Айбат Айжанға



бет1/2
Дата17.09.2023
өлшемі21,15 Kb.
#181329
  1   2
Байланысты:
Диана а Минездеме (копия)
адобе фотошоп, МЕНЕДЖМЕНТ, exam questions (копия)

Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау университеті жаратылыстану ғылымдары факультетінің 1 курс студенті
Айбат Айжанға

Мінездеме
Мен Алмаханов Шыңғысхан Басқарұлы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 1 курс студенті Айбат Айжанды 18.01.2021-03.05.2021 ж. аралығында өткен практика барысында бақылай отырып, оның өте белсенді, жұмысына тиянақты, әр тапсырған тапсырманы уақытынан бұрын орындайтындығы, өте жауапты екенін байқадым. Айжан практика барысында жұмысқа үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен келеді. Қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай біледі. Мінезі ашық, жарқын, өз жұмысына ынталы, сынып оқушыларымен тез тіл табыса біледі. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзеуге тырысады. Мектеп қызметтерін аса мол жауапгершілікпен орындады. Айжанның сөйлеу мәдениеті жақсы, өз ойын нақты, әрі еркін жеткізе біледі.
Айжан 2021 жылдың 1 ақпан күні «Мен өз елімнің патриотымын» атты тәрбие сағатын өткізді. Оған 8 сынып оқушылары белсене, әрі жауапгершілікпен қатысты. Тәрбие сағатын сынып жетекші ретінде өзім бақылап, оң бағасын бердім. Айжан бұл сабаққа бар еңбегімен кірісіп, бәрін ойдағыдай өткізді. Мен оған «өте жақсы» деген баға беремін. Практика барысында тек жақсы жақтарын көрсете білді.
Айбат Айжанға өзінің педагогикалық жолында тек табанды, жемісті жұмыс тілеймін. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Оқуын жақсы нәтижеге бітіріп, елінің елеулі, халқының қалаулы азаматшасы болуын тілеймін. Тек сәттілік!

8 «А» сынып жетекшісі Алмаханов Шыңғысхан Басқарұлы

Көкшетау қаласы 2021 жыл
Көкшетау қаласының №21 орта мектеп лицейінің 8 «А» сынып оқушысы Қасенбай Жанел Жақсылыққызына мінездеме

Қасенбай Жанел Жақсылыққызы 2006 жылы шілде айының 8 жұлдызында дүниеге келген. Жанел сырт бейнесі өте тартымды, әдемі қыз. Мектеп талабына сай киінеді. Үнемі таза жүреді. Дене дамуы өзінің жасына, ортасына сәйкес келеді. Денсаулық жағдайы жақсы.
Оқу материалын қабылдайды, заттар мен құбылыстарды ажыратады. Еске сақтау қабілеті, шығармашылық қиялы жақсы деңгейде дамыған. Сөздік қоры жас ерекшелігіне сай. Сауатты, таза жазады, жазу дағдысы жақсы қалыптасқан. Негізгі қолы оңқай. Пәндер ішінде математика, қазақ тілі, бейнелеу, еңбек пәндеріне қызығушылығы мол. Сабақты себепсіз босатпайды.
Мінезі тұйық, көңіл – күйі тұрақты. Өзіне – өзі қызмет ете алады. Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай. Эмоциялары: мазасыз емес, сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі. Қоршаған орта туралы түсінігі мол, айналасындағы адамдармен тіл табыса алады, сыныптағы балалармен қарым - қатынасы жақсы, кішіпейіл. Тәртібі жақсы.
Жанел кітап оқығанды ұнатады, өз білімін жан – жақты жетілдіреді. Сол арманына жету үшін білмегенің сұрап, білгенін айтып жүреді.Алға қойған армандары мен мақсаттарына жетіп , еліміздің білгір маман болатына күмәнім жоқ.

8 «А» сынып жетекшісі Алмаханов Шыңғысхан Басқарұлы

Көкшетау қаласы 2021 жыл

Көкшетау қаласының №21 орта мектеп лицейінің 8 «А» сынып оқушыларына мінездеме



Ақмола облысы, Көкшетау қаласы №21 орта мектеп лицейінің 8 «А» сыныбына 21 оқушы қабылданды. Оның «9» - қыз, «12» - ұл.
Сынып оқушылары ұжым ішінде ұйымшыл, тәртіптері өте жақсы, әрбір оқушының ұйымдастыру қабілеті бар, жоғары дәрежеде. Мектепшілік, сынып аралық іс – шаралар мен ертеңгіліктерде ұжым толық белсене араласып, әр оқушы өз қабілетіне қарай берілген жұмыстарды ұйымдастыра біледі. Сыныптан тыс уақыттағы қоғамдық жұмыстарға араласа біледі. Еңбек ету, үлкенге ілтипат, жолдастық көмек, кішіге қамқорлық көрсету дағдылары әр баланың бойында жақсы қалыптасқан.Бұндай қамқорлық сияқты жақсы қасиеттер әр уақытта барлық оқушы тарапынан көрініп отырады, жолдастық көмек көрсетуге дағдыланған.
Сыныптық дәстүрлі мерекелері: күнтізбелік мерекелер, әрбір оқушының туған күндері болып саналады. Бұл күндері барлық ұжым мүшелері ұйымшылдықпен мерекелік ертенгілік түрінде өткізеді.Мерекелік жалпы қалалық дәстүрлі жиындарға, айлық, жарыстық конкурстарға қатысып отырады.
Мектептен тыс үйірме, секция, түрлі клубтарға қатысып,танымдық қабілеттерін ұштап отырады.
Сонымен қатар сынып оқушыларының қоғамдық мүлікті ұстауы, бөлме өсімдіктерін күту, сынып тазалығына, мектеп ауласын көгалдандыру, көркейту кезеңдеріндегі жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, ұқыптылықпен атқарады.

8 «А» сынып жетекшісі Алмаханов Шыңғысхан Басқарұлы

Көкшетау қаласы 2021 жыл

Шоқан Уалиханов атындағы Көкшетау университеті жаратылыстану ғылымдары факультетінің 1 курс студенті Мыңбаева Маржанға мінездеме





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет