Айқас түзулер, екіжақты бұрыштар. Анықтама



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі1,15 Mb.
#86026
1   2   3   4
Байланысты:
Айқас түзулер

Екіжақты бұрыш
Кеңістіктегі жартыжазықтықты жазықтықтағы сәулеге ұқсатуымызға болады. Сонда кеңістікте жазықтықтағы бұрышқа ұқсатып екі жақты бұрыш деп аталатын фигураны аламыз.
Анықтама. Екіжақты бұрыш деп шекаралық түзулері ортақ екі жартыжазықтықтан және олармен шектелген кеңістіктің бір бөлігінен тұратын фигураны айтады (45,1-сурет).

1)

2)

45-сурет
Жартыжазықтықтар екіжақты бұрыштың жақтары деп, ал олардың ортақ шекарасы екіжақты бұрыштың қыры деп аталады.
45, 1-суретте екіжақты бұрыш кескінделген. α және β жарты жазықтықтарының әрқайсысы екіжақты бұрыштың жақтары, ал олардың ортақ түзуі -екіжақты бұрыштың қыры.
Екіжақты бұрыш үй шатырлары, жартылай ашық тұрған есік тәрізді болып келеді (45, 2-сурет). Анықтама да соған сәйкес беріледі.
Екіжақты бұрышты сызықтық бұрыштың көмегімен өлшеуге болады.



46-сурет
Екіжақты бұрыштың қырынан нүкте аламыз да, әрбір жағына осы нүктеден қырына перпендикулярлар түсіреміз. Бұл перпендикулярлар құрайтын бұрыш екіжақты бұрыштың сызықтық бұрышы деп аталады (46-сурет).



47-сурет
Сызықтық бұрыштың төбесі ретінде екіжақты бұрыштың қырындағы кез келген нүктені алуға болады. Сәйкес қабырғалары параллель болғандықтан, бұл бұрыштар өзара тең (47-сурет).
Өзара тең екіжақты бұрыштардың сызықтық бұрыштары да тең және керісінше, сызықтық бұрыштары тең екіжақты бұрыштар өзара тең болады.
Сызықтық бұрыштың қабырғалары арқылы өтетін жазықтық екіжақты бұрыштың қырына перпендикуляр.



48-сурет
Керісінше, егер біз екіжақты бұрыштың қырына перпендикуляр жазықтық жүргізсек, онда олардың қиылысуынан сызықтық бұрыш аламыз (48-сурет). Шындығында, екіжақты бұрыштың қыры қиюшы жазықтыққа перпендикуляр, сондықтан ол осы түзулерге де перпендикуляр болады. Бұл түзулер анықтама бойынша сызықтық бұрышты құрайды.
Екіжақты бұрыштың шамасы деп оның сызықтық бұрышының шамасы аталады. Сызықтық бұрышы тік болып келген екіжақты бұрыш тік екіжақты бұрыш деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет