Активті және пассивті операциялар, олардың банктің Қызметіндегі ролі мен орны



Дата18.12.2021
өлшемі354 Kb.
#102836
Байланысты:
27092, 0003f3d1-3c167238, Дана Муратбекккызы М-20-3, Upp-Int Short Tests Unit 01 1A 2A, тесты-микроб-ОЗ-МПД-русс




МАЗМҰНЫ







КІРІСПЕ













1

АКТИВТІ ЖӘНЕ ПАССИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАР, ОЛАРДЫҢ БАНКТІҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ РОЛІ МЕН ОРНЫ













1.1

Активті және пассивті операциялардың экономикалық мәні, ролі мен орны













1.2

Коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларының түрлері мен формалары













1.3

Шетелдік тәжірибедегі коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларының қызметі













2

КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІ ЖӘНЕ ПАССИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ПРИНЦИПТЕРІ













2.1

Коммерциялық банктердің активті операцияларын ұйымдастыру













2.2

Коммерциялық банктердің пассивті операцияларын ұйымдастыру













2.3

2004 – 2006 жылдардағы бір банктің негізіндегі активті және пассивті операцияларын талдау













3

КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІ ЖӘНЕ ПАССИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ













3.1

Активті және пассивті операцияларды ұйымдастырудағы келеңсіздіктер













3.2

Банкті операцияларды ұйымдастыруды жетілдіру жолдары
















ҚОРЫТЫНДЫ
















ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
















ҚОСЫМША



КІРІСПЕ
Банктер өздерінің жұмысын жасау үшін банктік операциялар деп аталатын іс-әрекеттерді жүргізу керек. бұл операциялар тек банктің жұмыс істеуіне ғана әсер етіп қана қоймайды, сонымен қатар өндіріс пен ауылшаруашылықтың және экономиканың басқа да салаларының дамуына әсерін тигізеді. Банктердің екі басты мәселесі бар:



  1. олар мемлекетте таралған барлық дербес жинақтар мен ақша капиталдарды өзіне тартуы керек;

  2. олар осы қаражаттарды тиімді пайдалана алатын адамдарға беруі керек.[1, 37 ]

Банктердің қызметі өте кең. Бір банктік холдингтік компаниялардың пайда болуымен байланысты кейбір әртүрлі қызметтерді көрсететін шағын жойыла бастады, соған байланысты коммерциялық банктердің филиалдары көбейе түсті. Банктік істегі соңғы жаңалықтарды енгізуге кредиттік карточкалар, іскер фирмаларға бухгалтерлік қызметтер көрсету, факторингтік операциялар, жалға алуды қаржыландыру, евродолларлық операцияларға қатысу, ақшалы құжаттарды кезекті инкассациялау үшін абонементтік ұяшықтардың жүйесін пайдалану және т.б. жатады. Сонымен қатар, банктер өздерінің қызметтерін жүзеге асыру үшін басқару облысындағы ғылыми нұсқауларды пайдаланады. Банктердің ең көп тараған қызметтерінің ішінен төмендегілерді атауға болады:[2, 25]

  1. кредиттік және инвестициялық операциялардың көмегімен ақшаларды жасау және жою қабілеті;

  2. қаражаттарды тасымалдау мүмкіндігі;

  3. экономикалық және әлеуметтік қажеттіліктерге болашақта пайдалануға болатындай етіп, жинақтарды акумуляция жасау қабілеті;

  4. халықаралық есеп-айырысуды жүзеге асыруға болатын ерекше банктік қызметтер көрсету;

  5. сенімділік операциялары;

  6. бағалы мүліктерді сейфтарда сақтау.

Банктердің негізгі операцияларының ішінен ең негізгілері – пассивті және активті операциялар. Пассивті операциялардың көмегімен банктер көптеген капиталдарды тартып өз кассаларында шоғырлатады, яғни айналым қаражаттарымен қорланады, ал активті операциялардың көмегімен капиталды орналастырады. Бұл қатынаста банктердің қызметі саудегерден ең айырмашылығы жоқ дейді З.П.Евзлин және В.А.Дмитриев-Мамонов – «Олар біріншеден тауарларды жинайды, одан кейін оларды сата бастайды».[3, 37]

Коммерциялық банктердің қызметі елдің экономикалық өсуінің тұрақты темпінің жағдайын жасау болып табылады. Себебі, банктің несиесінсіз өндірістің әлеуметтік – экономикалық дамуының іс-шараларын жүзеге асыру мүмкін емес, өйткені, таза пайдадан түскен қаражатты жинақтау үшін көп уақыт қажетті. Бұл бір жағынан қажетті іс-шаралардың жүргізілуін ұстап тұрушы еді, ал екінші жағынан жиналған қаражаттар айналымсыз жатушы еді, ал бұл тиімсіз.

Банктер ақшаға және асыл металдарға дұрыс баға береді және оларды барлық сауда әлемінде реттейді. Несиенің сұранысы мен ұсынысы топтасатын жерде орталығы болып табылатын банктер, несиесіз тұғырыққа ұшйрайтын, капиталы аз табысты кәсіпкерлікті өнімді жасайды. Тапқырлық пен капиталды біріктері отырып банктер, қоғамда бос капиталдың айналымен үдететін және оның жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасайтын өнімділікті, тапқырлық және капитал сияқты күшейтеді.

Курстық жұмыста коммерциялық банктердің операциялары зерттеледі, себебі олар банктің қызметінде бірінші дәрежелі мәнді болып табылады, өйткені кредиттік ресурстардың құрылу процессі және оларды пайдалану өте тығыз байланыста.

Активтік операциялар — бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыру жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.

Пассивтік операциялар — бұл нәтижесінде пассивтік шоттагы немесе активті-пассивтік шоттағы қаражаттардын өсуін, ягни пассив пен активтін арту формасын білдіретін операцияларды сипаттайды. Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады.

Курстық жұмыстың өзектілігін – бұл коммерциялық банктердің активті және пассивті операциялары анықтап отыр, осыдан курстық жұмыстың мақсаты активті және пассивті операциялардың теориялық негізде мағынасын және мәнін зерттеу болып табылады, сонымен қатар, бұл операциялардың іс жүзінде орындалуын талдау.

Жоғарыда қойылған мақсаттан, төмендегідей міндеттер қойылып отыр:



  • коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларының мағынасын анықтау;

  • банктің активті және пассивті операцияларының құрылымын анықтап, олардың негізгілеріне сипат беру;

  • Қазақстанның коммерциялық банктерінің активті және пассивті операцияларының негізгі аспектілерін зерттеу;

  • Активті және пассивті операцияларды жетілдірудің негізгі проблемаларын көрсету.

Курстық жұмысты жазған кезде банктік ісі саласындағы қазақстандық және шетелдік мамандардың ғылыми еңбектері мен монографиялары, кейбір оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар, периодты баспа материадары және статистикалық материалдар пайдаланылды.

1 АКТИВТІ ЖӘНЕ ПАССИВТІ ОПЕРАЦИЯЛАР, ОЛАРДЫҢ БАНКТІҢ


ҚЫЗМЕТІНДЕГІ РОЛІ МЕН ОРНЫ

1.1 Активті және пассивті операциялардың экономикалық мәні, ролі мен


орны
Қазіргі коммерциялық банктер — бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ, халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер деп бұл жерде ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.

Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

1. Жарғылық капиталдын қалыптасуына қарай:


  • мемлекеттік;

  • акционерлік;

  • жеке;

  • пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);

  • аралас (шетел капиталының қатысуымен).

2. Операцияларының түрлеріне қарай:

  • әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;

  • маманданган, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;

3. Аумақтық белгісіне қарай:

  • халықаралық;

  • мемлекетаралық;

  • ұлттың;

  • аймақтың;

4. Салалық белгісіне қарай:

  • өнеркәсіптік банктер;

  • сауда банктері;

  • ауыл шаруашылық банктері;

  • құрылыс банктері;

  • басқа.

5. Филиалдар санына қарай:

  • филиалсыз;

  • көп филиалды.

ҚР-дағы банктік жүйеде 01.07.2007 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша қазіргі жұмыс жасайтын екінші деңгейдегі банктердің барлығы дерлік акционерлік ңоғам формасындағы банктер, соның ішінде, екі банк қана мемлекетке 100% тиесілі банктер, оларға: Қазақстан даму банкі мен Эксимбанк ал шетел капиталының қатысуымен (100% — 10 банк 50% — аса — 4 банк) құрылған банктерде саны — 14, оның ішінде, еншілес банктер — 10.

Акционерлік банктердің, жарғылық капиталы шығаратын акцияларын сатудан түсетін түсімдерден құралады. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және артықшылығы бар.

Жай акция — оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның пайдасына қарай дивиденд алып отыруға құқын береді. Ал артықшылығы бар акция — оның иесіне қоғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен, уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен бұрын қоғамға қосқан өз үлесін алуға құқық береді.

Егер де банк жауапкершілігі шектеулі қоғам түрінде құрылған болса, онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық құжатта анықталады және бұл банктің қатынасушылары немесе құрылтайшылары өздеріне тиісті үлес шегінде ғана оның міндеттемелеріне жауап береді.

Банктің ұйымдастырылуы және құқықтың формасына бай­ланыссыз, оның жарғылық капиталы оның қатынасушылары жеке және заңды тұлғалар есебінен құрылады, сондай-ақ олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып табылады. Жарғылық капитал оның қатынасушыларының меншікті қаражаты есебінен ғана құрылуы мүмкін. Банктік несиелер есебінен жарғылық капиталды құруға тыйым салынады. Банктің жарғылық капиталы тек ақшалай қаражаттар есебінен құрылуы мүмкін.

Тіркеуге алынатын уақытта жаңадан құрылған банктің жарғылық капиталы құрылтайшылық құжатта хабарланған, оның акционерлерінің сомасының 50% төленуі тиіс, ал тіркеуге алған кезінен бастап бір жыл ішінде оның жарияланған сомасы толық төленуге тиісті. Жарғылық капиталдың сомасы заңдылықтармен шектелмейді.

Коммерциялық банктер қызметін ұйымдастыру

Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару құрылымына және оның функционалдың бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің құрылымына бөлінеді.

Баскару органы пайда алу мақсатында коммерциялық банктің қызметіне тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Банктің құрылтайшылары басқару органына тікелей қатысады. Акционерлік банктерді басқару құрылымы 1-суретте берілген.

1 – сурет – Коммерциялық банктің басқару құрылымы

Акционерлік коммерциялық банктің ең жоғарғы органы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады.

Акционерлердің жалпы жиналысы жылына бір рет шақырылып отырады. Бұл жиналыста мынадай міндеттер шешіледі:



  • банктің жарғысына өзгерістер енгізу;

  • банктің жарғылық капиталын өзгерту;

  • банктің Кеңесін сайлау;

  • банктің жылдық есебін бекіту;

  • банктің табысын бөлу;

  • банктің құрылымдық немесе еншілес бөлімшелерін құру және тарату.

Екінші басқару органы банктін қадагалау кецесі болып табылады. Банктің баңылау кеңесі банк қызметіне баңылау жасау органы ретінде мынадай міндеттерді атқарады:

  • нормативтік актілерді бекітеді;

  • Басқарма немесе Басқарма төрағасының шешімі бойынша жасалған мәмілелерді бекітеді.

Келесі басқару органы — бұл басқарма (банк кеңесі). Басқарма (банк кеңесі) — атқарушы немесе өкілетті орган, яғни ол банктің иелерінен, оның акционерлерінен құралады және олардың мүдделерін қорғайды.

Басқарманың міндеттеріне мыналар жатады:



  • банктің стартегиялық мақсатын аныктау;

  • банктің саясаттарын жасау;

  • жетекшілік қызметке кадрлар таңдау;

  • комитеттерді құру;

  • ссудалық және инвестициялық операцияларға баңылау жасау.

Басқарма төрагасы банктің бірінші жетекшісі болып табы­лады және ол банк қызметіне жетекшілікті жүзеге асырады. Банк төрагасына мынадай міндеттер жүктеледі:

  • банктің қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша бұйрықтар шығару және нұсқаулар беру;

  • барлық мемлекеттік және басқа да органдарда, басқа банктерде, оның ішінде, шетелдік банктерде банк қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша өкілеттілікті жүзеге асыру;

  • банктің мүлкіне және қаражаттарына ие болу;

  • банктің штаттық жұмысшыларының саны мен құрылымын бекіту;

  • еңбек келісімшарты бойынша банктің лауазымды тұлғаларымен келісімдер (контрактілер) жасасу.

Ревизиялық комиссия банк қызметіне қаржылық есептің дұрыстығы жағынан бақылау жасаушы орган болып табылады.

Несиелік комитет — бұл несиенің берілуіне байланысты қорытынды жасаушы орган.

Несиелік комитет мынадай міндеттерді орындайды:


  • несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несие беру туралы қорытындысын қарайды;

  • несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;

  • несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;

  • несие сомасы мен мерзімін аныңтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;

  • несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;

  • несиелеу шартын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желі);

  • берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;

  • банктің несиелік стратегиясын жасайды;

  • несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;

  • несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды және хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді.

Қызмет бөліміне: кадр бөлімі, заң бөлімі, күзет бөлімі, әкімшілік-шаруашылық бөлімі және т.с.с кіреді.

Ал банктің функционалдық құрылымына барлық департаменттер мен бөлімдер жатады. Мысал ретінде, «Темірбанк» АҚ-ның ұйымдастырылу құрылымы.


1.2 Коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларының
түрлері мен формалары
Активтік операциялар — бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыру жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.

Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды.

Активтік банктік операциялар өзінің формасына және тағайындалуына қарай әр түрлі болып келеді. Банктердің активтік операцияларының ең көп тараған түрлеріне мыналар жатады:


  • ссудалық (несиелік) операциялар;

  • инвестициялық операциялар;

  • депозиттік операциялар;

  • қаржылық операциялар;

  • басқа да операциялар.

Банк активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік (ссудалық) операциялары негізінде алады. Банктік ссудалық операциялары негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктік ссудалар біршама табысты және жоғары тәуекелді болып табылады. Бұл активтер топтары банктің басты пайда көзі ретінде қызмет етеді.

Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі рөлі жоғары.

Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құрылатындықтан, оған анықтама берген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде: «пассивтік операциялар — бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналган банктін өз ресурсын құру операциялары», — делінеді.

Ал соңғы оқулықтарға сүйенсек пассивтік операциялар — бұл нәтижесінде пассивтік шоттагы немесе активті-пассивтік шоттагы қаражаттардын өсуін, ягни пассив пен активтін арту формасын білдіретін операцияларды сипаттайды.

Бұл анықтамалар бірін-бірі толықтырады десе болады, себебі біріншісі пассивтік операцияның толық түсінігін бере алмайды.

Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады.

Пассивтік операциялардың мынадай формалары болады:


  • коммерциялық банктердің бағалы қдғаздарды алғашңы эмиссиялауы;

  • банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды үлғайту және құру;

  • басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;

  • депозиттік операциялар.

Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге тартуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы негізінде банктік ресурстардың бірінші ірі тобы, яғни меншікті ресурстары құралады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ — заемдың немесе тартылған ресурстар құрылады.

Сонымен банктің ресурстары екі топқа бөлінеді:



Банктің меншікті қаражаттары қатарына меншікті капита­лы мен оған сай келетін баптар кіреді. Коммерциялык. банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие. Банктің меншікті капиталы арқылы, оның барлық қаражаттарға деген ңажеттілігінің 10%-ы өтеледі. Шын мәнісінде, меншікті және тартылатын каражаттардың арасында шекті ең төменгі мөлшерде шекарасы болады.

Банктің меншікті қаражаттарының банктің үнемі тұрақтылығын ұстап тұруда маңызы бар. Банктің бастапқы құрылуы барысында, осы меншікті қаражаттары алғашқы шығындарды, яғни жерге, ғимаратқа, жабдықтауға, жалақыға жұмсалатын шығындарды жабады. Себебі, меншікті қаражатсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті қаражаттар есебінен банкте қажетті резервтер құрылды. Ең соңында, банктің меншікті қаражаты — бұл ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі болып табылады.

Банктің меншікті қаражаттары — банктің экономикалық дербестгін және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар (капиталдар) мен бөлінбеген пайда жиынтығы.

Банктің меншікті қаражатына жататындар:



  • банктің жарғылық капиталы;

  • банктің резервтік капиталы;

  • қосымша капиталы және пайда есебінен құрылған басқа қорлары;

  • сақтандыру резервтері;

  • бөлінбеген пайдасы.

Банктін жарғылық капиталы — банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттың банктердің пруденциалық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады.

Бағалы қағаз (акция) шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің акционерліқ капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар — акционерлер қосқан жарналардан құралады.


1.3 Шетелдік тәжірибедегі коммерциялық банктердің активті және
пассивті операцияларының қызметі
Қазіргі уақытта АҚШ-та 15000-нан астам коммерциялық банктер бар, олардың көбе филиалы жоқ банктер. Сондықтан АҚШ коммерциялық банктері көп мемлекет болып табылады. Мысалы, Канада да банктердің барлық қызметі филиалдар жүйесі өте көп 20 банктің көлемінде орындалады.

Коммерциялық банктер қарыздық капитал нарығындағы әртүрлі операцияларды орындайтын әмбебеап орын. АҚШ-та барлық қаржылық бөлімшелерінің активтардың барлық қосындысының 35% коммерциялық банктердің үлесінде. Үлкен банктер қаржылық қызмет етудің толық комплексін ұсына алады, оның ішінде несие беру, депозиттерді қабылдау, есеп-айырысу және т.б.

АҚШ-тың несиелік жүйесінде коммерциялық – банктер келесідей операциялар.

Германия. Бұл мемлекеттің бірінші орнын «үлкен үштік» деп аталатын коммерциялық банк құрады: Дойчебанк, Дрезднербанк және Коммерцбанк. Оларда салымдардың 50% және берілетін несиенің 40% айналыста. Германияның коммерциялық банктері инвестициялық қызметті де атқарады.

Батыс Европа мен АҚШ-та несие берудің, соның ішінде ипотекалық несиенің бұрыннан дамыған және құқықты реттелген жүйесі қалыптасқан. Оның негізіне мүлікті тіркеудің нақты әдістері қалыптасқан, және де заңды реттеу.

Мысалы, Германияда тіркеу жүйесінің негізінде жер кітабы құрады. Оның ролі мен жүргізілуі германдық ұйыммен реттеледі.

2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІ ЖӘНЕ ПАССИВТІ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ПРИНЦИПТЕРІ

2.1 Коммерциялық банктердің активті операцияларын ұйымдастыру


Активтік операциялар — бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыру жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.

Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды.

Активтік банктік операциялар өзінің формасына және тағайындалуына қарай әр түрлі болып келеді. Банктердің активтік операцияларының ең көп тараған түрлеріне мыналар жатады:


  • ссудалық (несиелік) операциялар;

  • инвестициялық операциялар;

  • депозиттік операциялар;

  • қаржылық операциялар;

  • басқа да операциялар.

Банк активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік (ссудалық) операциялары негізінде алады. Банктік ссудалық операциялары негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктік ссудалар біршама табысты және жоғары тәуекелді болып табылады. Бұл активтер топтары банктің басты пайда көзі ретінде қызмет етеді.

Ссудалық операциялар банктің ресурстың базасын орналастыруда банктің активтік қызметінің негізгі бөлігін (мысалға, 80%-ға жуың) құрайды. Макроэкономикалық деңгейдегі бұл операцияның мәнін, оның көмегімен банктер уаңытша жұмыс жасамайтын ақшалай қорларды өндірісті, айналысты және тұтыну процесінде жұмыс жасайтын етуімен сипатталады. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі ссудаларды береді.

Банктің инвестициялық операциялары — несиелік операциялардан кейін банкке табыс әкелетін операциялар. Банктің инвестициялық операциялары негізінде бағалы қағаздар портфелі қалыптасады. Банктің бағалы қағаздар портфелін қалыптастыруының екі мақсаты болады: біріншісі — банкке табыс әкелу, екіншісі — өтімді активтер қатарын толықтыру.

Банктің инвестициялық операция жүргізетігі бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:

1) Мемлекеттің бағалы қағаздары;

2) Корпоративтік бағалы қағаздар.

ҚР-дағы мемлекеттің бағалы қағаздар түрлері 1-кестеде берілген (Қосымша А).

Мемлекеттің бағалы қағаздары табыстылығына қарай үш түрге бөлінеді:

Дисконттық мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторларға жеңілдікпен (номиналдық қүнынан төменгі бағамен) сатылып, номиналдық құны бойынша өтеледі.

Мысалы, 91 күнге шығарылған, номиналдың құны 100 теңге тұратын дисконттың бағалы қағазды 75 теңгеге сатып алсаңыз, онда одан мынадай табыс аласыз:

100 — 75 = 25 теңге немесе

25 теңге : 75 теңге (бастапқы салынған инвестиция) х 100% = 33,3%

Сонымен қатар, егер 91 күнге салсаңыз, онда бір күндік табыс: 33,3% : 91 күн = 0,3659% құрайды. Демек бір жылдың табыс: 0,3659%* 364 күн = 133,19% тең.

Купондық яғни номиналдық құнына пайызбен бейнеленген табыс әкелетін бағалы қағаздар. Купон мерзіміне қарай жылына 2—4 ретке дейін төленеді.

Аралас, яғни купон және дисконт түрінде қатар табыс әкелетін бағалы қағаз. Бұл жағдайда инвестор банктің табысы екі кезден: дисконт түріндегі және купон мөлшерлемесі түріндегі табыстардан құралады.

Бүгінгі таңда ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктердің инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігі мемлекеттің бағалы қағаздарға жұмсалып отырғаны жасырын емес. Себебі, мұндай бағалы қағаздарға салған активтер: біріншіден, өтімді, яғни банк ондағы қаражатты тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады, екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен тәуекел темен немесе жоқ десе де болады.

Сонымен қатар активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастыруда. Корпоративтік бағалы қағаздарға мыналар жатады:


  • акциялар;

  • облигациялар;

  • депозиттік және жинақ сертификаттары;

  • ипотекалық куәліктер;

  • депозитарлық қолхаттар.

Осылардың ішінде инвестициялау операциялары акциялар мен облигацияларға байланысты көп болады. Ал қалғандарының нарығы әлі өз деңгейінде дами қойған жоқ.

Акция — бұл акционерлік қоғамнын жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және басқару ісіне қатысуга құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс әкслетін бағалы қағаз.

Дивиденд төлеу тәсілінің айырмашылығына байланысты жай және артықшылықты акцияларға бөледі. Жай акция, оның иесіне акционерлік қоғамның табысына байланысты табыс әкеледі және қоғамды басқару ісіне немесе жалпы жиналысқа қатысуға құқық береді. Ал артықшылықты акция иесіне қоғамның табысына байланыссыз тұрақты табыс алуға құқық береді, бірақ басқару ісіне араласуға немесе акционерлер жинылысына қатысуға қүқық бермейді. Артықшылықты акцияның келесі бір артыңшылығы — қоғам борыштың тұрақсыздыққа ұшыраған жағдайда мүлікті жай акция иесінен бұрын алуға мүмкіндік беруі.

Акциялар шығару формасына қарай да ажыратылады: құжатты (сертификатпен) түрде және құжатсыз (шоттағы бухгалтерлік жазулар арқылы).

Облигация — онын иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын және эмитенттін осы қаражат сомасы (номиналдық құны) мен пайызды қайтарып беру туралы міндеттемесін растайтын бағалы қағаз.

Қазақстандағы айналыста жүрген облигациялар табыстылығына қарай екі түрге бөлінеді:



  • Купондық облигация — инвестор банкке пайыз мөлшерлемесі формасында, яғни алты айда немесе жылына бір рет табыс әкелетін түрі;

  • Дисконттық облигация — инвестор банктің облигацияны шығарушыдан номиналдық құнынан төменгі бағада сатып алып, оны өзінің, құнымен қайта сату арасындағы айырма түрінде банкке табыс әкелетін түрі.

Мысалға, облигацияның ағымдағы бағасы 100 теңге, купон мөлшерлемесі — 10%, он да облигацияның ағымдағы табысын мынадай түрде есептеуге болады.

Купон/баға х 100 = 10/100 х 100 = 10%. Егер облигация бағасы өсіп, 150 теңгені құраса, онда ағымдағы табыс:

10/150 х 100 = 6,66%.

Ал мемлекеттік емес бағалы қағаздардың өз деңгейінде дамымауына және олардан алатын табыстардың қаншалықты жоғары болғанымен тәуекелдің соғұрлым жоғары болып келетініне байланысты банктер, оларға қаражат салуда әлі де болса пассивтік танытуда.

Банктің активтік депозиттік операциялары өтімділікті қолдау және банктермен корреспонденттік қатынас орнату негізінде дамиды. Мұндағы корреспонденттік қатынас банктердің бір-бірінде ашатын корреспонденттік шоттары арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар банктер активтік депозиттік операциялар негізінде банкаралық. несиенің дамуына мүмкіндік жасайды.

Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар типтес, яғни банкке табыс әкелетін активтік операцияларды сипат-тайды. Оларға: лизинг, факторинг және форфейтинг операция­лары жатады.

«Лизинг» сөзі «to lease» ағылшын етістігінен аударғанда, «жалға беру» дегенді білдіреді. Лизинг — бұл лизинг берушініц (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыга (жалгерге) лизингтік төлем тпөлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануга беруін қарастыратын жалға беру шартын білдіреді.

Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.

1. Шұғыл лизинг — бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.

2. Каржы лизингі — бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.

Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде ңарыз алушының берген кепілдігі қалады.

Лизинг операцияларының техникасы 2 -суретте көрсетіледі.



Банк

































1




7




2

Лизинг компаниясы

(лизинг беруші)






Жабдықтаушы











3




5







4




6










Өндірістік кәсіпорын













(лизинг алушы)




2-сурет. Лизинг операциясының сызбасы.
1 — банк мен лизинг компаниясы арасында несиелік келісімшарт жасалып, несие беріледі; 2 — лизинг компаниясы алған несиені құрал-жабдық үшін жабдықтаушыға төлейді; 3 — жабдыктаушы лизинг компаниясына құрал-жабдығын сатады; 4 — лизинг компаниясы мен лизинг алушы кәсіпорын арасында лизингтік келісімшарт жасалады; 5 — жабдыктаушы құрал-жабдықпен жабдыктайды; 6 — лизингті алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер жүргізеді; 7 — лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін төлемдерін төлейді.

Коммерциялык банктердің ең көп таралған делдалдық қызметінің бір түрі — факторинг.

Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған та­уары үшін уаңытын кешіктіріп төлеуге беретін тауар формасындағы және ашық шот түрінде рәсімделетін коммерциялық несиенің болуын сипаттайды. Факторинг — клиенттің айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда комиссиондық операциясының бір түрі. Бұл жерде факторингтік компания клиенттердің шотын 90%-ға дейін төлеу шартымен сатып алады. Факторингтің мақсаты — кез келген несиелік операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекелді қдлпына келтіруін шешуге бағытталады.

«Фактор» сөзі ағылшын тілінен «factor», аударғанда «мак­лер, делдал» деген мағынаны білдіреді. Экономикалық жағынан алғанда — бұл делдалдың операция.

Факторинг операциясы — жабдықтаушының (банк клиентінін) жабдыктаган тауары мен көрсеткен кызметтері үшін төленбеген төлем құжаттарын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық опе­рация.

Факторинг операциясына үш тарап қатысады:

1. Факторингтік компания (банктің фактор бөлімі) — өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.

2. Клиент (тауарды жабдықтаушы, несие беруші) — фак­торинг компаниясымен келісімшарт жасасушы-өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.

3. Кәсіпорын (ңарыз алушы) — тауарды сатып алушы-фирма.

Факторинг мәмілесін жүзеге асырудан бұрын толық талдау жұмысы жүргізіледі. Кәсіпорыннан тапсырыс алғаннан соң, факторинг компания немесе банктің фактор белімі 1 — 2 апта ішінде клиенттің экономикалық және каржылық жағдайын зерттейді. Егер де кәсіпорын факторинг компаниясы немесе банктің фактор бөлімінің клиенті бола қалған жағдайда, ол фак­торинг компаниясына сатып алушыға жіберілетін барлық шот-фактураны тапсырады. Әрбір құжат бойынша клиент төлеуге келісім алуға тиіс. Факторинг компаниясы барлық шот-фактурамен таныса отырып, сатып алушының төлем қабілетін анықтайды. Бүған 2 — 3 күн мерзім уақыт қажет етіледі. Факторинг компаниясы төлемнің уақыты жеткен кезде немесе мерзімінен бұрын төлей алады.

Факторинг операциясы бүгінгі таңда отандың ақша нарығында дами алмай отыр. Факторингті енгізу сынағы, негізінен, 1988 жылы КСРО Өнеркәсіп құрылыс банкімен жүзеге асырылып, кейіннен өзге де коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтіп, 90-шы жылдардың басындағы төлем дағдарысы факторинг қызметінің банктер үшін тиімсіздігін айқындап, нәтижесінде отындық банктеріміз күні бүгінге дейін бұл операцияға салғырттың танытуда.

«Форфейтинг» сөзі француз тілінде «a factorious», аударғанда, «құқықтан бас тарту» дегенді білдіреді. Форфейтинг — тауарларды жабдықтау немесе қызметтерді көрсету барысында пайда болатын және алдағы уақыттарда өтелуге тиісті міндеттемелерді сатып алуды білдіру үшін пайдаланылатын термин.

Форфейтинг операциясы — форфейтордын, ягни коммерциялық банктін немесе арнайы компаниянын экспортерга төлеуге тиісті импортердің берген төлем қүжатын сатып алуы.

Форфейтинг мәмілесінде үш қатысушы болады:

1. Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші;

2. Импортер, яғни тауарды несиеге алушы;

3. Форфейтор, яғни мәмілені қаржыландырушы банк не­месе арнайы ұйым.

Форфейтинг операциясы 2-суретте беріледі.






Экспортер







1







Импортер







2










3



















4




5







6

7


Форфейтр банк













2-сурет. Форфейтинг мәмілесінің техникасы.
1 — мәмілеге қатысушылар арасында келісімшарт жасалады; 2 — тауарын несиеге береді; 3 — аудармалы вексельді (5—7 жылға) жазып береді; 4 — аудармалы вексельді қайта сатады; 5 — аудармалы вексельді есепке алып, оның 70%-дай мөлшерінде банк ссуда береді; 6 — мерзімі жеткенде төлеуге үсынылады; 7 — вексель бойынша міндеттемесін өтейді.

Форфейтинг операциясының мерзімі 180 күннен 5 жылға дейінгі аралықты құрайды, кей жағдайларда — 7 жыл.

Форфейтингтегі дисконт мөлшерлемесінің құрамдас элементтеріне мыналар жатады:


  • еуровалюталар нарығындағы несиенің құны (ЛИБОР — Лондондың банкаралық пайыз мелшерлемесі);

  • импортер елінің тәуекел құны және валютаны аударуға байланысты тәуекел қүны 0,5-тен 6%-ға дейін жылдық мөлшер-де ауытқиды;

  • несиені басқаруға қатысты форфейтордың шығындары (0,5 /о-ға дейін жылдық);

  • міндеттеме үшін алынатын комиссия (1 —1,5% жылдық).

2.2 Коммерциялық банктердің пассивті операцияларын ұйымдастыру


Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі рөлі жоғары.

Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құрылатындықтан, оған анықтама берген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде: «пассивтік операциялар — бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналган банктін өз ресурсын құру операциялары», — делінеді.

Ал соңғы оқулықтарға сүйенсек пассивтік операциялар — бұл нәтижесінде пассивтік шоттагы немесе активті-пассивтік шоттагы қаражаттардын өсуін, ягни пассив пен активтін арту формасын білдіретін операцияларды сипаттайды.

Бұл анықтамалар бірін-бірі толықтырады десе болады, себебі біріншісі пассивтік операцияның толық түсінігін бере алмайды.

Пассивтік операциялар көмегімен банктер нарықтан несиелік ресурстарды сатып алады.

Пассивтік операциялардың мынадай формалары болады:



  • коммерциялық банктердің бағалы қдғаздарды алғашңы эмиссиялауы;

  • банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды үлғайту және құру;

  • басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;

  • депозиттік операциялар.

Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге тартуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы негізінде банктік ресурстардың бірінші ірі тобы, яғни меншікті ресурстары құралады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ — заемдың немесе тартылған ресурстар құрылады.

Сонымен банктің ресурстары екі топқа бөлінеді:



  • банктін меншікті қаражаттары;

  • банктің тартылған қаражаттары.

Қазақстанда екінші деңгейлі банктер мынадай екі ұйымдық формаларда құрыла алады:

  • пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында;

  • акционерлік банк;

  • шетел капиталының қатысумен.

Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қорр жатады.

Резервтік қор — банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.

Резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде, айталық 25% мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік қордың құралуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша дивидендтер төленеді.

Қосымша капиталдар негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылады.

Арнайы қорлар болса, негізгі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры ұлттың валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нәтижесінде құрылады. Валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды ңалыптастыру барысында маңызды.

Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік тәуекелді жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған ре­зервтер жатады.

Бөлінбеген пайда — акциялар бойынша дивидендті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігі.

Банктің, тартылған қаражаттары активтік операциялар, оның ішінде, несиелік операциялардың 90%-ға жуықтай ресурстарға деген қажетін қанағаттандырады. Олардың рөлі біршама жоғары тұрады. Заңды және жеке тұлғалардың уаңытша бос қаражаттарын тарта отырып, коммерциялық банктер халық шаруашылығының қосымша айналым қаражаттарына деген сұранысымен қатар халықтың тұтыну қажетін қанағаттандырады.

Банктердің ресурстарының жалпы сомасында тартылған қаражаттар үлесі олардың басым бөлігін құрайды.

Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін дәстүрлі емес, уаңытша бос ақшалай қаражаттарды тарту тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.

Әлемдік банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:

І топ — депозиттер;

II топ — депозиттік емес тартылған қаражаттар.

Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады. Депозит — бұл клиенттердін (жеке және занды тұлғалардын) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.

Депозиттік емес тартылған қаражаттар — бұл банктін қарыз түрінде немесе өз меншікті қаражаттарын сату жолымен тарататын қаражаттары.

Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдың емес, яғни банктің нақты клиентінің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.

Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі ком­мерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды кетерме сауда операциялар сипатына жатқызуға болады.

Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:


  • талап етуіне дейінгі депозиттер;

  • мерзімді депозиттер;

  • жинақ салымдары;

  • бағалы қагаздар.

Талап етуіне дейінгі депозиттер — бұл салым иелерінін бастапкрі талап етуіне байланысгпы әр түрлі құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.

Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады :



  • мемлекеттіқ акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдьщ шоттарындағы сақталатын қаражаттары;

  • әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;

  • есеп айырысудағы қаражаттар;

  • жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;

  • басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.

Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.

Ал кемшілігі — бұл шот бойынша пайыз төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне, осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың мынадай өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:



  • ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;

  • шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе коммиссиондық ақы алып отырады;

  • банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;

  • талап етуге дейінгі депозиттер бойынша коммерциялық банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.

Мерзімді салым (депозит) — белгілі мерзімі бар және тұрақты пайыз төленетін, сол сияқты алдын ала алуга шек қойылатын салым.

Салым иесі келісілген мерзімнен бұрын алған жағдайда банк айыппұл ретінде оған төленетін пайызды төлемей қалуға толық құқылы.

Мерзімді салымдар мен мерзімді депозиттердің ерекшеліктері болады:


  • есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мүндай шот-тарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;

  • шоттағы қаражат баяу айналады;

  • тұрақты пайыз төленеді;

  • пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Орталық банк тарапынан реттеліп отырады;

  • ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;

  • бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді.

Тағы бір кеңінен таралған салымның түрі — жинаң салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.

Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдары жинаң кітапшалары негізінде толтырылады.

Жинақ салымдарының мынадай ерекшеліктері болады:


  • ақшалай қаражаттар сактауда тұрақты мерзімі болмайды;

  • шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап етілмейді;

  • ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинаң кітапшасының болуы талап етіледі.

Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары салым операцияларының мерзіміне және мазмүнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:

  • мерзімді жинақ салымдары;

  • қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;

  • ұтыс салымдары;

  • акшалай-заттай ұтыс салымдары;

  • мақсатты және ағымдық салымдар;

  • алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;

  • валюталық салымдар.

Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз теленеді.

Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың біршама тұрақты бөлігін білдіреді.

Қосымша жарна қосатын салымдар — бұл шоттағы қаражатқа алдын ала келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын салымды білдіреді. Бұл шотта жинақталынған сома белгілі бір күнде (жаңа жылдық салым, бойжеткен кезде және т.с.с) толық төленеді.

Ағымдық жинақ салымдар, негізінен, жалакы, зейнетақы, үздіксіз төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.

Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.

Депозиттік және жинақ сертификаттары — бұл салық иесіне белгілі мерзім өткен соң тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және онын шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын эмитент банктін жазбаша куәлігі.

Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып келеді:

1. Атаулы сертификаттар;

2. Мәлімдеуші сертификаттар.

Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына толтырылып беріледі. Ал мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.

Депозиттік және жинақ сертификаттары сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін атқара алады. Депозиттік серти­фикаттар көбіне ірі сомада шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.

Әлемдік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мына­дай екі түрі бар:

1. Аударылатын;

2. Аударылмайтын.

Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.

Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші нарықта сатып алу-сату арқылы өтеді.

Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды. Жинақ сертификаты тек жеке тұлғаларға ғана беріледі.

Мерзімді депозиттік және жинақ сертификаттары мерзімінен бұрын төлеуге үсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификатты сатып алады, бірақ төменгі мөлшерде пайыз төлейді. Коммерциялық банктер үшін бұл сертификат ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге түсуін сипаттайды.

АҚШ-тың банктік тәжірибесінде, талап етуге дейінгі депозиттік шоттармен қатар, сондай шоттар түріндегі Нау-шот және куәландырылған чектер сияқты депозиттер АҚШ банктерінде кеңінен қолданылады.

Нау-шоттар бұл пайыз төленетін, чектік депозиттер болып табылады.

Нау-шоттың мынадай өзіне тән ерекшеліктері болады:


  • бұл шот түрі бойынша пайыз төленеді;

  • бұл шот жеке тұлғаларға немесе пайда таппайтын ұйымдарға ашылады;

  • салым иелерінен бұл шотта ең төменгі қаражат болуы талап етілмейді.

Куәландырылған чектер шоттары — бұл куәландырылған чектерді төлеу үшін, сақталатын банктердегі талап етуіне дейінгі депозиттік шоттағы қаражаттары.

Куәландырылған чектер — бұл банктің, шоттағы қаражаттың барлығын чектер арқылы куәландыруы.

Американдық банктік тәжірибелерде жаңа депозит түріне ақша нарығынын депозиттік шоты жатады.

Оның мынадай ерекшелігі бар:



  • ақша нарығының басқа құралдары бойынша мөлшерлемелерінің өзгеруіне байланысты, әр аптада шот бойынша па­йыз мөлшерлемесінің өзгеріп отыруы;

  • шот бойынша ең төменгі қалдықтың болуының талап етілуі;

  • салымдардың сақтандырылуы;

  • иемденуші, үшінші жақтан төлемдер үшін айына шоттан алты рет аударма жасауына болады, мұның ішінде үшеуі чекті көшіріп жазу жолымен, үшеуі телефон арқылы жүзеге асады.

Банктердегі депозиттер түріндегі бағалы қағаздар мына­дай түрлерге бөлінеді:

  • кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардағы банктердің акциялары мен облигациялары;

  • банкке сақталуға берілген және ссудамен қамтамасыз етілген акциялар мен облигациялар;

  • шетелдік валюталармен жасалатын операциялар бойын­ша бағалы қағаздар мен құндылықтар.

Отандың банктеріміздің тартылған қаражаттары ішінде банкаралық несиенің де рөлі жоғары.

Банкаралық несие — бұл коммерциялық банктердін бір-біріне беретін несиелері.

Банкаралық несие бұл басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат ресурс болып табылады.

Банкаралық несиенің бір түріне Ұлттың банктің коммер­циялық банктерге ңысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп отырған мынадай несиелерін жатқызуға бола­ды: овернайт (бір түндік) және күндізгі заемдар.

Овернайт — банктер ең Ұлттық банктегі корреспонденттік шотында дебеттік қалдықтын пайда болуына байланысты бір түнге берілетін несие.

Мысалға, оны бүгін кешке алған жағдайда, ертеңіне кешке қайтаруға тура келеді. Кей жағдайда бұл несиені алу жұмыс аптасының соңғы күні немесе жұма күнге түссе, онда несие келесі аптаның бірінші күні қайтарылуы тиіс.

Күндізгі заем — банктік жұмыс күні ішінде банктердің Ұлттық банкте ашқан корреспондентік шотында уақытша қаражат жоқтығына немесе жетіспеуіне байланысты ақшалай аударымдар мен төлемдер жасау мақсатында берілетін несие.

Бұл аталған несиелер қысқа мерзімді. Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктерге бүгінгі күні орта және ұзақ мерзімде несиелерді бермейді.

Осындай жағдайда коммерциялық банктердің активтік операцияларын қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды жинактауда, коммерциялық банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде жүргізе отырып, депозиттік операцияларды ұлғайту талап етіледі. Депозиттік операцияларды ұйымдастыру барысында коммер­циялык. банктер баланс өтімділігін сактай отырып, мынадай талаптарды ескеруі тиіс:


  • депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;

  • депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу үшін жұмыс жасауға тиіс;

  • депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;

  • салым иелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.

2.3 2004 – 2006 жылдардағы бір банктің негізіндегі активті және пассивті
операцияларын талдау
2006 жылғы қаңтар-ақпанында халықтың нақты ақшалай табысы бағалау бойынша 16,5%-ға өсті. Нақты табыстың өсуі, негізінен нақты жалақының 16,3%-ға өсуі есебінен болды. Бір жұмыскердің орташа айлық номиналды жалақысы 2006 жылғы қаңтар-ақпанда 36238 теңге құрады.

2006 жылғы 1 наурыз айына депозиттердің жалпы көлемінің 34,5%-ын (немесе 610,3 млрд. теңге) халық салымдары құрады, 2005 жылғы 1 наурызбен салыстырғанда өсім 35,6%-ды (450,2 млрд.теңге) құрады.

Экономика саласындағы екінші деңгейдегі банктердің кредиттік салымдары, 2006 жылғы 1 наурыз айына 2665,3 млрд. теңге құрап, 2005 жылғы 1 наурызбен салыстырғанда 71,8%-ға өсті. Екінші деңгейдегі банктер кредиттерінің көлеміндегі ұзақ мерзімді кредиттердің үлесі қысқа мерзімді кредиттердің үлесінен асып түсіп, 31%-дың орнына 69%-ды құрады (тиісінше 826,9 млрд. теңге және 1838,3 млрд. теңге).

Кредиттердің жалпы көлеміндегі қомақты үлесі саудада – 23,8%-ды, өнеркәсіпте – 16,9%-ды, құрылыста – 13%-ды, ауыл шаруашылығында – 5,8%-ды құрады.

Екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беретін кредиттері жалпы кредиттік салымдар сомасының 18,1%-ын (482,8 млрд. теңге) құрады.

2006 жылғы қаңтар-мамырда халықтың нақты ақшалай табысы бағалау бойынша 14,2 %-ға өсті. Нақты табыстың өсуі бірінші кезекте нақты жалақының 2006 жылғы қаңтар-мамырда 14,2 %-ға өсуіне негізделген. Бір қызметкердің орташа айлық номиналды жалақысы 2006 жылғы қаңтар-мамырда 37278 теңгені құрады.

2006 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша депозиттердің жалпы көлемінің 35 %-ын немесе 703,5 млрд. теңгені халық салымдары құрады, 2005 жылғы 1 маусымдағы жағдаймен салыстырғанда ұлгаю 43,4 %-ды (490,7 млрд.теңге) құрады.

Экономика саласындағы екінші деңгейдегі банктердің кредиттік салымдары 2006 жылғы 1 маусым жағдай бойынша 2982,4 млрд. теңге құрап, 2005 жылғы 1 маусымдағы жағдаймен салыстырғанда 67,4 %-ға өсті. Екінші деңгейдегі банктер кредиттерінің көлеміндегі ұзақ мерзімді кредиттердің үлесі қысқа мерзімді кредиттердің үлесінен асып түсіп, 28,5%-дың орнына 71,5%-ды құрады (тиісінше 848,9 млрд. теңге және 2133,5 млрд. теңге).

Кредиттердің жалпы көлеміндегі қомақты үлесі саудада – 24 %-ды, өнеркәсіпте –14 %-ды, құрылыста – 13,6 %-ды, ауыл шаруашылығында – 5,5 %-ды құрады.

Екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беретін кредиттері жалпы кредиттік салымдар сомасының 18 %-ын (537,7 млрд. теңге) құрады.

3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТІ ЖӘНЕ ПАССИВТІ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ

3.1 Активті және пассивті операцияларды ұйымдастырудағы


келеңсіздіктер
Ұлттық қордың ақшасын (9,8 млрд. АҚШ долл.) қоса алғанда, елдің халықаралық резервтері 22,9 млрд. АҚШ долл. құрады.

2006 жылғы бірінші жарты жылдықта теңгенің орташа айырбас бағамы 126,82 теңге құрады.

2006 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасы жылдық 9 % деңгейінде белгіленді.

2006 жылғы бірінші жарты жылдықта инфляция (орташа есеппен) 8,7 %-ды құрады.

Зейнетақының ең төменгі мөлшері 2006 жылы 1 қаңтардан бастап 6700 теңгені құрады, базалық зейнетақы төлемін қоса есептегенде - 9700 теңгені құрады.

3.2 Банкті операцияларды ұйымдастыруды жетілдіру жолдары

Қазақстан Республикасының әлеуметтiк -экономикалық дамуының 2007 – 2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (бұдан әр i – Жоспар ) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы № 647 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикалық-әлеуметтiк дамуының орта мерзімді жоспарларын әзiрлеудiң ережесiне сәйкес әзiрлендi.

Жоспарда сыртқы және i шк i факторларға қарай 2007-2009 жылдарға арналған экономиканы дамытудың қарқындары негізделед i және орталық және

жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының экономиканың жеке және мемлекеттік секторларын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау саласындағы iс -қимылы айқындалады.

Стратегиялық жоспарларда , Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жолдауларында және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 – 2008 жылдарға арналған бағдарламасында айқындалған мақсаттарға қол

жеткiзу және басымдықтарды iске асыру үшiн экономика салаларын дамыту саласындағы 2007 – 2009 жылдарға арналған мiндеттер және оларды шешу жолдары Жоспарда айқындалады.

2007 – 2009 жылдары экономиканың басым секторларына отандық және

тікелей шетелдік инвестициялардың ағынын ынталандыру , мемлекеттік.62

инвестицияларды пайдаланудың тиімділігін ұтымды ету және арттыру саясаты

мен ішкі жинақ ақшаны жұмылдыру жалғасатын болады.

Елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру және инвестициялық климатты жақсарту үшін қолданыстағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде жұмыс жалғасатын болады. Басым өндірістердің инвестициялық тартымдылығын арттыру шеңберінде мемлекет іске асыратын одан арғы шаралар мыналарға:

миноритарлық акционерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге;

кәсіпорындарды тіркеудің жеңілдетілген жүйесін енгізуге;

қызмет түрлерін лицензиялаудың транспартенттік жүйесін құруға;

қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына кәсіпорындардың өтуін

жылдамдатуға (ISO-9000, ISO-14000);

Ұлттық инновациялық жүйенің экономикалық дамуын басқарудың жаңа

жүйесін дамыту жөнінде жұмыстың жалғасуына;

мемлекеттік даму институттарының жұмысын үйлестіруді күшейту

жөніндегі іс-әрекетті, олардың қызметінің ашықтығын арттыруды жандандыруға;

инвестицияларға жәрдемдесу және шетелдегі инвестициялық сауда өкілеттіктерінің желісімен бірге экспорттың жылжуы жөніндегі

мамандандырылған құрылымын құру;

отандық бизнестің, әсіресе экспорттаушылардың мүддесін ескере отырып, ірі халықаралық жобаларды синдицирленген қаржыландыруда қазақстанның қатысуын қамтамасыз ету бөлігінде халықаралық қаржы институттарымен бірге жұмысты жандандыру;

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерінің тұсаукесері және шетелдік, оның ішінде трансұлттық компанияларды іздеу жөнінде жұмыстарды

жалғастыруға бағытталады.

Алдағы кезеңде бюджеттік инвестициялардың басымдықтары мыналар:

мемлекеттік басқарудың функцияларын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету;

әлеуметтік секторды дамыту;

базалық инфрақұрылымды дамыту;

аграрлық сектордың дамуына жәрдемдесу;

Астана қаласының дамуы болып қалуда.

Сондай -ақ , экономиканың басым секторларында және инновациялық

жүйенің дамуында қосылған құны жоғары жобаларды қаржыландыру үшін даму институттары қосымша капиталдандырылатын болады.

Жалпы алғанда, бюджеттік инвестициялардың көлемін бөлу 2007 - 2009

жылдарға арналған мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың

тізбесі шеңберінде жүзеге асырылады.

Банк секторының бәсекелестігін ырықтандыру және арттыру.

Шетелдік банктердің отандық қаржы нарығына қол жетімдігін ырықтандыру, банктердің сыртқы қарыз алуларының өсуін басқарудың тиімділігін арттыру, банктер активтерінің сапасына сыртқы қарыз алулардың өсу әсерінің мониторингі, банк секторы активтерінің сапасына жылжымайтын мүлік нарығын тұрақсыздандыру ықтимал теріс әсерін азайтуға жәрдемдесу, екінші деңгейдегі отандық банктер қызметінің ашықтық деңгейін арттыру мақсатында

алдағы жылдары экономиканың банк секторын мемлекеттік реттеу жүйесін одан әрі жетілдіру жалғасатын болады.

2007 – 2009 жылдары мынадай іс -шараларды орындау керек: шетелдік банктердің отандық қаржы нарығына қол жетімділігін ырықтандыру мақсатында республиканың қолданыстағы банк заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу; осы бағыттағы қалыптасқан ахуалды, экономикалық орнықтылықты және халықаралық практиканы ескере отырып, сыртқы қарыз алулардың оңтайлы көрсеткіштерін айқындауға, жылжымайтын мүлікке бағалардың төмендеуіне байланысты тәуекелдерге банктердің орнықтылығын арттыруға; екінші деңгейдегі отандық банктер қызметінің ашықтық қызметін арттыруға; активтерді жіктеу ережесн жетілдіруге және олар бойынша провизиялар құруға ықпал ететін нормативтік құқықтық кесімдер қабылдау.

ҚОРЫТЫНДЫ


Қазіргі банк 100 түрлі операциялар мен қызметтер көрсете алады. Олардың барлығы өзара бір-бірімен байланысқан. Ең біріншіден активті және пассивті операциялардың арасында өте тығыз байланыс бар. Банктер көбінесе басқалардың капиталымен жұмыс істейді, сондықтан олардың несиелендіру және инвестиция жасау мүмкндіктері өздеріне тартқан ақша қаражаттарына тәуелді. Осыдан банктік жүйенің дамуына байланысты активті операциялар поассивті операцияларға қарағанда тәуелділік әлсіреуде. Қарыздық капиталы нарығыныдағы қатты бәсеке банктерді жаңа қызмет көрсету түрлерін енгізуді мәжбүрлейді. Қарыз алушы мен банктердің арасындағы жиі болатын несиелік байланыстар, банктерді кленттің капиталын бағалы қағаздарға инвестиция жасауға, ол үшін коммисиондың және делдалдық қызмет көрсетуге итермелейді.

Қазақстанда халықтың салымдарының 90% үш үлкен бантің шоттарында жоғырланған, атап айтсақ, олар Казкоммерцбанк, ТұранӘлемБанк және Халық банк. Коммерциялық банктердің пассивтеріндегі халықтың салымдарының үлесі 0,5 деңгейінде тұр. Соңғы уақыттарда депозиттік салымдардың тенденциясы өсуде, сонымен қатар, вексель, акция және облигациялар шыға бастады.

Коммерциялық банктер өздерінің қызметін арттыру үшін қаражаттарды тарту мақсатын қояды, соған байланысты депозиттік саясат ұстанады. Осыдан банктік ережелерде максимальді табыс алып, банктің өтемшілдігін сақтау керек деп жазылған.

Қорытынды жасай келе коммерциялық банктердің операциялары өте күрделі өзгерту жолдарын қажет етеді.

Активті операцялардың ерекшеліктері мен мәнін зерттей келе төмендегідей қорытынды жасауға болады:


  1. Активті операциялар – бұл коммерциялық банктер өзінде бар қаржы ресурстарын табыс алу үшін орналастыратын операциялар.

  2. Активті операцияларды жіктеудің әртүрле ой пікірлер қалыптасты, олар біріншілері: активті операцияларға – кассалық, несиелік, инвестициялық және басқа да операцияларды жатқызады.

  3. Активті операцияның негізгі бағыты несиелендіру болып табылады. Ең көп үлес қысқа мерзімді несиелерде болып тұр.

  4. Коммерциялық банктердің беретін несиелерін бірнеше түрге жіктеуге болады.

  5. Қазақстандың банктердің активті операцияларының құрылымында екі бағыт бар, олар – экономиканы несиелендіру және мемлекеттік бағалы қағаздарға салымдар салу.

  6. Қазіргі жағдайда көптеген банктер өте қатты бәсекелестікте болып тұр, бұл үлкен өндірістік корпорациялардың өздерінің қаржылық компанияларын құруға байланысты шығып отыр.

Сонымен, коммерциялық банктер қаржылық жүйенің орталығы болып қалып отыр, банктер активті операцияларының көмегімен әртүрлі қарыз алушылардың қорларына жол ашады: жеке тұлғалар, компаниялар және үкіметке. Банктік операциялар өндіруші мен тұтынушы арасындағы тауарлар мен қызметтердің қозғалысын жеңілдетеді. Олар қаражаттың айналымының мөлшерін құраса, өздері ақша айналымының санын реттеуші болып табылады. Активті операциялар коммерциялық банктердің ұлттық жүйесі экономиканы реттеуде ең маңызды рол атқаратынын көрсетеді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ




  1. Евзмин З.П., Дмитриев-Мамомнов В.А. Теория и практика коммерческого банка. Пг., 1916. С.37.

  2. Рид Э., Коттер Р., Гилл Э., Смит Р. Комерческие банки. М., 1983. С.25-32.

  3. Евзлин З.П., Дмитриев-Мамонов В.А. Указ. соч. С.37-37.

ҚОСЫМША


Қосымша А

1 – кесте – ҚР-дағы мемлекеттің бағалы қағаздарының, түрлері




Түрі

Шығару

мақсаты


Орналастыру

тәсілі


Айналыс

мерзімі


Номинал

құны


Ұлттық банктің

ңыска мерзімді

нотасы


Айналыстағы

ақша массасын

реттеу


Аукцион/сату

7 күннен

90 күнге


дейін

100 теңге

Ұлттық банктің арнайы валюталық нотасы

Еркін өзгермелі

валюта бағамына

өтуге байланысты

жинақ зейнетакы корлардың

активтерін қорғау


Ноталар

портфелін жинақ

зейнетақы

қорларымен

айырбастау


35 күн

100 АҚШ

доллары


Арнайы валюталық мемлекеттік облигациялар

(АВМЕКАМ)



Жинақ зейнетақы кррлардың

активтерін қорғау



Мемлекеттік

облигациялар

портфелін жинақ

зейнетаңы

қорларымен

айырбастау



5 жыл

100 АҚШ

доллары


Мемлекеттің арнайы қазынашылық

міндеттемесі

(МЕАКАМ)


Ұлттық банкке

Үкіметтің

қарызын


Қайта рәсімдеу

10 жыл

1000 тенге

Мемлекеттің қысқа мерзімді қазынашылық

валюталық міндеттемесі

(МЕКАВМ)


Республикалық

бюджеттің ағымдағы

тапшылығын

қаржыландыру



Аукцион

3, 6, 9 және

12 аЙ


100 АК.Ш

доллары


Мемлекеттің

индексацияланатын казынашылық

міндеттемесі

(МЕИКАМ)


I Республикалык

бюджеттің ағымдағы тапшылығын

қаржыландыру


Аукцион

3 ай және

одан


жоғары

1000 теңге

Мемлекеттің орта

мерзімді


казынашылык

міндеттемесі

(МЕОКАМ)


Республикалық

бюджеттің

ағымдағы

тапшылығын

қаржыландыру


Аукцион

2 және 3

жыл


1000 теңге

Мемлекеттің

кыска мерзімді

қазынашылық

міндеттемесі

(МЕККАМ)


Республикалық

бюджеттің

ағымдағы

тапшылығын

қаржыландыру


Аукцион

3, 6, 9 және

12 ай


100 теңге

Мемлекеттік ішкі займдық ұлттық жинак

облигациялар (ҰЖО)



Республикалық

бюджеттің

ағымдағы

тапшылығын

қаржыландыру


Жазылу

жолымен


364 күн

1000

теңге









Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет