Айт мерекесінің тағылымы мол



Дата12.09.2020
өлшемі27,5 Kb.
#63669

Айт мерекесінің тағылымы мол

Бас мүфтиіміз Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен биылғы жылды дін мен дәстүр жылы деп жариялауына орай діни мерекелерде ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау мақсат етіледі. Ақмола облысының мұсылмандары биылғы оразаны осы бастама аясында өткізді. Ораза айт мерекесінің алғашқы күні Науан хазрет атындағы Көкшетау орталық мешітінда айт намазы оқылғасын игі шаралармен жалғасын тапты. «Түркістан» дәмханасында зиялы қауым өкілдері мен ораза ұстаған ағайынға арнап айт дастарханы жайылды. Онда уағыздар айтылып, ислам дінінің тағылымы жайлы әңгіме қозғалды.

Жиналғандар алдында облыс имамы сөз сөйлеп, баршаны ұлық мерекемен құттықтады. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, жазушы Жабал Ерғалиев те өзінің жүрек жарды тілегін жеткізді.

Бұл шара әртүрлі мәдени бағдарламаға ұласты. Хадис сөздерге байланысты қазақтың мақал-мәтелдерін айту жарысы ұйымдастырылды. Жүзден жүйрік шыққандар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

«Ботай» дәмханасында әлеуметтік аз қорғалған отбасылар мен қараусыз қалған 80 балаға дастархан жайылып, айт шайы берілді. Кішкентай бүлдіршіндерге ислам жайлы сұрақтар қойылып, олардың дін жайлы танымдары мен білімдері ортаға салынды. Оларға концерттік бағдарлама ұсынылып, соңынан сыйлықтар үлестірілді.

Айт мерекесі Көкшетау қаласының іргесіндегі Красный яр мешітінде өзіндік сипатымен айшықталды. Мұнда Дінбасының бастамасы негізге алынып, бұл мерекені көпшілік мәдени-спорттық шараға айналдырды. Алдымен боз кілемде балуандар белдесулері өтті. Қазақ күресінен өткен бұл жарысқа көрші Солтүстік Қазақстан облысының балуандары да келді. Ал, кеше ғана елордада өткен «Қазақстан барысы» жарысына қатысқан Нұрлан Жамалов және Леонид Станеев сынды халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген балуандардың боз кілемге шығуы жарыстың абыройын асқақтатты.

Арқан тартыс сайыстары да аса тартысты өтті. Бұл жолы Науан хазрет және Әбікәрімұлы мешіттерінің бас имамдары Қанат Қыдырмин мен Науан Мүтәлұлы бастаған екі команда жарысты бастап берді.

Қазақтың ұлттық дәстүрі әндері де әуелеп, шырқалды. Кенттің орталық алаңына жиналған қауым қасиетті дін мен ұлттық дәстүрдің жарасым тапқанын көріп, шат-шадыман қуанышқа бөленді.



Ақшаңқан киіз үй де, атбайларға тізгінделген қазақы тұлпар мен төбет, тазы иттер діни мерекенің астары терең екенін көрсетті. Себебі, ислам діні адамды ұлтына бөліп, алаламайды. Керісінше, ұлттық құндылықтар арқылы мұсылманшылығымызды одан сайын тереңдетсек, біз бұдан ұтпасақ, ұтылмаймыз.

Бақыт СМАҒҰЛ.
Каталог: uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет