Фенологиялық байқаулар тұқымды сепкеннен, дақыл толық піскенде дейін жүргізіледі. Өсімдіктің жекелей өсу дәуірі, дамуы оның өзіне тән ерекше өтеді. Даму барысын-да өсімдіктің пішіні мен өсуі өзгеріп отырады. Даму үрдісі тұтасымен алғанда бірінен соң бірі келіп отыратын, жақсы ажыратылатын және көзге байқалатын бірнеше кезеңдерден немесе сатылардан тұрады. Мұндай кезеңдерге тұқымның өнуі, бүршік жару, вегетативтік, одан соң репродуктивтік мүшелердің пайда болуы мен өсуі, гүлдеу және жеміс бай-лау жатады.
Тәжірибе учаскесінің варианттарындағы өсімдіктердің кезеңдерін белгілеу үшін әрбір қатардың біркелкі 10 көгін тексереді. Егер 10 пайыздай кезең белгісі өсімдіктерде анықталса, белгілі бір кезең басталды деп ұйғарады.
Дақылдарға фенологиялық байқау жүргізгенде олардың мына кезеңдерін тіркейді.
Жаздық дәнді дақылдардың (бидай, арпа, сұлы, қара бидай, тары) көктеу, түптену, сабақтану, масақтану, шашақтану, гүлдеу, сүттеніп пісу, балауызданып пісу, толық пісу (тарының сүттеніп және балауызданып пісуі есепке алынбайды) кезеңдері.
Күздік дәнді дақылдардың (қара бидай, бидай, арпа) көктеп шығу, үшінші жапырақ, түптену, вегетациясының күзде аяқталуы мен көктемде басталуы, сабақтану, масақтану, гүлдеу, сүттеніп пісу, балауызданып пісу, толық пісу кезеңдері.
Жүгері үшін тұқымның өнуі, үшінші жапырақ, түптену, жетінші жапырақ, шашақтану, аталық гүлдерінін гүлдеуі (шашақ басы), аналық гүлдерінің гүлдеуі, сүттеніп пісу, ба-лауызданып пісу, толық пісу кезеңдері.
Қарақұмық – тұқымның өнуі, тарамдалуы, шашақтануы, гүлдеуі, сүттеніп пісуі, толық пісуі.
Бұршақ тұқымдастар – тұқымның көктеуі, үшінші жапырақтың тарамдалуы, гүлінің шоғырлануы, гүлдеуі, пісуі.
Майлы дақылдар – тұқымның өнуі, гүлдеуі, пісуі.
Қант қызылшасы – тұқымның өнуі, қосқұлақ кезеңі, үшінші жапырақ, қатар аралығы мен қатарларын жапырақтардың жабуы, жапырақтарының тарқатылуы.
Тамыр жемістілер – тұқымның өнуі, тамыржемістің қалыптасуы, сабақтануы, пісуі.
Мақта – тұқымның өнуі, гүлдеуі, пісуі.
Картоп – тұқымның көктеуі, тарамдануы, шанақтануы, гүлдеуі, түйнектенуі, пәлектерінің курауы.
Шөптер – көктеп шығуы, өсуінің басталуы, түптену мен масақтануы, гүлдеуі, пісуі.
Өсімдіктің өсіп-жетілу кезеңдерінің мәліметтері оның өсу тіршілігінің ұзақтығын жеке кезеңдерге бөлуге мүмкіндік тұғызады. Мысалы, астық дақылдары мынадай кезеңдерге бөлінеді: себу-көктеп шығуы, көктеп шығуы - сабақтануы, сабақтануы - масақтануы, масақтануы – пісуі. Бұл кезеңдер арқылы байқау жұмысын жүргізу ыңғайлы.
Егістік тәжірибе өсімдіктерінің аурулары мен зиянкестердің әсерін және арамшөптермен ластануының келтіретін келіп фенологиялық, метеорологиялық байқаулармен салыстыру арқылы жиналған мәліметтер өте бағалы болады.
Байқау жұмысы барлық варианттарда немесе көршілес емес қайталауларда жүргізіледі. Мысалы, төрт қайталаулардың бәрінде, немесе бірінші мен үшінші, немесе екінші мен төртінші қайталауларда орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |