Ақынова Л. А. Оқушылардың физиологиялық дамуы


Оқулықтың полиграфиялық безендендірудің негізгі элементтерін игиеналық экспертизасы



бет98/106
Дата06.02.2022
өлшемі0,95 Mb.
#80790
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   106
Байланысты:
Тезис дәріс ОФД
Тезис дәріс ОФД, Тест тапсырмалары, Тест тапсырмалары, қаймақ
Оқулықтың полиграфиялық безендендірудің негізгі элементтерін игиеналық экспертизасы.
Қағаз. Оқулық дайындауға арналған қағаз мәтіннің көрсетілуін және оқулықтың қанағаттанарлық санитарлық жағдайда ұсталуын қамтамасыз етуі қажет. Осы талаптарға түсі ақ (шағылысу коэффициенті – 70 – 80 %) немесе сарғыш, мәтін келесі жағынан көрінбейтіндей, жазық, таза, тегіс қағаз сәйкес келеді.
Қазіргі кезде оқулықтар мен балаларға арналған кітаптар үшін кеңселік және типографиялық № 1, типографиялық № 2қағазы қолданылады.
Шрифт суреті мен мөлшері жас ерекшелігі мен оқу машығының даму деңгейіне байланысты болуы керек. Шрифтке гигиеналық баға бергенде әріптің элементтері мен олардың қатынастарының маңызы зор.
Шрифт элементтерін өлшеу 0, 1мм бөлінген микрометрлік лупа немесе микрометрлік окуляры бар микроскоп көмегімен өлшенеді. Өлшер кезде микрометрлік лупа мәтін үстіне қойылады. Өлшеу кітаптың кемінде үш бетінде жүргізіледі (басындағы, ортасындағы, соңындағы беттерді). «Н» әріпі негізінде шртихтың биіктігі мен қалындығын, қосатын штрих қалындығын негізгі штрихтар арасындағы қашықтықты анықтайды.
Алынған мәліметтерді нормативпен салыстырады. Әріп элементтерін милиметрмен өлшейді, бірақ типографияда «кегль» қолданылады. Кегль — литера ауданының биіктігі (1 пункт 0,376 мм тең).
Негізгі шрифттан басқа қосымша, мысалы, ұсақ шрифт – питит (кегль 8) қолданғанда, оның қайда қолданғанын анықтайды. Пититпен қосымша мәліметтерді жазады ( ескерту, әдебиеттер тізімі т. б. ). Жоғарғы және орта буынды сыныптарға арналған кітаптарда пититпен 12 жолдан аспайтын қосымша мәтіндер жазылады.
Шрифт мөлшерімен бірге оның суреті мен гарнитурасының гигиеналық талаптарға сәйкестілігін анықтайды.
Терілімді кітапты безендендіруге қолданған негізгі полиграфиялық элементтердің гигиеналық жағынан оптимальділігімен бағаланады. Шрифт мөлшері мен суретін ғана анықтамаймыз, сондай-ақ, терілім форматын, беттегі мәтіннің орналасуын ( жол ұзындығы, интерлиньяж, баған мөлшері) да анықтаймыз. Сонымен қатар, жалпы терілімді сипаттайтын «терілім тығыздығы» көрсеткіші қолданылады. Жол ұзындығын, терілім форматы мен баспа форматын өлшеу үшін металл сызғыш, ал интерлиньяж бен әріп аралық арақашықтықты (аппрош) анықтау үшін —микрометрлік луп қолданылады. Негізгі штрих вертикальды орналасқан әріп арасындағы қашықтық «Н», «П», «И» т. б. әріптері негізінде өлшенеді. Терілім тығыздығын Кон пластинасын қолданып өлшейді. Пластина 5 бөлікке бөлінген квадрат, әр бөлік тесігінің ауданы 1 см. Кв.. Квадраттың жоғарғы жағын анықтау үшін квадратты жолдың жоғарғы жағына қоямыз. Белгілерді санау квадраттың барлық бөлімінде жүргізіледі, кейін орта көрсеткішті анықтаймыз. Терілім тығыздығы 15 белгіден аспауы керек, үлкен кегл қолданылса 10 белгіден аспауы керек
Формат кітапты қолдану ыңғайлылығымен анықталады. Ұзындығы мен ені миллиметр және квадратпен өлшенеді (1 квадрат 48 типографиялық пунктке, немесе 18,051 мм тең).
Баспа. Оқулықтардың баспасы анық, интенсивті, тегіс қара түсті болуы керек. Лупа көмегімен қарағанда әріптердің контурын, суретінің интенсивті, біркелкі болуын қараймыз. Бағалауды кітаптың бірнеше бетінде жүргіземіз.
Салмағы. Үлкен формат, ауыр переплеттарды қолдану, қалың қағаз, оқулық көлемінің үлкен болғаны қолдануға ыңғайсыз және ауыр қылады.
Оқулық салмағы 1 – 4 сыныптар үшін 300 г, 5 – 6 сыныптар үшін 400 г, 7 – 9 сыныптар үшін 500 г, 10 – 11 сыныптар үшін 600 г аспау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   106




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет