Ахмет Байтұрсынұлының сауат ашуға байланысты еңбектерінің маңызы мазмұНЫ



бет8/10
Дата13.02.2022
өлшемі456 Kb.
#131660
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
dip -a -baytursynulynyn-sauat-ashuga-baylanysty-enbekterinin-manyzy
122631719469 силлабус ОАК каз 2020, krovoobr, лондон презентация
ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақ тілін ғылыми негізде, ғылыми әдіс тәсілдермен үлкен ғылым саласы ретінде алдымен ұлтымызға, одан соң бүкіл әлемге өз тілімізде паш еткен қазақ халқының мақтанышы – Ахмет Байтұрсынұлы терең ойлы оқымысты ғалым, жазушы, ұстаз, қоғам қайраткері.


Ғалым өз зерттеулерінде қазақ тілінің негізін құрайтын басты салаларды түгел қамтыған, оның ішінде - дыбыстық жүйесін, морфологиясымен синтаксисін өз тілімізде алғаш рет сипаттай отырып, көптеген ғылыми теориялық мәселелердің басын ашып, терең де зерделі тұжырымдар айтқан .Бұл тұғыда қазақ тілінің, тіл білімінің негіздерін танытуға, оқып - үйретуге арналған еңбектерін келтірсек те болады. Олар: «Тіл – құрал», «Тіл танытқыш», «Сауат ашқыш», «Оқу құралы» т.б.
Көптеген грамматикалық, жалпы тілдік категориялар мен құбылыстарды сөз еткенде, Ахмет Байтұрсынұлы өзі сол ұғым - түсініктерді арнайы қазақша терминдермен атап, анықтама берген. Тіл біліміне қатысты жәйттерді қазақ тілінің өз табиғатынан туындайтын заңдылық, ерекшеліктерге сүйене отырып, басқа тілдік қалыпқа салмай, жүйелі түрде баян еткен.
Ғалымның зерттеу обьектісі болған қазақ тілінің тіл білімінің кез - келген проблемасы өзінің ерек зәрулігін, өміршеңдігін әлі күнге жоймаған. Бұған мысал ретінде жазу, емле, орфография, терминалогия, т.б. мәселелерді атауға болады. Ахмет Байтұрсынұлы өзінің тіл туралы зерттеулері жайында «Өмірбаянында» былай дейді: біріншіден, қазақ тілі фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан зерттеумен, екіншіден, қазақ алфавитін, орфографиясын жеңілдету және реттеу үшін реформа жасаумен, үшіншіден, қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен, ақыры, ең соңында, төртіншіден, проза тілін кітаби тіл арнасынан стилистикалық өңдеу, қазақ сөздерінен термин жасау арқылы халықтың жанды тілінің арнасына көшіру істерімен айналыса бастадым.
Жалпы, тіл білімінде, түріктануда үлкен орын алатын – типалогия, түбір мәселелері ыңғайында Ахмет Байтұрсынұлының өте нақты, ғылыми маңызын әлі күнге жоймаған ойларын келтіруге болады. Ол әлем тілдерінің типалогиялық ерекшеліктеріне қарай бөлінген терминді қазақша былай атайды: түбіршік тіл, жалғамалы қопармалы және осы топтарға қандай тілдер жататындығын көрсеткен. Сонымен қатар түрлі лингвистикалық тәсілдерді жіктеу, топтастыру, тапқа бөлу т.б. енгізіп, өз зерттеулерінде кеңінен қолданған.
Ұлттық теминалогияны қалыптастыруда ұлттық терминжасам рпинциптерінде қазіргі заман лингвист – ғалымдары өз зерттеулерінде ғалымның ойларын кеңінен сөз етіп, оған арқада сүйеп келеді.
Тіл біліміндегі Ахмет Байтұсынұлы айтқан ойлар, ол бастаған ғылыми дәстүр бір сәткеде үзілген емес, өз үйлесімді сабақтастығын тауып, кейінгі маман қазақ лингвист - ғалымдарының еңбектерімен жалғасты.
Жалпы орта білім беретін дәрежеге қол жеткен қазіргі кезеңде де Ахмет Байтұрсынұлы еңбегінің мәні бұрынғыдан да тереңдей бермек. Себебі, білімнің, дүниені танудың басты негізі бастауыш мектеп екендігіне ешбір талас жоқ.
Әр оқушының ары қарайғы таным әрекетінің тиімділігі – оның жеке басының қалыптасып, дамуына тигізер әсерінің мәнділігі – білім берудің бастауыш сатысында.
Ғылым мен техника дамып, адамзат қоғамы жаңа ғасырдың табалдырығынан аттағалы бері Ахмет Байтұсынұлының бірінші, білім – ана тілінде берілуі, екіншіден, халықтың сауатты болуы керектігі болуы туралы әлі де көкейкестілігімен құнды. Бастауыш сыныптарда білім беру туралы айтқан пікірлері 1996 жылдың қыркүйек айында Қазақстан үкіметінің «Қазақстан Республикасының Жалпы білім беретін мектептеріне арналған оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерін даярлаудың мақсатты бағдарламасымен» уақыт алшақтығына қарамай үндестік табуда.
Жалпы білім беру ісін зерттеу бір сәтте тоқтап көрген емес. Мұғалімдер мен ғалымдар білім саласында еңбек ететін азаматтардың барлығыныңда көздеген мақсаты – уақыт талабына сай қабілетті, дүние жүзілік білім кеңістігіне бойлай еніп, ұлттық негізін жоймаған жеке дара тұлғаларды тәрбиелеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет