Акушерия Сыртқы акушерлік зерттеу. Гравидограмма. Ұрықтың биофизиялық профилі


Босанудың бірінші кезеңі. Жатыр мойны ашылу кезеңінің ағымы және оны жүргізу. Босану барысын тіркеу әдістері (партограмма)



бет8/21
Дата28.05.2023
өлшемі76,61 Kb.
#177837
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Байланысты:
Акушерия 1-16
Неотложная доврачебная медицинская помощь, ВСРЗ 10 сынып алгебра каз
6.Босанудың бірінші кезеңі. Жатыр мойны ашылу кезеңінің ағымы және оны жүргізу. Босану барысын тіркеу әдістері (партограмма)
Босанудың бірінші кезеңі – жатыр мойнының ашылу кезеңі, ретті толғақтардың басталуынан жатыр мойнының толық ашылуына дейінгі аралық.
Бұл кезеңнің ұзақтығы алғаш босанушыларда 10—12 сағат, ал кайталап босанушы әйелдерде 7 -9 сағатты кұрайды.
Жатыр мойнының ашылуына екі механизм әсер етеді:
1) Жатыр бұлшықеттерінің жиырылуы (толғақтар),
2)Жатыр ішілік қысымның жоғарылауына байланысты алда орналасқан бөліктің немесе қағанақ қуығының жатыр мойнына ішінен әсер етуі.
Жатыр денесінің бұлшыкеттері жиырылғанда, жатыр мойнының ашылып, ұрық пен бала жолдасының туылуына әкеледі. Жатырдың жиырылу кызметінің механизмі өте күрделі және соңына дейін толык зерттелмеген. Жатырдың жиырылу кабілетін зерттеу нәтижесінде «үштік қүлдилаушы градиент» заңы пайда болды. Бұл заң бойынша жатырдың жиырылу толқындарының жоғарыдан төменге бағыты бар (1-градиент); жатырдың бұлшықеттерінің жиырылу ұзактығы (2-градиент) мен қаркындылығы (3-градиент) жоғарыдан төменге жүреді. Сөйтіп, жатырдың жогары бөлімдері төменіне қараганда қарқындырақ және ұзақтау жиырылып, жатыр түбінің доминантын қалыптастырады.
Әрбір толғақ кезінде жатыр мускулатурасында үш процесс бір уақытта жүреді:

  • 1 – жатырдағы бұлшықет талшықтарының жиырылуы (контракция),

  • 2 – талшықтардың жоғары қарай ығысуы (ретракция),

  • 3 – бұлшықет талшықтарының созылуы (дистракция)

Жатыр денесінде көбінесе контракция және ретракция болады.
Толғақ кезінде бұлшықет элементтері жиырылу кезінде қысқарады, ығысып, бір - бірімен қосылады.толғақ арасындағы үзіліс кезінде талшықтар бастапқы кезіндегі қалпына оралмайды, бұлшықеттердің кейбір бөліктері жатырдың төменгі бөліктерінен жоғары бөліктеріне ығысады. Нәтижесінде жатыр денесінің қабырғасы үдемелі түрде қалыңдайды. ОСымен бір уақытта дистракция жүріп, ұзына бойы орналасқан талшықтар циркулярлы орналсақан талшықтарды созып, өздерінің артынан тартады да жатыр мойнынынң ашылуына әкеледі.
Сонымен қатар, толғақ кезінде жатыр қабырғасындағы қысым әсерінен қағанақ суы гидравлика бойынша жатырдың тменгі сегментіне бағытталып, кедергі болмағандықтан қағанақ суы катты қысыммен бағытталады және қағанақ жүмыртқасының төменгі полюсі жатыр қабырғасынан ажырап ішкі ернеуге енеді, сөйтіп жатыр мойнын ішінен керіп ашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет