуы, ал сенім одан әрі жүйеге, көз қарасқа қалыптасады.
Сенім әр бір жеке тұлғаның адамдарға, қоршаған әлемге қарым-қатынасында, әдетінде жүріс-тұрысында және іс-әрекетінде айкындалады.
Биологияны оқыту арқылы тәрбиелеудің барлык мүмкіндіктерін бір-бірімен байланысқан белгілі элементтерге жатқызуға болады.
Жалпы биологияны оқыту әдістемесі және арнайы биологияны әдістемесі болып екіне бөлінеді.
Жалпы биологияны оқыту әдістемесі мектеп биология курстарының пәндерінің мазмұны мен әдістеріне байланысты қарастырады. Аталған пәндердің бірізділігі, біртұтастығы және тәрбиелеп оқытудың элементтерінің дамуы, биологияны оқытудың жүйесін анықтайды. Білім беру, оқытудың жүйелілігі оқушылардың саналы түрде білім қалыптастыруымен тиянақтылығын анықтайды.
Арнайы әдістерде сабақтардың әдістемесы, экскурсиялар, сабақтан тыс жұмыстар , сыныптан тыс жұмыстар қарастырылады.
3. БОӘ- рационалді әдістер мен тәсілдерді орнатады, және биология пәнінен мұғалім оқушыға оқу материалын сапалы түрде меңгертіп, тиянақты білім беріп, оны өмірде қолдана білуге үйретеді.
БОӘ- оқу пәнінің мазмұнын, оқыту және тәрбиелеу әдістері мен үлгілерін қарастырады. Бұл тараулар бір-бірімен байланысты және бірін-бірі толықтырады.
БОӘ- мен оқу жұмысының жабдықтары мен тәсілдері белгіленеді.
Биология оқу пәні ретінде оқыту әдістері мен формаларының ерекшелігімен өзге пәндерден айырмашылығы бар. Бұнда нақтылы объекттер мен күрделі табиғат құбылыстары, және табиғаттың дамуы зерттеледі.
Материалдық ерекшелігі оның тәрбие мүмкіндіктерін де белгілейді (анықтайды).
Оқушылар ойын дамытуда биологиядан жүргізілетін мектептік курстың маңызы зор.Биологияның басқа оқу пәндерінен ерекшелігі,ол қарапайымнан күрделіге өту жолын байқап,отыруға,бөлік пен бүтіннің құрылысы мен қызметінің өзара байланыстылығы және өзара тәуелділігін айқындауға, табиғаттағы құбылыстардың аса күрделі байланыстылық себептерін түсінуге мүмкіндік береді.
Кез келген басқа оқу пәндері тәрізді биология курсын меңгерген кезде оқушы әр түрлі ойлау процестерін атқарады:бақылап, салыстырады, анализ жасайды,қорытындылайды, өздері бақылаған құбылыстардың себебі мен салдарын белгілейді.
4.

Әдістеменің міндеттері. Әдістеме көмегімен жасалған теориялық жағдайларды практикалық әрекеттер түріне айналдыру.


Биологияны оқыту әдістемесі биологияны оқытудың заңдылықтарын белгілейді.
Орта мектептегі білім мен тәрбие берудің маңызын анықтайды.
Оқу пәнінің мазмұнын қайта қарайды, толықтырады, жақсартады.
Оқытудың әдістерін жасап береді.
Сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстардың мазмұнын, әдістерін жақсартады.
Алдыңғы қатарлы мұғалімдердің тәжірибесін негізге ала отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын жақсартуға жөн сілтеген жаңа әдістер жасайды.
Биология кабинетінің, тірі табиғат мүйісінің, оқу-тәрбие алаңының ұйымдасуын, керекті көрнекі құралдармен жабдықталуын практика жүзінде тексеріп отырады.
Әрбір ұстаз биология ілімінің терең сырын, маңызын қоғамдағы, өмірдегі және әрбір жеке адамның күнделікті қызметіндегі орнын түсіне отырып қана, жаңа жас ұрпақты тәрбиелей алады. Сондықтан биология пәнінің мұғалімін – осы білімді насихаттаушы деп есептеуге болады. Тек биология курсы пәндерін оқыту арқылы ғана, әдістерін жетілдіру нәтижесінде тереңдете дәйекті түрде адамның табиғаттағы ролін ашып көрсетіп, экологиялық мәдениеті мен сауаттылығын арттырып, өз өміріне сауаттылықпен қарауды жолға қоюға болады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет