Ал ақпараттық жүйе



бет3/4
Дата03.07.2020
өлшемі0,89 Mb.
#74855
1   2   3   4
Байланысты:
курсач Инкар

Создать проект— Қосымшалар түрлерінің тізімінде Windows Form қосымшасын таңдаймыз. Сіздің алдыңызда бос пішім пайда болды.

Microsoft Visual С# - пен жұмыс істеуді кез келген қосымшамен жұмыс істеуге болады. Ал бүгінгі курстық жұмыста біз жаңа жобаны бастап отырмыз, сондықтан Новый (New) қосымша бетіндегі Windows Forms Application таңбашасын екі рет шертеміз.

Келесi қосымшалардың түрлерiн экспресс-болжам құруға мүмкiндiк бередi.

WPF(Windows Presentation Foundation) қосымшасы — .NET. платформасында құрылған графикалық қолданбалы интерфейсі бар қосымшаларды өңдеудің жаңа технологиясы.

Microsoft Visual Studio—майкрософт компаниясының өнімдер тізбегі, құрамына біріктірілген өңдеу ортасы бағдарламалық жасақтамасы және басқа да аспаптық (инструменталды) құралдар кіреді. Аталған өнімдер консольдік қосымшалармен қатар қолданбалы бағдарламалық жасақтамалары да кіреді, мысалы қолданушының графикалық интерфейсіжасақтамасы, сонымен қатар Windows Forms технологиясын қолдану арқылы да және веб-сайт,веб-жасақтамалар,веб-қызметтер кодында және басқа басқарылатын код арқылы да Microsoft Windows,Windows Mobile, Windows CE.NET Framework, .NET Compact Frameworkжәне Microsoft Silverlight қолданатын барлық платформаларға да кіреді.

Мәліметтер қоры дегеніміз - ЭЕМ-ның сыртқы жадында ұзақ мерзім бойы сақтауға, оларды үнемі жаңарып отыруға және қолдануға арналған мәліметтердің ұйымдасқан жиынтығы.

Әдетте мәлiметтер қоры бiр нақты пән саласы үшiн, қолданбалы есептердi ұйымдастыру үшiн құрылады. Мәлiметтер қорымен жұмыс iстеу үшiн мәлiметтер қорын басқару жүйесi (МҚБЖ) пайдаланылады. Бұл мәлiметтердi енгiзудi, iздеудi, сақтауды, түзетудi қамтамасыз ететiн және есеп берудi және мәлiметтер қорын пайдаланушылардың сұранысына жауап берудi ұйымдастыратын арнайы бағдарламалар жабдығы болып табылады.

Мәліметтер қоры сала туралы ағымдағы деректерді көрсетуі, ақпаратты жинақтауы, сақтауы және пайдаланушылардың әр түрлі санаттарына деректерге жылдам қол жеткізуі тиіс. Бұл үшін базадағы деректер БЖ негізгі объектілерін, олардың қасиеттерін және олардың арасындағы байланысты көрсететін кейбір модельге сәйкес құрылымдалуы тиіс.

Базадағы барлық деректер мағыналық жүктемелері бойынша бөлінген кестелерде болады. Атрибуттардың мазмұнын сипаттау үшін әрбір кесте деректер типтерін қолданады.Осы Access бағдарламасы кез келген саланың аймағының деректерін сипаттау үшін қолайлы болып табылады.

MS Access - стандартты Microsoft Office жиынтығына кіретін, деректер қорын басқарудың реляциялық жүйесі. Microsoft Office Access басқа Microsoft Office қосымшаларымен оңай байланыс жасай алады. Үлкен ауқымдағы деректерді сақтауға,оларды өңдеуге, жиі орындалатын операцияларды автоматтандыруға, ыңғайлы формаларды жүргізуді жетілдіруге мәліметтерді тексеруге, қиын есептерді біріктіруге мүмкіндік береді.



Бірақ Access-те бірқатар кемшіліктеріде бар: бұл желілік деректер қоры емес, сондықтан Access пайдаланып жасалған өнімдер желілік жұмыста пайдаланыла алмайды. Кестелерді құру конструкторы режимінде екі негізгі өрісті орнатуға болмайды. Осыған байланысты деректер базасын және басқа да деректер қорын басқару жүйелерін визуалдау бағдарламаларынан деректерді экспорттау және импорттау кезінде қиындықтар туындауы мүмкін.

2.4 Техникалық қамтамасыз ету

Техникалық қамтамасыз ету – бұл АЖ жұмысын қамтамасыз ететін техникалық құралдар кешені; әдістемелік және басшылық материалдар, техникалық құжаттама; осы техникалық құралдарға қызмет көрсететін персонал.


Техникалық әдістер комплексі мыналарды құрайды:

  • кез келген модельді компьютерлер (дербес компьютер, mainframe, супер ЭЕМ);

  • ақпаратты жинау, өңдеу, беру және шығару құрылғылары;

  • мәліметтерді беру және байланыс линия құрылғылары;

  • өндірістік техника және ақпараттың автоматты түрде алынатын құрылғылары ;

  • эксплуатациялық материалдар және т.б.

Техникалық қамтамасыз ету дайындалған жүйенің дұрыс жұмыс істеуі үшін қажетті операциялық жүйеге қойылатын талаптарды анықтайды.

Қазіргі уақытта техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың екі негізгі нысаны қалыптасты (техникалық құралдарды пайдалану нысандары): орталықтандырылған және ішінара немесе толық орталықсыздандырылған.

Орталықтандырылған техникалық қамтамасыз ету үлкен ЭЕМ және есептеу орталықтарының ақпараттық жүйесінде пайдалануға негізделеді.

Техникалық құралдарды орталықсыздандыру тікелей жұмыс орындарында дербес компьютерлерде функционалдық кіші жүйелерді іске асыруды көздейді.

Көліктер анықтамасы үшін орталықсыздандырылған форма - кез келген функционалдық кіші жүйелер үшін ортақ деректер қорын сақтау үшін дербес компьютерлерден және үлкен ЭЕМ-дан тұратын бөлінген желілер базасында техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру таңдалған. Бұл нысанды іске асыру үшін деректер қорының сервері және пайдаланушылар үшін компьютер қажет.

Жүйеге қажетті техникалық қамтамасыз ету 2 кестеде көрсетілген.
2 кесте

Техникалық қамтамасыз ету




Түрі

Сипаттамасы

1

Процессор

100 МГц-тен төмен емес немесе одан жоғары тактілік жиілігі бар Pentium

2

Жады

64 Мбайтты жедел есте сақтау құрылғысы

3

Қатты дискідегі орын

1400MB бос орын;

4

Бейнеадаптер

256 түсті және 75 герц жыпылықтау жиілігі (800 х 600) немесе жоғары ажыратымдылығы бар SVGA

5

Дисковод

Компакт-дискілерге арналған дисковод

6

Енгізу/шығару құрылғылары

Пернетақта, тышқан, монитор



2.5 Ақпараттық жүйенің мәліметтер базасын құру

Мәліметтер базасы — деп деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.

Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды.

Мәліметтер базасы басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға, арналған программалық жабдық болып табылады.

«Көліктер анықтамасы» мәліметтер базасы көлікті сату мен жалға беру қызметімен айналысатын кәсіпорын қызметкерлеріне арналған және оларға қажетті ақпаратты жүйелеу және жылдам іздеу есебінен өз жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жұмысты жеңілдетеді, өйткені қажетті ақпаратты іздеуде көп қағаздармен жұмыс істеудің қажеттілігі болмайды.

Жұмыста мәліметтер базасымен жұмыс үшін Microsoft Access мәліметтер қоры мен Visual С# қолданылды. Екеуін бір біріне байланыстырып, «Автосправочник автомобилей» анықтамалығының мәліметтер базасы қосымшаларын құрылды. Бұл бағдарламада бірінші Microsoft Access мәліметтер қорын ашып, тақырып атын "сars" беріп, .accdb форматында сақтаймыз. Программа ашылады, дайын кесте экранда пайда болады. Кестенің атауын Автомобили (көліктер) және Марки (көлік маркалары) деп береміз. Режим бөліміне кіріп, конструкторды таңдаймыз. Экранға дайын кестелер пайда болады.

Мәліметтер базасы екі кестеден «Көліктер» және «Көлік маркалары» кестелерінен тұрады. Олар 4 және 5 кестеде көрсетілген.
4 кесте

«Көлік» кестесі


Атауы

Түрі

Кілттік/кілттік емес

Код_автомобиля

Есептегіш

Кілттік

Марка

Мәтіндік

Кілттік емес

Модель

Мәтіндік

Кілттік емес

Год_выпуска

Сандық

Кілттік емес

Пробег

Мәтіндік

Кілттік емес

Объем_двигателя

Мәтіндік

Кілттік емес

Цена

Сандық

Кілттік емес

Файл_фото

Мәтіндік

Кілттік емес

Файл_аннотации

Мәтіндік

Кілттік емес



5 кесте

«Көлік маркалары» кестесі


Атауы

Түрі

Кілттік/кілттік емес

Код_марки

Есептегіш

Кілттік

Марка

Мәтіндік

Кілттік емес


Осы кестелердің нәтижесінде мәліметтер базасының төмендегі 6 суретте көрсетілгендей схемасын аламыз.

6 сурет. Мәліметтер базасы

3 Құрылған ақпараттық жүйеге арналған әдістемелік нұсқау

«Көліктер анықтамасы» автоматтандырылған жүйесі С# бағдарламалау тілінде мәліметтер қорымен байланыстыру мүмкіндіктерін қолдану арқылы құрастырылған.



Қолданушы «Көліктер анықтамасы» мәліметтер қорына кіру кезінде ең алдымен админ логині мен құпия сөзін енгізуді сұрайтын 7-суретте көрсетілген жеке кабинетке кіру формасы көрінеді.

7 сурет. Жеке кабинетке кіру
Құпия сөз немесе логин дұрыс енгізілмеген жағдайда, «Логин немесе құпия сөз дұрыс енгізілмеді» деген хабарламаны көре аламыз.Ол үшін MessageBox.Show() классы қолданылады. Хабарлама 8 суретте көрсетілген

8 сурет. Хабарлама
Бұл формада логин және пароль дұрыс енгізілсе «Көліктер анықтамасы» бетіне өтеміз. Ол 9 суретте көрсетілген.Бұл бетте автор туралы мәліметті, көліктер жайлы ақпаратты көруге мүмкіндік беретін батырмалар орналасқан.


9 сурет «Автосправочник автомобили» беті
«Автор» қосымша бетіне өтсек, автор жайлы мағлұматты көре аламыз (10 сурет). Басты бетке «Мәзір» батырмасы арқылы өтуге болады.

10 сурет. Автор формасы
«Шығу» батырмасы бағдарламаны толығымен жауып тастайды. «Анықтамалық» батырмасын басу арқылы, көліктер мәліметтер базасына өтеміз (11 сурет).

11 сурет. Мәліметтер базасының беті
Бұл бетте «Автосправочник автомобилей» мәліметтер қорының негізгі кестесі орналасқан. Бұл кестеден көлік жайлы ақпарат, яғни маркасын,моделін, шыққан жылын, бағасын біле аламыз.Ал ол көлік жайлы толық ақпарат алғыңыз келсе басты беттегі «Ақпарат» формасына өтіп, ала аласыз.«Ақпарат» формасында, 12 суретте көрсетілгендей әр көлік жайлы ақпарат алуға мүмкіндік беретін батырмалар орналасқан. Осы батырмалар арқылы Microsoft Office Word-тан көлік жайлы ақпаратты көре аламыз.


12 сурет. Көлік жайлы ақпарат
Егер анықтамалық формасындағы негізгі кестеде кез келген бір көлік атауын екі рет бассақ, сол көліктің моделі мен маркасына сәйкес келетін суретті көре аламыз (13 сурет). Бұны DataGridView кестесінің DoubleClick оқиғасының көмегі арқылы жүзеге асырдық.

13 сурет. Суретті қарау
Мәліметтер базасына тағыда өзгерістер енгізіп, түзетулер жүргізгіміз келсе «Мәліметтер базасымен жұмыс» қосымша бетіне өтеміз. Қосымша бетінің бейнесі 14 суретте көрсетілген. «Мәліметтер базасымен жұмыс» бетінде базаға жаңа ақпарат қосуға, ақпаратты өшіруге, ақпаратты сақтауға мүмкіндік беретін арнайы батырмалар орналасқан.

14 сурет. «Мәліметтер базасымен жұмыс» беті
Көлік маркасын таңдамалы тізімнен таңдау арқылы жаза аламыз. Ал бұл тізіммен жұмыс негізгі бетте орналасқан «Анықтама» қосымша бетінде келтірілген. Бұл кестеде де көлік маркасын қосуға,өшіруге, өзгертуге,ақпаратты сақтауға арналған батырмалар орналасқан. «Анықтама» беті 15 суретте бейнеленген.

15 сурет. Көліктер маркасы формасы
Мәліметтер базасы бойынша іздеу, сұрыптау жүргізуге болады. Іздеу жүргізу үшін «Іздеу» батырмасын басып 16 суретте көрсетілген бетке өтеміз. Іздеу көлік маркасы, моделі немесе бағасын енгізіп,жазылған іздеу батырмасы арқылы іске асырылады.

16 сурет. Іздеу беті
Іздеу нәтижесі 17 суретте көрсетілген.

17 сурет. Іздеу нәтижесі
Сұрыптау екі түрлі тәсілмен жүзеге асырылды. Бірінші тәсіл сұрыптау батырмасы арқылы. Бұл сұрыптауды көлік маркасы бойынша жүргізіп береді. Ал екінші тәсіл кестеде баған атауын таңдау арқылы орындалады. Бұл жерке кез келген бағанға сұрыптау жүргізіле береді.

Осы мәліметтер базасын Microsoft Office Excel-де бейнелеп беруге арналған батырма арқылы жүзеге асырылады.

Мәліметтер базасымен жұмыс негізгі беттегі шығу операциясымен аяқталады.

Қорытынды

Ғасырлар бойы адамзат, жұмыс дағдылары, қоршаған әлем туралы мәліметтер, білімдер жинаған, басқаша айтқанда – ақпаратты жинаған. Бастапқыда ақпарат ұрпақтан ұрпаққа ауызша әңгімелер түрінде жеткен. Кітап існің пайда болуы және дамуы ақпаратты сенімді жазбаша түрде көбірек сақтауға мүмкіндік берді. Электр облысында ашылулары телеграф, телефон, радио, теледидардың пайда болуына әкелді. Пайда болғанқұралдарақпараттың тез тарауынамүмкіндіктуғызды. Прогрестің дамуы информацияның да өсуіне ықпалын тигізді. Есептеуіш техниканың пайда болуы мен ең негізгі ақпарат өңдеу және сақтау тәсілдері едәуір оңайланды. Микропроцессорлардың базасында есептеуіш техникалардың даму программалық қамтамасыз ету және компьютерлердің толық жетілдіруіне әкеледі.

Үлкен ақпарат ағынын өңдеуге қабілетті программалар пайда болды. Сондай программалар арқасында ақпараттық жүйелер құрылады. Кез келген ақпараттық жүйенің негізігі мақсатты объектіден және нақты әлем құбылыстарындағы мәліметтерден адамға керек ақпараттың болуы.

Егер біз бірнеше объектілердің жиынтығын қарастыратын болсақ, бірдей қасиеттері бар объектілерді бөлеміз. Мұндай объектілер бөлек кластарды белгілейді. Объектілердің белгіленген класының ішінде жалпы ережелерімен классификациялауды реттейміз, мысалы, түсі бойынша, материалы бойынша, алфавит бойынша және кейбір жалпы белгілері бойынша. Айқын белгілермен объектілерді топтау ақпаратты іздеу және сұрыптауда маңызды жеңілдіктер жасайды. Осы барлық мәліметтер мәліметтер базасы деп аталатын файл затына жинастырылады, ал бұл файлдарды басқару үшін арнайы программалар құрылады – деректер қорын басқару жүйесі( ДҚБЖ ).

Windows операциялық жүйесінде деректер базасын құру бойынша MS Access және Visual Studio C# қуатты құралдарын және атап айтқанда деректер қорының қосымшаларын пайдалану деректер базасының теориясы мәселелерінде өшірілген соңғы пайдаланушыға барынша бағытталған бағдарламалық өнімді жасауға мүмкіндік берді.

Microsoft Visual Studio объектілі-бағытталған бағдарламалау тілі, яғни әрқайсысы белгілі параметрлерге ие және бірқатар нақты функцияларды орындай алатын объектілер жиынтығынан тұрады.

MS Access - стандартты Microsoft Office жиынтығына кіретін, деректер қорын басқарудың реляциялық жүйесі. Microsoft Office Access басқа Microsoft Office қосымшаларымен оңай байланыс жасай алады. Оның көмегімен әр түрлі сұраныстар, есептеулер және толтыру нысандарын жасауға болады.



Жұмысты орындау барысында «Көліктер анықтамасы» мәліметтер базасы жобаланды және іске асырылды:

  • Пән саласына құрылымдық талдау жүргізілді.

  • Деректер базасы жобаланған және іске асырылған.

  • Клиенттік қосымша жобаланды және іске асырылды.

  • Клиенттік қосымшаның жұмысы сипатталған.

Курстық жұмыстың құрылымы кіріспе, үш бөлімнен, қорытындыдан тұрады.

Жұмыстың бірінші тарауында ақпараттық жүйені құрудың негізгі аспектілері, ақпараттық жүйе түсінігі, ақпараттық жүйенің классификациясы жайлы сипатталды.

Екінші тарауында жалпы есептің қойылымы, ақпараттық қамтамасыз ету жайлы көрсетілген. Ақпараттық жүйе жұмысын қамтамасыз ететін техникалық құралдар кешені сипатталған. Бағдарламалық қамтамасыз ету, яғни ақпаратты автоматты өңднуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалар кешені қарастырылған.

Үшінші бөлімінде құрылған ақпараттық жүйеге арналған әдістемелік нұсқауы сипатталып жазылды.

Қорытындысында жұмыстың негізгі нәтижесі сипатталды.

Жобаны әзірлеу:



  • MS Access ДББЖ деректер базасын жобалау негіздерін;

  • Visual Studio әзірлеу ортасында C# тілінде пайдаланушы интерфейсін әзірлеу негіздерін;

  • бағдарламаның және жобаның деректер қорының өзара іс-қимыл тетігін іске асыруға;

  • try ... except .... конструкцияларын зерттеуге көмектесті.

Бастысы «Көліктер анықтамасы» тақырыбына құрылған мәліметтер базасының бүтінділігі сақталды, программа пайдаланушының кез-келген дерлік сұранысын орындауға қабілетті, барлық жүктелген операциялар(келтірілген мәліметтерді өңдеу, толықтыру,өшіру, қосу, іздеу, сұрыптау, реттеу, өзгерту, т.б.) толыққанды орындалады.

Сонымен дайындалған жұмыс көздеген мақсатқа жетті — құрылған бағдарлама бойынша кез келген қолданушы көлік туралы мәліметтерді қолдануға мүмкіндік алады. Бағдарлама келешекте одан ары күрделендірілуге, байытылуға, қолданысқа ыңғайлы.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



1 Агальцов, В.П. Базы данных. В 2-х т. Том 1. Локальные базы данных: Учеб. / В.П. Агальцов. – М.: ИД ФОРУМ, НИЦ ИНФРА-М, 2013. – 352 c

2 Агальцов, В.П. Базы данных. В 2-х т. Том 2. Распределенные и удаленные базы данных: Учеб. / В.П. Агальцов. – М.: ИД ФОРУМ, НИЦ ИНФРА-М, 2013. – 272 c.

3 Архангельский, А. Программирование на VisualStudio для Windows. Версии 2006, 2007, TurboDelphi / А. Архангельский. – М.: Бином-Пресс, 2012. – 1248 с.

4 Принципы проектирования и разработки программного обеспечения. Учебный курс MCSD/Пер. с англ. – 2–е изд., испр. – М: Издательско–торговый дом «Русская Редакция», 2014. – 736 стр.: ил

5 Ржеуцкая, С.Ю. Базы данных. Язык SQL: учебное пособие / С.Ю. Ржеуцкая – Вологда: ВоГТУ, 2010. – 159с.

6 Мэтью, М. WPF: WindowsPresentationFoundation в .NET 3.5 с примерами на C# 2010 для профессионалов. 2–е издание: Пер. с англ./ М.Мэтью – «И.Д.Вильямс». 2011 – 928 с.: ил. – Парал. Тит. Англ

7 Гринченко, Н.Н. Проектирование баз данных. СУБД MicrosoftAccess: Учеб.пособ. для вузов / Н.Н. Гринченко, Е.В. Гусев, Н.П. Макаров, А.Н. Пылькин, Н.И. Цуканова. – М.: Горячая линия-Телеком, 2014. – 240 с.

8 Осипов, Д. Базы данных и C#. Теория и практика / Д. Осипов – СПб.: БХВ-Петербург, 2012. – 752.

9  Абрамян, М.Э. Visual C# на примерах (+ CD-ROM) / М.Э. Абрамян. - М.: БХВ-Петербург, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет