Ағзалардан айырмашылығы өзіне тəн ақыл-ой, санасының болуы



Pdf көрінісі
Дата25.10.2022
өлшемі34,85 Kb.
#154806
Байланысты:
Новый документ
для сайта новый, Дәріс География


Тірі ағзалардың тарихи дамуында адам жоғары сатыда тұрған тіршілік иесі. Адамның
дене құрылысы жəне жеке мүшелерінің атқаратын қызметі басқа ағзаларға ұқсас.
Сондықтан да адам тірі ағзалардың құрамды бір бөлігі деп есептелінеді. Адамның
денесі де жасушалардан, ұлпалардан, мүшелерден құралған. Тірі ағзаларға тəн – зат
алмасу, тітіркену, өсу, даму жəне т. б. қасиеттер адамда да бар. Бірақ адам басқа
ағзалардан дене құрылысының күрделі дамуымен ерекшеленеді. Адамның басқа
ағзалардан айырмашылығы – өзіне тəн ақыл-ой, санасының болуы.
Адам жануарлар дүниесінің жіктелуінде мынадай жүйелік топтарға жатады:
хордалылар (желілілер) типіне → омыртқалылар тип тармағына → сүтқоректілер
класына → ұрықжолдастылар класс тармағына → маймылдар отрядына → адамтектес
маймылдаротряд тармағына → адамдар тұқымдасына → адам туысына → саналы
адам түріне жатады.
Қазіргі кездегі жер бетіндегі барлық адамдар бір ғана саналы адам түріне жатады.
Адамның шығу тегі жəне тарихи даму кезеңдері
Адамның пайда болуы туралы көптеген көзқарастар бар. Адамның пайда болуын,
тарихи даму кезеңдерін антропология(грекше «anthropos» – адам, «logos» – ілім,
ғылым) ғылымы зерттейді. Антропология – түрлі жүйелік топтардағы жануарлардың
ұрықтарының дамуын салыстырып зерттейді. Сонымен бірге жануарлар мен адамның
дене құрылысындағы ұқсас жəне айырмашылық белгілерге де ерекше көңіл бөледі.
Ерте замандарда тіршілік еткен адамтектес тіршілік иелерінің қаңқа қалдықтарын
зерттеуге де мəн береді. Адамның пайда болуында оның тік жүріп тіршілік етуге
бейімделуі шешуші рөл атқарды. Салыстырмалы зерттеулердің нəтижесінде адамның
шығу тегі мен тарихи дамуы 4 кезеңге бөлінеді.
1-кезеңдегі адамдардың бойының ұзындығы 120–150 см, дене салмағы 20–50 кг. Тік
жүріп ашық жерлерде тіршілік еткен. Тасты, ағаш бұтақтарын, жануарлардың
сүйектерін құрал ретінде қолданған, алғаш рет отты пайдаланған.


2-кезеңдегі адамдардың қазіргі адамдарға ұқсас белгілері көп. Жабайы аңдарды
ұжымдасып, топтасып жүріп аулаған. Еңбек құралдарын пайдалануды жетілдіре түсіп,
қоғамдасып тіршілік еткен. Жеке сөздерді пайдаланып қарым-қатынас жасаған.
3-кезеңдегі адамдар ірі денелі, ми сауыты үлкен, миының салмағы 1300–1500 г болған.
Еңбек құралдарын жасап, аң аулаған. Шағын топ құрып тіршілік еткен.
4-кезеңге қазіргі адамдар жатады. Сөйлеуі, ойлау қабілеттері жақсы дамыған.
Адамның өзіне тəн басты ерекшелік белгілері:
1. Тік жүруге байланысты омыртқа жотасында иілімдер пайда болған. Аяқтарының
бұлшықеттері жақсы дамыған.
2. Ми көлемі дамыған, əсіресе ми қыртысының құрылысы күрделеніп сайшалар,
иірімдер пайда болған.
3. Қолбасының сүйектері жақсы дамыған, икемді қозғалыстар жасайды.
4. Жақ сүйектері күрделі өзгеріп, иек айқын байқалған.
5. Ұрықтың жатырда даму мерзімі ұзарған. Жыныстық жетілу мерзімі кешеуілдеген.
Орташа өмір сүру жасы ұзарған.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет