Ақыл-есі кемдік баланың бойында психикалық іс-әрекеттің түрлі жақтарының тепе-теңсіз өзгеруіне әкеледі. Оның психикасының құрылымы аса күрделі



Дата29.09.2022
өлшемі14,54 Kb.
#151181
Байланысты:
5 апта эссе


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ


«МИРАС» УНИВЕРСИТЕТІ


Мамандығы: Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі


ЭССЕ

Тақырып: Ақыл-есі кем баланың танымдық сферасының даму ерекшеліктері



Шымкент, 2022
Ақыл-есі кемдік баланың бойында психикалық іс-әрекеттің түрлі жақтарының тепе-теңсіз өзгеруіне әкеледі. Оның психикасының құрылымы аса күрделі. Алғашқы дефект соңынан көптеген басқа екінші, үшінші ауытқушылықтардың пайда болуына әкеледі. Жалпы психикалық дамуы кешеуілдеген баланың танымдық іс-әрекетіндегі және тұлғасындағы бұзылыстар оның түрлі көріністерінде анық байқалады. Олигофрен-балалар дамуға қабілетті, бірақ ол процесс өте әлсіз, қалыпты деңгейден ауытқулары көп.
Ақыл-есі кем балалардың дамуы биологиялық және әлеуметтік факторлармен анықталады. Биологиялық факторға дефекттің анықтығы, оның құрылымының сапалық ерекшелігі, пайда болу уақыты жатады. Әлеуметтік факторға - баланың жақын ортасы жатады: ол тұратын жанұясы; ол уақыт өткізетін және қарым-қатынасқа түсетін үлкендер мен балалар; мектеп.
Танымдық белсенділіктің төмендігі, бағытталу іс-әрекетінің әлсіздігі -ақыл-есі кем балалардың бас ми қабығы нейрофизиологиялық процестері ерекшелігінен пайда болатын симптомдар.
Баланың қоршаған ортаны тануында маңызды ролді оның түйсіктері мен қабылдауы ойнайды. Олар қоршаған ортаны тануға негіз құруға, ойлаудың қалыптасуына, яғни практикалық іс-әрекет орындауға дайындықтың негізін қалауға мүмкіндік береді. Ақыл-есі кем балаларда, қалыпты дамудағыларға қарағанда, түрлі түйсіктердің бұзылыстары, яғни нысаналар мен жағдайларды қабылдау бұзылыстары байқалады.
Ақыл-есі кем оқушылардың көру қабылдауының тар болуы қоршаған ортаны тану мүмкіндігін төмендетіп, мәліметті меңгеруге кері әсер етеді. Кеңістікте бағытталу бұзылыстары - ақыл-есі кем жағдайында анық көрінетін дефект. Ақыл-есі кем баланың сөйлеу тілі өте кеш қалыптасады. Ақыл-есі кем мектепалды кезеңдегі балалардың ойлау іс-әрекетінің қалыптасуы аса күрделі қиындықтармен ерекшеленеді. Олар көрнекі-әрекеттік ойлау қалпын қолданумен мінезделенеді. Міндетті шешуде олар
«көру және қателесу» әдісін қолданып, нәтиже өзгермеседе сол әдісті қайталай береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет