Ақылдастар алқасы: Х.Әб жа нов, М.Қойгелдиев



Pdf көрінісі
бет3/22
Дата02.02.2022
өлшемі3,85 Mb.
#116949
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
annotation129503

лайлы  жағдай  туғызды.

  Осы  кезеңнен  бастап  ба-

тырлар  жеке  әлеуметтік-саяси  институт  деңгейіне 

көтерілді.  Қазақ  батырлары  өздеріне  тән  ар-намыс 

кодексі, жауынгерлік этикасы мен дәстүрін қатаң ұс-

танды. Олар ерлік пен Отанға деген адалдықты асыл 

мұрат тұтты. Сертке берік, елге тұтқа болған батырлар 

институты  өкілдері  төрт  жағынан  да  қауіп  төнген 

тарихи кезеңде елдің ертеңіне, халық ретінде тарих 

сахнасында  сақталып  қалуына  ерен  еңбек  сіңірді. 

Қазақ мемлекеттілігімен бірге жасасып, қалыптасқан 

күрделі  эволюциялық  даму  жолын  бастан  кешірген 

ерекше құбылыс – қазақ қоғамындағы батырлар инс-

титутының  атқарған  қызметтерін  талдау,  олардың 

дәстүрлі  қоғамының  саяси  элитасының  ажырамас 

бөлігі  екендігін  дәлелдеу  Ұлы  Дала  ұрпақтарының 

қасиетін келер ұрпаққа насихаттау болып табылады. 

Бүгінде  территориясының  ауқымы  жағынан  әлемде 

тоғызыншы  орынды  иеленген  Қазақ  Елі  үш  жүздің 

басы бір орталыққа біріккен мемлекет болды. Мұны 

шекаралас  орналасқан  алып  империялар  да  мо-

йындаған.  Оған  дәлел  Орынбор  облыстық  мемле-

кеттік  архиві  қорында  сақталған  құжаттағы  қазақ 

халқының  үш  ордадан  тұратын  тәуелсіз,  жауынгер 

және халқының саны жағынан үлкен мемлекет екен-

дігі жөніндегі құжатты алға тартуға болады [1]. Осын-

дай  ұлан-ғайыр  территорияны,  ел  бірлігін  сақтау 

ісінде маңызды саяси құрылымдардың бірі-батырлар 

институтының алатын орны ерекше. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет