Ақын жыраулар поэзиясындағы ерлік тақырыбы



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата11.05.2022
өлшемі35,11 Kb.
#142482
1   2   3
Байланысты:
6-билет
2- нұсқа, event маркетинг, Ақиқат пен аңыз, osh sor biologija ogn 10-klass kaz, №2 бжб 10 сынып О ушы коды Т менде жасуша рылысы берілген
3)Бұқардың тілек толғауы 
Бірінші тілек тілеңіз:
Бір Аллаға жазбасқа. 
Екінші тілек тілеңіз: 
Ең шұғыл пасық залымның 
Тіліне еріп азбасқа. 
Үшінші тілек тілеңіз: 
Үшкілсіз көйлек кимеске. 
Төртінші тілек тілеңіз: 
Төрде төсек тартып жатпасқа. 
Бесінші тілек тілеңіз: 
Бес уақытты бес намаз 
Біреуі қаза қалмасқа. 
Алтыншы тілек тілеңіз: 
Алпыс басты ақ орда, 


Ардақтаған аяулың. 
Күнінде ертең біреуге 
Тегіннен тегін олжа болмасқа. 
Жетінші тілек тілеңіз: 
Желкілдеген ту келіп
Жер қайысқан қол келіп, 
Сонан сасып тұрмасқа. 
Сегізінші тілек тілеңіз: 
Сегіз қиыр шар-тарап, 
Жер тұлданып тұрмасқа. 
Тоғызыншы тілек тілеңіз: 
Төреңіз тақтан таймасқа, 
Тоқсандағы қарт бабаң 
Топқа жаяу бармасқа. 
Оныншы тілек тілеңіз: 
Он ай сені көтерген, 
Омыртқасы үзілген, 
Аязды күнде айналған, 
Бұлтты күнде толғанған,
Тар құрсағын кеңейткен, 
Тас емшегін жібіткен, 
Анаң бір аңырап қалмасқа. 
Он бірінші тілек тілеңіз: 
Он бармағы қыналы, 
Омырауы жұпарлы, 
Иісі жұпар аңқыған, 
Дауысы қудай саңқыған, 
Назыменен күлдірген, 
Құлқыменен сүйдірген, 
Ардақтап жүрген бикешің 
Жылай да жесір қалмасқа. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет