Ахмет Байтұрсынұлы 150 жыл



бет4/5
Дата11.11.2022
өлшемі0,78 Mb.
#157753
1   2   3   4   5
Байланысты:
стенд
стенд, ататүрк (копия), Ответы к ИА ИК 2022 2023 уч год сокращенка
80 жыл

Төлен Әбдіков

Төлен Әбдікұлы 1942 жылы 4 қыркүйекте Қостанай облысы Жангелді ауданы "Еңбек" ауылында дүниеге келген.



  • 1965 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (бұрынғы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті)нің филология факултетін бітірген.

  • 1965 - 1970 жылдары "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген.

  • 1970 - 1977 жылдары "Жалын" альманағында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары.

  • 1977 - 1979 жылдары "Қазақфильм" киностудиясында бас редактор.

  • 1979 - 1990 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясының орталық комитетінде жауапты қызметте болды.

  • 1990 - 1992 жылдары "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы болды.

  • 1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары.

  • Төлен Әбдіковтің "Райхан" атты тұңғыш әңгімесі жас жазушылардың “Таңғы шық” әңгімелер жинағында (1964) жарияланды.

  • “Көкжиек” (1969), Күзгі жапырақтар” (1971), “Ақиқат” (1974), “Айтылмаған ақиқат” (1980) атты әңгімелер мен повестер жинақтары, “Өліара” (1985), “Ақшоқыда қыс қатты” (1987) романдары, таңдамалы шығармаларының бір томдығы жарық көрді.

  • “Біз үшеу едік” атты драма шығармасы Ғ.Мүсірепов атындағы Жастар және жасөспірімдер театрында қойылды.

  • “Ақиқат” атты кітабы орыс тіліне (1981), жекелеген әңгіме, повестері украин, өзбек, қырғыз тілдеріне тәржімаланды. Әбдіков шығармалары адам мінезінің құпия сырларына үңілуі, өмірдің мән-мағынасына философия тұрғыдан қарауымен ерекшеленеді


Дүкенбай Досжан


80 ЖЫЛ

Дүкенбай Досжан (1942 жылы 9 қыркүйекте Жаңақорған ауданы Қызылорда облысы — 15 қыркүйек 2013, Астана) — жазушы, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1996). Парасат және Құрмет ордендерінің иегері.



  • ҚазМУ-ды (ҚазҰУ) бітірген (1964).

  • 1963 – 1966 жылдары «Жетісу» газетінде әдеби қызметкер,

  • 1966 – 1975 жылдары «Жазушы» баспасында аға редактор,

  • 1976 – 1984 жылдары Қазақстан Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі  мемлекеттік комитетінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.

  • Кейін Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, «Жалын» журналында бөлім меңгерушісі болған.

Тұңғыш өлеңдер жинағы 1964 жылы жарық көрді. Досжан проза саласында өнімді еңбек етіп, 8 роман, 18 повесть, 100-ден астам әңгіме жазды. Досжанның көркем шығармалары мен зерттеу еңбектерінің тақырып аясы кең.

  • «Отырар» (1965), «Фараби» (1965), «Жібек жолы» (1973) хикаяттары мен романдарына тарихи оқиғалар арқау болған,

  • «Зауал» (1970), «Кісі ақысы» (1978], «Дария» (1975), «Табалдырығыңа табын» (1980), «Жолбарыстың сүрлеуі» (1984) атты шығармалары бүгінгі заман тақырыбына арналған.

Ұлы адамдар өмірін көркем тілмен сөйлеткен

  • «Мұхтар жолы» (1998), «Абай айнасы» (1994), «Алыптың азабы» (1997) романдары өз алдына бөлек топтама құрайды.

  • «Екі дүние есігі» (1998) атты зерттеу еңбегі – Түркістан қаласының тарихын, сондағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің салыну жай-жапсарын мейлінше мол қамтыған дерекнама. Досжанның шығармалары әлемнің 19 тілінде жеке кітап болып шыққан.

  • Екі томдық таңдамалы шығармалары жарық көрді (1990).

  • «Құм кітабы» үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (1996) тұлға.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет