Адвокаттардың КӘсіптік әдебі кодексі


-тарау. Адвокаттың сенім білдірушілермен



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата09.11.2022
өлшемі241,87 Kb.
#157381
түріКодекс
1   2   3   4   5
Байланысты:
CodexProfEtiki-KAZ
russian principles 2014.pdf
3-тарау. Адвокаттың сенім білдірушілермен
қарым-қатынас жасау әдебі
 
12. Осы Кодексте сенім білдіруші ретінде: 
1) адвокатпен заң көмегін көрсету туралы шартты жасасқан тұлға; 
2) өзге тұлғамен жасалған заң көмегін көрсету туралы жазбаша шарттың 
негізінде адвокат заң көмегін көрсететін тұлға; 
3) адвокаттың заң көмегін процестік заңнамада белгіленген тәртіппен 
тағайындау бойынша көрсететін тұлға түсініледі. 



Адвокат сенім білдірушінің заңды немесе осы Кодекстің ережелерін 
сақтамауды және бұзуды көздейтін тілектерін, өтініштерін немесе талаптарын 
орындауға міндетті емес. 
Адвокат өзінің кәсіби қызметінде жеке мүддесінің немесе басқа 
адамдардың мүддесі алдында сенім білдірушінің мүдделерін басымдық ретінде 
негізге алуға міндетті. 
Егер заң көмегін көрсету міндеттемесі адвокаттық қызмет туралы 
заңнаманың талаптарына сәйкес рәсімделмесе, адвокат іске қатыса алмайды. 
Адвокаттың сенім білдірушіге тапсырманың орындалуының оң 
нәтижесіне қатысты уәде немесе қандай да бір кепілдік беруге және істің 
ойдағыдай шешілетініне сендіруге және өз тәжірибесіне немесе лауазымды 
тұлғалармен 
ерекше 
қарым-қатынасына 
сүйеніп, 
сенім 
білдірушіні 
үміттендіруге құқығы жоқ. 
Адвокат іс нәтижесінің перспективалары туралы өз пікірін айтуға 
құқылы.
Адвокат өзі жасаған құжаттардағы мәліметтердің анықтылығына, егер 
бұл мәліметтерді оған сенім білдіруші ұсынса, жауапты болмайды. Адвокат 
жалған мәліметтер қамтылған құжаттардың да мазмұны үшін, егер оған бұл 
туралы белгісіз болса, жауапты болмайды.
13. Адвокаттың мемлекет қаражатының есебінен заң көмегін көрсету 
кезіндегі міндеттері оның заң көмегіне жүгінген адаммен жасалған жазбаша 
шарт бойынша заң көмегін көрсету кезіндегі міндеттерінен ерекшеленбейді.
Тапсырманы қабылдау кезінде адвокат істің мәнімен байланысты 
сұрақтарды шешуде өзінің біліктілігіне сенімді болуға тиіс. Егер адвокаттың 
тапсырманы орындау үшін біліктілігі жеткіліксіз деуге негіз болса, ол 
тапсырманы қабылдаудан бас тартуға міндетті. 
Адвокат тапсырманың орындалу барысы туралы сенім білдірушіге 
хабарлап отыруға және оның ісінің жай-күйі туралы сауалдарына уақытылы 
жауап беруге тиіс. 
Адвокат істегі бүкіл мәселелерді толық анықтау, сот практикасын және 
тиісті арнайы әдебиетті зерделеу үшін өзіне байланысты барлық шараларды 
қабылдауға міндетті. Қажет болған жағдайларда, адвокаттық құпияны сақтай 
отырып, адвокат қорытындылар беру үшін мамандарды тартуға және 
әріптестерінен консультация алуға құқылы.
Егер тапсырманы қабылдағаннан кейін, адвокаттың тапсырманы 
қабылдауға құқығы жоқ мән-жайлар анықталған жағдайда, ол шартты бұзуға 
және бұл туралы сенім білдірушіге оның басқа адвокатқа жүгінуге мүмкіндігі 
болу үшін күні бұрын хабардар етуге тиіс.
Демалыс құқығын пайдаланған кезде адвокат сенім білдірушінің заңды 
құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге шаралар қабылдауға тиіс. 
Адвокаттың заң көмегін көрсеткені үшін ақы ретінде даудың мәні 
болған мүлікті немесе оған құқықты иеленуіне жол берілмейді. 
14. Адвокат бір істе мүдделері бір-біріне қайшы келетін бірнеше 
тараптың кеңесшісі, қорғаушысы немесе өкілі болуға құқылы емес, ол тек 
тараптарды татуластыруға ықпал ете алады. 



Адвокат, егер: 
1)
ол мүддесі заң көмегіне жүгінген жеке немесе заңды тұлғаның 
мүддесіне қайшы келетін сенім білдірішуге заң көмегін көрсететін немесе 
бұрын көрсеткен; 
2)
ол осы іске өзге процестік тұлға ретінде қатысқан; 
3)
істі тергеуге немесе оны қарауға адвокатпен туыстық қарым-
қатынастағы адам қатысқан; 
4)
мүддесі жүгінген адамның мүддесіне қайшы келетін адамға бір іс 
бойынша заң көмегін көрсететін адвокатпен ол жақын туыстық қарым-
қатынаста болған; 
5)
сенім білдірушінің талабы заңға қайшы келген немесе сенім 
білдіруші оның мүддесін қорғау үшін көрінеу жалған немесе заңды бұзып 
алынған дәлелдемені қабылдауды не өзге де заңсыз тәсілдер мен құралдар 
пайдалануды талап еткен;
6)
құпияның сақталуына мүдделі сенім білдірушіден бұған жазбаша 
келісім алынған жағдайларды қоспағанда, одан басқа сенім білдіруші сеніп 
тапсырған құпияны жария етуді талап ететін мән-жайлар туындауы мүмкін 
жағдайларда сенім білдірушіге заң көмегін көрсетуге құқылы емес және заң 
көмегін көрсету бойынша міндеттемені қабылдаудан не оны одан әрі 
орындаудан бас тартуға тиіс. 
Істі жүргізуге тапсырманы қабылдаған күн заң көмегін көрсету туралы 
шартта белгіленген ақы төлеу сомасын адвокаттар алқасының немесе 
адвокаттық ұйымның кассасына толық немесе ішінара енгізу, не адвокаттың 
банктік шотына аудару күні болып табылады.
Мемлекет қаражаты есебінен көрсетілетін, мемлекет кепілдік берген заң 
көмегі шеңберінде адвокат қабылдаған тапсырма бойынша істі жүргізуге 
тапсырманың қабылданған күні адвокатқа істі жүргізуге оның өкілеттігін 
куәландыратын ордердің тапсырылған күні болып табылады.
Заң көмегін дереу көрсету қажет болған, бұл ретте тапсырманы рәсімдеу 
адвокатқа байланысты емес мән-жайлар бойынша қиын болған немесе мүмкін 
болмаған жағдайда тапсыраның қабылданған сәті адвокаттың іске қатысуға не 
кәсіби міндеттерін орындауға нақты кіріскені деп есептеледі.
Ересек адам мен кәмелетке толмаған баланы бірге қорғауға жол 
берілмейді. 
Процестік заңнамада белгіленген тәртіппен тағайындалуы бойынша іске 
қатысатын адвокат қорғауындағы адамға оның шарт бойынша адвокат 
шақыруға құқығы бар екені туралы, мұны тапсырманы орындаудан жалтаруға 
себеп ретінде пайдаланбай, түсіндіруге тиіс.
15. Адвокат өз кінәсін мойындамайтын айыпталушының ұстанымын 
қолдауға және негіздеуге міндетті әрі өзге позицияны қабылдауға құқылы емес. 
Қорғауындағы адамның кінәлі екенін мойындау қорғау құқығын өрескел бұзу 
болып табылады. 
Егер қорғауындағы адам айыптауға негіз болған фактілерді қылмыс 
құрамы бар белгілер ретінде мойындаса, бірақ өзінің кінәлі еместігін теріске 



шығарса, адвокат оған сот перспективасының мүмкіншілігін түсіндіріп, осы 
фактілерді тиісінше құқықтық бағалау қажеттігін негізге алуға тиіс. 
Егер айыпталушы өз кінәсін мойындаса, бірақ оның мойындауы басқа 
дәлелдемелермен бекітілмесе, ал іс материалдары айыптаудың негізсіздігін 
растаса, адвокат қорғауындағы адамның жағдайын нашарлатпайтын ұстанымда 
тұруға құқылы. Кінәсін мойындау айыпталушыға заңсыз ықпал етуден болған 
жағдайда, адвокат осы жағдайды анықтауға және оны хаттама мен өзге де 
құжаттарда тіркеу үшін өзіне байланысты барлық шараларды қабылдауға 
міндетті.
Егер адвокат басқа айыпталушының қылмысты жасағанын әшкерелейтін 
адамды қорғаса, өз қорғауындағы адамның әрекеттерінде жеңілдететін мән-
жайларды табуға күшін салуға міндетті. Мұндай жағдайда адвокат 
айыптаушының рөлінде сөз сөйлеп, басқа адамның кінәсін дәлелдеуге құқылы 
емес.
16. Адвокат үкімге шағым беруге мынадай жағдайларда міндетті: 
1) қорғауындағы адамның өтініші бойынша; 
2) егер сот адвокаттың қорғаушы ретіндегі және (немесе) оның 
қорғауындағы адамның ұстанымымен келіспей адвокат және (немесе) оның 
қорғауындағы адам сұрағандарынан өте ауыр жаза немесе аса ауыр қылмыс 
үшін жаза тағайындаса; 
3) қорғауындағы адам үшін қолайлы себептер бойынша үкімнің күшін 
жоюға немесе өзгертуге негіздер болған кезде. 
Адвокаттың қорғауындағы адамның үкімге шағым беру туралы 
өтінішінен бас тартуға құқығы жоқ.
Егер адвокат шағым беру үшін негіз бар деп есептесе, ал сотталған адам 
бұған қарсылық білдірсе, сотталған адамның үкімге шағым беруге жазбаша бас 
тартуын алу қажет. Бұл қағида кәмелетке толмаған балаларға және дене немесе 
психикалық кемiстiгi бар адамдарға қолданылмайды.
17. Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік 
етуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшері адвокаттық қызмет туралы 
заңнамада белгіленген тәртіппен жасалған жазбаша шартта белгіленеді. 
Адвокат сенім білдіруші үшін заң көмегіне ақы төленетін қаражатты 
үшінші тұлғалардан жазбаша түрде жасалған шарт бойынша қабылдауға 
құқылы. Бұл ретте адвокат сенім білдірушінің және төлеуші болып табылатын 
үшінші тұлғаның арасындағы өзара қарым-қатынастарын тексеруге міндетті 
емес.
Адвокатқа сенім білдірушіден немесе оның өкілінен заң көмегін көрсету 
туралы шартты қамтамасыз ететін қандай да бір мүлікті қабылдауға тыйым 
салынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет